Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)



жүктеу 245.14 Kb.
Дата04.09.2018
өлшемі245.14 Kb.
түріБағдарламасы

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)





Ф СО ПГУ 7.183/37

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған

Мұнай өндеу технологиясы

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар



Пәннің оқыту бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)





Ф СО ПГУ 7.18.3/38

БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

Ахметов Қ.Қ.

20 ж. « » __

Құрастырушы: аға оқытушы Тугамбаева Т.Б.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының

студенттеріне арналған

Мұнай өндеу технологиясы
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 20 ж. «__» _______ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі Жапаргазинова К.Х. 20__ж. « » ________
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20 ж. «__»_________ №__Хаттама

ОӘК төрағасы Р.Ж. Нургожин 20_ж. «__»___________



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Тугамбаева Токжан Бабатайқызы – аға оқытушы (дәріс); Туртубаева Меруерт Оразгалиевна – ассистент (тәж., СӨЖ.)

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы Ломов көшесі,64- ПМУ-дің бас корпусында орналасқан, аудитория № 509. Тел. (8-7182) 673651, ішкі тел.-1173
2 Пән туралы мәліметтер

Мұнай өндеу технологиясы курсы бірнеше тақырыптан турады: Мұнай, табиғи газ және көмірдің құрамы. Негізгі компоненттердің химиялық және физикалық қасиеттері. Мұнай құрамын зерттеу әдістері. Мұнайды өндірудің жалпы негіздері. Мұнайды өңдеудің екіншілік әдістері. Термиялық, термокаталитикалық, гидрогенизациялық процестердің теориялық негіздері, өнеркәсіптік орындалу тәсілдері, технологиясы.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

6

3

135

22,5

22,5










90




емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Мұнай өндеу технологиясы пәнін оқытудың мақсаты келесі түсініктерді қалыптастыру үшін қажет:



  • мұнайды өңдеудің екіншілік процестері, олардың дамуының негізгі бағыттары;

  • екіншілік процестердің мұнай өңдеу технологиясындағы алатын орыны мен міндеттері;

  • термиялық және темокаталитикалық процестердің физика-химиялық негіздері, химизмі, кинетикасы;

  • казіргі заман талабына сай мұңай өндірісінің негізгі түсініктемелері, олардың физика-химиялық заңдылықтары,

  • технологиялық схемалармен, аппаратуралық безендірілумен таныстыру және көрнекі-практикалық козқарас қалыптастыру.

Мұнай өндеу технологиясы пәнінің оқу міндеттері:

- мұнай шикізатын екіншілік өндеудің негізгі әдістері;

- термиялық және термокаталитикалық процестерді;

- өндірілетін өнімдер құрамын, құрылысын, қасиеттері;

- мұнай өндеу технологиясындағы физика-химиялық құбылыстарын білуді игеру.


5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

- білу қажет:

- мұнайды өңдеудің екіншілік процестерінің теориялық негіздерін;

- термиялық процестердің теориялық негіздерін, өнеркәсіптік орындалуын; технологиясын, аппаратуралық безендірілуін;

- термокаталитикалық лық процестердің теориялық негіздерін, өнеркәсіптік орындалуын;

- гидрогенизациялық процестердің теориялық негіздерін, өнеркәсіптік орындалуын; технологиясын, аппаратуралық безендірілуін.


орындай білуі қажет:

- мұнай өңдеудің екіншілік процестерінің технологиясын құрастыруды;

- термиялық процестерді орындауға қажетті жабдықтауларды есептеуді;

- термокаталитикалық процестерді орындауға қажетті жабдықтауларды есептеуді;

- гидрогенизациялық процестерді орындауға қажетті жабдықтауларды есептеуді;

- катализаторды таңдауды;

- процестердің материалдық және жылу баланстарын орындауды.
6Пререквизиттер

Пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы, жалпы химиялық технология, химиялық өндірістердің негізгі процестері мен аппараттары, органикалық заттардың химиясы мен физикасы, органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері. .


7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: химико-технологиялық өндіріс пен қауіпсіздік негіздері, жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары,курстық жобалаулар, өндірістік іс тәжірибе, дипломдық жобалау.


8 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптар аталуы

Сағат саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ




Кіріспе

1

-

10

1

Көмірсутекті шикізаттарды өндеудің екіншілік процестері

6

6

25

2

Термиялық процестер

5

5

25

3

Термокаталитикалық процестер

5

6

25

4

Гидрогенизациялық процесстер

5,5

5,5

20




Курс бойынша барлығы

22,5

22,5

105




Барлығы (3 кредит)

135сағат

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Мұнай мен газды өндеу технологиясы пәнінің негізгі түсініктері. Мұнай құрамының жалпы заңдылықтары. Мұнайдың химиялық құрамын зерттеудің қағидалары мен тағайындалуы. Мұнайды жеке компоненттерге және фракцияларға бөлу әдістері. Мұнайды екіншілік өндеу әдістерінің классификациясы мен сипаттамалары. Технологиялық ерекшеліктері


10 Курс компоненттері

10.1 Теориялық курстың мазмұны

Кіріспе

Мұнай өңдеудің даму тарихы. Мұнай шикізатын өңдеудің екіншілік процестерінің жалпы сипаттамасы және типтері. Екіншілік процестердің өнеркәсіптік маңызы және даму перспективалары.



Тақырып 1 Көмірсутекті шикізаттарды өндеудің екіншілік процестері

Мұнай шикізатын өңдеудің деструктивтік процестерінің технологияларының ерекшеліктері. Өзгеріске ұшырамаған шикізатты рециркуляциялау.Типтік термиялық және термокаталитикалық процестердің аппаратуралық безендірілу ерекшеліктері. Реакторлардың құрылысының жалпы принциптері. Термокаталитикалық реакторлардың жұмысының негізгі параметрлері. Өнімдерді погондарға бөлу аппаратурасы.



Тақырып 2 Термиялық процестер

Мұнай шикізатын термиялық крекинглеудің теориялық негіздері. Термиялық крекинг термодинамикасының негіздері. Термиялық өзгерістердің химизмі мен механизмінің негіздері. Термиялық процестердің кинетикасының негіздері. Мұнай шикізатының термиялық өзгерулерінің өнеркәсіптік процестерінің негізгі факторлары. Термиялық крекинг өнімдерінің жалпы қасиеттері. Термиялық крекингтің өнеркәсіптік процестері. Қысым астындағы термиялық крекинг. Ауыр мұнай шикізатын кокстеу. Мұнай шикізатын пиролиздеу. Процестің теориялық негіздері. Процестің өнеркәсіптік безендірілуі.



Тақырып 3 Термокаталитикалық процестер

Каталитикалық крекинг. Крекингтің алюмосиликатты катализаторлары. Каталитикалық крекингтің механизмі және кинетикасы. Өнеркәсіптік процестің негізгі факторлары. Каталитикалық крекингтің өнеркәсіптік қондырғылары. Каталитикалық крекинг өнімдерінің сапасы.

Каталитикалық риформинг. Каталитикалық риформингтің өнеркәсіптік қондырғылары. Риформингтің сұйық өнімдерін бөлу. Жеңіл н-парафиндерді каталитикалық изомерлеу. Процестің негізгі параметрлері. Қондырғының технологиялық схемасы.

Тақырып 4 Гидрогенизациялық процестер.

Процестердің жалпы сипаттамасы және қысқвшв тарихы. Дистилляттарды гидротазарту. Гидротазартудың өнеркәсіптік қондырғылары. Мұнай қалдықтарын гидрокүкіртсіздендіру. Гидротазарту мен гидрокүкіртсіздендіру катализаторларын регенерациялау. Мұнай шикізатын гидрокрекинглеу. Процестің жалпы сипаттамасы. Өнеркәсіптік орындалуы.


10.2 Тәжірибелік сабақтардың тізімі

1) Тақырып 1 Көмірсутекті шикізаттарды өндеудің екіншілік процестері

Екіншілік процестер түрлері. Негізгі физика-химиялық параметрлер, оларды есептеу ерекшеліктері. Материалдық жылу баластарын есептеу алгоритмдерін құрастыру

2) Тақырып 2 Термиялық процестер.

Термиялық крекинг процесінің технологиялық есептеуін орындау. Процестің жылу балансы есептеу. Реактордың конструктивтік есептеу ерекшеліктерін игеру.

3) Тақырып 3 Термокаталитикалық процестер.

Катализаторды регенерациялау кезінде коксты жандыру процесін есептеу. Регенераторлардың жылу баланстарын есептеу. Реакторлардың жылу балансын есептеу. Шикізатты жылыту температурасын және реакция аймақтары бойынша температураны есептеу.

4) Тақырып 4 Гидрогенизациялық процесстер

Гидротазарту және гидрокүкіртсіздендіру қондырғыларын таңдау, оларды есмептеу. Материалдық және жылу баланстарын құрастыру. Конструктивтік есептеулер орындау
10.3 Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны

10.3.1 СӨЖ түрлерінің мазмұны




СӨЖ түрлері

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабақтарға дайындалу




Сабақтарға қатысу

15

2

Практикалық сабақтарға дайындалу, есептер шығару, үй тапсырмаларын істеу

Жұмыс дәптері

Сабақтарға қатысу

12

3

Аудиториялық сабақтарға кірмеген материалдармен танысу

конспект

Коллоквиум, сұрақтар

58

4

Бақылау шараларға дайындалу




Межелік бақылау

5

5

Барлығы







90


10.3.2 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

1. Мұнай және мұнайөнімдерінің классификациясы

2. Мұнайдың элементті және топтық құрамы

3. Мұнайдың химиялық және технологиялық жіктелуі

4. Мұнай кенішінде мұнайды жинау, сусыздандыру және тұзсыздандыру

5. Мұнайды сорттау. Жеңіл фракциялардың жоғалуымен күрес

6. Көмірсутекті шикізаттарды өндеудің екіншілік процестерінің классификациясы

7. Термиялық процестер, классификациясы және мақсаты

8. Термокаталитикалық процестер, классификациясы және негізгі мақсаттары

9. Термокаталикалық процестерде қолданылатын катализаторлар. Түрлері

10. Жоғары тиімді катализаторлар қолдану перспективалары

11. Катализаторларды регенерациялау ерекшеліктері. Жаңа тәсілдер.

12. Мұнайды екіншілік өңдеу қондырғыларының негізгі аппаратарының түрлері

13. Мұнайды екіншілік өңдеу қондырғыларының негізгі аппаратарының конструкциялары

14. Гидротазарту қондырғыларының түрлері

15. Гидрокүкіртсіздендіру қондырғыларының түрлері


10.3.3 Оқытушының қатысуымен студенттің өздік жұмысының мазмұны

1. Мұнай өндеу және мұнайхимия өндірістерінің даму тарихы

2. ҚР және ТМД елдері отын-энергетикалық баланс

3. ҚР мен шет елдердегі негізгі мұнай кен орындары

5. Мұнай және мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін есептеу жолдарымен анықтау

6. Мұнайды айдаудың материалдық балансын құрастыру

7.Термиялық процестердің технологиялық шарттары және олардың материалдық балансы

8. Термокаталитикалық процестердің технологиялық шарттары және олардың технологиялық есептеулері.

9. Термокаталитикалық процестердегі катализатор қабатын есептеу алгоритмдерін анықтау

10. Катализатор қабатының орналасу ерекшеліктері бойынша есептеулер орындау


11 Курстың саясаты

Дәріс және, тәжірибелік сабақтарына міндетті түрде қатысу қажет. Сабақтың басында қатысқандарың белгіленеді, кешіккен үшін 0,5 ұпайдан айырыласыңдар.

Сабаққа қатысқандарға қойылатын талаптар:


  1. Сабаққа белсенді қатысу.

  2. Аудиторияға сыртқы киіммен кірмеу.

  3. Дәріс барысында басқа жұмыс пен айналыспау, ұялы телефонды өшіріп тастау.

  4. Белгісіз себептер мен қатыспаған ұшін – 0 ұпай. Егер науқас болсаңыз немесе басқа да себепкер жағдайларда, керекті құжатыңыз болса жоспарланған ұпайларыңыз сақталады. Бірақ босатылған сабақтардың тапсырмаларын оқытушы белгіленген күні келіп орындасыз.

  5. Тапсырмалар бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша орындалады. Тапсырмаларды кешігіп орындағанда, жинаған ұпайларыңыз жартысына кемітіледі.

  6. Емтиханға тек қана барлық тақырыптардан берілген тапсырмаларды орындап тапсырған студенттер жіберіледі.

Соңғы қорытынды баға төмендегідей негіздер бойынша қойылады:

1. сабаққа қатысу және дәріс конспектісін тексеру.

2. дәріс, практикалық, өздік жұмыстарға белсенді қатысып, жауап беру, мезгілінде тапсыру

3. білімді ағынды, межелік бақылау бойынша тексеру.

4 . емтиханның бағасы.

Білімді бағалау баллдық-рейтингті жүйемен жүргізіледі, күнтізбелік шаралар бойынша студент өз бағасын өзі шығарып алады. Өзіңе керекті балл жинау үшін студент барлық сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер осы айтылған жағдайлар жасалмаса студент семестрдың соңында, өткен тақырыптардың барлығын айтуға тиіс, сонда ғана барып сынаққа жіберіледі.

Емтихан комбинирленген түрде қабылданады, ягни алдымен тест тапсырып, содан кейін ауызша билет түрінде алынады. Билет 2 сұрақтан тұрады. Тест нұсқауы 30 сұрақтан турады. Емтихан бөліктерінің үлестері: тест-60%, ауызша жауап-40 %.

Семестр бойы білімді бақылау жүргізіледі.


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1. Суербаев Х.А. Мұнай газ ісінің негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 235б.

2. Серіков Т.П., Ахметов С.А. Мұнай мен газды терең өндеу технологиясы. 1-3 томдары. – Атырау: АМГИ. 2005. – 526б.

3. Қайырбеков Ж.Қ., Әубәкіров Е.А., Мылтықбаева Ж.К. Жалпы химиялық технология. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 244 б.

4. Суербаев Х.А., Абызбекова Г.М. Мұнай өндеудің термиялық процестері. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 92 б.

Қосымша әдебиет

5. Рябов Н.Н. Химия нефти и газа. – М: Наука. 2009. – 434с.

6. Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа. – М.: Высшая школа, 2001. – 432с.

7. Лебедев Н.Н. Теория химических процессов основного органического и нефтехимического синтеза. – М.: Химия, 1992. – 361с.

8. Технология переработки нефти. Ч.1. Первичная переработка нефти. /под. ред. О.Ф. Глаголевой, В.М. Капустина. – М.: Химия, КолосС, 2005. – 400с.


  1. Технология переработки нефти. Ч.2. Деструктивные процессы. /под. ред. О.Ф. Глаголевой, В.М. Капустина. – М.: КолосС, 2008. – 334с.

  2. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. – Уфа.: Гилем, 2002. – 672с.

  3. Альбом технологических схем процессов переработки нефти и газа. /Под. ред. Б.И. Бондаренко. – М.: РГУ им. Губкина, 2003. – 203с.

12. Галимов Ж.Ф., Газизов М.Х. Расчеты реакторов и регенераторов установок каталитического крекинга. Уфа.: УГНТУ, 2003. – 51с.

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Мұнай өңдеу технологиясы» пәні бойынша 5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған



Бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг

Барлығы

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

МБ




апта бойынша, максимал баллы:

5

11

21

11

5

31

5

11

100

200

Дәрістерге қатысу, дайындалу

СӨЖ түрі




Қ




Қ




Қ




Қ







Бақылау түрі




К




К




К




К







Максимал балл




6




6




6




6




24

Практикалық сабақтарға дайындалу орындау

СӨЖ түрі

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ







Бақылау түрі

К

К

К

К

К

К

К

К







Максимал балл

5

5

5

5

5

5

5

5




40

Қосымша материалды дайындау, игеру

СӨЖ түрі







Т1







Т2













Бақылау түрі







К







К













Максимал балл







16







20










36

Курс тақырыптары бойынша межелік бақылау




100




2 рейтинг

Барлығы

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

МБ




апта бойынша, максимал баллы:

5

13

25

13

25

14

5

100

200

Дәрістерге қатысу, дайындалу

СӨЖ түрі




Қ




Қ




Қ










Бақылау түрі




К




К




К










Максимал балл




8




8




9







25

Практикалық сабақтарға дайындалу орындау

СӨЖ түрі

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ







Бақылау түрі

К

К

К

К

К

К

К







Максимал балл

5

5

5

5

5

5

5




35

Қосымша материалды дайындау, игеру

СӨЖ түрі







Т3




Т4













Бақылау түрі







К




К













Максимал балл







20




20










40

Курс тақырыптары бойынша межелік бақылау






















100




Ескерту: К-конспект; Қ-қатысу; ЕШ-есеп шығару; ; МБ- межелік бақылау
Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «___»________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі Жапаргазинова К.Х. 20__ж. «___» _________
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет