Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC тұжырымындағы ең үздік турнирлердің бірі саналатын 299 кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Асу Алмабаевтың инстапарақшасынан

Асу Алмабаев UFC тұжырымындағы екінші жекпе-жегін жылдың ең үздік турнирі саналатын UFC 299 турнирінде өткізеді. "Зүлфикар” лақап атымен танылған спортшы 10 наурызда Майамиде өтетін турнирде америкалық Си Джей Вергараға (12-4-1) қарсы жұдырықтасады. Бұл турнирде Петр Ян, Дастин Порье, Гилберт Бернс, Шон О, Моллей сынды атақты спортшылар өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, Асу Алмабаев шаршы алаңда 20 жекпе-жек өткізіп, 18-інде жеңіске жетсе, 2 рет қарсыласына есе жіберген. Ол UFC-дегі дебюттік кездесуін 2023 жылдың тамызында өткізіп, Оди Осборнды 2 раундта жеңген еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.