Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



жүктеу 193.78 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі193.78 Kb.
түріБағдарламасы




Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)

титулдық парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машинажасау және көлік факультеті
«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы

5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандықтар студенттеріне арналған


Теориялық механика
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар




Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ММжКФ деканы

__________Т.Т. Тоқтағанов

201_ж. «___»____________



Құрастырушы: т.ғ.к., профессор М. Қ. Алтыбасаров _______________

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы
5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандықтарының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған
«Теориялық механика»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «__» ________ кафедра отырысында ұсынылған №___ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ Ә. Х. Мустафин 20___ж. «___» _________
ММжКФ оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20___ж. «___» __________ №___ хаттама


ОӘК төрағасы __________ Ж. Е. Ахметов 20___ж. «___» _________
Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

А.Ж.Т. Алтыбасаров Мейрам Курманович

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі т.ғ.к., профессор

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы Б-1 корпусында (ак.Чокин 139 к-сі), Б-215 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673633 (+1203).
Пән туралы мәліметтер

Пән үшінші семестре 15 апта ұзақтықпең беріледі. Пәнінең жалпы көлемі 90 сағат.


Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

3

2

30

15

15










60

30

Емтихан


Пәннің мақсаты және тапсырмасы
Пәнді оқыту мақсаты

Теориялық механиканың оқу мақсаты – техникалық мамандықтарда оқитын студенттердің инженерлік ой- өрісінің негіздерін қалыптастыру. Өйткені теориялық механикада оқу жоспарында көрсетілген барлық меха- никалық циклдағы пәндердің ғылыми негізі болып табылатын механикаық қозғалыстың және механикалық өзара негізгі заңдылықтары оқылады. Сонымен қатар теориялық механиканың кағидалары профильді және арнаы пәндерді оқығанда қолданылады.


Пәннің міндеттері

Теориялық механиканы оқығаннан кейін, студент:



  • механиканың негізгі ұғымдарын (күш, теңәсерлі күш, күштің моменті, масса, механиканың моделдері) және олардың анықтамаларын;

  • нүктенің және дененің қозғалыс параметрлерін (жылдамдық, үдеу, бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу,траектория) және олардың анықтамаларын;

  • күштер жүйесін бас векторға және бас моментке келтіруін;

  • тепе - теіңдік заңдарын;

  • қозғалыс заңдарын

білуге тиіс

Теориялық механиканы оқығаннан кейін студент теориялық білімін:



  • тепе-теңдіктің;

  • нүкте және дене кинематикасының;

  • материялық нүкте және механикалық жүйелердің мәселелерін қарастыратын есептерді шығаруға қолдана білу керек

Сонымен қатар студент:

  • оқулықтармен және ғылыми әдебиетпен өз бетімен жұмыс істей білуде;

  • есептеу-графикалық жұмыстың тапсырмаларын өз бетімен орындауда, үйге берген тапсырмаларды өз бетімен шығаруға қабылетті болуды үйренуге тиісті


Пререквизиттер

  • Теориялық механиканың оқу базасы болып Элементарлы және Жоғарғы математика, Физика, Инженерлік графика пәндері табылады.


Тақырыптық жоспар


п ⁄ п


Тақырыптардың аттары

Сағат. мөлшері

Дәріс

Пр.cаб

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

0,5

0

0

2

Статика. Статиканың аксиомалары. Байланыстар реaкциялары.

1

0

1

3

Түйіскен күштер жүйесі

0,5

1

1

4

Күш моментінің теориясы. Қос күштер

0,5

0

2

5

Кез келген күштер жүйесін берілген центрге келтіру

0,5

0

1

6

Жазық күштер жүйесінің тепе-теңдігі

0,5

2

6

7

Кеңістіктегі күштер жүйесінің тепе-теңдігі

0,5

1

1

8

Үйкеліс күштері

0

0

2

9

Кез келген күштер жүйесін берілген центрге келтіргенде дербес жағдайлар

0

0

2

10

Ауырлық центрі

0

0

2




Статикадан бәрі

4

4

18

11

Кинематика. Нүкте кинематикасы. Нүкте қозғалыстарының берілу түрлері

0,5

0

0

12

Қозғалысы векторлық және координаталық түрде берілген нүктенің жылдамдығын және үдеуін анықтау

0,5

1

2

13

Нүктенің үдеу векторын жанама және нормаль үдеулерге жіктеу Нүкте қозғалыстарын классификацилау

1

1

3

14


Қатты дененің кинематикасы. Ілгерілемелі қозғалыс. Айналмалы қозғалыс. Айналмалы қозғалыстағы дене нүктесінің жылдамдығы және үдеуі

1

1

2


15

Дененің жазық-параллель (жазық) қозғалысы. Жазық қозғалыстағы дене нүктесінің жылдамдық және үдеу векторлары

1

0

1


16

Жылдамдықтар лездік центрі. Жазық қозғалыстағы дене нүктесінің жыдамдығын және үдеуін табу

1

2

7

17

Дененің сфералық және еркін қозғалыстары

0

0

2

18

Нүктенің күрделі қозғалысы

0,5

0

4

19

Дененің күрделі қозғалысы. Редукторды есептеу.

0,5

0,5

1




Кинематикадан бәрі

6

5,5

22

20

Нүктенің динамикасы. Нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері.

0,5

1,5

3


21

Материалық нүктелер жүйесінің динамикасы. Жүйенің массалар центрі. Сырқы және ішкі күштер.

0,5

0,5

0


22

Дененің кинетикалық энергиясы.Денеге түскен күштің жұмысы.

1

0

1


23

Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема.

1

2

9

24

Қозғалу мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Жүйенің массалар центрінің қозғалысы туралы теорема.

0,5

0,5

3


25

Қозғалу мөлшері моментінің өзгеруі туралы теорема. Айналмалы қозғалыстағы дененің динамикасы.

1,5

1

4





Динамикадан бәрі

5

5,5

20




Қортындысында

15

15

60

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Теориялық механика ғылымның күнделікті табиғаттың құбылыстарын және техникада байкауға болатын, қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық козгалыстын жалпы зандылықтарын зерттейтін саласы. Сондықтан теориялық механиканың корытындылары табиғаттанудың және техниканың көптеген салаларында қолданылады. Ол жалпы инженерлік пәндердін ғылыми негізі, мысалы, машиналар мен механизмдер теориясы, материалдар кедергісі, гидравлика және т.б.



Курс компоненттері
Пәннің мазмұны

1. Кіріспе

2. Статика. Статиканың аксиомалары. Байланыстар реaкциялары.

3. Түйіскен күштер жүйесі

4. Моменттердің теориясы. Қос күш. Қос күштердің қасиеттері

5. Күштер жүйесін берілген центрге келтіру. Жүйенің бас векторы және бас моменті

6. Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдігі.Тепе-теңдік теңдеулері

7. Кеңістіктегі күштер жүйесінің тепе-теңдігі

8. Күштер жүйесән бір центрге келтіргендегі дербес жағдайлар

9. Сырғанау үйкеліс күші. Доңғалау үйкеліс күші

10. Ауырлық центрі.Қарапайым фигуралардың ауырлық центрі.Теріс таң- балы аудандар әдісі

11. КИНЕМАТИКА. Нүкте қозғалыстарының берілу түрлері

12. Қозғалысы векторлық түрде берілген нүктенің жылдамдық және үдеу векторлары.Қозғалысы координаталық түрде берілген нүктенің жылдамдығы және үдеуі

13. Нүктенің үдеу векторын жанама және нормаль үдеулерге жіктеу.Нүкте қозғалыстарын классификациялау

14. Қатты дененің кинематикасы. Ілгерілемелі қозғалыс. Ілгерілемелі қозғалыстағыдене нүктелерінің траекториялары, жылдамдықтары, үдеулері ту- ралы теорема. Дененің айналмалы қозғалысы. Дененің бұрыштық жылдам- дығы және бұрыштық үдеуі. Айналып тұрған дене нүктесінің жылдамды- ғы және үдеуі. Айналып тұрған дене нүктесінің жылдамдық және үдеу век- торлары

15. Дененің жазық-параллель қозғалысы.Жазық қозғалыстағы дене нүктесінің жылдамдық және үдеу векторлары

16. Жазық қозғалыстағы дененің жыдамдықтар лездік центрі (ЖЛЦ). ЖЛЦ- ні табу әдістері. ЖЛЦ арқылынүктенің жылдамдықтарын табу

17. Дененің сфералық және еркін қозғалысы.

18. Нүктенің күрделі қозғалысы. Салыстырмалы, тасымал және абсолют қозғалыстар. Жылдамдықтарды қосу және үдеулерді қосу теоремалары

19. Дененің күрделі қозғалысы. Редуктордлар. Виллис әдісімен есептеу

20. ДИНАМИКА.Динамиканың аксиомалары. Нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері. Сызықты тербеліс

21. Материялық нүктелер жүйесі. Жүйенің массалар центрі. Сыртқы және ішкі цүштер. Жүйенің жалпы теоремалары.

22. Қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы. Өске қатысты дененің инерция моменті. Денеге түскен күштіңжұмысы.

23. Жүйенің кинетикалық энергиясының өзгерісі туралы теорема

24. Қозғалыс мөлшерінің өзгерісі туралы және массалар центрінің қозғалысы туралы теоремалар. Салдарлары

25. Қозғалыс мөлшері моментінің өзгерісі туралы теорема. Салдарлары. дененің айналмалы қозғалысының дифференциалдық теңдеуі



Жаттығу бөлімінің мазмұны
Жаттығу сабақтарының мақсаты дәрістік сабақтарда алынған білімдерді нығайту, тереңдету және кеңейту; есептерді шығару дағдысын студенттерге дарыту және машықтандыру.

3 тақырып. Түйіскен күштер жүйесінің тепе-теңдігі.

6 тақырып. Жазықтықтағы күштер жүйесінің тепе-теңдігі.

7 тақырып. Кеңістіктегі күштер жүйесінің тепе-теңдігі.

12,13тақырыптар. Қозғалысы әр түрде берілген нүктенің жылдамдығын табу. Нүктенің үд- еуін табу. Жанама және нормаль үдеулер.

14 тақырып. Айналмалы қозғалыстағы дененің бұрыштық жылдамдығын, бұрыштық үдеуін және оның нүктелерінің жылдамдығын, үдеуін табу.

15 тақырып. Жазық-параллель қозғалыстағы дене нүктесінің жылдамдығын табу.

16 тақырып. Жазық-параллель қозғалыстағы дене нүктесінің жылдамдығын және үдеуін табу.

19 тақырып. Редукторлар. Виллистің әдісімен есептеу

20 тақырып. Материялық нүктенің дифференциалдық теңдеулерін құрып оларды шешу

23 тақырып. Жүйенің кинетикалық энергиясының өзгерісі туралы теорема.

24 тақырып. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің өзгерісі және массалар центрінің қозғалысы туралы теоремалар. Олардың салдарлары.

25 тақырып. Жүйенің кинетикалық моменті туралы теорема.Оның салдарлары.

Студенттің өздік жұмысының тізімі

СӨЖ мақсаты студенттердің өздігінен курстың жеке тарауларын және белгілі көлемдегі үй жұмысын орындау.




СӨЖ-дің түрі


Есеп беру формасы

Бақылау түрі


Сағаттар көлемі

1
Дәріс сабақтарына дай-ындалу

конспект
Сабақтарға қатысу

9

2

Практикалық сабақтарға дайындалу

жұмыс дәптері
Сабақтарға қатысу

8

3
Аудиториялық сабақ тарға кірмей қалған тақырыптарды өз бетімен игеру

конспект

Конспекттерді тек-серу және сұрау

11


4

Үйге берілген тапсырманыны лоындау

Олар бойынша есеп беру

Тапсырмаларды қорғау

12

5

Бақылау іс шаралары- на дайындалу




Бақылаудың нәти-желері

9

6
ОСӨЖ

жұмыс дәптері
Сабақтарға қатысу

11



Барлығы







60


Студенттердің өздігінен оқуына арналған тақырыптар


  1. Қос кұштердің қасиеттерін дәлелдеу. [1] 177-184 беттер

  2. Кез келген күштер жүйесін берілген центрге келтірудегі дербес жағдай лар. [1] 222-226 беттер

  3. Үйкеліс күштері. [1] 208-212, 214-215 беттер

  4. Ауырлық центрі. [1] 240-248 беттер

  5. Дененің сфералық қозғалысы. [1] 106-110 беттер

  6. Материялық нүктерің өшпелі тербелісі. [1] 306-309 беттер

Өздік жұмыс
Өздік жұмысының мақсаты - теориялық білімді бекіту, типтік есептерді шығару.

3 өздік жұмыс орындау қарастырылған.

1) Конструкциялардың тепе-тендік күйде тіректердің реакцияларын табу

2)Жазық механизмді кинематикалық талдау

3)Кинетикалық энергияның өзгерісі туралы теореманы механикалық жүйенің қозғалысык қарастыруға қолдану

Салмақтың бөлшектерді бақылаудың түрлер бойынша тарату




п/п

Ақырғы бақылаудың түрі

Бақылаудың түрлері

Жүк салмағы

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Үлгірімнің ағымдағы бақылауы

0,6



Курстың саясаты

Студенттердің міндеттері: ұдайы сабаққа қатысу, пән бойынша тапсырмаларды өткізу кестесінің талаптарын орындау, кітапханада және интернет залында әдебиетпен өздегінен жұмыс істей білу.

Оқытушылар студенттермен бірігіп жұмыс істей үрдісінде келесі ережелерге сүйенуі қажет:

1. Оқытушы мен студент бір-біріне сыйласымды, сыпайы және мейірімді болу керек.

2. Сабақтарда белсенді болыңыз. Оқытушыға сұрақтар қойыңыз. Сабаққа қатысу жеткілікті емес. Материалды толық меңгере білу керек.

3. Оқытушы студентпен творчестволық түрде жұмыс істеуге міндетті. Студент мұғаліммен қарым-қатынаста болуға міндетті және орындалатын практикалық, өздік жұмыстар бойынша консультация алуға міндетті.

4. Қате жібергенге ұялмаңыз. Кім еш нәрсе істемейді, сол қателеспейді.

5. Барлығын түсінген адам сияқты түр жасамаңыз. Түсінуге тырысыңыз.

6. Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Егер сіз үш және одан да көп сабақты себепсіз босатсаңыз (себебі құжат бойынша бекітілуі керек), онда оқытушы сізден деканаттың сабаққа рұқсат қағазын талап етуге құқылы. Есіңізде болсын: сабаққа қатысу қорытынды баңаңа әсер етеді.

7. Өз уақытында практикалық, өзіндік жұмыстардың кестесі бойынша есептесіп отыру қажет. Бұл қорытынды бағаға әсер етеді. Аяқталмаған есептесулер және өздік жұмыстар есептелмейді. Әр жұмыстың өз уақытында және толық көллемде орындалған тапсырмаларына жоғары балл қойылу ұйғарылғанды.

Марапаттық баллдар 0,2 ÷ 2 балл:

- творчествалы тұрғыдан келгені үшін;

- оқу үрдісіне белсенді қатысқаны үшін;

- студенттік конференцияға қатысқаны үшін;

Айып балдары 0,2 ÷ 2 балл, жалпы саннан төмендегі жағдайда шегеріледі (азайтылады):

- материалдарды өз уақытында көрсетпегені үшін;

- жұмысты сапасыз орындағанда;

- сабақты жібергенде;

- сабаққа кешіккенде

Студенттердің өзінің қатысуынсыз бақылау жүргізілмейді.

8. Аудиториялық сабақтарға кешігуге 5 минутқа дейін рұқсат етіледі, басқа жағдайда студентке сабаққа кіруге рұқсат етілмейді. Объективті себептер болса оқытушыны алдын-ала ескерту керек. Ұдайы сабақ босату-жақсылыққа әкелмейді. Ол студенттің сабаққа деген қатынасын сипаттайды.

9. Этика бойынша оқытушы сөйлеп тұрғанда дауыс шығарып сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін студент аудиториядан қуылады. Сабақ кезінде басқа тақырыпқа әңгімелесуге болмайды.

10. Сіздің міндетіңіз сабаққа дайын болып келу. Бар әдебиетті пайдаланыңыз, өз уақытында кітапханадан әдебиетті алыңыз.

11. Ішкі тәртіп ережесі орындалуы тиіс.

12. Басқа біреудің жұмысын көшіріп алуға үзілді-кесілді тиым салынады

13. Мүмкіндігінше консультацияға қатысу.

14. Сабақ кесінде сот.телефондар ажыратылған болу керек.

15. Кесте бойынша тапсырылмаған практикалық және өздік жұмыстар оқудың меңгеру сапасын төмендетеді. Студенттердің күнделікті еңбекке ізденушілікке тәрбиелеу үшін олардың сапалы жұмысын - өз уақытында (дер кезінде) рейтинг картасы бойынша бағалау оқытушылар үшін өте қажет.




Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Теориялық механика Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Алматы Ғылым 2002ж

  1. Теориялық механиканың есептері Жолдасбеков Ө.А.,АхметовА.С. Алматы Ғылым 2003ж.
2 Сборник заданий для курсовых работ по теоретической механике под редакцией Яблонского А.А. Москва Высшая школа 1989г.
3 Механика Дүзелбаев С.Т. Павлодар С.Торайғыров атындағы ПМУ 2005ж


Қосымша

4 Курс теоретической механики Добронравов А.А. Москва Наука 1984г.
5 Сборник коротких задач по теоретической механике под редакцией Кепе О. Э. Москва Высшая школа 1989г.

7 Теоретическая механика в примерах и задачах БатьМ.И. и др. т.1-1984г. т.2-1985г.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет