ربنا آتنا في الدنيا حسنة، و في الآخرة حسنة، و قنا عذاب النار
«Раббәнә әтинә фид-дунья хасанә, уә фил-ахирати хасанә, уа қинә азабән-нәр», - деп айту қажет (мағынасы: «Раббымыз! Бізге осы дүниеде игілік сыйла, әрі Ақыретте де игілік сыйла, әрі От азабынан сақта!»)
Сүннетке сәйкес Қағбаны тауап жасау кезіндегі әрбір айналымда Қара тастың қарама-қарсысына келгенде: «Аллаһу Әкбар!», - деп, Аллаһты ұлықтау керек. Ибн Аббас (Аллаһ оның екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Аллаһтың) Үйін түйе үстінде отырып тауап жасады. Қағбаның бұрышына (яғни Қара тас орналасқан бұрышына) жақындаған сайын, ол қолындағы нәрсесімен оған нұсқайтын әрі Аллаһты ұлықтайтын», - деп жеткізген. Бұл хадисті әл-Бухари келтірген.
«Аллаһу Әкбар» сөздері әр айналымның басында айтылады. Демек, тауапты бітірген кезде қолды Қара тасқа нұсқаудың әрі: «Аллаһу Әкбар», - деп айтудың қажеті жоқ.
Ал осы тұста «Бисмилләһ» («Аллаһтың атымен») сөздерін айтуға келер болсақ, мен (яғни шейх әл-Әлбани – ауд. (қаз.)) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тікелей көтеріліп жеткізілетін (осы туралы айтылатын) бірде-бір хадисті кездестірмеппін. Тек Ибн Умардың Қара тасқа қолын тигізген сайын: “Бисми-Лләһ, уа Аллаһу Әкбар!”, - деп айтқаны хабарланатын сахих дерек бар.
|