Қарағандыда ер адам мен оның көңілдесі суықта сәбиді далаға тастап кеткен. Ер адам отбасы болғандықтан көңілдесінен туған баланы қаламағандықтан одан құтылудың жолын іздеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

24 ақпан күні тоғыз қабатты тұрғын үйдің адамдар аса көп жүрмейтін жағындағы орындыққа белгісіз біреулер сәбиді қалдырып кеткен. Оны тұрғын Шоқан Сембаев тауып алған. 

“Көріп тұрғандарыңыздай бұл жерден тіпті сәбиді байқау екі талай еді. Оның үстіне көліктер жауып тұр”, – деді Шоқан Сембаев. 

Дегенмен бөбек 29 градустық аязда ұзақ жатпаған. Оны жұмысындағы ауысымнан келе жатып Шоқан Сембаев көріп қалған. Айғайлаған дауысты ести сала 

“Басында мысықтар екен төбелесіп жатқан деп ойладым. Сөйтіп оларды ажыратайын деп қарап едім мұндай сәби жатыр. Көк түстегі қапшықта, ақ бас киімі мен жидесі болды. Басында шошып кеттім. Алақаныммен бетінен ұстап көріп едім. Жылы болды”,  – деді Шоқан. 

Азамат кейін бірден жедел-жәрдем мен полицияға хабарласқан. Сәбиді жедел түрде ауруханаға алып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің туғанына 3 аптадай болған. 

  • Баланың мәйіті қорапта жатқан: Ақтөбеде жаңа туған сәбиін тастап кеткен ана табылды

  • "Мен сізді өмір бойы іздедім": Тараз тұрғыны өзін 55 жыл бұрын перзентханаға тастап кеткен анасымен кездесті (видео)

“Іздестіру шараларының нәтижесінде 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел сәбиді қауіпті жерге тастап кетті деген күдікке ілінде. Қазіргі таңда мән-жай анықталуда”, – деді Қарағанды облысы полицтя департаментінің өкілі Бақытжан Құдияров.

Ал желідегі жазбаларға сүйенсек ер адам отбасылы болған. Сәби көңілдесінен болған. Бірінші отбасынан кетпейтінін айтқандықтан жұп сәбиден құтылудың жрлын іздеген. 

“Сәбиді қаламадың ба дүниеге әкелме! Дүниеге әкелдің бе ең болмағанда сәбилер үйіне қалдырсын. Неге бұлай тастап кетеді. Дегенмен қоқыс жәшігіне апармағанына да шүкір”, – деді көршілер. 

Қазір жұптар 45 күнге қамауға алынған. 

Еске салсақ, Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен сәби табылғанын хабарлаған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.