Оңтүстік Корея өзінің ең үлкен қиындықтарының бірі – туу көрсеткішінің төмендігін жою әдісін тапқанын мәлімдеді. Ол үшін билік жоғары жылдамдықты пойыз қызметін іске қосуды ойлап тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото pixabay

Бұл елде әлем бойынша туу деңгейі ең төмен болып отыр. Оңтүстік кореялық әйелдерде бала туудың орташа саны 2022 жылы 0,78-ден 0,72-ге дейін төмендеген.

Жастар некеге тұрмай, отбасын құрмауға үлкен Сеулдегі қиын өмір сүру жағдайы мен қымбат баспана, ұзақ жолды себеп қылады. 

Сеулдегі туу коэффициенті орташа республикалық деңгейден де төмен және үкіметтің күш-жігері бұл құлдырауды қалпына келтіре алмады. Шенеуніктер бала тууды ынталандыру үшін Great Train eXpress (GTX) — ке сүйенбек. Билік 2035 жылға қарай Сеулді бірнеше шалғай аудандармен байланыстыратын алты жолды қамтамасыз етеді.

  • 140 гренландиялық әйел мәжбүрлі түрде контрацепция қабылдатқан биліктен өтемақы талап етті

  • Екінші баланы жоспарлау үшін тұңғыш баланың рұқсаты керек – Психолог

Үкімет бұл жобаға 134 триллион вон (шамамен 99 миллиард АҚШ доллары) қаржы жұмсайды.

Жұма күні президент Юн Сок Ел Сусодан Сеулдің оңтүстігіндегі Донтан ауылына дейінгі жол жүру уақытын автобуспен 80 минуттың орнына 19 минутқа дейін қысқартатын бірінші жолды ашты.

Шенеуніктер осылайша жастардың жолға кететін уақытын қысқартпақ. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.