«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет6/10
Дата07.03.2018
өлшемі2.01 Mb.
#20335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1.Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс әрекеттің айырмашылығы неде?

2.Кәсіп және мамандық ұғымдарының айырмашылығы қандай?

3..Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне кандай қасиеттер жатады?

4.Педагогтың танымдық іскерлігін қалай түсінесіз?

5.Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігін қалай түсінесіз?

6. Педагогтың коммуникативтік іскерлігін қалай түсінесіз?

7. Педагогтың проективтік (болжамдық) іскерлігін қалай түсінесіз?

8. Педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексивтік іскерлігін қалай түсінесіз?

Әдебиеттер


  1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Б.Аяған. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». 2006. - 704 б.

  2. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образо­вание в современной школе: учебно-методическое пособие. Алматы, 2009-190с.

3. Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты
высшего профессионального образования: методология, теория и
технология проектирования в компетентностном формате /Білім
элемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28.

4. Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. Алматы.


1987.- 223 6.

5. Мижериков В.А. Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Уч. пос. для студентов пед. уч. зав. - М. 2002. - 268 с.

6. Хмель Теория и технология реализации целостного
педагогического процесса:Уч.пособие.- Алматы, 2002.- 90с. |
Модуль 4.

Болашақ мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті.

Тақырып 1.Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.

Мақсаты: болашақ мұғалімдерге шығармашылық ұғымы туралы түсінік беріп педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық сипаты мен тереңірек таныстыру.

Жоспар:

1.Шығармашылық ұғымы.

2.Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе.

3.Шығармашылыққа үйрену жолдары.



Негізгі ұғымдар: шығармашылық, қиял, шығармашылық ойлау, озық педагогикалық тәжірибе, қазіргі педагогикалық технологиялар.

Шығармашылық ұғымы. Философиялық тұрғыдан қарастырғанда шығармашылық - жаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады.

Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық-адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы, қазіргі кездегі ғылымның, техниканың жетістіктеріне {компьютер, интернет, ұялы телефон, медицинадағы улътрадыбыстық диагностикалық аппараттар, лазер сәулелері арқылы емдеу, т.б.) көптеген ізденуші ғалымдардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анык.

Шығармашылық процесс - әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен құнды.

Шығармашылық тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Яғни,шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол жеткізе алмайтынын

Людвиг Фейербахтың: «Адам тек... өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады» - деген сөздерімен түйіндеп кетуте болады.

«Шығармашылық» ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашлық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.

Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады:

- ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі);

- көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары);

- техиикалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар);

- педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т.б.)

Көптеген зерттеушілердің пікірінше шығармашылықтың жемісті болуына адамның сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі күштерін толық соған жұмылдырып, жүрсе де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы шығармашылық шыңына жетуі мүмкін.

Ғалым-зерттеушілердің ғылыми шығармашылықтарына байланысты В.И.Павлов: «Ғылымға адамның бүкіл өмірі сарп етілуі керек екенін ұмытпаңыздар. Екі есе өмір сүрсек те аздық етеді. Іс жүзінде, ізденіс үстінде ынтық сезіміңіз суымасын» - деп жазады. Иә, зерттеушілік іс-әрекетте ғалымдарды арман-мақсаттарына жетелейтін негізгі күштердің бірі - олардың сезіммен қанаттанған ақылы, қиялға толы құлшыныстары екені рас.

Сол сияқты көркем шығармашылыққа әбден берілгендіктен бұл саланың ісмерлері де өздсрі суреттеп отырған кейіпкерінің көңіл күйіне бөленіп солардың уайым-қайғысын бірге кешкендей сезінеді. Осыған байланысты айтылған орыс мүсіншісі Антокольскийдің: «Сезім жоқ жерде көркем шығарма да жоқ» деген ойы нағыз шеберлердің өз істерін үлкен кұштарлықпен атқаратынының дәлелі.

Енді осы жоғарыда қарастырылып отырған шығармашылық түрлеріне талдау жүргізіп, олардың өзара айырмашылықтарын қарастырайық. Ол үшін «Педагогикалық шығармашылықтың (басқа шығармашылықтардан айырмашылығы неде?» - деген сұраққа жауап іздестірейік. Әрине, бұл біраз ойландыратын сұрақ.. Мысалы, суретшінің шығармасы - оның салған керемет суреті, композитордың шығармасы - оның шығарған әсем әуені, ақынның шығармасы -оның әсерлі өлеңі делік.

Олардың шығармашылық туындыларының негізгі ерекшеліктерінің бірі олардың аяқталғандығында, сол күйінде өзгермей сақталуында. Ал педагогикалық шығармашылықтың туындысы - үнемі дамып өзгеру үстінде болатын оның тәрбиелеп отырған шәкіртінің тұлғасы. Педагогы жақсы болса ондай шәкірттер жылдан жылға шыңдалып өздері-өздерін жетілдіре береді.

Осы аталған шығармашылық түрлерінің барлығы кәмелеттік жасқа толған жастар және ересек адамдар үшін қарастырылса, балаларға қатысты «балалар шығармашылығы» деген ұғым көп қолданылады. Шығармашылық іс-әрекетпен адам баласы жастайынан таныс болады. Балалардың шығармашылығы олардың негізгі іс-әркеттері болып табылатын ойындарынан-ақ байқалады. Әсіресе мектеп жасына дейінгі шағында балалардың өте тынымсыз,танымдық белсенділіктері жоғары, үлкендердің істеріне қызығушылықтары мол, қиялшыл, арманшыл болатыны және көп ермекті талап ететіні байқалады. Олардың талаптары биологиялық, физиологиялык тұрғыдан орынды да, заңды да талап, себебі осындай талаптары арқылы олар қоршаған ортамен тереңірек танысады, дене күштерін дамытады, әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды.

Қарапайым еңбек түрлерінде де балалар түрлі шығармашылық касиеттерін көрсетеді. Мысалы, кіші жастағы баланың ешнәрсеге қарамай конструкторлардан үй, кеме, көлік түрлерін құрастыруының, дымқыл құмнан небір қайталанбас мұнаралар, үңгірлер, таулар. жолдар, көпірлер жасауларының өзі карапайым шығармашылық іс-әрекет екені түсінікті. Осындай ойындар барысында бала өз ойынан шығарған қиял әлемін елестетіп ерекше бір сезімдерге бөленіп, үлкендерге еліктей бастайды (ұл балалардың «ағаш атқа» отырып шабуы, қыз балалардың топырақ пен гүлдерді араластырып «тамақ» әзірлеулері, т.с).

Егер ата-аналар баланың осындай қиялының шарықтауына, өзін әр түрлі іс-әрекеттерде сынап көруіне шектеу қоймаса онда бала ертеңгі мектептегі оқу-танымдық іс-әрекетінде де белсенді, тапқыр, шығармашыл тұлғага айналуы ыктимал. Сондықтан бала өз бойынан байқатқан қабілеттерді одан әрі дамытуға жағдай жасап, осы жас кезінен көрсеткен талпыныстарының барлығы оның болашағының негізін қалайтынын ұмытпағанымыз абзал.

Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған.

Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.

Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет, себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс болмайды. Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты.

Педагогикалық шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.

Қазіргі мектепті жаңашаландыру, оқыту-тәрбие процестерін жетілдіру мұғалімдердің шығармашылығына тікелей байланысты. Педагогикалық шығармашылықтың бір ерекшелігі - мұғалімдердің білім, білік, дағды қорларын үнемі байытып, жаңартып отыруында. Ондай мұғалімдер ешқашан да жұмыстарына селқос, немқұрайлы қарамайды, бар нәрсемен қанағаттанып қоймай, керісінше кездесетін түрлі педагогикалық қарама-қайшылықтарды женудің жолдарын іздестіріп, табысты нәтижеге ұмтылады.

Педагогикалық шыгармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді.

Шығармашық мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде, балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді. Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше рөлді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға білім беруімен қатар сценарист те, басты рөлді орындайтын актер де, режиссер де, суретші де, декоратор да, костюмер де, визажист те, дизайнер де, тәртіпті қадағалаушы да, психолог та бола алуы керек.

Белгілі театр реформаторы К.С.Станиславскийдің теориялық мұрасында «шығармашылдық көңіл-күй» деген ұғым қарастырылады. Оның пікірінше актердің шығармашылдық көңіл күйі көрермендердің көңіл-күйін баурап алады. Сол сияқты шығармашыл педагог та әр оқушының ынта-ықыласын, көңіл-күйін, зейінін өзіне аудартып, тіпті олардың іс-әрекеттерін басқара отырып шығармашылыққа тәрбиелей алады.

Мұғалімнің негізгі мақсаты - жас ұрпақтың өмірге, әлемге, табиғатка, болашақка, адамдарға, еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, оңтайлы қатынастарын калыптастыру. Бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін педагогикалық міндет. Педагогикалық міндетті шешудің өзі шығармашылықты кажет етеді. Педагогикалық практикада кездесетін ең қиын міндеттер шығармашыл педагогтың қолында оңай шешімін таба алады.

Мектеп тәжірибесіндегі кездесетін көптеген педагогикалық міпдеттер Л.И.Рувинскийдің «Мамандықка кіріспе» атты оқу құралында мынандай үш топқа бөлініп қарастырылады:

1. Стратегиялық міндеттер- шешімі ұзақ уақытты қажет ететін ең ірі,үлкен міндеттер. Оларды шешу оқушылардың көзқарастарында, өзара карым-қатынастарында, елеулі өзгерістер туындатуы мүмкін. Мысалы, сынып жетекшісінің оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу міндеті.

2. Тактикалық міндеттер-стратегиялық міндеттерді нақтылайтын, шешілуін қамтамасыз етуге тиіс міндеттер. Мысалы, оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі мынандай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: тәртіп бұзушылыққа жол бермейтіндей етіп оқу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, жауапкершілік туралы әңгімелер өткізу, ата-аналар жиналысын өткізу, осы жұмыстарга оқушылардың өздері басшылық ету ролдерін арттыру жүмыстарын жоспарлау.

3. Оперативтік міндеттер-жоспарланған іс-әрекеттерді тікелей орындауға көшу, яғни жедел түрде, балалардың көз алдында, олардың белсене қатысуымен шешілетін міндеттер.

Осындай түрлі міндеттерді шешудің алдын ала дайын үлгілері, рецептері болмайды. Әр мұғалім кез-келген жағдайда өзінің шығармашылық қабілеттері,педагогикалық іскерліктері мен шеберлігі, психологиялық білімі арқылы жол тауып шыға алуы керек.

Педагогикалық шығармашылық бір неше кезеңдерден құралады.

1. Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді анықтау.

2. Педагогикалық ықпал ету әдістерін жобалау.

3.Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру. 4. Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді талдау.

Ұстаз шығармашылығы сабақтың, дәрістің тиімді жүргізілуінде, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерінің ескеріліп олардың бірлесіп жұмыс істеулерінде, және басқа да педагогикалық іс-әрекеттерде жан-жақты байқалып тұрады.

Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей шығармашылық өз еңбегінің әлеуметтік құндылығын бағалай отырып, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіру үшін баскалардың озык тәжірибесін зерттеп отыратын мұғалімдер жұмыстарына тән ерекшелік. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшіліктік болып бөлінеді. Көпшіліктік педагогикалық тәжірибе - оқыту, тәрбиелеу практикасының жеткен деңгейімен сипатталатын білім беру мекемелерінің және жеке педагогтардың жұмыс тәжірибесі.

Озық педагогикалық тәжірибе деп басқаларға үлгі тұтатын педагогтың асқан шеберлігін атайды. Ал егер педагог тәжірибесінде шығармашылық ізденіс, өте тиімді нәтиже беретін жаңашылдык, бір қайталанбас ерекшелік қамтылған болса онда оны жаңашыл педагог-деп атауға болады.

Озық педагогикалық тәжірибенің теориялық негіздерін меңгеріп оны практикада қолдану ерекшеліктері қазақстандық педагог-ғалым Ш.Т.Таубаеваның еңбектерінде жан-жақты зерттеледі. Ш.Т.Таубаеванын монографиялық еңбегінде озык педагогикалык тәжірибені зерттеу, жалпылау, қолдану мұғалімдердін зертгеушілік мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде карастырылады. Мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесі көп жылдар бойы жинақталған, ұтымды, тиімді нәтиже беретін шығармашылық іс-әрекеті.

Белгілі қазақ педагогы Б.Р.Айтмамбетованың: «Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық даму деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, коллективпен педагогикалық ынтымақтастық орнатуга бейімділігі бар, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек» - деген пікірі педагогикалық іс-әрекетте табысты нәтижеге қол жеткізген озық тәжірибелі педагогтардың жұмысының жоғары бағасы деуге болады.

Б.Р. Айтмамбетова шығармашылық жолда еңбек ететін барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеяларды былайша жіктейді:

- ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру идеясы;

- әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз карым-катынаста болу идеясы;

- тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру идеясы;

- қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын-ала білу идеясы;

- тірек сигналдары арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске үйрету идеясы,

- оқушылардың білім алуында және оны бағдарлауда еріктілік принциптерін жүзеге асыру идеясы,

- оқу материалын өту барысында бағдарламадан озып отыру идеясы;

- ірі блоктар идеясы;

- оқушыларды өздерінің білімдеріне, жұмыстарына талдау жасауға және бағалай білуге үйрету идеясы;

- сынып оқушыларының интеллектуалдық дәрежесін жетілдіру идеясы;

- коллективтік шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру идеясы;

- шығармашылык өнімді еңбекті ұйымдастыру идеясы;

- мұғалімдер ұжымымен, ата-аналар және жұртшылықпен ынтымақта болу;

- қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын орындауда мектеп пеп қоғамның тығыз байланысын жүзеге асыру идеясы.

Бұл идеялардың барлығы Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, Қ.Н.Нұрғалиев. А.М.Ысқақов, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева, Е.А.Очкур сынды жаңашыл-педагогтардың тәжірибелерінде практика жүзінде қолданылып жоғары сапалы нәтиже бергені белгілі. Сондықтан осындай құнды идеяларды кәсіби іс-әрекетте қолдана алу үшін болашақ мұғалімдердің аталған жаңашыл-педагогтардың еңбектерімен тереңірек танысулары олардың шығармашылық әлеуеттерін жетілдіруге негіз болмақ.

Шығармашылыққа үйрену жолдары. Шығармашыл педагог болу - қазіргі дамуы жылдам ақпараттық ғасыр талабы. Қазіргі таңда маман өзінің шығармашылық әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастырмайынша оның кәсіпке жарамдылығы да төмендей береді. Ал жоғарғы оқу орындағы теориялық білім нәрімен сусындап жатқан студенттер де өздерінің танымдық белсенділіктерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірулері қажет, себебі ол ертеңгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижесіне тікелей әсерін тигізетін факторлардың бірі. Болашақ мұғалімдердің білім шаңырақтарындағы бүгінгі табысты оқу іс-әрекеттері - ертеңгі кәсіби құзіреттіліктерінің, бәсекеге қабілеттіліктерінің кепілі.

Шынымен кәсіби-педагогикалық қызмет өз табиғатынан шығармашылық сипатқа ие екені белгілі. Шығармашылық - бұл белгілі қатынастар аркылы өзара байланысқан және өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызмет жүйесі. Педагогикалық шығармашылықтың, шеберліктің ең жоғарғы деңгейіне жету жолы жан-жақтылық пен оның құрамына енетін педагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуымен сипатталады. Педагогикалық шығармашылықтың басты белгісі - жаңа шешімдерді іздестіруге, жаңа міндеттерді қоюға, жұмыстың стандарттан тыс әдістерін қолдануға үнемі әзір болу.

Өз шығармашылығы арқылы педагог әр сабақта оқушыларды да шығармашылыққа баулуы керек. Жаңа біліммен таныстырудың өзі шығармашылық тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Егер мұғалім оқушыларға дайын білімді баяндап бере салса, балалардың шығармашылығы дамымайды. Керісінше проблемалық сұрақтар қою арқылы балалардың ойын жетектеу, өз беттерінше ізденулері арқылы білімді меңгерту, өздері бір мәселенің шешімін ойластырып табуға жағдай жасау жиі іске асырылса оқушылардың шығармашылығын дамытуға негіз қаланады. Оқушылармен шығармашылық тұрғыдан жұмыс істей алу үшін мұгалімдер қалыптасып қалған бірқалыптылықтан шығу жолдарын іздестіріп өздерінің біліктіліктсрін үнемі жоғарлатып отырулары қажет.

Осыған орай педагогтық кәсіптің ігегіздерін меңгсру барысында болашақ ұстаздар тек арнайы теориялық білімдерді меңгерумен шектелмей,оған қосымша өз бойларындағы ішкі қабілеттсрін барынша дамытып, өздерін жетілдіру жұмыстарымен айналысқандары абзал.

Ол үшін студенттерге ең алдымен психология, педагогика ғылымдарында белгілі диагностикалық әдістемелерді пайдаланып өздерінің шығармашылық деңгейіи анықтап алғандары жөн. Мысалы, Т.В.Морозованың «Диагностика успешности учитсля» атты кітабында мынандай тест ұ.сынылған.

Тест: Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз қандай?

Нұсқау: Сіздің өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді қаншалықты дұрыс бағалайтыныңызды анықтайтын тестті орындаңыз. Берілген сұрақтарға шынайы жауап берулеріңізді өтінеміз. Жеке бетке өз жауаптарыңызды жазыңыз (мысалы, 1-а, 2-ә, 3-а т.с.с).

1.Қоршаған әлем жақсарады деп санайсыз ба?

А)иә

ә) жоқ;


б) иә, бірақ барлығы емес.

2. Қоршаған әлемді айтарлықтай өзгертуге өзіңіз үлес қоса аламын деп ойлайсыз ба?

а) иә, көп жағдайда;

ә) жоқ;


б) иә, кей жағдайда.

3.Сіздің пікіріңізше, сіздің кейбір ойларыңыз өзіңіз таңдаған салада айтарлықтай прогресс туғызады деп ойлайсыз ба?

а) иә;

ә)жағымды жағдайларда, иә;



б) тек кейбір дәрежедсе ғана.

4.Сіз болашақта түбегейлі өзгеріс жасауда соншалықты маңызды рөл атқарамын деп санайсыз ба?

а) иә,

ә) мүмкіндігі өте аз;



б) мүмкін.

5.Сіз бір іс-әрекетті жасауда өз бастамаңызды аяғына дейін орындай алатыныңызға сенімдісіз бе?

а) әрине;

э) жасай алатыныма жиі күмәнданамын;

б) сенімсіздіктен сенімім жоғары.

6.Сіз өзіңізге мүлдем таныс емес іспен жиі шұгылданғыңыз келе ме?

а) иә, өзіме беймәлім нәрсе мені қызықтырады;

ә) жоқ, кызықтырмайды;

б) барлығы істің өзіне және жағдайға байланысты.

7.Сізге өзіңізге таныс емес іспен айналысуға тура келді делік. Сізде сол істі

сол істі жоғары дәрежеде орындап шығу сезімі пайда бола ма?

а) иә;


э) қаншалықты үлгеріп істегеніме қанағаттанамын;

б) егер бұл маған ұнаса, иә.

8. Егер іс өзіңізгс таныс болмаса, сіздің ол туралы бәрін білгіңіз келе ме?

а) иә;


э) жоқ, ең бастысын ғана білу керек;

б) жоқ мен тек қана өз қызығушылығымды қанағаттандырғым келеді.

9.Егер сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз:

а) ақылға қонымсыз болса да, біраз уақыт табандылық көрсетіп тырысасыз;

ә) істің өнбейтінін сезісімен, қолыңызды бір-ақ сілтейсіз;

б) кедергілердің қиындығын көріп тұрсаңыз да ісіңізді жалғастыра бересіз.

10.Мамандық таңдауда ... ескеру кажет:

а) өз мүмкіндіктеріңізді және өзіңіздің болашағыңыз үшін маңыздылығын;

ә) мамандықтың тұрақтылығын, маңызын, қажсттілігін, мамандыққа деген сұранысты;

б) оның сізді қамтамасыз ететін артықшылықтарын.

11.Егер сіз саяхаттап жүрсеңіз, бұрын жүрген бағытты оңай бағдарлай аласыз ба?

а) иә;


э) жоқ, жаңылып қалудан қорқамын;

б) егер ол жер маған ұнаған болса, иә.

12.Сіз әңгіме аякталғаннан кейін бірден әңгіменің не туралы болғанын еске түсіре аласыз ба?

а) иә, еш қиыншылықсыз;

э) бәрін еске түсіре алмаймын;

б) маған қызықты көрінгенін ғана еске түсіремін.

13.Сіз бейтаныс тілде айтылған сөзді оның мағынасын түсінбесеңіз де, буын бойынша қатесіз қайталап бере аласыз ба?

а) иә, еш қиыншылықсыз;

ә) иә, егер ол сөз тез жатталса;

б) онша дұрыс болмаса да, қайталаймын.

14.Бос уақытыңызда сіз ... қалайсыз:

а) жалғыз қалып ойланғанды;

ә) компанияда болғанды;

б) жалғыз боламын ба, әлде компаиияда боламын ба, маған бәрібір.

15.Сіз бір іспен айналысып жатсаңыз, оны тоқтатуды шешесіз, егер:

а) ісіңіз аяқталып және сізге өте жақсы орындалған болып көрінгенде;

ә) сіз орындалған іске қаңдай болса да көңіліңіз толғанда;

б) сіз әлі толығынан орындап болмасаңыз да.

16. Сіз жалғыз болғанда:

а) қандай да бір, мүмкін абстрактілі нәрселер туралы армандағанды жақсы көресіз;

э) өзіңіз калай болғанда да бір нақты іс тапқыңыз келеді;

б) кейде өзіңіздің жұмысыңызға байланысты нәрселер туралы армандауды ұнатасыз.

17.Сізді бір идея баурап алса сіз ол туралы..............ойлайсыз:

а) қайда жәнс кіммен бірге болғаныңызға қарамастан;

ә) тек жеке қалғанда;

б) тыныштық болған жерде ғана.

18.Сіз бір көзқарас (пікірді) дәлелдеу кезінде:

а) оппоненттеріңіздің дәйектемелері сізді иландыратын болып көрінсе, өз пікіріңізден қайтасыз;

ә) қандай дәлелдерді естісеңіз дс өз пікірінізде қаласыз;.

б) қарсылас өте күшті болса пікіріңзді өзгертесіз.



Нәтижелерді өңдеу және түсініктеме беру

Әрбір «а» жауабы үшін 3 балл, «ә» жауабы үшін 1 балл, «б» жауабы үшін 2 балл бсріледі.

1, 6, 7,-8 сұрақтар сіздіңбілімге деген құштарлығыңыздың шектерін көрсетсді;

2, 3, 4, 5 сұрақтары өзіңізге деген сенімнің белгісі; 9 және 15 сұрақтары - тұрақтылық белгісі,

10 - амбициялық белгісі;

11 - көргенді есте сақтау белгісі;

12, 13 - естігенді есте сақтау белгісі;

14- тәуелсіз болуға сіздің құлшынысыңыз;

16, 17 - абстракциялану қабілеті;

18 - зейінділік дәрежесі.

Баллдардың жалпы қосындысы шығарылады. Жинақталған жалпы балл саны сіздің шығармашылық әлеуетіңіздің көрсеткіші.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет