Педагогические íÀÓÊÈ


ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ



жүктеу 466.67 Kb.
бет3/3
Дата08.05.2019
өлшемі466.67 Kb.
1   2   3

ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ


ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ
М.Р.Қасымов

Г.Р.Раимбекова



Бұл мақалада оқушы жастарды мектепте оқылатын эстетикалық пәндер циклын мысалында рухани эстетикалық тәрбие беру мәселесі қарастырылған.

Мақалада осы өзекті мәселеге байланысты материалдар келтірілген яғни: - эстетикалық тәрбие, жастардың өзінің тарихи түбірін, мәдениетін және әдет-ғұрпын қазіргі кезеңдегі мәдени жетістіктерін оқып білу.

Тәуелсіздік кезеңі тіршілігіміздің алуан саласындағы жаңа да жарқын бет бұрыстарға, жаңғыруларға бастап отыр. Сондықтан өмір шындығын, өмірлік материалдарды авторлық концепция мен өткір проблемаларға сабақтастыра таңдау мен толғаудың мән-маңызы айрықша. Бала болсын, үлкен болсын, өзін қоршаған табиғатты, әлеуметтік ортаны неғұрлым жақсы білсе, соған өз тарапынан өзгеріс жасауға соғырлым ынталы, соғырлым қабілетті. Өйткені, «жақсы – білудің» соңы ілтипат – құрметке, әрекетке, жолын табуға ұласуы – адам табиғатына тән, әрі тіршілік қажеттігі. Жайшылықта көбінің байқай бермейтін, немесе зер салуға уақытымыз жетпеген жайттарға жазушы назар аударып, биік көркемдік дәрежеде суреттегенде, эмоциялық – эстетикалық әсер алмау мүмкін емес. Ал эстетикалық – эмоциялық ықпал оқырман санасында толқыныс тудырғандықтан оның күнделікті тірлігіне, тіршілік нысанасына тиісінше әсер етеді. Эстетикалық әсердің сыры мен салмағы болатыны сондықтан. Ал көркемдік шындықтың жоғары деңгейде болуы эстетикалық әсердің қуаттылығына себепкер. Әрбір елдің рухани-творчесволық күш-қуатының көрінуіне, ғылыми потенциалының қажыр қайратын еселеуге қолайлы жағдай жасауға талпыну – жалпы адамзат үшін тарихи қажеттілік. Әр ел өзінше бір қуат, өзінше бір әлем, өзіндік бір мүмкіндік. Эстетикалық тәрбие-рухани дүниемізді байытуға, көркемдік таным көкжиегін, сол арқылы ойлау өрісін кеңейтуге қажетті алғышарттардың бірі. Адамның эстетикалық тәрбиені бойына сіңіруі оның түйсігін ұштап, болмыс - әлем сырын жете сезініп, терең қабылдауына, қиялының қанаттануына қалай да әсер етпек. Мұның өзі оның бойында бұйлығып, табиғатында тыныстап жатқан тың қасиет – күштердің, оянуының рухани дамуы мен кемелденуінің кепілі. Бұл үшін эстетикалық дайындық пен тәрбиенің неғұрлым ертерек әрі дұрыс бағытта жүргізілгені тиімді. Ал адам танымын, санасын бір-ақ күнде қалыптастыру немесе бір дәлелмен өзгерте салу – жүзеге аспайтын шаруа. Сондықтан да балаларды балғын күнінен тәрбиелеу, өмірге, жалпы табиғатқа деген құрметі мен құштарлығын арттыру – балалар әдебиетіне қойылар биік талаптардың бірі. Бүгінгі балалар заман жетістіктерін молынан пайдаланып отыр. Олар әлемнің ең қиыр түкпіріндегі елдердің өмірі мен өнерін, тыныс-тіршілігін, ғылым мен техниканың, жан-жануарлар өмірінің таңғажайыптарын бұқаралық үгіт-насихат құралдары арқылы көріп білуде. Мұндай жағдайда әдебиет еріксіз сол құралдармен бәсекеге түседі. Оның себебі екеуі де ортақ мақсат – оқырмандарға әсер ету, эстетикалық-этикалық тәрбие беруді көздегенімен сыр-сипаты мен саласы жағынан ерекшеленеді. Алдыңғысының игі мақсаты кейде мәліметтер тасқыны салдарынан көмескіленіп қалатыны, оқырман мен көрерменді әрі-сәрі етіп, өзіндік белгілі бір рухани топырағынан ажыратып, әлтек-тәлтек бастырып жіберуі де ықтимал, ал кейінгісі керісінше рухани нығайтуға, нысанадан ауытқымауға бейім. Қаласақ та, қаламасақ та, бүгінде күллі дүние жүзіндегі ең озық зерттеулердің тоқайласар тұсы осы. Ғылыми техникалық өрлеу экологиялық тепе-теңдікті, үйлесімдікті бұзбай тұрған кезеңге дейінгі шығармаларды айта шолсақ, табиғаттың сұлулығына тамсанып, саны мадақтаған, жан-жануарларды қолға үйретіп, аңдарды аулауда тапқырлық пен жүректілік танытқан адамдарды бейнелеу басым екенін байқаймыз. Ал бүгінде сол тамсану мен жырлаумен бірге табиғаттың тағдырына, жердің тіршілігіне алаңдау, осы тұрғыдан суреттеу, табиғатқа деген жанашырлық сезімін оятуға деген талап көбірек көрінуде. Бұл бағытта шығармалар екі түрлі принципті басшылыққа алады. Біріншісі – табиғатқа қамқорлық жасау, тозып бара жатқан жерді сақтауға ұмтылдыру. Мәселен, С.Жұбатыровтың «Жасыл сағым» повесінің кейіпкері Нұраш аранын ашып анталаған аңызақтан туған жерін арашалағысы келіп, бас қатырады. Ойлап-ойлап, іздене жүріп тапқан амалы – шөлейт өлкені жасыл желекке бөлеу. Басқаларға бұл ойын айтуға ұлыған ол жалғыз өзі іске кіріскенімен нәтижеге жете алмайды. Бірақ кейін Ләйлә, Айдар, Жолтай сияқты достары қол ұшын беріп, қауымдасып, игі ниетті жүзеге асыруға кіріспекші болады. Шығарма осынау игі идеяның аяқсыз қалмайтынына, балалардың алған бетінен қайтпай табысқа жететіне сендіреді.

Екінші принцип – табиғаттың өзін жанды организм, өз заңдылығы, өз тіршілігі бар әлем екенін, адам сияқты оның да өзіндік өмір сүруге хақысы барын кестелеу. Бұл жерде біз натуралистік шығармаларды айтып отырған жоқпыз. Таза әдеби шығармалар табиғат әлемін, көркемдік логикасы арқылы таразылайды. Әрбір ұлттың әдебиеті өзінің өнегелі өміршең дәстүрлері мен қасиеттерін дамыту арқылы әлемдік рухани дамуға хал-қауірынша үлес қоса алады. Ал әдебиеттің жан-жақты дамуына оның өзін-өзі тануы айрықша игі ықпал етеді. Ал классикалық шығармадан алатын әсеріміз рухани әлеміміздегі қайталанбас өзіндік эстетикалық құбылыс ретінде санамызда қалған.



Осылайша эстетикалық әсерге қарағанда эстетикалық қабылдаудың термин ретінде, де, ғылыми ұғым ретінде де мағынасы кеңірек болуға керек. Эстетикалық әсер алу шығарманың көркемдік әлемін толық игеріп болмай жатып-ақ арыңсыз түрде жүзеге аса беретін процесс. Бұл арада оқырманның шығарманы ақын білуі немесе білмеуі басты мәселе емес. Гәп – оқырманның шығармадағы көркемдік әлемге бойлау тереңдігінде. Эстетикалық әсерге қарағанда эстетикалық қабылдаудың аясы кеңірек саналуға тиіс дейтін себебіміз – көркем шығарманы екінің бірі және ұғына бермейді. Әсерленген мен толық түсініп жарытпайды. Оның алған әсері рухани асылына айналуы үшін эстетикалық құралдарда өз бойынша мейлінше молынан сіңіруі шарт. Сонда ғана шығарма эстеиткалық тұрғыдан қабылданады немесе эстетиалық қабылдау салыстырмалы түрде толығырақ жүзеге асады. Әрине әркімнің эстетикалық қабылдауы әр түрлі, әсерленушінің рухани деңгейіне, әр – алуан себептерге байланысты, сондықтан әркелкі, әйтсе де эстетикалық қабылдауға қатысты ойлар сөз өнері туралы пікір туындай болғаннан бері азды – көпті айтылып келе жатқанымен, көркемдік – эстетикалық қабылдау туралы толғап айтатын кез енді келді. Бұл кезеңнің биігіне алып келген факторлар:

  1. Әдебиеттің алуан бағытында көптеп дүниеге келген классикалық шығармаларды салыстыра қарауға, сол арқылы рухани дамуыдағы ерекшеліктермен мәселелерді түрлі тұрғыдан байытуға жағдай жасалуы.

  2. Сол классикалық шығармалардың көркемдік, әлеуметтік, философиялық ерекшеліктерін нәзік талдаған ғылыми дәуірінде сыни еңбектердің молынан жарық көруі.

  3. Тарихи дамудың әлеуметтік қоғамдық қырар құбылыстарының рухани өміріміздегі көкейкесті мәселелерге жауап іздеуге бағыттауы, бұл талапты қанағаттандырмайынша қоғамдық рухани дамудың проблемаларын көңілдегідей шешу мүмкін еместігін ұғынуымызға мәжбір ету.

Ұлттық әдебиетіміздің әлемдік рухани дамуға атсалысуы оның «таза» ұлттық материалына ғана емес, объективті эстетикалық қуатына да байланысты. Ұлттық материал ерекшелігі эстетикалық қабылдаудың механизмдеріне де әсер етеді. Қабылдау нәтижесінде қалыптасатын эмоциялық-эстетикалық тәжірибенің субъек үшін зор тарихи мәні бар. Өйткені осындай жинақталған тәжірибе арқылы көркемдік, сананы шектеулі мағынасында ұғыну жөнсіз. Іс жүзінде рухани дүниеміздегі бұл фактор адамның жеке қасиеттеріне байланысты аса үлкен роль атқаруы ықтимал. Жеке адамға қатысты айтатын болсақ, эстетикалық қабылдау, оның көңіл-күйін «суретке түсірген» көңіл-күй құбылысын қамтитын тарихи сәт. Эстетикалық әсер мен эстетикалық қабылдаудың өзіндік тарихи мән-маңызы бар дейтін себебіміз, біріншіден, белгілі бір өтпелі мерзімді қамтуына, қазақша айтқанда, белгілі бір мерзім ішінде жүзеге асуына, екіншіден, көркемдік тәжірибенің, рухани дамудың өзіндік тарихи жолындағы қажетті баспалдақ қызметін, демек өзінше тарихи роль атқарылуына, үшіншіден, субъект үшін де қайталанбайтын тарихи сәт болуына байланысты. Міне, осының нәтижесінде субъект үшін өткен тарихи кезеңге айналады, егер субъект эстетикалық қуатты сезініп әсерленбесе, немесе әсерленуге қабілетті болмаса, объективті эстетикалық қуат ол үшін тарихи мән-маңызға ие бола алмайды, керісінше, оқу процесі дерексіз, босқа кеткен уақытқа айналады. Бүгінде көркемдік шындықтың негізгі жариялық ғылыми ерекшеліктері көптеген зерттеушілердің, мысалы В.Новиков, Н.Гей, Л.Тимофеевтың еңбектерінде арнайы қарастырылып, басқа да көптеген ғалымдардың зерттеулерінде түрлі тұрғыдан таразыланады. Олардың пікірлеріне орай ой-жарыстыру – жеке теориялық еңбектің емшісі. Бүгінгі қазақ балалар жазушыларының ендігі бір сала шығармаларында өмір шындығы балалар мен ересектердің өзара тығыз қарым-қатынастары арқылы бейнеленеді. Үлкендердің әлеуметтік қызметі мен ұмтылысы, мінезі балалардың дүниетанымы мен психиологиясына әсер ететінін, әлеуметтік орта мен белгілі бір сәттегі нақты жағдайдың баланың рухани дүниесінде жас айырмашылықтарына сәйкес әрқилы жағдайда түрліше көрініс табатынын соған орай жан дүниесі мен талап-талғамында үлкендер ескеруге, мән беруге тиіс айырмашылықтар барын көрсету – бұл жанрдың алпысыншы жылдарға дейінгі туындыларында ішінара бой көрсетіп отырса, алпысыншы жылдары салыстырмалы түрде көбірек көрініп, соңғы оншақты жылда балалар прозасының көрнекті бағыттарының біріне айналды. Алайда, мұндай топтауда шарттылық бар. Әйтседе негізгі көркемдік белгілеріне, өмір шындығын игеру сипаттарына орай жүйелеп қарастыру – жанрдың елеулі қырларын айқындауға, әдеби процестің негізгі ерекшелігі - өмірімен тікелей байланыстылығын дәлелдеуге, соған орай өркендеу үстінде келе жатқанын бажайлауға балалар жазушыларының өмірі түрлі тұрғыдан зерттеуге деген талабынан күшейте түскенін нақты мысалдармен жүйелеп дәлелдеуге қажетті. Балалар әдебиетінің ерекшелігі, өзіндік қисыны мен талаптары бар екені бесенеден белгілі. Мәселе – балалар әдебиетінде де осындай тың серпіліс, жаңа эстетикалық межелер қажеттігі. Ал, осы процесс керісінше болса?! … Балғын буын болмастың тұңғұйық сырларына қаршадайынан хал қадарынша қанықса, келешегін дұрыс болжай алады, әрі көркемдік ой әлеміне неғұрлым терең бойлаған сайын өзін-өзі тәрбиелеуіне соғұрлым мүмкіндігі молая береді. Эстетикалық тәрбиені ең басты мұраты осы.

Балалардың мінез – құлықтарындағы ерекшеліктерге байланысты туындайтын іс-әрекеттердің эстетикалық педагогикалық мәніне назар аударуда – бүгінгі балалар әңгімесіндегі жүйелі ізденістердің куәсі. Баланың күнделікті өміріндегі елең еткізерлік жәйтті шығармасына арқау еткен жазушы өмірлік материалдың өзіндік эстетикалық идеалық жүк арқалауын мақсат етеді.

Баланың характерін таныту, әрекет қимылдарына зер салып, көркемдік електен өткізіп эстетикалық немесе тәлім тәрбиелік мән дарыту – балалар әдебиетіндегі көркемдік ойдың айталық бала табиғатын күрделілігін сыртқы болымыс әсерін балғындардың өз табиғаты мен тағдыр талайына қарай әр қилы қабылдайтынын, әр баланың келешектегі азаматтық және адамгершілік келбеті өмір сүруге қабілеті оның өзін-өзі қалай түсінуіне айналасын барлап бағалауына, өзін-өзі тәрбиелеу білуіне байланысты екенін табиғи жеткізу – балалар прозасының абыройымен көтеріп келе жатқан жүгі.

Адамгершілік мұраттың эстетикалық тұрғыдан бейнеленуі адам тіршілігінің саналалығын айқындауға мүмкіндік беретін бұлтартпас белгілерінің бірі – оның болымысқа эстетикалық қарым – қатынасы. Адам бойындағы табиғи сезімдердің баршысы осы қарым-қатынас барысында туындайтын алуан ықпалдарға байланысты көрініп, түрлі рең алатыны, әдебиет пен өнер шығармасында соған сәйкес өзіндік көрінісін табатыны мәлім. Рухани кемелдену осынау процестің қаншалықты жүйелі, жемісті жүргізілуіне, саяси, тарихи, қоғамдық - әлеуметтік факторлардың сол процеске қаншалықты қолайлы жағдай жасалуына тәуелді. Міне, осы ретте рухани кемелденуге бастайтын рухани қажеттілкті – адамгершілік мурат мәселесі еш уақытта күн тәртібіне түсіруге болмайтын мәңгілік көкейкесті проблемалардың бірі екені ескеру қажет. Өйткені адамгершілік қасиеттің азып - тозуы емес керісінше соның нығаюуына әсер ететін мұрат бұғып жатқан рухани күштердің оянуына, дұрыс гуманистік бағыт түзеп қажетті, биік азаматтық нысана таңдай білуіне тиісінше жәрдем етпекші. Қоғамдық - әлеуметтік қыруар мен қайшылықтар келеңсіздіктер адамгершілік мұраттан алыстауға қаншама итермелегенімен адамзаттың туабітті табиғи қажеттілігі әрі табиғи қасиеті іспетті адамгершілік идеалдан мәңгілік ажыратуы еш мүмкін емес. Эстон ғалымы П.Тульвисте әр түрлі этникалық топтарды зерттей келе “Батыс” цивилизациясына араласпаған түрлі этникалық топтарда ойлаудың осы формасы мектепте оқымаған балаларда ғана емес, үлкендердеде жеткіліксіз дамығанын анықтаған”.

Ал оқу білім бұл оқулықтардың орнын толтыра алады. Алайда көркем әдебиет шығармаларынсыз ешқандай шын мәніндегі толық қанды тәрбие жүргізу адамды рухани кемелдендіру мүмкін емес. Өйткені әдебиет “Көңілге сипат жағының көркемдігімен мағына жағынның күштілігімен жағады” сол арқылы түсік пен қабылдауға, түсінік пен толғанысқа ойлау мен түлеуге өзіндік ықпал жасамақшы. Олай десек, адамгершілік мұраттардың обьективті гуманистік сыр сипаты адамның рухани өрлеуімен таныма талғамының тереңдеуі мен жалпы болымыс пен гармониалық қарым-қатынас жасауымен, адамзат прогресіне қызмет ететін мүдделерге үйлесуі мен де сабақтас екенін көңілге түйген жөн. Адамгершілік мұраттарды өмірге жақын бейнелеуге құдіретті реализімнің әлем әдебиетіндегі жетекші әдіске айналуының негізгі сырларының бірі – оның өмірді шынайы бейнелеуге икемдігі мен көркемдік – эстетикалық идеалдардың, категориялардың прогресшілдігінде екенін баса айту керек. Сол сияқты рухани даму процесі де күрделі, қиын. Әсіресе балалардың әдебиетте белгілі бір идеалық көркемдік нысаналар тұрғысынан бейнеленуі олардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру арқылы әрі эстетикалық, әрі тәрбиелік қызмет атқарады.

Тегінде, әр бір азаматтың өзін қоршаған ортаға, қоғамға адамға деген көзқарасы мен қатынасының бастау көзі оның сонау балалық шағында жататыны белгілі. Әрине, келешекте оның қандай азамат болып өсетінін ешкімде тап басып айта алмайды. Олай дейтініміз, әр адам бала кезде көкейіне ұялап, көңіліне әбден орныққан әсер – сезімге беріліп, кейін соның ырқында кетуі де, немесе сол түйген – түйсінгендердің салдарынан әубастағы мұрат мақсаттардан ауытқуы әбден мүмкін. Оның себеп салдары көп, бәрін тәпіштеп жатудың қажеті аз, бірақ бір анығы: белгілі, бір сәтте сол сияқты белгілі бір уақыт кезең аралығында бастан кешкен өмірлік тәжірибе, алуан психологиялық күйлер рухани даму мен тәжірибеге ас септігін тигізбей қоймайды. Бала санасына сәуле түсірген өмірлік факт ұзақ ұмытылмайды. Сол себепті оның араласқан ортасына зер сала зерттеу зердеден өткізу парыз.

Балалар әдебиетінің эстетикалық қуаты артылуында. Ал бала қиялын қанаттандыра, ойын өсіріп-өрістетуге, дәуір мен уақыт адам мен қоғам туралы түйсік, түсінігін тереңдетуге, рухани өмірлік тәжірибесін кемелдендіріп, таптармен талғамын биіктетуге мейлінше қуатты ықпал жасайтын фактор көркем әдебиет екені мәлім.

Осы орайда айта кету керек, кешегі одақтың басылымдарында, сондай-ақ одақтас республикаларда балалар әдебиетінің өкілдері арасында кезінде екі түрлі пікір жарысы болатын. Біріншісі – балалар әдебиетінде қалыптасқан белгілі дәстүр бойынша олардың мыйын ашытпайтын түсінікті, қарапайым жазылған шығармалар қажеттірек десе, екінші пікірдің иелері керісінше жаңаша жазу керек, балаларды күрделірек ойлауға, үлкен өмірге сақадай-сай етуге әзірлеуіміз қажет деген көзқарасты қолдайды. Осылайша балалар әдебиетінде осының екеуі де ескеруге тиіс. Өйткені нақты әлеуметтік жағдайды зерттеушілердің мәліметтеріне құлақ ассақ, қалаларды қала тиіптес пасолкылармен шалғай ауылдарда қйыр түкпірлерде тұратын балалардың ойлау және сезіну әлемінде, танымымен талап талғамында өзгешіліктер бары даусыз. Бірақ мұны бірінің екіншісінен артықшылғы деп емес, нақты тұрмыстық-әлеуметтік жағдайдың сипаты ретінде қараумыз жөн. Мәселе тәрбиенің эстетикалық әсердің сыр сипатында, оқырманның талғамына әсер ету арқылы әлеуметтік маңыз алуында.

Балғындармен жеткіншектер кейіпкер табиғатын танып, оның эстетикалық өмірлік позициясының арман мұратын шамалағынымен тартыстың өмірлік негізін әлеуметтік тамырын приципін барлап білуі мүмкін. Әйтсе де олардың ұғынуы қиын екені мөлшерлі күрделіліктен бас тартудың жөні жоқ. Өмірдің қатпар-қатпар шындығын терең бейнелемеу балалардан шындықты жасырмау мен шамалас. Шындықтан бейхабар немесе ат үсті хабардар баланың өмірлік, сезімдік тәжірибесі өз дәрежесінде тиісінше толдыспау себепті ой - өрісінің пәрменді кемелденбеуі кенжелеп дамуы, әр қилы зиянды ықпалдарға бой алдырмауы мүмкін. Әділеттілікке адамгершілікке талпындыруы тиіс.

Адамгершілік асыл мұраттарды нығайтуға ұмтылған әдебиетте өмір шындығын көркемдік шындыққа айландыру немесе бейнелеу принциптері және балалар әдебиеті деген көкейкесті мәселенің қашанда күн тәртібінен түспеуі заңды. Бір қарағанда, бұл іске жастардың белсене араласып кетуге мүмкіндігі мол сияқты. Бірақ социологиялық зерттеулер жағдай іс-жүзінде олай емес екенін көрсетеді. Жастарға творчествалық белсенділік құлшыныс жетіспейді. Өйткені оларға алдыңғы буындардың ықыласы құрмет кеңесі мәселелерді жастардың өздері шешуіне мүмкіндік аз болған. Сол себепті “Жастардың басым көпшілігіне ойлаудың комфорымды сипаты тән мұндай ойлау сипатына жауапты немесе басшы қызметтен бойын аулақ салу, біреуден озбай көптің бірі” болып жүруге көңіл қойған. Балаларды биік адамгершілік мұраттарға талпындыру жұмылдыру қоғамнның қайратты азаматтар етіп қалыптастыру ісінде балалар әдебиеті әрі рухани – психологиялық әрі белгілі бір деңгейде әлеуметтік рол атқарады.

Жас жеткіншектер кез-келген шығарманы әсерленіп, қабылдай бермейді. 8-10 жастағы балалар кейпкерлердің жан дүниесіне баурап әкетуге мүмкндік беретін адамгершілік әрекет айқын көрінген кітаптарды көбірек қызығып оқиды. Әдебиет шығармасы ең алдымен творчествалық тұлғаның (жазушының) әр алуан өмір құбылысына қатынасын, сол туралы ой толғаныстар мен тәжірибесінің көзқарасымен интелектуалдық күш қуатын белгілі бір дәрежеде бейнелейтіндіктен баланың сана-сезіміне, сол арқылы қабілетіне де әсер етпекші.

Рухани эстетикалық тәрбие беретін шығармаларды оқыту мектептің оқу процесімен қатар сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар негізінде жүргізілуі тиіс. Өйткені қабылдаудың психологиялық негізі бойынша баланың эстетикалық тәрбиесі сензитивті деңгейде жүзеге асырылады. Сондықтан тыс оқыту арқылы бала қабылдайтын эстетикалық әсерді, оның рухани мазмұнын қызықты етіп тәрбиелеуге болады. Яғни сыныптан тыс оқытуда жүйелі түрде арнайы бағдарламаларға сәйкес ұйымдастыру арқылы (кездесу, әңгімелесу, сырласу, пікір айту, дискуссия, т.б. жандандыруға болады. Біздің зерртеу жұмысымыздың келесі бөлімінде сыныптан тыс арқылы оқушылардың рухани эстетикалық тәрбиесін ұйымдастыру мазмұны мен әдіс тәсілдері, формалары қарастырылады.


Әдебиет
1. З.Әбілова “Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру” Алматы 1986 ж.

2. С.Ұзақбаева “Тамыры терең тәрбиелік” Алматы 1985 ж.

3. К.Қожахметова, С.Ұзақбаева “Эстетикалық тәрбие берудің ұлттық негіздері” Алматы 1993 ж.

4. С.Қалиев ХІХ – ғасырдың 1–ші жаратысындағы қазақ ауыл шаруларының шығармаларындағы қазақ педагогикалық көрінісі. Алматы 1984ж.

5. С.Қалиев, Қ.Жарықбаев “Білім – тәрбиесі” Алматы 1995ж.

6. Бастауыш мектеп 1998 ж. № 10-11 (21-23) бет.

7. Бастауыш мектеп 1997 ж. №7-8 (15 бет).

Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз



ВОПРОСЫ ДУХОВНО-ЭСТЕТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ УЧАЩИХСЯ
М.Р.Касымов

Г.Р.Раимбекова


В данной статье рассматриваются вопросы духовно-эстетического воспитания учащейся молодежи на примере цикла эстетических дисциплин изучаемых в школе.

Статья, содержит материалы связанные с актуализацией данной проблемы в частности: - эстетическое воспитание, молодежью современных культурных ценностей через призму изучения своих исторических корней, культуры, традиций и обычаев.



OF INTELLECTUAL AND AESTHETIC EDUCATION OF STUDENTS

BY THE SERIES OF SCHOOL AESTHETIC SUBJECTS

M.R.Kasimov

G.R.Raimbekova
In this article we considered issues of intellectual and aesthetic education of students by the series of school aesthetic subjects.

The article includes materials connected with actualization of this problem, in particular, young people’s aesthetic perception of modern cultural wealth through the prism of studying their own historic background, culture, traditions and customs.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет