Түнгі клубта билеген орамалдағы қыздың әрекеті Махачкалада жаппай төбелеске себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Gor Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Түнгі клубқа келушілердің бірі – Ирасхан есімді азамат хиджабтағы қыздың билеп жүргенін көріп, оның күйеуіне ескерту жасайды. Алайда келушілер оның ескертуін елемеген.
Орамалдағы қыздың бұл әрекетін ұнатпаған ер адам сол жерде үш адамды пышақтап тастаған.
- Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар арасында төбелес болды (видео)
- Жамбыл облысында әскерилер жергілікті тұрғындарды соққыға жыққан
“Даяшылар музыканың қатты дауысынан төбелес болып жатқанын байқамаған. Жанжалды дер кезінде тоқтатпағандықтан, екі адам ауруханаға жеткізілді. Ирасхан есімді азамат ұсталды”, – делінген Telegram арнадағы хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Семейде бір топ адам мейрамхана маңында жаппай төбелескені туралы хабарлаған едік.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.