Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен “Үлкен дулыға" турнирінде қола жүлде жеңіп алған Әбиба Абужақынова жартылай финалдағы жеңілісінің себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

48 келіде белдескен отандасымыз жартылай финалда швециялық Тара Бабулфатхке физикалық тұрғыдан шамасы жетпегендіктен жеңілген.

“Швед балуанына физикалық тұрғыдан әлеуетім жетпеді. Күшке арналған жаттығу аз болып қалды ма? Нақты білмеймін. Әлі де дайындықты күшейту керек. Шыны керек, дәл осы жарысқа жеңімпаз атануды көздеп келгенмін. Сондықтан қола жүлдеге көңілім толмайды”, – деді бұрымды балуан. 

Айта кетейік, Айта кетейік, "Үлкен дулыға" турнирінде әлемнің 64 елінен 413 балуан сынға түсті. Қазақстан құрамасынан жалғыз Әбиба Абужақынова қола жүлдеге қол жеткізді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.