Педагогика факультетінің деканы Х. С. Муханбеткалиев


Пайдаланылатын әдебиеттер



жүктеу 1.07 Mb.
бет4/7
Дата07.03.2018
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.

  5. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  6. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

  7. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  8. Айтыс І том, А., 1965.

  9. Айтыс ІІ том, А.,1966.

  10. Айтыс ІІІ том, А., 1956.

  11. Бес ғасыр жырлайды. –А.,1991.


7- дәріс

Тақырып: ХІХ ғасырдың І-ІІ жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.

Дәріс мазмұны: М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері

Қазақтың ардагер ақыны Махамбеттің өмір жолы халық тарихынын елеулі кезеңдерімен тығыз байланысты.

Қазақстанның батыс аймағында он төрт жылға созылған (1783-1797) С.Датүлы бастаған көтерілістен кейін ел ішінде феодалдық езгі үлгая түсті. Сұлтандар мен патша укіметінің әскерлері елді тонауды көбейтті. Мұндай қанау мен езгі және 1795-1796 жылдардағы жұт әсерінен мал саны күрт азайып, бұқара күйзеле бастады.Шаруалар мал жаюға қолайлы жсрлерді көкседі. қанауға ұшыраған халық азаттық үшін куреске ашына кірісті. Осы күрестің басшысы Исатай болса, оның жауынгер жаршысы Махамбет болды.

Ақын:

Жауды көріп қуанған

Мен- Өгемістің баласы

Махамбет атты батырмын,- деп өзін таныстыра келеді де,

Хан ұлына қас болу,

қара ұлына бас болу .

Мендей ерге жөн екен!- дейді. Күндіз-түні жорықта жүру, аштыққа, шөлге, ұйқыға мойымау, ел-жұртың, туған халқың үшін қандай қиыншылыққа болса' да төзе білсең ғана шын мәніндегі ер-азаматсың,- деп жастарды патриоттық сезімге 'баулиды. Өзінің "Желден де желгір ақ бөкен' атты өлеңінде құралайына қарайлап өзін оққа байлайтын ақ бөкепді, қыран бүркіттің де шөжеге керек жем үшін жанын пида етіп торға түсетінін айта келе, "туып-өскен жері үшін, жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып, елі үшін құрбан болған ердің арманы жоқ" деген ой-пікірді былайша жырлайды:

Толарсақтан саз кешіп, қабырғасын қаусатып.

Тоқтамай тартып шығуға Бір-біріндеп сөксе де

қас үлектен туған кәтепті қабағын шытпас ер керек

қара нар керек біздің бұл іске. Біздің бүйткен бұл іске.

Махамбет күрес барысында халқы ушін қалтқысыз қимылдайтын ер журек, батыр адамдармен қатар тек өз басының қамын ойлап, жолдастарына опасыздық еткен адамдардың психологиясын алдыңғысына қарама-қарсы қойып, біріншісін жұртқа үлгі етсе, екіншісінен халықты жнрендіреді.

Жақсыменен дос болсаң, Айрылмас күні қос болсаң,

Айрылмас күні қос болсаң, Басыңа қиын іс түссе

Басыңа қиын іс туссе Басқа кетер бөлек леп

Алдыңнан шығар елеңдеп, қолдан берер есептеп

Жаныңа не керек деп... Сыртынан жүрер өсектен.

Жаманменен дос болсаң,

Жақсы дос сенің намысыңды қорғайды, қолынан келген жердемін аямайды, қиын cәтrepдe қол ұшын беріп, сен ушін жанын беруге де өзір тұрады, жақсы дос-жанашыр, қамқоршы.Ақын осылайша нағыз достыктын белгісі қандай екенін ашып көрсетіп, жас жеткіншектерге жолдастық пен достықты ерекше қастерлейтін адамдардан улгі алу қажетrігін айтады. АТа жаумен кескілескен сұрапыл соғыста журегі тітіркеніп, қорқу дегсилі білмейтін, ерлік пен батырлықтың символы Исатай батырдьщ бейнесіп жастарға улгі етеді.Елім деп еңіреп туған Исатайдай ерлерді ерекше дәріптейді.

Жастарды тәрбиелеудің келесі бір жолы- оларды жаман адамнап

жирендіру. Осы айтылғанға орай Махамбет былай дейді:

Жаманды байқап қарасаң Күндердің күні болғанда Өз басына өзі жау.

Жаман адамның өз басына жау болатын себебі ол істі ойланбай істейді де, мұнысын өзімен қатар өзгелерге де опық жегізеді. Біреудін еңбегін пайдалануды, даяр асқа ие бола кетуді әдетке айналдырады.

Жас жеткіншекгерді патриотrық рухта тәрбиелеуде, оларды халқына адал қызмет етуге баулуда Махамбет өлеңдерінің маңызы ерекше. Бала психологиясына тән басты ерекшелік- олардың ерлікті дәріптейтін шығармаларға өте әуес келетіндігі. Өйткені мұндай шығармаларда адамға ерік-жігер, күш- қайрат беретін өнегелі сөздер көп болады. Бала мұндағы жігерлі адамдарды өздеріне идеал етіп алады. Ел мүддесін ерекше кастерлейтін адамға туған халқын, ақ сүтін беріп әлпештеген ­жұртын қорғаудан артық зор бақыт жоқ. Махамбет ақын осы мөселсге жастардың назарын ерекше аударады.

Арманы бар ма жігітrің, Жалаулы найза қолға алып,

Қапылыста тап берген, Қолақпандай қомданып,

Тайталасты жауымен Жау тоқтатып айкаста

Туып-өскен жері ушін құрбан болса ел үшін.

Жастарды патриоттыққа, елін-жұртын, туған халқын жан- тәнімен сүю

рухында тәрбиелеу- Махамбет өлеңдерінің өзекті тақырыбы. Осы айт қанды паш ететін улгі-өнегеге негізделген өлең жолдары кейіннен афоризмге айналып кеткен. м: Асыл ердің баласы көзін салар қияға, Ажалдан бүрын өлмессің, жалаңаш бар да жауға ти! Ханнан қырық туғанша, қаралан бір-ақ тусайшы, Халық кегін қусайшы,- деп келетін, кейіннен халық аузында мәтелге айналған қысқа да болса нұсқа аталы сөздер жас буынға ерік-жігер, қажыр­қайрат, yытrы сезім беретін өнегелі өсиет боларлықтай құдіретті сөз тіркестері.

Ақын тұжырым- түйіндерінің бәрін негізінен жастарға бағыштап, оларды ерлікке, атамекенді қастерлеуге, намысты болуға шақырған.

Махамбетrің осынау айтқандарының қазіргі жастар тәрбиесі ушін де мацызы зор. Бізге ұлтжанды, халқының ар-намысын қызғыштай қорғайтын, ел-жұрты ушін жанын пида ететін жандар, егемендік пен тәуелсіздікке ие болып жатқаи тұста аса қажет екеНДІГІ хақ.

Пайдаланылатын әдебиеттер :


  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

  4. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  5. Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры. – А., 1991.

  6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  7. Бітібаева Қ. Абай шығармаларын оқыту. –А., 2003.

  8. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  9. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  10. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  11. Құнанбаев А. Шығармалары. 2томдық. –А., 1986.

  12. Кенжбаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  13. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.

  14. Сәтбаев Ш.Шәкәрім Құдайбердиев.-А., 1990.

  15. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)


8- дәріс

Тақырып: ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.

Дәріс мазмұны: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) ғалым, тілші, әдебиетші, ақын, аудармашы, мемлекет қайраткері. Ол қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартубек деген жерде дүниеге келген. Әуелі көзі. қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-91 ж. Торғай қ. екі класты орысша-қазақша училищеде, 1891-95 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. Ауылдық жерде мұғалім бола жүріп, қолы бос кездерде өзі ізденіп сан- алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқулықтар жазады, аударма жасайды, өлең- жыр тудырады, фольклор нұсқаларын жинайды. Негізгі еңбектері- қырық мысал, Маса жинақтары, Әдебиет танытқыш (1926) теориялық еңбегі бар. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазды. .

М.Жұмабаев (1893-1938) қазақтың ұлы ақыны. Солтүстік қазақстан облысы, Булаев ауданының "Молодежный" совхозында дүниеге келген. Алдымен қызылжарда медреседе дәріс алған Мағжан Уфа қаласына барып, медресе Fалияда татар халқының ұлы жазушысы F.Ибрагимовтан оқыды. Алғашқы әдеби тәжірибе басталып, тырнақалды жырлар тудырды. "Шолпан" (1921 ж. қазан) кітабы шыққан асау жүре.t, жас ақын орысша білім алуға талаптанып, Омбы~аласына келіп, семинарияға түседі. "Педагогика", "Сауатты бол" кітаптары, аудармалары басылды.

Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес, ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу маржаны - сүйіспеншілік, махаббат, ,ғашықтық хақындағы дүниелері. қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, әсіресе европа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да, еркін енгізді. Эпикалық жанрда поэманың ықшам түрлерін қалыптастырды: "қойлыбайдың қобызы", .Қорқыт", "Түркістан", "Батыр Баян" - аңызға. тарихи белгілі оқиғаларға, .Жүсіпхан", "Өтірік ертек" - шығыс сюжетіне, мысал, тұспалға құрылған. Мағжан қазақ поэзиясына өлмес туындылар берген ұлттық ақын.

Ж.АЙмауытов (1889 - 1931) драмашы, аудармашы, зерттеуші, публицист. Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Жүсіпбек өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді. Ол В.Шекспир, В.Гюго, А.Пушкин, А.ТолстоЙ шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетикалық тәрбие туралы зерттеулер тудырды, сан алуан публицистикалық мақалалар жазды: .Қарткожа", .Күнікейдің жазығы", .Шернияз", "Ел қорғаны", ;,Мансапқорлар" пьесалары, .Комплскстіокыту жолдары", "Жан жүйесі", "Өнер таңдау" еңбектері қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.

М.Дулатов (1885 - 1935). Жазушы, ақын драматург, қоғам қайраткері.

Торғай болысының қызбел атырабында дүниеге келген. Ерте жетім қалған, екі жаста шешеден, он екі жаста әкеден айырылған Міржақыптың бүкіл өмірі жоқшылықпен, азаппен, әділтсіздікпен күресумен өтеді. Міржақыптың атын қазақ арасына кеңінен таратқан "Оян қазақ" еңбегі. Бұдан кейін "Терме" (1913), "Азамат" (1915) жинақтары жарық көрді. Прозадағы атышулы шығырмасы .Бакытсыз Жамал" романы 191 О жылы қазанда басылды. Мұның

. .


үспне көптеген оқулықтар аударма КІтаптар жазды.

А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл. Оның поэтикалық шығармалары мен қара сөздері философиялық, этикалық, эстетикалық ой- пікірлерге толы. Ол 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау деген жерінде дуниеге келген. Өз заманының асқан білімпазы Абай артына өшпес мұра қалдырды. Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп- шенеді. қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа

адал қызмет ету деп ұқты.

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге,- .

деп жастарды білім- ғылымды меңгеруге шақырды. Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап- арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:

Ойында жоқ олардың Салтыков пен Толстой.

Я тілмаш, я адвокат, Болсам деген бәрінде ой,-

деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі- өнеге етіп, "білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен" деді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:

Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып білім алған.

Би болған, болыс болған мақсат емес, Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.

Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып,білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер- білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: .Барыңды салсаң да балаңа ғылымды үйрет" деп кеңес берді.

Кітапты молда теріс оқыр, .

Дағарадай боп сөлдесі ... -

деп, Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды. Бұл жерде діни оқу жөніндегі Абайдың көзқарасы өзінің замандасы Шоқан, Ыбырайлармен өзектес келетіні байқалады.

Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін уағыздады. Өзінің отыз үшінші қара сөзінде "Егер мал керек болса, қолөнерін үйренбек керек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.

Оның қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, "Қалқаман­-Мамыр", .Енлік-Кебек", ,,Нартайлақ-Айсұлу" сияқты оқиғалы дастандар, "Әділ-Мәрия" және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты обьектісі- адам. "Сәнқойлар", .Еріншек", .Ескіден қалған сөз теріп" сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі- уақты кемшіліктер сыналады.Ол надандықтың негізін осылардан көреді. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. "Ату мен ынсап", "Дүние мен өмір", "Мақтау мен сөгіс" сияқты бірқатар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретін жасайды. Халық тағдыры ­Шәкерім жырындағы арналы тақырып.АбаЙ тәрізді Шәкерім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері

. . ..

касиеггердің тамырын ШІрІТlП, халықтық ар- намысты оятуға күш салады.



Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның өшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына.

Шәкерім- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған "қалқаман-Мамыр", "Еңлік- Кебек", .Нартайлак-Айсүлу" атты поэмалар туды.

Шөкерім- көркем проза саласында да елеулі' мұра қалдырды."Әділ­Мәрия" атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ ауылында өткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Ш'Қүдайбердіүлы қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, ойшыл философ, білікті аудармашы,
сыршыл сазгер дөрежесіне көтерілді

Пайдаланылатын әдебиеттер :


  1. А.Байтұрсынов шығармалары

  2. М..Жұмабаев шығармалары

  3. Ж.Аймауытов шығармалары

  4. М.Дулатов шығармалары

  5. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  7. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  8. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  9. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  10. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)


9- дәріс

Тақырып: ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.

Дәріс мазмұны: С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, С.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.

1893 жылы 28 қазанда Омбы уезі, Шағырай облысының Қарауылшүбар ауылында туған. Өзі кедей, 1 жасында шешесі қайтыс балалы, 6 жасында әкесінен оқып, хат таниды. Ауыл молдасынан, Троицк, Семей қаласында білім алады. Ауыр азап пен көп қиыншылыққа гөзген, тұрмыс өгейлігін көп көрген болашақ жас ақын ауру- сырқау болады. Бірақ ол мойымайды, жарқын болашақты армандайды. Сауат ашу, хат тану барысында өзінің ана тілін қадірлейді, жақсысын мақтан етеді."Сүйемін " деген өлеңінде ана тілін құрметтеп, сол тілде сөйлеу, сауат ашу, жазу- сызу еп қасиетті норсс деп бағалайды:

Суйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, құлыным, жаным деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген .

.Ана" деген сүйгендік сөз Һам менен.

қалжақтап алып- қашып құрлы бөркін

Сол тілменен ойнадым далада еркін

Сол тілменен бірінші сыртқа шыққан

Өмірден ен далада соққан көркін.

Сол тілменен білгіздім тілегімді

Бірінші сүйген жарға жүрегімді.

Маған қарай тығылып, жаным деген,

Мойнына апарғанда білегімді.

Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын

Сол тілменен әдепті мен жаттадым

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

С.ТораЙғыров .Шығармын тірі болсам адам болып' деген өлеңінде өз мақсатына, болашағына тек оқу арқылы жететінін айқын суреттейді. Бұл өлеңде "бұл өмірде надан боп жургенше көрде жатқан тыныш" дей келе өз өмірін оқуға арнайтынын баяндайды:

Шығармын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл өмірде надан болып

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе? .

Жүргенше бұл өмірде жаман болып.

Мен- балаң, жарық күнде сәуле қуған

Алуға қүнді барып белді буған

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін

Болмасам толған айдай балқып туған.

С.Көбеевтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. С.Көбеев Ы.Алтынсарин үлгісіндегі педагог жазушы. 0л ұстазына еліктеп ол ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы жүзеге асырды. Абай мен Ыбырай негізін салған қазақ әдебиетіндегі демокрагтык, ағартушылық идеяны әрі қарай жалғастырды және жаңа заманға лаііық дамытты. Спандияр 1878 ж 14 қазанда бұрынғы Торғай обл. Николай уезі, Обаған болысына қарасты N~3 ауылда туған. "Менен бұрын 5 баласы, u КЬПЫ бар ата-ана мен дуниеге келгенде сірә, қуана қоймаған болуы керек" жазушы естелігінде. Ес біліп, етек жапқан кезде анамыз: "Сен әрі СУЫН:, Эр1 қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің" деуші еді. Әкесі Көбей мұсылманша хат таныған, қолөнерімен кун көрген адам. Ол балаларын оқыту жағын көбірек қарастырған. Анасы Айтбоз да өте қайратты жөне есті, ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам болған. Спандияр мектеп жасына жеткен кезде ,,ЪІ.Алтынсарин мектеп ашты" деген хабар тарап, әкесі баласын осы мектепке орналастыруды армандаған, бірfК. мектеп ашу созылынкырап кетеді де, Көбей 9 жасар Спандиярды ескіше оқуға береді. 1887 ж Ыбырай мектебі ашылады да; ұлы ағартушының өз көмегімен сол мектепке орналасады. Оны 1892 ж бітіреді. Одан соң Қостанай қаласындағы екі класты орыс-қазақ мектебінде (1895-1897) оқиды.

С.Көбеев артына көптеген мұра қалдырды. Крылөвтан аударма жасап 1910 ж "Үлгілі тәржіма" деген атпен басып шығарады. Бұдан кейін өзінің ұстазы Ы.Алтынсарин мен орыстың атақты педагогы К.Д.УшинскиЙдін үлгілері бойынша өзі оқытып жүрген балаларға арнап оқу кітабын жазады. Ол 1912 ж "Үлгілі бала" деген атпен басылады. Ал атақты "қалын мал" романы 1914 ж басылады.

Спандиярдың Крьтовтан аударған "Үлгілі тәржіма" жинагында басылған мысал- өлеңдері мыналар: .Күйеу таңдаған сұлу қыз", "Маймыл мен айна", .Қүмырсқа мен шегіртке", "Екі соқа", .Қаскыр мен кемпір", Аю мен бөрене" т.б. Ақын мысалдарының мағынасы терең, ойы ұшқыр. Мысалы, "Б үркіт пен көр тышқан" деген мысалында патша мен бұқараны сөз етеді. Патшаға уәзірлеріңді тыңдама, бұқара халықтың үнін тыңда дейді. Сол сияқты "Жұрт кеңесі" деген мысалында арыстанның қасқырға қой баккызғанын айтады. Зорлықшыл, жемқор чиновникке болысты, өлкені билетін қойған патшалықты мысқыл етеді. "Патша сұраған бақалар"деген мысалда бұрын бақалардың патшасы дөңбек болады.Бақалар оған риза болмайды, жана патша сұрайды. Жаңа патша болып тырна келеді, ол келе бақаларды бытырлатып жей береді. Бақалар зар қағады, бірақ жаңа патша сұрауға батылдары бармайды. Бұдан да жаман келер деп, қалың сорға шыдай береді.

С.Көбеевтің "Үлгілі бала" деген оқу кітабында балаларға мектеп, оқытушы, адам тіршілігі, қоғам жөнінде қысқа әңгіме, өлеңдер берілген. М: "қайырымды бала", ,,Анасы мен немересі", "Әкесі мен баласы", .Күстын ұясы", "Сауысқан мен қарға", "Екі шыбын", "Балалар мен ғалым" Т.б. Кітапта барлығы алпысқа жуық әңгіме, ертегі, мысалдар, өлеңдер бар.



Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  4. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  5. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  6. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  7. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  8. Кенжбаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  9. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.

  10. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)


10- дәріс

Тақырып: 20-30 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері

Дәріс мазмұны: С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938) Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, анасы Жамал әңгіме, аңыз- ертекті көп білетін салиқалы ана болыпты. Жастайынан оқу- білімге көп ден қояды. Ақмолада, Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқиды. 1920 жылдары Сәкен „Асау тұлпар”, „Домбыра”, „Экспресс” атты өлеңдер жинағы мен мемуарлық романы „Тар жол, тайғақ кешу”, „Жер қазғандар”, „Бандыны қуған Хамит” повестері, „Советстан”, „Қызыл ат”, „Көкшетау”, „Маузер” поэмаларын жазды. Қым қуат дүрбелең заман шындығы мен романтикасын көрсеткен „Асығып тез аттандық”, „Далада”, „Кел, жігіттер”, „Сағындым”, „Қамаудан”, „Біздің жақта”, „Қашқынның аулы”, „Жас қазақ марсельезасы” т.б. әсерлі өлеңдері мен „Бақыт жолында” драмасын жазды.

Сәкеннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

С.Сейфуллин балалардың сүйікті жазушысы. Оның Маузер (1929) Бандыны қуған Хамит (1922) Бұлшық ет (1923) Балалар (1925) Ананың хаты (1925) деген өлең- әңгімелері балалардың сүйіп оқитын шығармалары.

Бейімбет Майлин (1894- 1938) бұрынғы Торғай облысы, Дамбар болысындағы, Ақтөбе деген жерде дүниеге келген. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді. Жеті жасқа жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағады. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның:

Өмірде көргенім күңдік, құлдық,

Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық?

деген өлең- зарын жанымен ұғады.Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып, өлеңге әуестенеді.

Б.Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды.Содан соң өзі есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімінен дәріс алады. Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді. 1913- 1914 жж. Троицкідегі „Уазифа” медресесінде, оны бітірген соң Уфа қаласындағы „Ғалия” медресесінде оқиды. Сол жылы медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер жастармен бірге „Садақ” атты қолжазба журнал шығарысады. Садақтың әрі редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы үш нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы „Шұғаның белгісін” жариялайды.

Ілияс Жансүгіров (1894-1938) Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Бала жасынан зерек Ілияс өлеңге, өнерге кішкентай күнінен құмар болады. Орта мектепті бітірген соң Ташкентке барып, мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтына түседі. Одан соң Жетісуға келіп, мектепте мұғалім болады. Жастардың сауатын ашуды алдына міндет етіп қояды. Оның „Жастар”, „Жалпы жасқа”, „Жас бұлбұлдар”, „Жастар ұраны”, „Жазғытұрым” т.б. өлеңдері өнер- білімге шақырады. Ол қазақ поэзиясының ірі ақыны, проза, драматургия саласында үлкен еңбек еткен жазушы.Балалар әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі. Қазақ әдебиетін „Жолдастар” атты роман, „Кек”, „Түркісіб”, „Исатай- Махамбет” атты пьесалармен байытты, „Дала”, „Күй”, „Күйші”, „Құлагер” сияқты классикалық поэмалар берді.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет