Педагогикалық факультет



жүктеу 1.68 Mb.
бет14/21
Дата21.02.2019
өлшемі1.68 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Дәрістің мазмұны


1.Теориялық негізі

2. Қолданылу техникасы.



Мақсаты: Болашақ маманды логотерапиялық бағыттың теориялық негізімен қаруландырып, жұмыс ережесімен таныстыру.

Көптеген авторлар адамн ың барлық әрекеттері мен уайымдарын жүйелеуге тырысты. Адамның барлық әрекеттерінің мотиві өмірдің мәнін іздеу және оны жүзеге асыру деп есептейтін практикалық психологияның бағыты Логотерапия деп талады. Оның негізін қалаған В.Франкл.

Логотерапияның негізгі заңдылықтары.

1. Егер адамның өмірінің мәні және мақсаты болмаса ол адам қалыпты өмір сүре алмайды.

2. Өмірдің мәні адамға сырттан берілмейді, оны ұсынуға, жүктеп қоюға болмайды, оны адам өздігінен табуы керек.

Өмірдің мәнән іздеуді Франкл адамның әрекет қылықтарының негізгі қозғаушы күші деп қарастырады. Франкл дамдардың барлық әрекеттерін дамытушы, бұзушы, немқұрайлы деп бөледі. Оның пікірі бойынша өмірдің мәні , оны табуға деген талпыныс кез-келген адам үшін заңды болып табылады.

Егер адам оған жол көрмесе онда психолгиялық қиындықтар, жағымсыз уайымдар басталады. Франкл бойынша өмірдің мәні кез-келген уақытта, тіпті трагедиялық жағдайда болады. Психолог қиын жағдайларда клиентке өмірдің мәнін ұғынуына көмектесуі керек. Франклдің тұжырымдауынша өмірдің мәнін шығармашылықтан, эмоция және сабырлық, қанағат етуден іздеу керек. Өмірдің мәнін табуда Франкл келесі техникаларды ұсынды.

1. дерефлексия

2. Парадоксальді.

3. Сокрттық диалог.

4. Өмірді персоналды ұғындыру.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Логотерапияның иақсаты?

2. Логотерапияның негізгі принципі?

3. Логотерапияның негізін салған кім?

4. Логотерапияның негізгі әдісі?

5. Логотерапияның негізгі ұғымдарын атаңыз.


21 дәріс

Тақырып: Психосинтез

Дәрістің мазмұны:


1.Теорилық негізі

2.Қолданылу техникасы.



Мақсаты: Студенттің болашақта психосинтез бағыты бойынша жұмыс жасай алу мақсатында психосинтез және оның жұмыс ережесі туралы түсінік қалыптастыру.

1.Психосинтез – тұлғаның ақиқат менінің айналасында қайта қалыптасуы. Псиосинтез процессін шартты түрде бірнеші кезеңдерге бөлуге болады.

1. Біздер талпынатын жаңа тұлғаны таңдау.

Біздер ойша осы «идеалды моделді» елестетуіміз керек. Алуан түрлі болуы мүмкін «идеалды модельдерді» екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа іштеі гармониялық дамыған рухани жетілген тұлға моделі жатады. Мұндай модель интроверттер үшін өзекті.

Екінщі топқа белгілі бір іс-әрекет сферасында жетілген (бизнесмен, ғалым, политик) тұлға моделі жатады. Бұл модель түрі экстроверттерге тән. Ең бастысы келешек жетілу үшін сіз таңдаған модель сіздің өзіндік тұлғаңыздың дамуының қалыпты барысымен үйлесімді болу керек.Психосинтез нәтиежесінде мүлде басқа адам болып куту мүмкін емес, бірақ жетіле түсуге болады.

2. Қорыңызда бар барлық энергияны пайдалану.

Ларға Ассоджоли жатқызыды.

1) талдау процессінде босатылатын және бейсаналы копплекстердің «босатылу процессінде» шығатын күштер

2) пациенттің түрлі психологиялық деңгейінде болатын идеалға және гармонияға талпыну. Бейсаналық энергияны пайдалану үшін оны қажет салаға бағыттау керек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Психосинтез дегеніміз не?

2.Психосинтездік бағыттың негізін салған кімдер?

3. Психосинтездің негігі ұғымдары?

4. Психосинтездің негізгі әдістерін атаңыз.
22 дәріс

Тақырып: Психосинтез.

Дәрістің мазмұны


1.№1 қолданылу техникасы

2 №2 Қолданылу техникасы



Мақсаты: Психосинтездің қолданылу техникаларымен олардың мақсаттарымен таныстыру.

Субтұлғалықпен жұмыс. Мақсаты Субтұлғамен жұмыс жасай білу. Ішкі конфликтінің алдын алу, оны шешу.

Жаттығу№1 Субтұлғалармен жұмыс.

Жвттығу№2 Субтұлға ізімен

Жаттығу№3 Субтұлғамен танысу.

Жаттығу №4 Субтұлғалар конфликтісі.

Жаттығу №5 Ішкі актерлерімізбен танысу.

Жаттығу№ 6 Тыныштық храмы.

Т.б

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Психосинтез дегеніміз не?

2.Психосинтездік бағыттың негізін салған кімдер?

3. Психосинтездің негігі ұғымдары?

4. Психосинтездің негізгі әдістерін атаңыз.

5. Субтұлғалық дегеніміз не?

23 дәріс

Тақырып: НЛП

Дәріс мазмұны:

1.Теориялық негізі.

2.Қолданылу техникасы.

Мақсаты: Студентті НЛП-дің теориялық негізі, мақсаты, жұмыс ережесі жөнінде біліммен қаруландыру, түсінік қалыптастыру.

Әдістің мәні атынан көрінеді. «Нейро» - барлық психикалық процесстер жүйке жүйесімен байланысты дегенді білдірсе, «лингвистикалық» -біздің тәжірибеміздің өңделуінде тілдің мәнін көрсетеді. «Бағдарламалау» біздің тәжірибеміздің психикалық

Және лингвистикалық құрамды бөліктерінің өзара байланысын көрсетеді .НЛП АҚШ –та 20 ғасырдың 70 жылдарында пайда болды. Практикалық психологияның бұл бактының негізін салушылар Джон Гриндер, Ричард Бэндлер, Лэсли Камерон Бэндлер. НЛП кезкелген жағдайға жүйелі бағытты ұсынады. Жүйелі бағытталуға саналы өмір негізінде жатырған негізгі идеялар көмектеседі.

1. Карта- бұл территория емес. Жеке алынған адамның картасы дегеніміз оның қоршаған әлем және оқиғалар жөніндегі түсініктер. Карта үшін, өзіміз үшін біз маңызды ақпаратты аламыз. Карта-бұл территория емес, бірақ сыртқы ортамен эффективті өзара әрекеттесуге көмектеседі. Адамдармен қарым-қатынас жасай отырып әр адамның өз картасы болатынын ұмытпауымыз керек. Дегенменде кез келген нақты картаның өзі территориясы емес.

2. Сана және дене-бір жүйенің бөліктері. Санадағы өзгеріс денеде де өзгеріс туғызады. Сонымен қатар денемен жұмыс жасай отырып жанды яғни психиканы емдейтін психотерапиялық бағыттар бар.

3. Біздің бүкіл өмірлік тәжірибеміз жүйке жүйемізде кодталған. Біздің барлық оқиғаларымызбен солармен байланысты сезімдерді еске сақтаймыз. Мұның барлығы біздің жүйке жүйемізде сақталған және біздің тәжірибемізді құрайды.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. НЛП дегеніміз не және ол қандай мағына береді?

2.НЛП-дің негізін салушылар.

3. НЛП-дің негізгі ұғымдарын атаңыз?

4. НЛП техникасы неге негізделеді?
24 дәріс

Тақырып: НЛП

Дәріс мазмұны:

1 Қолданылу техникасы №1,2

2..Қолданылу техникасы.



Мақсаты: НЛП-дің қолданылу техникалары мен олардың қолданылу принциптерімен таныстыру.

Техника №1 Жаттығу№2Якорьмен жұмыс. Топ үштікке бөлініеді: гипнозшы, клиент, бақылаушы.

1. Күйді шақыру немесе күйге түсу.

2. Якорь қою. Якорь- шартты стимул болып табылады.

Якорь қою ережелері:


    • уайымдарды максимумға жеткізу.

    • Нақтылық

    • Еске түсіру

    • Жалғастыру

    • Роль алмастыру.

Жаттығу№2 Қолды айқастыру.

1. проблемалық ситуация

2. ресурстар

интеграция

4. жұмысқа қабілеттілікті тексеру.

Жаттығу№3

1. Жағымсыз якорь

2. Ресурстық якорь

3.Якорьдың қойылуын тексеру.

4. Якорьлар интеграциясы.

5. Роль алмастырып жаттығуды қайта орындау.

Техника №2 Метабағдарламалармен жұмыс.Жаттығу№1 Тепе-теңдік нүктесі. Жаттығудың міндеті-жағдайды «негативті» және «позитивті бағалауда үйлесімді сәйкестік табуға үйрету»



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. НЛП –де якорь дегеніміз не?

2.Якорьдің қойылу мақсаты қандай?

3. Якорьдің қойылу техникаларын атаңыз.


Дәріс №25

Тақырып: Адлердің индивидуалды психологиясы.

Дәріс мазмұны:

1. Теориялық негізі.

2. Кеңес берудегі мәні.

Мақсаты: Студенттің тұлға теориялары бойынша білімін жетілдіріп, олардың кеңес беру процессіндлегі мәнін көрсету.

Адлерлік пихология – тұлға теориясы мен терапиялық жүйе. Негізін салушы Альфред Адлер. Индивидуалды психологияда толымсыздық сезімінен өмір салты өзін-өзі бұзуы мүмкін. «Психопотологиясы» бар тұлға ауру емес, өзіне деген сенімін жоғалтқан адам.

Терапияның міндеті сондай адамның белсенділігін көтеру, әлеуметтік қызығушылықтар деңгейін көтеру, жаңа өмір салтын дамыту.

1. «Мен» концепция- мен кіммінге қатысты менде бар тұжырымдар.

2. «Мен» идеал-Адлер бұл неологизмнін 1912 ж негізін салды.Ол өз орнымды алу үшін мен қандай болуым керек дегенге қатысты.

3. «Әлем картинасы»-әлем менен не талап етеді және мен емес яғни мені қоршаған ортаның мен туралы тұжырымдары.

4. Этикалық тұжырымдар- «дұрыс-дұрыс емес заңдылығы.»

Мен және мен- идеал арасындағы сәйкессіздік жағдайында толымсыздық сезімі пайда болады. Өзі туралы түсінігі мен әлем картинасы жөніндегі түсінігі арасында сәйкестіктің жеткіліксіздігі толымсыздық сезіміне әкеледі: «Мен әлсізбін, қорғансызбын. Өмір қауіпті, қатал». Өзі туралы түсінігі мен этикалық тұжырымдары арасындағы сәйкессіздік: «Әрқашан шындықты айту керек, мен өтірік айтамын» моральдық аймақта толымсыздық комплексін туғызады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Адлерлік психологияның мазмұны?

2.Адлерлік психологияның зерттеу пәні?

3. Компенсация дегеніміз не?

4. Компенсацияның неше түрін бөлді?
26 дәріс

Тақырып: К. Юнгтің аналитикалық психологиясы.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет