Павлодар облысында жоғалып кеткен екі бүлдіршіннің анасы 26 жастағы Диана Сағынтаева аман-есен табылды. Оны VITA тобының еріктілері 12 күн бойы іздеген болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет еріктілердің Instagram парақшасынан

Деректерге сай Диана Ертіс ауданы Қызылжар ауылында орналасқан үйінен Павлодарға жұмысқа шығып, 12 күн бойы хабарсыз кеткен. 

"Барлықтарыңызға рахмет! Полиция тапты, аман. Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыз", — делінген еріктілердің Instagram парақшасында.

  • "Бала қатты ашыққан": Павлодар облысында 8 айлық нәресте жұмбақ жағдайда көз жұмды

  • Жамбыл облысында көлігіне шана байлап, балаларды сырғанатқан жүргізуші жазаланды

Кішкентай балалардың анасы осы уақыт ішінде қайда болды және неліктен жоғалып кеткені белгісіз.

Желі қолданушылары “қыдырғысы келген шығар" деп пікір қалдыруда.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.