Алматы халықаралық әуежайы ұшып кету-қону рейстеріне қызмет көрсету жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: foursquare.com

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Алматы халықаралық әуежайы ауа райының тұрақталып келе жатқанын хабарлайды. Ұшу және ұшып кету рейстеріне қызмет көрсету жұмыстары қайта жанданды", –  делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін ауа райына байланысты Алматы әуежайынан ұшатын барлық рейстер тоқтатылғаны туралы жазған едік. Жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-ден бастап әуежай қонатын ұшақтарға да жабылған еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.