Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Алматыда Қайрат шағын ауданының тұрғындары үйлеріне іргелес салынып жатқан құрылыс компаниясына наразылығын білдірді. Айтуыларынша мердігер жоғары кернеулі электр желісін жер астындағы кәріз құбырының бойымен тартқан. Ал бұл тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сюжеттен скриншот

Жангүл Нөпірова Қайрат шағын ауданында тұрып жатқанына жеті жылдан асқан екен. Айтуынша, көршілерімен бірге берекесін алған көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы жазда басталған.

“Мынау "А-строй" компаниясы тамыз айынан бастап сала бастады. Әу бастан бізге мәселе тудырып, басқаша бір әрекет жасап жатыр. Енді әлі де бізбен бірге келісімге келмей жатыр. Талабымыз — жоғары кернеулі кабельді шығарып, электр сымдарын басқаша тәсілмен қондырсын”, – деді тұрғын.

Кешен құрылысына мұндағы бүтін бір көше үзілді-кесілді қарсы. Тұрғындар компанияны қауіпсіздік ережесін орындамай отыр деп кіналауда. Айтуларынша 10 киловольт жоғары кернеулі электр сымдары жер астымен кәріз жүйесімен қабаттастырыла жүргізілген. Егер кәрізден су кетсе тұрғындар электр тогының адамдарға қауіп төндіретінін жеткізді.

  • "Ақшадан қиналып кетті": Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

  • Бірде-бір көлік тоқтамаған: Қостанай облысында үш күн бойы далада қалған шопан қалай тірі қалғанын айтып берді

“Бізде орталық кәріз жүйесі тартылып жатыр. Қасымызда "Жас Қайрат" тұрғын үй кешені салынуда. Құрылысын "А-Строй" мекемесі жасап жатыр. Мердігері "Береке Строй Групп”, – деді Марат Милушев.

Тұрғындар мәселені аудан шенділерінен бастап, архитектор мамандарға дейін хабарлаған. 

Алматы құрылысын бақылау басқармасы "Береке Строй Групп" ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.