Германияда Тегель әуежайының бұрынғы ғимаратындағы босқындар тұратын павильон түгелдей жанып кетті. Арасында Украинадан келген босқындар да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: dw.com

Төтенше жағдай кезінде 1000-нан астам адам эвакуацияланды, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт павильон ішінде басталған, оның себебі әзірге белгісіз. Жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр. Полиция әлде біреу павильонды қасақаны өртеуі мүмкін деген болжам жасады.

Босқындарға уақытша пана болған павильоннан 12 наурыз күні өрт шыққан. Қызыл жалынды ауыздықтауға жүзге жуық құтқарушы жұмылдырылды. Алайда ғимараттың 100 шаршы метр аумағы түгелдей жанып кетті. 

100 шақты адам ғимараттан дер кезінде шығарылды. 9 адам қою түтіннің ішінде қалып қойғандықтан дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Олардың жағдайы аса ауыр болмағандықтан ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Берлиннің босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәліметінше, мыңнан астам адам (павилтоннан 301, жақын маңдағы жерден 700 адам)  эвакуацияланған. Құтқарылғандардың арасында балалар да, үй жануарлары да бар.

Құтқарушылар өрттің басқа павильондарға таралуының алдын алып, дер кезінде ауыздықтады. Басқармадағылар баспанасынан айырылғандарға балама баспана берілгенін айтты.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.