Парсы прозасының көркемдік ерекшелігі Ең алдымен дүниегетанылған – әйгіліпарсы поэзиясы еді, проза артынан қалыптасты. Проза тақырыбыжағынан «саяхат», «әйелдер қулығы»



Дата28.02.2022
өлшемі34.03 Kb.
#171311
Байланысты:
парсы прозасы
иран адебиети

Парсы прозасының көркемдік ерекшелігі

Ең алдымен дүниегетанылған – әйгіліпарсы поэзиясы еді, проза артынан қалыптасты. Проза тақырыбыжағынан «саяхат», «әйелдер қулығы», «сарандар мен жомарттар», «ғашықтар жайы» болып бөлінді, бірақ, бұл – ғылыми классификацияға жатпайды.

«Мың бір түннен» алынған ертегілер, ХІ ғасыр перзенті Насир Хосроудың «Сафарнамасы», ХІІ ғасырда аз-Захири Самарқанды жазған – «Синдбаднаме» туындысы, Дакаикидің «Бахтиярнамесі» – өрнекті, оқиғалы проза санатына кіреді. Парсы прозасы – қабаттасып, бірінен соң бірі кезектесіп туып жатады, бұл жағдай «Мың бір түн» хикаяларын еске түсіріп отырады. ХІІІ ғасырда Нахшаби өңдеген «Тотынама» – шығысқа кең тарап кеткен шырайлы, оқиғалы, қызықты шығармалардың бірі. Дакаики жазған «Бахтиярнаме» де – Бахтиярдың басынан өткен алуан реңді оқиғалардың тізбегі, Бахтияр мен уәзірлер арасындағы тартыс, шиеленістерді баяндайды.

Таяу Шығыста «он уәзір жайлы хикая» нұсқалары халықарасында мол тараған. Ортағасырларда ғұмыр кешкен авторлар кейде оқиғаны ұлғайтып, қосып-алып, кейде қысқартып, әдейі шиеленістіріп созып, қым-қиғаш соқпақтарға салып отырған. Әлбетте,мұндай әдіс- амалдардың тәрбиелік, тәлімдік астары тереңде жатса керек. Шығыс әдебиетінде ерте замандардан келе жатқан «Моназере» (айтыс) дейтін жол бар. «Күн мен Түннің айтысы»,«От пен Судың айтысы» және т.б. боп кете береді,ол оқырмандар мен тыңдаушыларға арналады.Бұл әдіс – «Бахтиярнамадан» берік байқалады, мұнда әңгіме ортасына сыналанып, еніп отырады. Кейде мұндай шығармалар белгілі бір адресатқа, сұлтанға, әкімге, патшаға тікелей арналып жазылатын. Сондай әдеби ескерткіштердің біріне парсы жұртының«Кабуснама» атты үлгілі шығармасы кіреді. Ініге өсиет айтып, үлгілі ғұмырларды, адамгершілік істерді уағыздайтын қолжазбалар тарайтын.

Осындай әдеби ескерткіштердің авторлары өздерінің алдына үздік талаптар қоя білетін. Өйткені,олар шығарманың алдағы ғасырларда халық жадында сақталып қалуын, мәңгі ұмытылмауын, адам тәрбиесінде айшықты,айбарлы құралға айналуын қадағалайтын. Сондықтан да қалап алған сюжеттерінің шиырланып, шымырланып сан иірімдерге баруын, араласуын қарастыратын, бұл да болса – шеберлікке апаратын жазушы әдіс-тәсілдерінің бірі еді. Сағдидың «Гүлстаны» – әрі қысқа, әрі нұсқа, көңілге өрнекті ой тастайтын, фәлсафалық ойларға толы, терең шығарма. Мольер, Пушкин, Толстой Сағди шығармашылығын ерекше бағалап өткен. «Гүлстанның» дүниенің көптеген тілдеріне тәржімаланып кетуі – содан болса керек.

Дидактикалық сарында жазылған «Бахтиярнама» кітабы да – диалог, диспуттан құралады, сол орта ғасырлардағы оқырман мен тыңдаушының талғамынан шығу үшін сондай деңгейдегі проза, поэзия қажет еді. Ол кездің авторлары өздерінің қарасөзбен, өлеңмен жазылған күрделі туындыларын ұшатын құсқа немесе ұзатылатын қалыңдыққа теңейтін. Себебі, жазған дүние өтеледі, тәуір болса – ол халық арасына тез сіңіп кетеді, сөйтіп, лайықты бағасын алады. Керексіз, қажетсіз нәрсе болса – ұмытылып кетеді, өміршең көркем дүние өз орнын ұзақ уақытқа сақтап қалады.

Орта ғасырдағы парсы әдебиетіне әдемі өрнекті әшекей, айшықтау тән екені хақ, этикент соны талап еткен, ал тақырып болса өзгеріске ұшырамай, бір кезеңнен екінші кезеңге, бір ғасырдан келесі ғасырға көше берген. Дәстүрі, ережесі өзгермеген Еуропалық әдебиет үшін бұл бір іш пыстыратын, жалықтырып жіберетін жол еді. Бірақ, Шығыстың аты – Шығыс, Батыстың аты – Батыс деп Редьярд Киплинг айтқандай: «Шығыс өзінің қәдуілгі дәстүрін сақтап, әрі қарай дамыта берді, әдеби әдісінен бұлжымады, бұзбады».

Әдеби канон болғасын, әрине, бұрыннан қалыптасып келе жатқан тәсіл, үрдістерден мойын босата алмайды. Мәтіннің ішінде цитаталар кездесіп отырады. Әсіресе, Құраннан немесе басқадай бір діни жәдігерлерден алынған мысалдар, тіркестер, жолдаржиі ұшырайды. Егер автор немесе айтушы Құраннан мәтін келтіретін жағдайда Құранды өте-мөте жетік меңгеріп, жақсы білуге тиісті еді. Өйтпейінше, қасиетті кітаптан алынған қысқаша бір-екі ауыз үзінді шығарманың өнбойына сыналанып, еніп кете алмайтын. Құраннан кейін, мысалға жиі ілінетін – белгілі әдеби жәдігерлер еді, жыр, өлең түрінде мысалға тартылатын. Мұның өзі шығарма иесінің білімпаздығын, жан-жақтылығын, көп білетіндігін паш ететін.

Мұнда сондай сұлу, орынды келтірілген мысалдар – сұлу әйелдің мойынындағы алқалы айшық тастардай алқаланып, тізіліп, көз бен көңілді біріктіріп, тартып тұратындай болып шығатын. Сөйтіп, Шығыс шығармасы – әшекейлі теңеулерге, метафораларға, жарқын бейнелерге тұнып тұратын. Ескі заманда туған туындыларға сол уақыттың, сол ғасырдың көзімен қарасақ, бәрі солай болуға тиісті, бүгінгі критерилер, мәселен, Дакаикидің «Бахтиярнамесіне» қанша күштесең де жүрмейді.Ол замандағы оқырманның көзі, көкірегі басқаша бір қалыптасқан жайларды, күйлерді қабылдап үйренген еді. Парсы прозасында дидактикалық жанр поэзиямен қатар дамыды, 950 жылы АбульФаварис Каноризидің «Синдбаднамесі» дүниеге келді. Құран парсы тіліне аударылды. «Марзбаннаме» кітабы Х ғасырда жазылды.1114 жылы Газнада«Калила мен Димнаның» жаңа нұсқасы пайда болды, ал 1160 жылы Самарқанда Захиридің «Синдбаднамесі»жазылды. ХІ ғасырдаХамидидин Балхидың «Макамат-и-Хамиди» шығармасы туды, бұлар новеллалардан құралатын, мақал-мәтелдермен өрнектелетін, 23- 24 мақамнан құралатын, әр біреуі бір-бір новеллаға жататын. «Саяси-наме» деп аталатын Низамаль-Мүлктің саяси трактаты жарияланды.

Тарих сахнасынан кеткен Саманидтер жайын қозғайтын Бейхакидің «Тарих-и Бейхаки» шежіресі– көптеген аңыздармен, мысалдармен көмкерілген еді, араб тілді әдебиет үлгісіне жақын болатын, тарихи аңыздар, әпсаналарға тұнып тұратын. Автор халықтың мақал- мәтелдерін, әзіл әңгімелерін орынды пайдалана білді.



Мұндай шығармалардың жеке тұратынбір тобы – халық кітаптарына айналып кетеді. Ең алдында жазбаша жазылғанымен, әр түрлі жиындарда орындаушылар таратып айтып жүреді. Бұл тақілеттес туындылардың қайнар көзі үш арнадан: ежелгі иран фольклёрынан, үндіден келген аударма әдебиеттен және мұсылман аңыздарынан, оның ішінде Мұхаммед туралы Хадистерден тұрады. Сонау ІІІ-VІІ ғасырлардағы Сасанидтер империясын- даравилер мен декламаторлар болған. Орта Азия мен Иран қалаларының ертегішілері өзара цехтарға бірігіп, қала қол-өнеркәсіпшілерімен, яғни жаванмард, айяр атты ұйымдарменбайланыста болған еді. Осыдан барып «Самаки Айяр» (ІХ ғ.) деген қызық оқиғалы шығарма өмірге келеді, кейінірек ол ертегі-романға айналып кетеді. Бұлардың басты кейіпкерлері – жаванмардтар еді, олар өздерінің жойқын іс-әрекеттерімен еуропаның романдарын еске түсіретін, мысалы, ескі иран эпосы «Қаһарман- наме» соған ұқсап тұратын.

Аударма әдебиеттері – адамдарды бір-бірімен таныстырады, табыстырады. Аударма өркендеген елдің мәдениетін көрсетеді. Аударма дегеніміз, бейнелеп айтқанда – ол да бір өзге жұрттан таңдалып әкелініп, өз аулаңа отырғызған жеміс ағашындай ғой. Күтсең, бабын тапсаң – нәрін, жемісін алақаныңа салады. «Поэзия аудармашысы – ақынның құлы емес, бәсекелесі»,– деген белгілі қағиданы кейде ұстана бермейміз. Өзгенің ойына, ырғақ сезіміне, ұйқас метафораларына аса сақ, мұқият қарағанда ғана, шығарма шырайына нұқсан келтірмей, ішкі құнарына бойлауға болады. Мәселен, Александр Блок, Шекспир, Шиллер, Гейне армян поэзиясына жүлде алу үшін барған жоқ. Соларды жан жүрегімен сезініп, ұғынғандықтан барды. Аудармашы мен түпнұсқаның арасында ажырамас ажарлы бірлік, жан туыстығы орнағанда ғана өзге елдің ақынының туындысын өз ортаңа жүдетпей, нақыш бояуын жоғалтпай жеткізуге болады. Гейне поэзиясының музыкалы болып келетін ерекшелігін көптеген орыс ақындары дөп баса алмады. Біраз уақытқа дейін Гейне өлеңдері жұмбақ жаңғақ секілді болып келді. Ал, соның кілтін тапқан – Блок еді. Өркені өскен мәдениеттің маңызды бір саласы – аударма болса керек. Қазақ елі ерте кезден бастап-ақ шет жұрттардың әдебиеттерімен таныс. Біздегі аударма тарихы Абайдан да әріден басталады. Фирдоуси «Шахнамасының» Рүстемге, Жәмишдке, Ескендірге байланысты тараулары қазақ арасына сыналанып, сіңіп кеткен болатын. Араб, парсы, түрік әдебиетіне жетік, Бұқарада оқыған Ораз молла «Шахнаманы» өзінше аударады. Бұл – Шығыс эпосынан алынған аударманың төлбасы еді. 273 ХV–ХVІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен қазақ ақынжыраулары да Шығыс поэзиясынан нәр алған. Үңіле қараған адамға Омар Хайям мен Шал Құлекеұлының арасында жақындық, ұқсастық бар. Шал ақынның философиялық тұжырымдарға тұнып тұратын поэзиялық трактаттары – Шығыстың ұлы шайырларымен үндесіп жатады. Абайдың ұрпағы – Дантені, Шекспирді, Гетені ана тілінде сөйлетті. Бұл да біздің өскендігіміз, орнында бар оңалардың белгісі. Рудаки, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Низами, Науаи туындылары – ортақ қазынамызға айналды. Осы Батыс-Шығыстан алынған поэтикалық туындылардың аудармаларын жеке антологияға біріктіріп, арнайы кітап етіп шығарып тұрса, теріс болмас еді. Сәтті жасалған аудармаларды оқулықтарға, хрестоматияларға батыл енгізе берген абзал. Бірнеше жыл бұрын «Мектеп» баспасынан ҚазМУ-дің доценті Н.Карбанованың сәтті құрастыруымен шыққан «КСРО халықтарының әдебиеті» хрестоматиясы парсы-тәжік классиктерімен ашылады. Бұл – қуанарлық қадам. Бұл әдіс – мәдени өрісіміздің ауқымдылығын, жан-жақтылығын байқатады. Әдебиетімізге Шығыстан келген шұрайлы шығармалар арнайы сүбелі арна болып қосылады. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі, одан кейінгі кезеңдердегі қазақ ақындары Шығыс поэзиясын көбіне еркін аударады. Абайдан басталған үлгі – кешегі Жүсіпбек, Ақылбек, Шәді, Тұрмағамбет творчествосына келіп жалғасты. Олар «Мың бір түн», «Тотынама», «Шахнама» тақырыбынан алып, қазақ арасына гуманистік бағыттағы бірнеше дастандарды таратты. «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Ғашықнаме» кітабы – сондай еркін жасалған аудармалардың жемісі. Жақында менің қолыма Қалқаман Әбдіқадыровтың 1958 жылғы таңдамалы өлеңдері мен поэмалары түсті. 274 Кітап бес тараудан тұрады екен де, бесіншісі «Шығыс ақындарынан» деп аталады. Шайхи, Сағдиден деген бір топ топтамалар – Фирдаусиден, Бабурдан алған аудармалар. Қалқаман Сағди өлеңдерін жолма-жол аудармаған, мәтінге де бағынып қалмаған, өз ортасына лайықтап еркін тәржімалаған. Сөйтіп, қазақ оқырманына, оның ұғымына Сағдиді жинақы, жарқын етіп бере білген. Мұндай әдістің дұрыс екендігін Қ.Әбдіқадыров әкелген орнықты, ойлы аудармалар айқын дәлелдейді. «Мың бір түнді» аударып, тәжірибе жинақтаған, шығыс тілінен хабары мол ақын Сағди поэзиясын жан-жақты жеткізген. Сағдидің басқа әріптестерінен бір ерекшелігі – мейілінше табиғи шыншыл, мөлдір тілмен жазады. Бас айналдырған әлеміш теңеулер, түр құбылысы онда кездесе бермейді. Сағдидің «Бостаны» мен «Гүлстаны» – халық өмірінен тығыз байланыста туған туындылар. Бұл екі шығарма орыс тіліне неміс тіліндегі нұсқасынан аударылады. Қ.Әбдіқадыров болса, парсы тіліндегі түпнұсқасынан алған секілді. Парсы-тәжік әдебиетінің ұлы ақыны Фирдоусидің ерлік, бірлік, еңбек жайлы айтқан афоризмдерін, «Махмұтқа хатын» да Қалқаман Әбдіқадыров шеберлікпен шымыр етіп берген. Бабурдан алған қысқа, тұжырымды егіз жолдар да қазақ тілін жатсынып тұрған жоқ. Меніңше, ақынның архивінде Шығыс ақындарынан алынған, әлі жарияланбаған басқа да аудармалардың болуы әбден мүмкін. 1947 жылы Низамидің туғанына 800 жыл толуына орай қазақтың Біріккен мемлекет баспасы «Ләйлі – Мәжнүн» дастанын тұңғыш рет жеке кітап етіп, бастырып шығарды. Шындығында, бұл өзі – айтулы еңбек, қазір де сирек кездесетін кітаптар қатарында. Бұл дастанды ана тілімізде сөйлетуге бірнеше қазақ ақындары атсалысып, абыройлы іс жасады. Олар – Қасым Аманжолов, Тайыр 275 Жароков, Ғали Орманов, Жақан Сыздықов, Дихан Әбілев, Абдолла Жұмағалиев еді. Олар Низамидің егіз жолдарын қазақтың қара өлеңіне салып, керемет көркемдікпен орындаған. Шайқалмас жорғадай бүлкілдеп тартып отырады. Сегіз ақын өзара бәсекеге түскендей, бірінен-бірі асады. Қазақ тіліне сәтті тәржімаланған мұндай азбас, тозбас аудармаларды сирек ұшыратып жүрміз. Он бір буыннан басқа жыр түрі де, шалыс ұйқаспен келгендері де бар. «Ләйлінің хаты», «Мәжнүннің хаты» (аударған Қ.Аманжолов) кезекті ұйқасқа салғанда жанып жүре береді, бас алмай оқисыз. Көрнекті ақынымыз Дихан Әбілев «Мәжнүннің анасының қайтыс болуы» деген тарауға келгенде Мәжнүн монологын еркін, жыр формасымен беріп, аса бір ұтымды қадамға барады. Мұның себебі, біріншіден – аудармашы ақын Батыс, Шығыс әдебиетін жетік біледі, екіншіден – олар жазбаша әдебиетке, фольклорға сүйенген, үшіншіден – «Ләйлі-Мүжнүнді» бала кездерінен тыңдап өскендері көрініп тұр. Нәтижесінде, дүние жүзіне әйгілі махаббат аңызының қазақша көркем нұсқасы туған. 1948 жылы Науаидің туғанына 500 жыл толуына байланысты «Әлішер Науаи» деген атпен қазақ тілінде тағы бір кітап жарық көрді. Бұл жинаққа «Фархад-Шырыннан» үзінділер, ғазалдары енді. Алғысөзді Мұхтар Әуезов жазған. Науаидың ғазалдары, мұхаммастары, рубайлары, тұйықтары, месневилері қазақ оқырманына әлі толық жеткен жоқ. Ол – алдағы күндердің үлесінде тұр. Шығыс шайырларының қазіргі қазақ ақындарына игі ықпалын тигізгені байқалады. Ұлы ақындар кітапханасы сериясымен 1968 жылы басылып шыққан Әлішер Науаи ғазалдары – осы айтылғанды растай түседі. Қалижан Бекхожин мен Сағынғали Сейітов түпнұсқадан алыстамай, шашыратпай Науаи ғазалдарының тепе-тең қазақша баламасын табады, махаббат лирикасын аша түседі. 276 Қ.Бекхожин Рудаки өлеңдеріне барғанда да ұлы ақынның мысын елемей, батыл кіріседі. Жалпы, Шығыс ақындарын аударуда Ғали Орманов, Қалижан Бекхожин, Қуандық Шыңғытбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Ғафу Қайырбеков, Қайрат Жұмағалиев, Әбіреш Жәмішев, Сейфолла Оспанов, Тілеген Шопашев, Бегділда Алдамжаровтың белсене атсалысқанын атап өтуге тиіспіз. Әрине, аударманың бәрі сом алтынның сынығындай түсе қалмай, кейде сол классиктің көлеңкесінде қалатын жағдайлар да кездеседі. Шығыс поэзиясы – аудармашылар үшін шығуы қиын шынды елестетеді. Шығыс рубайларында, ғазалдарында – ой, сезім басым да, сөз аз, қыры, сыры терең, кеніш сөздердің астарында шиыршық атқан ішкі тартыс жатады. Шығыс ақыны кейде ыммен, азғантай ғана детальмен, штрихпен шымыр нәрсе жасай салады. Шығыс поэзиясы көпірмелі, бояулы деген сөз түбірімен теріс, түсінбей, көпіртіп жіберетін кейбір «аударғыштардың» шығарып жүрген жел сөзі. Шығыс поэзиясында этикалық картиналар там-тұмдап қана ұшырасады, керісінше – серпінді динамика басым. Бірақ, бұл Эсхилдің, Шекспирдің драматизмнен оқшаулау, философиялық астарынан бөлек. Орыс өлеңінің шебері, Шығыс поэзия әлеміне жиі барған Тарковскийдің: Для чего же лучшие годы, Продал я за чужие слова? Ах, восточные поэты, Как болит от вас голова! – деуінде мән бар. Шығыс поэзиясын – қазақ ақындары екінші тілден, яғни орыс тілі арқылы аударып жүр. Ілгеріде орыс ақындарында осындай тәжірибе бар болатын. Олар Шығыс классиктерін, мәселен, Сағдиді француз тілі арқылы тәржімалады. Мұндайда, аударма кейде – түпнұсқаның 277 мазмұнынан, образдық жүйесінен, композициялық құрылымынан алшақтайды. И.Бунин Лонгфело туындысын түпнұсқадан аударды. Бунинге Нобель сыйлығының берілуі де сол үшін. С.Маршак Бернс жырларын орыс поэзиясының асыл маржанына айналдырды. Қазақта – Гетенің «Фаустын» неміс тілінен тіке аударған талантты ғалым, аудармашы М.Құрмановты айрықша атап өту керек. Шәкәрім Құдайбердиевтің Хафизден тікелей аударған бірқатар өлеңдері бары белгілі. Оларды М.Әуезов жоғары бағалаған. Шәкәрімнің Шығыс мәдениетімен сусындауына ықпал еткен Абай еді. Шәкәрім Шығыс әдебиетін, тілдерін жақсы меңгеріп, араб, парсы, түркі тілдерінде бәйіттер де шығарған. Ақын Сағдидің «Гүлстаны» сияқты «Бәйшешек бақшасы» деген кітап жазған. Қысқасы, Абай мен Сұлтанмахмұт Торайғыров аралығындағы шоқтығы биік тұлға – Шәкәрім ғана. Қазақ арасында Шығыс поэзиясының аударылуы мәселесі әңгімеленгенде – бұл ақын жөнінде айтпай кетуге болмайды. «Аударма – тең болмаса, кінәрат», – дейді екен Шәкәрім. Бір мақалада Шығыс шайырларының қазақшаланған шығармаларын түгел талдау шарт емес. Бірақ, Шығыстан бізге, әзірше Омар Хайямның түгел болмаса да тартымды жеткенін айтып өткен орынды. Қуандық Шаңғытбаев марқұм өндіртіп мол жазбаса да, Омар Хайямды қазақшалаған еңбегімен-ақ әдебиет тарихында аты қалған болар еді. Мешітке барсам кейде, олла да шын, Жұрт мені намазшыл деп ойламасын. Бұрын бір жайнамазын ұрлап едім, Тағы да көріп жүрмін, ұр жаңасын. (Шығыс жұлдыздарын құрастырған Қайрат Жұмағалиев, «Жазушы» баспасы, Алматы – 1973, 99-бет). 278 Осындай, парсы тіліндегі нұсқасынан аударылғандай, төрт аяғынан тең тұратын рубаяттар Қуандықта молынан кездеседі. Рас, кей кездері тым қазақшалап жіберетін кездері де бар. Сен неге кедейлікке боласың дал, Тартынбай тіршіліктен аласыңды ал. Бір сағат шаттық артық – мың хажыдан, Меккеде сенің қайбір нағашың бар! дегенде (көрсетілген кітапта 101-б) еріксіз езу тартасыз. Дегенмен, бұл Омар Хайямға жарасады. Тапқырлыққа керек қой. Хафиздің лирикасы – Әбіреш Жәмішевтің аударуымен 1969 жылы «Жазушы» баспасынан жеке кітап болып шықты. Ол негізінен С.Липкин, В.Державин, Е.Дунаевский, И.Сельвинский аудармаларынан тәржімаланған. Ортада – орыс тілі тұр. Дегенмен, «Хафиз жырларының парсы-тәжік тілдеріндегі бастапқы нұсқасына неғұрлым етене жақындай түсу мүмкіндіктері қарастырылады» деп автордың өзі айтқандай, бірқатар ғазалдар – Хафиздің түпнұсқасына келеді, ал біршамасы – Хафиз лирикаларынан жырақ. Хафиздің кейбір ғазалдары ала-құла аударылған, орыс тілінен алғанда да – ғазалдың екіншісі нұсқасынан алшақ кетуге тиіс емеспіз. Өйткені, ол Хафиз ғой. «Мен Шираздың пәк сұлуын тәңірге теңер ем. Бір меніңше Самарқанд пен Бұқараны берер ем», - деп Ә.Жәмішев әрі жатық, әрі батыл бастап кетеді де, әрі қарай парсы ақынынан қашықтай береді. «Шираздың пәк сұлуы емес», «Дам тюрчанке из Шираза» ғой. (К.Липскеровтың аудармасы). С.Маршактың – Шекспир сонеттерін өмір бойы аударғанын есте ұстаған ләзім. Мысалы, 121-сонетін Маршак алты жыл аударыпты. Шығыс ғазалының ішкі ырғағын, ырғақтық-синтаксистік құбылысын, әуенін, бабын білмей, сезінбей тәжірмалау кейде қиындыққа апарып соқтырады. Бұл орайда ойласатын жайлар баршылық. Енді сөзімізді түйіндесек, Шығыс классиктерінің поэзиясын ана тілімізге аударуда азды-көпті тәжірибе жинақтап қалдық. Шүкір, шебер аудармашыларымыз да бар. Барымызды ешкім тартып ала алмайды. Жоғымызды іздей берсек – Фирдоуси, Низами, Науаи дастандарына әлі талай ораламыз. Кейінгі уақытта шығыс тілдерін білетін, оқыған жастарымыздың да басы көбейіп келеді. Ендеше, аударма саласына дайындығы бар дарындарды тартса – баспа да, оқырман да ұтылмайды. Дүние жүзі әдебиетіне әсер еткен Шығыс поэзиясы – соны талап етеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

1. Казахская литература начала ХХ века. Хрестоматия. АлмаАта, 1983.

2. Казахский эпос. Т.1. Алма-Ата, 1958, 1963.

3. Каратаев М.К. Абулькасим Фирдоуси //Мастера слова. Алма-Ата, 1966. 295

4. Казахский эпос. Т.3. Алма-Ата, 1964.



5. Какишев Т. Путь критики. Алма-Ата, 1961.

6. Каратаев М.К. Мировозрение и мастерство. Алма-Ата, 1965.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет