Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Харьков орта мектебі



бет1/4
Дата10.03.2018
өлшемі0.74 Mb.
#20484
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы

Жалпы білім беретін Харьков орта мектебі



Кәсіби өз-өзін анықтауға бағытталған

дамыту бағдарламасы

9 – 11 сынып

(мектеп психологтарына арналған

әдістемелік құрал)

Дайындап, құрастырған:

Омарова Асем Жангозыевна

психолог


Павлодар, 2014 жыл


Түсініктеме хат
Кәсіби анықталу – бұл біртұтас жүйе, яғни әртүрлі өзара байланысты компоненттерден, қоғамдық мақсаттардан және басқарудан тұрады. Бұл дегеніміз: кәсіби ашылу, қызығушылықтың дамуы, оқушылардың ойын іс-әрекеттері: танымдық және еңбектік, кәсіби психодиагностика, кәсіби кеңес беру, кәсіби іріктеу, кәсіби бейімделу және кәсіби тәрбиені айта аламыз. Қазіргі уақытта қоғамдағы саяси және экономикалық тұрақсыздық әсерінен, адам тек қана өз-өзіне сену керек. Ол қоршаған ортада жылдам, сөзге шешен, әртүрлі мамандықты тез және жеңіл иеленуі, соған өз сәйкестігі мен қабілеттілігін анықтау тиіс.

Жастар үшін ерекше мәселе – мамандық таңдау. «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасы негізінде жан-жақты маман-кәсіпкер, қызметкерді даярлауды жетілдіру; кәсіптік оқу орындарына қайта бейімдеу, шаруашылық, коммерциялық оқу саласын дамыту, кәсіптік мектептер мен жұмысқа орналастыру орталықтарымен бірлесе отырып атқарар жұмыс түрлерін жетілдіру, кіші және орта бизнес үшін мамандар даярлау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі нарық тұсында жұмыс орындары қысқартылып жатқанда, мектеп бітіретін жастарымыздың қателеспей, өз қабілеттілігіне сәйкес мамандық таңдауы тіпті қиынға айналды деуге болады.

Бұл жөнінде ғалым-ұстаз А.Е. Голомшток былай дейді: «Тіршіліктегі еңбекке араласудың бақыт есігін өте шағын болса да, тек бір ғана кілтпен, өз қабілеттілігімен ашқан адам ғана айқара ашады. Жоғарғы сынып оқушыларына қабілеттілік «кілтін» таба, тани білуді үйретіп, соған бағыт сілтеу қажет. Мұны оқуға дұрыс даярлау барысында ғана жүзеге асыруға болады. Оқушылардың еңбекке құмарлықты толық сезінуі үшін мектепте берілетін білімдерді оқытуға даярлықты барынша дұрыс жолға қою негізгі мәселе болып табылады. Өйткені, оқу – балалар өміріндегі ең басты іс-әрекет. Балалар өмірді оқып-үйрену арқылы дұрыс ұғынады».

Бұл мәселенің негізгі көкейкестілігі қоғамдық және тұлғалық талаптарға сай келетін саналы мамандық таңдауға жоғарғы сынып оқушыларына көмек көрсетуге бағытталған кеңес беруді тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Мектептің негізгі және маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың кәсіби анықталуын қадағалау. Бірақ бұл мәселе іс-жүзінде басқаша көрінеді. Көптеген кәсіби анықталу жұмыстары өткізілсе де, өте аз іске асырылады. Өйткені кәсіби анықталу процесіне арналған оқушылардың арнайы дайындық бөлмелері жойылған, оған қоса өнеркәсіптермен байланыстары үзілген. Көптеген жастүлектердің кәсіби анықталулары санасыз шешімдерге ие болды.

Мамандықты таңдау – адам өміріндегі ең күрделі де жауапты қадамның бірі, яғни болашақ өмірдің мәні. Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз – бұл қазіргі өмірде белгілі бір орынға ие болу. Оқушылардың мамандық таңдауға даярлау міндетін іске асыруда мектептің ролі үлкен, ол оқушылардың политехникалық әзірлігіне сүйене отырып және сыныптан тыс жеке жұмыстардың дұрыс мамандық таңдаудың әлеуметтік те, сондай-ақ адамның жеке басы үшін де маңызын түсінуге жетелейді. Мектептің жоғары сыныптарында бүкіл тәрбие жұмысы осы міндетті шешуге бағытталған. Сондықтан бұл әдістеме мектеп психологтарына көмекші әдістемелік құрал ретінде болады деп ойлаймын.


Бағдарлама мақсаты: Әр түрлі мамандықтар жайлы мәліметтерді және өз бағыттылығын, қабілетін, қызығушылығын бағалау деңгейін жоғарлату арқылы оқушылардың ерте кәсіби өз-өзін анықталуына көмек көрсету.
Бағдарлама міндеттері:

  1. Қатысушыларды мамандық әлемімен және сол мамандыққа қойылатын талаптармен таңыстыру.

  2. Оқушылардың кәсіби қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау

  3. Оқушылардың кәсіби анықталуына әсер ететін өзіндік жеке-психологиялық ерекшеліктерін анализдеуге көмектесу.

  4. Таңдаған мамандық бойынша оқушылардың жауапкершіліктерін қалыптастыру.

  5. Алған білімдерін тәжірибелік дағды ретінде қолдануын қалыптастыру.


Бағдарлама барысы келесі принциптер бойынша іс-әрекетте қолданылады:

  1. Зиян келтіріп алмау – психологиялық жұмысты ұйымдастыру барысында оқушыларға зиян тигізбеу;

  2. Кіршіксіз бала – әрбір баланы өз қалпында қабылдау;

  3. Тыйым салудың орнына – бағыттау керек;

  4. Еріксіз көндіруден көрі – сендіріп, көзін жеткізу керек;

  5. Бұйрық берудің орнына – ұйымдастыру керек;

  6. Шектік қоймай – таңдау бостандығын беру керек.


Бағдарлама әдістемелігі:

  1. ойын әдістері;

  2. әңгімелесу;

  3. топтық дискуссия;

  4. сауалнама;

  5. тест;

  6. карточкалық жаттығулар.


Бағдарлама құрылымы: Дамыту бағдарламасы 15 сабақтан тұрады. Әрқайсысы келесі сызбанұсқа бойынша құрастырылған: кіріспе, негізгі бөлім, кері байланыс. Бұл сабақтар жұмасына 2 рет, 1 академиялық сағаттан (45минут) өтіледі.
Бағдарламаның жастық бағыттылығы: 9-11 сынып оқушыларына арналған.


Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Б/с

Тақырып

Сағат саны

І Бөлім. Мамандық жайлы алғашқы мәліметті қалыптастыру.

3

1 сабақ.

«Алғашқы мәлімет»

1

2 сабақ.

«Кәсіби ерекшелік»

1

3 сабақ.

«Менің кәсіптік бейнем»

1

ІІ Бөлім. Мамандыққа сай ерекшеліктер мен қажеттіліктерді анықтау.

3

4 сабақ.

«Кәсіби дайындық»

1

5 сабақ.

«Өзін іске асыру»

1

6 сабақ.

«Кедергілер»

1

ІІІ Бөлім. Кәсіби болашағын жоспарлау.

3

7 сабақ.

«Болашақ жолы»

1

8 сабақ.

«Кәсіби іскерлік»

1

9 сабақ.

«Бейімделу»

1

ІV Бөлім. Кәсіби дайындау.

3

10 сабақ.

«Презентация»

1

11 сабақ.

«Бағыт-бағдар»

1

12 сабақ.

«Менің таңдауым»

1

V Бөлім. Өзіндік таңуға бағыттау.

3

13 сабақ.

«Жеке көзқарас»

1

14 сабақ.

«Мамандық типтері»

1

15 сабақ.

«Өзіндік анықталу»

1

Барлығы

15 сағат


Бағдарлама мазмұны
І Бөлім. Мамандық жайлы алғашқы мәліметті қалыптастыру.

1 сабақ. «Алғашқы мәлімет».

Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен таңысып, мамандық жайлы алғашқы мәлімет ұсыну және негізгі қажеттеліктерін анықтау.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Шеңбер» ойыны

Ойын барысы: Өздерін таңыстыру үшін, әр оқушыға үш ақ қағаздан беріледі. Сол үшін қағазға келесі мәліметтерді жазады:



  • есімін;

  • үш жағымды қасиетін;

  • қызығушылығын;

  • кейін оқушылар бір-бірден ортаға шығып өз-өзін презентациялайды. Ұзақтығы 5 минут.

2 жаттығу. Сауалнама

Құрал-жабдық: ватман, маркерлер.

Сауалнама сұрақтары:


  1. Қандай мамандықты таңдадындар?

  2. Мамандық таңдауына не әсер етеді?

  3. Өз таңдауын туралы ата-ананмен сөйлестінбе?

  4. Осы мамандыққа біздің қаламызда оқуға бола ма?

  5. Таңдаған мамандық немен қызықты?

  6. Осы мамандыққа жүмістеп жүрген адамдармен сөйлесіп көрдің бе?

  7. Таңдаған мамандық бойынша жұмыс орнын тез таба аласың ба?

  8. Сенің ойың бойынша осы мамандыққа қандай қабілеттер тән, олар сенде бар ма?

Кейін екі сұраққа дискуссия өткізіледі: 1) Кәсіби анықталу үшін адамға не білу қажет? 2) Мамандық таңдаудағы қандай өлшемдер бар?

Ұзақтығы 10 минут.



3 жаттығу. Карточкамен жұмыс

Құрал-жабдық: ватман, маркер, карточкалар.

Жұмыс топпен немесе мини топтарда орындалады. Карточкада үш оқушыға мінездеме және төменде үш мамандық түрлері беріледі. Негізгі тапсырма: мінездеме арқылы қай мамандыққа сай екенін анықтау.

Мінездеме:

1 оқушы. Мақсатты бағытталған, жинақы. Қиын жағдайларда шыдамдылық көрсетіп, өз-өзін ұстай алады, бақылау сезімі жоғары дамыған, нақты ойлау мен тұрақты зейінге ие. Қимыл-қозғалысымен іс-әрекеті шапшан. Еңбекқор және көп уақыт бойы шаршамай жұмыстей алу қабілетіне ие. Адал және шешімде шынайылық көрсетеді.

2 оқушы. Өзіне бекітілген балалармен қарым-қатынасқа түскенде: жұмсақ, мейірімді, ересек адам ретінде өз-өзін ұстай біледі. Балалар бұзықтарына түсіністік білдіреді. Сонымен қатар қатал да бола алады.

3 оқушы. Үздік оқушылардың бірі, әдебиетті және спортты ұнатады. Барлық жағдайларда дербес шешімге келеді. Нашар оқушыларға көмектеседі. Яғни үлгерімдерін жоғарлатуға тырысады. Мектеп өміріне және мәдениетіне қызығушылықпен белсенділік таңытады.

Мамандықтар: заңгер, тәрбиеші, мұғалім. Ұзақтығы 12 минут.

4 жаттығу. Карточкамен жұмыс

Оқушыларға қасиеттері бар карточкалар беріледі. Төменде мамандықтар жазылған. Осы әрбір мамандыққа сай тұлға қасиеттерін анықтап, жаз. Мамандықтар: есепші, тәрбиеші, менеджер, программист, тарих мұғалімі, заңгер.

Тұлға қасиеттері: еңбекқор, балаларға деген махаббат, сызбаларды және есепті шешу жолдарын жақсы есте сақтау, сөз арқылы өз ойымен сезімін бере алу, реакция мен қозғалыстың жылдамдылығын мен нақтылығы, ойлау процесінің жылдамдығы, сөз қорының молдығы, эмоционалдылық, шыдамдылық, іске деген тұрақты қызығушылық, тез шешімге келу, физикалық күш, басқаларды түсіне білу, қимыл-қозғалыстағы эмоционалдылық. Ұзақтығы 15 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

2 сабақ. «Кәсіби ерекшелік».

Мақсаты: Таңдаған мамандыққа сай ерекшеліктерді анықтау және кәсіби ерекшелікке әсер етуін қарау.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. Карточкамен жұмыс

Адамның жеке психологиялық ерекшеліктері бар карточкалар беріледі. Осыларға тән ерекшеліктерді анықтау:

А. Адамның басқа адамға деген қарым-қатынас.

Ә. Еңбекке деген қарым-қатынас.

Б. Өзіне тұлға ретінде қарым-қатынас.

Ерекшеліктер: темперамент, мінез, тітіркендіргіш, жоғары намыс, жеңілтек, кең пейілді, сөйлемпаз, орындаушылық, ұқыптылық, нақтылық, ойлампаздық, принципиалдылық, энтузиазм, жоғары эмоционалдылық, интроверттілік, салмақты, баяу, экстраверттілік, дарынды, еңбекқор. Ұзақтығы 10 минут.

2 жаттығу. «Ассоциация» ойыны

Ойын барысы: Жұмыс кішігірім топтарда орындалады. Оқушылар бірнеше топтарға бөлініп, әрбір топқа бір тақырып «Кәсіби таңдау» ұсынылады. Соған ассоциация салу керек. Кейін суреттер топпен талқыланылады. Ұзақтығы 8 минут.



3 жаттығу. Карточкамен жұмыс

Карточкаларды үш мамандық және адамның 14 қасиеті беріледі. Әр мамандыққа тән болатын 10 қасиетті іріктеп ал. Қасиеттер маңыздылық бойынша іріктелінеді. Ұзақтығы 10 минут.

Карточкалар төменде 1 кестеде берілген

Кесте 1 – Мамандықтар мен қасиеттер тізімі



Заңгер

Экономист

Дәрігер

Эмоционалдылық

Әзілшіл


Сөз қорының молдығы

Шыдамдылық

Өз-өзін ұстай білу

Адал


Принципиалдылық

Заңды бұзбаушылық

Белсенділік

Түсіністік

Ойлампаздық

Элегантты

Жауапкершілік

Мейірімді



Эмоционалдылық

Әзілшіл


Сөз қорының молдығы

Шыдамдылық

Өз-өзін ұстай білу

Байқампаздылық

Принципиалдылық

Орындаушылық

Белсенділік

Түсіністік

Ойлампаздық

Элегантты

Жауапкершілік

Мейірімді



Эмоционалдылық

Әзілшіл


Сыпайылық

Шыдамдылық

Өз-өзін ұстай білу

Адал


Принципиалдылық

Заңды бұзбаушылық

Белсенділік

Түсіністік

Ойлампаздық

Кең пейілді

Жауапкершілік

Мейірімді



4 жаттығу. «Мамандықты тап» ойыны

Бұл ойын үлкен және кішігірім топтарда өткізіледі. Әрбір оқушы белгілі бір мамандыққа сай сапалы қасиетін айтады. Қалғандары сол естіген мәлімет арқылы қай мамандықты жасырып тұрғанын табулары қажет. Ұзақтығы 15 минут.



Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

3 сабақ. «Менің кәсіптік бейнем».

Мақсаты: Әртүрлі мамандықтарға оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін және өзіндік бейнесін сәйкестендіруге мүмкіндік беру.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Кім?» рөлдік ойын

Ойынды бастар алдында жүргізуші қатысушыларға қызықты мамандықтарды сұрастырып, тақтаға жазады.

Нұсқау: 1) Қазір мен сендерге мамандықтың бірін атаймын. Бірнеше секунд ішінде оқушылар бір-бірлеріне қарап, осы мамандық кімге сай келетінін анықтау керек. Кейін жүргізушінің белгісі бойынша сол оқушыға көрсетулеріңіз қажет; 2) Оқушылар қолдарын белгілі бір балаға көрсеткенде, қолдарын бірнеше секунд қозғалтпаулары қажет. Ал жүргізуші сол уақытта әр балаға неше қол көрсетілгенін санап шығады. Ұзақтығы 10 минут.

2 жаттығу. «Аукцион» ойыны

Құралдар: ақ қағаздар, қаламсап.

Ойын барысы:


  1. Топтарға бөлу (5 топқа).

  2. Мамандық аукционы 5 тип арқылы іске асырылады: адам-табиғат, адам-белгі, адам-адам, адам-техника, адам-бейне. Әр топ әр типке неғұрлым көп мамандықтарды жазу керек. Ұзақтығы 8 минут.

3 жаттығу. «Мамандық таңдаудағы негізгі түрткілерді анықтау» сауалнамасы.

Осы сауалнама 18 тұжырымнан тұрады. Ал тұжырымдар 9 түрткілерге бөлінеді: әлеуметтік түрткі, моральды түрткі, эстетикалық түрткі, танымдық түрткі, шығармашылық түрткі, мазмұн түрткісі, материалды түрткі, танымал түрткісі, утилитарлы түрткі. (Қосымша А) Ұзақтығы 5 минут.



4 жаттығу. Профессиограмма құру

Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, әр топ мамандық түрін таңдайды. Келесі сызба бойынша сол мамандықтың профессиограммасын құрайды.

Сызба:


  1. Мамандық жайлы жалпы мәлімет: мамандықтың пайда болуы, мамандыққа деген сұраныс.

  2. Еңбек процесінің мінездемесі: еңбек құралы, жұмыс орны, өнімі, жұмыс мінезі (монотонды не аралас), еңбек процесінің жағымсыз жақтары.

  3. Еңбектің санитарлы-гигиеналық шарттары: жұмыс ритмі, еңбек тәртібі, дене бітіміне қойылатын талаптар, медициналық көрсетілімдер, кәсіби аурулар мен травмалар.

  4. Адамға деген мамандықтың қоятын психологиялық талаптары: ауыртпалық пен қысым жағдайлары, жұмыскерге тән негізгі қасиеттер (эмоционалды-ерікті, іскерлік, танымдық, моральдық).

  5. Кәсіби дайындық жайлы мәлімет: мамандықты алу жолдары, оқуға түсу шарттары, оқу уақыты, негізгі оқылатын пәндер, төлем-ақысы, кәсіби өсудің перспективасы. Ұзақтығы 20 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?
ІІ Бөлім. Мамандыққа сай ерекшеліктер мен қажеттіліктерді анықтау.

4 сабақ. «Кәсіби дайындық».

Мақсаты: Мамандық таңдаудағы маңызды алгоритмдерді өндеу.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Жұлдызды сағат»

Құрал-жабдықтар: ақ қағаздар

Орындау барысы: 1) Оқушылар дөңгеленіп отырады. Сонымен қатар талқылайтын кәсіби стереотипті таңдайды. (Мысалы, заңгер немесе археолог, т.б.); 2) Таңдаған мамандық иесінің өмірлік жағдайларда жағымды және жағымсыз жақтарын әрбір оқушы жеке ойланып, кейін ортаға айтылады. Ұзақтығы 12 минут.

2 жаттығу. «Арман мен мүмкіншілік»

Оқушылар екі-үш топқа бөлінеді. Тапсырма: Оларға ақ қағаздар таратылады. Сол қағазды үш бөлікке бөледі: «болғым келеді», «бола аламын», «істеуім керек». Енді осы тақырыптар бойынша ойланып, бөліктерді толтыру қажет. Ұзақтығы 10 минут.



3 жаттығу. Диагностикалық өлшем

1. «Мен қаладым» саралаушы – диагностикалық сұрақнама (Климов классификациясы бойынша). (Қосымша Ә)

Ұзақтығы 20 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

5 сабақ. «Өзін іске асыру».

Мақсаты: Мамандық таңдаудағы негізгі приоритеттерді және мәліметтерді ұсыну.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Тиімділікті іздеу»

Барысы: Қатысушылар екі-үш топқа бөлінеді. Әр топ бір мамандықты таңдайды. Тапсырма: таңдаған мамандықты презентациялау, яғни оны қоғамға таңыстыру. Ұзақтығы 12 минут.



2 жаттығу. «Сен бола алар едің »

Барысы: Оқушылар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші әр оқушыға белгілі бір оқушылардың есімі жазылған қағаздар таратады. Тапсырма: Қағаздың астында жазылған есімге қандай мамандық сай келетінің және неге осы мамандық сай келетіні туралы қысқаша жаз. Кейін сөзді жасыру үшін қағазды бұрайсыз да сағат тілі бойынша келесі балаға бересіз. Өз есімін саған келгенше дейін солай ары қарай жалғаса береді. Қағаз иесіне келген соң, ол өзіме лайық деген мамандықты жазып, қағазды ашып, кім қандай мамандықты ұсынғанын топқа оқиды. Таңдалған мамандықтар топппен талқыланылады. Ұзақтығы 10 минут.



3 жаттығу. «Менің болашақ жоспарым»

Нұсқау: Біз болашақ өмірдің бейнесін құраймыз. Ол үшін біреуіміз бес жылға алға мақсатымызды және екі айға ұранымызды құруымыз қажет. Ұзақтығы 8 минут.



4 жаттығу. «Не? Кім? Қалай? Қайда? Қашан?»

Жұмыс барысы: 1. Жүргізуші әрбір оқушыға өзіне кәсіби білім саласынан күтетін нәтижесін жазуға және оларды құндылық бойынша іріктеу; 2. Құрылған тізімнен ең негізгі қажеттіліктерді таңдап алып, сол қажеттіліктерге жету бағдарламасын құрастыр. Ұзақтығы 15 минут.



Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

6 сабақ. «Кедергілер».

Мақсаты: Кәсіби мақсаттарға жету жолындағы мүмкін болар бөгеттерді түсіну деңгейін көтеру, сол бөгеттерді жою мен өз қажеттіліктерін анықтау.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Қапқан» ойыны

Ойын бірнеше сатылардан тұрады:

1. Топпен бірге нақты кәсіби мақсатты анықтау (мамандықты таңдау, тиімді оқу орны);

2. Топтан бір бала өз еркімен шығып, келесі мінездеме бойынша өз-өзін таңыстырады: жынысы, жасы, білімі, қызығушылығы, жағымды қасиеттері, сүйікті спорт түрі;

3. Жалпы инструкция: Кәсіби мақсатқа жету жолында бірнеше қиындықтарды оқушылар негізгі ойыншыға ойластырулары қажет. Қиындықтарды ойластыру кезінде оның шешімі де болуы керек. Кейін оқушылар бір-бірден өз сұрақтарын қояды. Ал негізгі ойыншы еш ойланбастан қиындықтан шығу жолын айтады. Негізгі ойыншы өз жауабын айтқаннан соң, сұрақ қойған оқушы да өз жауабын айтады. Жүргізуші топтын көмегімен кімнің жауабы тиімдірек екені туралы дауыс арқылы шешеді. Жеңімпазға «+» белгісі қойылады.

4. Қорытынды: Топтын және негізгі ойыншының «+» белгілерін санайды. Егер негізгі ойыншының белгісі көп болса, онда ол өз мақсатына жету жолындағы кездескен қиындықтарды жеңе білді. Ұзақтығы 30 минут.



2 жаттығу. «Кәсіби мақсаттың картасы»

Негізгі мақсатқа жету үшін бірнеше аялдамалар болады, яғни аралық мақсаттар. Мақсаттарды 2 кесте арқылы құрастырайық:

Кесте 2 – Карта


Негізгі мақсат

4 аялдама. Аралық мақсат

3 аялдама. Аралық мақсат

2 аялдама. Аралық мақсат

1 аялдама. Аралық мақсат

Ұзақтығы 12 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?
ІІІ Бөлім. Кәсіби болашағын жоспарлау.

7 сабақ. «Болашақ жолы».

Мақсаты: Өзінің өмірлік және кәсіби болашағын жоспарлау кезде, мүмкіншіліктерді анықтауға үйрету, сонымен қатар кәсіби мақсат пен мүмкіншілікті сәйкестендіре алу.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Бес қадам» ойыны

Ойын барысы бірнеше сатылардан тұрады:

1. Сынып, жүргізушінің көмегімен кәсіби мақсатты анықтайды.

2. Жүргізуші осы мақсатқа жететін баланы топтан таңдауға ұсынады. Баланы анықтаған соң қалған қатысушылар келесі позицияларға сүйеніп мінездеме құрастыру керек: жынысы, жасы, мектептегі үлгерімі, мектептегі статусы, қызығушылығы, басты қасиеттері мен ерекшеліктері. Осы мәліметтердің барлығы да тақтаға жазылады;

3. Әрбір қатысушы жеке ақ қағаз беттеріне осы мақсатқа жету үшін негізгі бес қадамды анықтайды. ( 5 минут беріледі);

4. Кейін сынып кішігірім топтарға бөлінеді;

5. Әрбір топта өзара жазылған қадамдарды талқылап, ең тиімді дегендерді іріктеп алады. Таңдаған қадамдарды бөлек ақ қағазға жазу керек;

6. Әр кішігірім топтан өкіл шығып, өздерін талқылау барысында анықталынған қадамдарды айтып береді. Қалған қатысушыларға сұрақ қоюға болады. Уақыт бойынша дискуссия орнатуға болады;

7. Ойынның жалпы қорытындысына келгенде, әр кішігірім топтан ұсынылған қадамдардың тиімді екенін және осы қадамдарды құрған кезде баланың жеке ерекшеліктері қаншалықты есептелгендері айтылады. Анықталынған қадамдардың шынайы өмірге және мемлекеттегі әлеуметтік жағдайға сәйкестік деңгейіне назар аудару. Ұзақтығы 40 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?


Каталог: uploads -> doc -> 11dc
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
11dc -> Показ слайдов художников-импрессионистов 4 мин


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет