Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы



жүктеу 1.3 Mb.
бет4/6
Дата07.03.2018
өлшемі1.3 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 5. Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі

1 Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуін талдау. Халықаралық сауданың классикалық теорияларының кемшіліктері.

2 Елдің ішкі бағалары және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылық және халықаралық саудадан түсетін табыстардың қалыптасуы.
Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

o Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

• Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

• Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

• Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.

• Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Классикалық теорияларының кемшіліктері.

- Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

- Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:

- Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.

- Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады.

Тұтынушы - бұл жеке тұтынуына немесе жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын азамат. Тұтынушылардың негізгі құқықтары:

- негізгі мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, яғни өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған тауарлар мен қызметтерге; тамаққа, қиімге, баспанаға, денсаулық сақтауға, білім алуға, санитарлық жағдайға арналған құқығы;

- адам денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін тауарлардан, өндірістік процестер мен қызметтерден қорғануға арналған қауіпсіздік құқығы;

- өзің сатып алып отырған тауар туралы мәлімет алуға: тауар жақсы ма, қандай қасиеттері бар, сапа сертификатының мерзімі өтіп кеткен жоқ па, ол кіммен берілген, тауар сатушы кімнің өкілдігін білдіріп отыр және тауар құжаттары туралы мәлімет алуға құқығы;

- монополиялы тауарға оның бағасының көңілге қонымды екеніне кепіл алуға, қаңты бір сомада сатылып отырған алуан түрлі тауарларды таңдауға құқығы;

- өзінің мүдделерін ескеруге және үкіметтік қоғамдық ұйымдарға тұтыну құқығын секеруге, ұсыныстар беруге, тыңдатуға құқығы;

- сапасыз тауарлар немесе қанағаттанарлықсыз қызмет көрсетілгенде шығынның орнын өндіріп алуға құқғы;

- тұтынушыға тауарлардың сапасын ажыратуға мүмкіндік беретін білімдер мен ілімдер алуға деген тұтыну біліміне құқығы.

Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]


Тақырып 6. Халықаралық сауданың баламалы теориялары

Классикалық теориялардың шектеулілігі. Әлемдік нарықтағы жетілмеген бәсеке және халықаралық сауданың, жаңа моделдерін құрудың, қажеттілігі.

Масштаб эффектісі негізіндегі сауда. Масштаб экономикасының моделі. Масштабтың сыртқы эффектісі. Масштабтың ішкі эффектісі және жетілмеген бәсекенің туындауы.

Масштаб эффектісі – бұл ұзақ мерзім кезеңінде өндіріс процесінде пайда болатын жағдай - өндірістің күш – қуаты өсуі арқылы орташа шығындардың азаюы мен ресурстар тиімділігінің арту көрінісі. Өндіріс масштабы үш жағдай түрінде болады: 1) Жағымды (оң) эффект – ұзақ мерзімде өнім көлемі өскен сайын орташа жалпы шығындар азаяды; 2) Тұрақты эффект – ұзақ мерзімде орта жалпы шығындар өнім көлемі мен байланыста болмайды; 3) Жағымсыз эффект – ұзақ мерзімде өнім көлемі өскен сайын орта жалпы шығындар да өседі.

Масштаб эффектісінің теориясы (economy- of- scale theory)- өндіріс факторларымен бірдей қамтамасыздандырылған елдер масштаб эффектісі байқалатын өндіріске маманданғанда сыртқа саудадан ұтады (өндіріс көлемі өсуі кезінде өнім бірлігіне шығындардың азаюы).

Халықаралық сауданың альтернативтік теориялары мыналарды қамтиды:

1) Ауқым нәтижесі немесе төмендеуші шығындар теориясы.

2) Тауардың өмірлік цикл теориясы.

3) Техникалық үзіліс теориясы.

4) Ұқсастықты қалау теориясы

5) Сала ішілік сауда теориясы.

Ауқым нәтижесі қызметімен байланысты теория өндіріс шығынының төмендеуіне және еңбек қабілетінің жоғарлауына мүмкіндік туғызады, өндіріс төлемінің өсуі жүреді, ел тар ішкі нарыққа кездеседі, ішкі нарықта бөлінбеген артықшылық пайда болады, яғни сыртқы нарыққа шығу қажеттілігі туады. Өндіріс көлемінің өсуі → тар ішкі нарық → артықшылық → сыртқы нарыққа шығу.

Альтернативтік (баламалы) теорияның негізгі танымал теориясы 1966 ж. американдық ғалымдар Раймонд Вернон, Кин Дельберг, Уэльстер ойлап тапқан тауардың өмірлік цикл болып табылады. Бұл теорияға сәйкес әр бір жаңа өнімді өндіру оны нарыққа енгізу, кеңею, кемелдену және қартаю тәрізді кезеңді қамтитын циклден өтеді. Бұл теория неліктен тауарды экспортшы ел өндіруден бас тартып, ол тауарды импорттайтындығын түсіндіруге маүмкіндік береді. Бұл теория бойынша тауарлар өзінің дамуында 4 кезеңнен өтеді:

1. Тауардың пайда болуы. Тауар бірнеше елдің біреуінде ғана пайда болады. Жаңа өнімді ішкі нарық үшін өндіре бастаған циклдің бірінші кезеңінде оған деген сұраныс өте көп емес. Мұндай сұраныс тауарды сатып алу туралы шешім қабылдайды. Оның бағасына ерекше мән бермейтін табысы жоғары адамдарға ұсынады.

2. Өнімнің кеңеюі кезеңінде (тауардың өсуі) ішкі нарықтағы сұраныс жедел өсіп, өнім көпшілікке танымал бола бастайды. Ел тауарды экспорттай бастайды. Себебі, ол шыққан елінде де, шет елде де сұранысқа ие.

3. Кемелдену кезінде ішкі нарық көлемі жоғары деңгейге жетеді. Өндірістік технология толық стандарттады. Бұл біліктілігі төмен жұмыс күшін пайдалануға өндіріс шығынының бағаны төмендетуге тауарлар пайда болған елдің ішкі нарығына ене бастаған жаңа фирманың тауарлар өндірісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

4. Тауардың құлдырауы. Циклдің соңғы кезінде өнім қартаяды. Оны өндіру қысқара бастайды. Бағаны бұдан әрі төмендету, кемелдену кезіндегі сияқты сұраныстың өсуіне әкелмейді. Көп жағдайларда бұл кезеңде тауардың орнын басатын жаңа тауарлар пайда болады.

3. Өндіріс факторына бірдей елдің арасындағы сауданың дамуы елдердің бірінде техникалық өзгерістер арқылы пайда болған делінеді. Егер елдер техникалық прогресте әр түрлі сатыда болса және бұл қатынастар тұрақты болса, онда бұл елдерде келесі сауда қатынастары орнайды: дамыған елден дамушы елге тауарлар ағымы жүреді. Заңдылығында ескі тауарлар экспорттарды, тауарлар жетекші елде айналасынан шығып қалған тауарлар түрлері.

4. Ұқсастықты қалау теориясы нақты елде өндірілетін тауарлар жинағы және ассортиментті бұл ел тұрғынына қажет тауарлар тізімімен сәйкес келмейді. Елдер негізінен экономикалық деңгейі жағынан жақын елдермен сауда жасайды. Ел тек бірнеше тауарлар түрін өндіруге маманданады, қалғанын ол басқа елдерден импорттайды. Егер ел деңгейі бойынша төмен болса, онда оның экспорттайтын тауардың кең ассортименті болмайды.

5. Сала ішілік сауда. Елден бір тауар түрін экспорттады және импорттады. Сондықтан өнімнің бір бірімен теңесуі орын алады.

Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 7. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

1 Мемлекеттің халықаралық саудадағы ролі. Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және түрлері.

2Үкіметтің халықаралық сауда саласындағы негізгі міндеті.

3 Протекционизм: мәні және формалары. Сауда саясатының құралдары: тарифтік және бейтарифтік.


Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі.Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:

Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.

Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

- осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен


әдісін өзгерту;

- экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;

- елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия
және т.б.);

- экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.

Кейбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлінісіне кіру дәрежесі мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту.

Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:

- еркін сауда саясаты;

- протекционизм.

Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.

Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.

Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.

Протекционизм: мәні және формалары. Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмекте-седі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді.

Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.

Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.

Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.

3.Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік. суретте 5 түзуі мақтаның ұсынысын, Д түзуі - сұранысты, ал Ро - ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері О0-ге тең болады. Бұл жағдай автар-киялық экономикада пайда болуы мүмкін.


Сурет 1


Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Рw-қа тең кезінде ашты деп бол-жамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өндірісі (Q0 -ден Q1-ге дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2-дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (О2-Q1) тең болады.

Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі импорттын баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Рt- ге тең жаңа баға қалыптасып, Т=Рtw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Q1 ден Q3 -ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Рw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Рt бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.

Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

4. Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері. Тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:



  1. белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын
    толтыру (компенсационные) алымдары, импорттық депозиттер,
    және демпингке қарсы және орнын толтыру (компенсационные)
    баж салықтары;

  2. тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін әкімшілдік шаралар: кедендік құжаттарды
    дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен
    нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар
    т.б.сияқты.

  3. Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған; бірақ сол
    нәтижеге әкелетін басқадай шаралар:

Квоталар мен лицензиялар. Квота (контингент) деп - белгілі бір кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. О-ге тең квота қойылған жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго орын алады. Квота импорт пен экспорт мүмкіндіктерінен жоғары деңгейде де қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда квота шектеу емес, тауардың қозғалысын бақылау әдісі болып табылады.

Импортқа квота енгізудің елдің әл-ауқатына тигізетін әсері мен салдары импорттық баж салығын енгізумен ұқсас болады.

Экспорттық квоталар өте сирек қолданылады. Ол тек осы өнім бойынша елде жетіспеушілік кезінде және саяси мақсаттарда (дискриминациялық сипатта) қолданылады. Импорттық квоталар ұлттық өндірісті шет ел бәсекелестерінен қорғау, жұмыссыздықты қысқарту, төлем балансын жақсарту, тауар қозғалысын бақылау үшін қолданылады.

Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табы-лады. Көбінесе ол дағдарыстағы салалар өніміне байланысты қолданылады.

Квотаның басқа бір түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салығынсыз жүзеге асырылып, осы көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады. Мысалға, АҚШ-та осындай шаралар арқылы сүт, балық, картоп, және мотоциклдің кейбір түрлерінің импорты реттеледі.

Квоталар көбінесе лицензия негізінде бөлініп, осы жағдайда ол экспорт пен импортқа рұқсат болып табылады.

Басқадай тарифтік емес шектеулер. Мемлекет валютаны пайдалану әдісін (мемлекетке валютаны сатуға мәжбүр ету және т.с.с.) анықтауға валютамен төлеуге рұқсат алуға міндеттеуі сияқты валюталық шектеулер орнатуы мүмкін. Оның салдары мөлшерін шектеу кезіндегідей болады. Одан "айналып өтудің" әдісі клирингтік келісімдер, қарама-қарсы сауда болып табылады.

Сыртқы сауданы шектеуде басқа да тарифтік емес шектеулер қолданылуы мүмкін. Мысалға: сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия, жергілікті шикізатты пайдалану талаптары, экспорттаушыларға салық жеңілдіктерін беру және т.б.

Экспорттық субсидия дегенімізде мемлекеттің кәсіпорындардың экспортын ынталандыру мен олардың өнімдерінің шет ел рыноктарында бәсекелестігін жоғарылатуға, басқаша айтқанда пайда мөлшеріне әсер етпестен экспорт бағаларын төмендетуге мүмкіндік беру жолдарын түсінеміз. Ол көмек көбінесе ақшалай формада болады.

Қазақстандағы кедендік-тарифтік реттеу мынандай құқықтык,-нормативті құжаттарға негізделген: 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы ҚР "Кедендік тариф пен баж салығы туралы" заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР кедендік іс туралы" заңы; 1999 жылдың 13 шілдесіндегі "ҚР-ғы демпинге қарсы шаралар туралы" заңы; 1994 жылдың 14 көкегіндегі "Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісімі"; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы" заңы. ,

Кедендік баж салығы қойылымдарының жүйеленген жиналымы ретіндегі кедендік тариф, тауарларды кодтау мен жазудың қалыпты жүйесіне қатысты кедендік істің нормалары мен принциптерінде құрылған. Қазақстан ТМД елдері үшін әрекет ететін сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлы номенклатурасын пайдаланып, ол іс жүзінде қалыпты жүйеге сәйкес келеді.

Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 8. Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу

1 Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы.

2 Капиталдың халықаралық қозғалысының формалары. Кәсіпкерлік және қарыз капиталы. Тікелей және портфельдік инвестициялар.

3 Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы.


Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы.Халықаралық капиталдар қозғалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады.

Халықаралық капиталдар рыногы қазіргі заманда әлемдік экономиканың іс-әрекетінде, халықаралық шаруашылық байланыстарын дамытуда анықтаушы элемент болып табылады.

Капитал қозғалысы халықаралық тауар саудасының субституты болып табылатындықтан, оның негізінде де тауар экспорт-тындағыдай себептер жатыр. Олар:


  • рынокты кеңейту;

  • жоғары пайда алу;

  • шет ел ресурстарын сатып алу;

  • саяси мақсаттар.

Бірақ бұл мақсаттар әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Өйткені капиталды шетке шығаруды ынталандыратын өзіндік себептері де бар. Олар:

  • технологиялық артықшылық. Компанияның сату көлемінде
    ҚЗТКЖ (НИОКР) -ға шығындар деңгейі жоғары болған сайын, оның
    капитал экспорты да жоғары болады.

  • жоғары маманданған жұмысшы күшіі. Еңбекті төлеу деңгейінін
    жоғарылығы компанияны капиталды экспорттауға итермелейді.

  • халықаралық маркетингте жинақталған тәжірибе мен
    жарнамадағы басымдылықтар

  • өндіріс көлемдерінде үнемдеу. Сату көлемдерін ұлғайту
    қажеттілігі компанияларды сыртқы рыноктарға шығуға итермелейді.

  • компаниялар көлемі, Көлемі неғұрлым ірі болса, капитал
    шығару деңгейі соғұрлым жоғары болады.

  • белгілі бір тауар өндірісінің шоғырлану дәрежесі мен ел ішіндегі
    бәсекенің күшеюі.

  • арзан өндіріс факторларын пайдалану мүмкіндігі.

  • транспорттық шығындардың азаюы.

  • сауда кедергілерін айналып өту.

  • жергілікті рынок ерекшеліктерін жақсы білу.

Капитал миграциясынын еларалык формаларынын топтастырылуы.

Капитал экспорты, оның белгілі әрекет етуінің принциптеріне сәйкес, әр түрлі формаларда жүзеге асырылады.

Өзінің мазмұны мен формасы бойынша шет елдік капитал салымдары әр түрлі болуы мүмкін.

Олардың, шығу көздері бойынша мемлекеттік және жекеменшік капиталға бөлу қабылданған.

Мемлекеттік капитал салымдарын кейде халықаралық аренада ресми деп те атайды. Ол мемлекеттік бюджеттен немесе халықаралық ұйымдар шешімдері бойынша шет елдерге бағытталған немесе шет елдерден қабылданатын қаржылар.

Түрлері бойынша - бұл мемлекеттік қарыздар, несиелер, гранттар (сыйлар), көмек болып бөлінеді. Олардың қозғалысы үкіметаралық келісімдер арқылы шешіледі. Бұған халықаралық ұйымдардың (мысалға ХВҚ (МВФ) несиелері мен басқадай қаржылары жатады. Бірақ қандай жағдайда да бұл салық төлеушілердің ақшалары болып табылады.

Мемлекеттік капитал көбінесе қарыз түрінде шығарылады. Бірақ басқа қарыз капиталдары сияқты елде артық капиталдың болуынан емес, мемлекеттік бюджетте артық қаржылар жоқ, ол саяси сипатта болып, қарыз берушілерге пайызды алу арқылы жоғары табысты қамтамасыз етеді.

Жекеменшік капитал - бұл мемлекеттік емес көздерден алынып, жеке тұлғалардың шет елге орналастырылатын немесе шет елден қабылданатын қаржылары.

Бұған инвестициялар, сауда несиелері, банкаралық несиелеу кіреді. Олар тікелей мемлекеттік бюджетпен байланысты болмаса да, олардың қозғалысын үкімет қадағалап, өз уәкілдігі шеңберінде бақылап, реттей алады. Тәжірибеде мемлекеттік қаржыларды жеке-меншік инвестицияларға айналдырудың көп түрлі амалы бар.

Мерзімі бойынша шет ел капитал салымдары: кысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзак мерзімді болып бөлінеді. Соңғыларына 5 жылдан асатын салымдар кіреді. Бұл топқа ең маңызды капитал салымдары жатады. Өйткені ұзақ мерзімді капитал салымдарына кәсіпкерлік капиталдың тікелей және портфелді инвестициялары (көбінесе жеке меншік), қарыз капиталы (мемлекеттік және жеке меншік несиелер) кіреді.

Пайдалану мақсаты бойынша шет елдік салымдар кәсіпкерлік және қарыз болып бөлінеді.

Соңғылары қаржыларды пайыз түріндегі пайда алу мақсатында қарыз беру болып табылады. Бұл сферада мемлекеттік және жеке меншік көздерінен шыққан капиталдар әрекет етеді.

Кәсіпкерлік инвестициялар тікелей немесе жанама түрде өндіріске салынып, дивиденд түрінде пайда алудың қандай да бір бөлігін анықтау құқымен байланысты болады.

3.Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы. Мақсатына байланысты кәсіпкерлік капитал салымдар тікелей және портфельді болып бөлінеді. Алғашқылары, ұзақ мерзімдегі мүддеге байланысты болып, меншік құқығы мен басқарудағы құқықтарына ие болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоғарырақ пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады. Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:

- өзі үшін қалыпты рынокты қамтамасыз ету немесе үшінші

елдер рыногына шығудың бастамасы;

- әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі рынокты құру;

- аймақтық және халықаралық деңгейдегі мемлекеттік

қатынастарға өзінің мүддесін қосу;

Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері болып;

- шет елде кәсіпорындар, оның ішінде филиалдар мен (тәуелді)

кәсіпорындарды құру;

- контаркт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;

- табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;

- елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу (захват)

болып табылады.

Тікелей инвестициялар әлемдік рынокта халықаралық корпорациялардың үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. Бұл жағдай көбінесе шетелдік инвесторда компанияның акционерлік капиталының 25-нен аз емес бөлігі болғанда жүзеге асады. АҚШ, ГФР, Жапония статистикасы бойынша, тікелей инвестицияларға, акционерлік капиталдың 10 жоғары болып, кәсіпорынды бақылауға мүмкіндік беретін инвестицияларды жатқызады. П.Х.Линдерт пікірі бойынша, тікелей және портфельді инвестициялардағы айырмашылык,... ең алдымен бақылау мәселесінде.

Тікелей инвестициялар дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан көп пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы "тиімді дауысын" түсінеміз. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік капиталдағы бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға болады:

1) шет елде акциялар сатып алу;

2) пайданы қайта инвестициялау;

3) ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану.

Одан басқа да әр түрлі акционерлік емес түрлері бар. Оған: субконтрактар, басқару келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісім-шарттар, өнімді бөлісу және тағы басқалар кіреді. Шет елдік тікелей инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігі кеңею процесі, глобалды мәні бар мәселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді қажет ететінін мойындауымыз қажет.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет