АЙШАНЫҢ ӘНГІМЕСІНІҢ АЯҚТАЛУЫ
109- [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Ақиқатында, Айша етеккірі келген күйде қажылықтың (Аллаһ) Үйін тауап жасаудан өзге барлық рәсімдерін орындады»].
110- [Ол былай деді: «Ал ол (етеккірінен) тазарған кезде, Қағбаны тауап175 етті және әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасады. Содан кейін (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) оған: «Міне, енді сен қажылық пен умрадан (кейін) ихрам халінен шықтың», - деді].
111- [Ол (Айша) былай деді: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сендер қажылық пен умра жасап, кетіп бара жатырсыздар, ал мен – тек қажылықты ғана ма?»176. [Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сенің (Аллаһтан алатын сауабың) олардың (Аллаһтан алатын сауабына) сәйкес болады».].
112- [Ол былай деді: «Ақиқатында, мен қажылықты орындағаныма дейін жүрегімде (Аллаһтың) Үйін тауап жасамағаным үшін кірбің болатын»]».
113- [Жәбир былай деді: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жұмсақ мінезімен ерекшеленетін, сондықтан да егер ол бір нәрсені қаласа, ол оның қалауын орындайтын]177.
114- [Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Абдурахман178! Онымен бірге әт-Тан’имге бар, әрі ол сол жерден (шығып) умрасын орындасын», - деді.
115- [Әрі ол қажылықтан кейін умра жасады] [да, кейін] әл-Хасба түнінде179 [қайта оралды]]».]
116- [Жәбир былай деді: «Қоштасу қажылығы кезінде180 Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйе үстінде отырып (Аллаһтың) Үйін тауап жасады әрі (Қара) тасқа қисық сапты аса таяғын тигізіп (өтті). (Ол осыны) адамдар оны көрулері, (оның рәсімдерін) бақылаулары және оған өз сұрақтарын қоюлары үшін (істеді), өйткені оның айналасына өте көп халық жиналған еді»].
117- [Жәбир былай деді181: «Бір әйел баласын Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарай көтерді де: «Мынау қажылық жасай алады ма182?», - деп сұрады. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Иә, ал саған осы үшін сауап (тиісті)”, - деп жауап берді». {әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Бәйһақи}]183.
Осы жолдар менің ол туралы Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) баяндаған “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылығы” атты зерттеуімді аяқтайды. Кейбір бауырларымыздың кеңесіне ілесіп, Аллаһ оларға игілігімен қайырсын, мен осы кітабымның соңында қажылық рәсімдерінің қысқаша мазмұндамасын келтіремін. Бұл тарау осы рәсімдер туралы білуі және үйренуі қажет болған қажылар үшін ерекше көкейтесті болып табылады.
Осымен кітап аяқталды. Соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар айтамыз!
Достарыңызбен бөлісу: |