Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия-1» пәні



бет7/7
Дата10.03.2018
өлшемі0.91 Mb.
#20502
1   2   3   4   5   6   7
2-апта
№ 1

1. Ванадий топшасының элементтерінің қасиеттерін а) V топтың негізгі топша элементтерімен; б) титан топшасы элементтерімен; в) хром топшасы элементтерімен салыстыру керек.

2. Титан (Ш) қосылыстарының қасиеттері қандай? Мына реакциялар теңдеулерін аяқтау керек: а)TiCl3+FeCl3→… б) TiCl3+ K2Cr2O7+ НCl сұйыт. →.... в) TiCl322О→....; г) Ti2(SO4)3 +KMnO4 +H2SO4 →…

3. d –элементтер периодтық жүйеде қай топтарда және қай топшаларда орналасқан? Қай элементтердің жоғарғы тотығу дәрежесі топ номеріне сәйкес келеді, қайсыларынікі сәйкес келмейді?

№ 2
1. Мына иондардағы VO+, VO2+, VO4 3-, VO3-, VO3+, VO2-, VO2+, V4O9 2- ванадийдің тотығу дәрежелерін анықтау керек

2. Сұйытылған азот қышқылымен Pb2O3 және Pb3O4 оксидтеріне әсер етсе, екі жағдайда да PbO2 түзіледі. Бұл реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары бола ма? Реакция нәтижесінде түзілген зат бойынша Pb2O3 және Pb3O4 оксидтер құрылысы туралы қорытынды жасау керек

3. Оксотитан (IV) сульфаты мен оксоцирконий (IV) хлоридтерінің графикалық формуласын жазу керек
№ 3

1. Суық жағдайында натрий ортованадаты гидролизі кезінде пированадат түзілсе, қыздырғанда – натрий метаванадаты түзіледі. Бұл реакцияларды ионды - молекулалық түрінде жазу керек

2. Титан топшасындағы 3 металл да балқытқыш қышқылда, патша арағында, әсіресе HNO3 пен HF қоспасында ериді. Реакциялар теңдеулерін жазып, бұл жағдайларда HF функциясын көрсету керек

3. Германий, қалайы және қорғасын үшін қай тотығу дәрежесі (+2 не +4) тұрақтырақ? Қалайы (ІІ) және қорғасын (IV) қосылыстары тотықтырғыштар ма әлде тотықсыздандырғыштар ма?


№ 4

1. V2O5 оксидін оттегі қатысында NaCl тұзымен балқытқанда хлор бөлінеді және натрий ванадаты түзіледі. Реакция теңдеуін жазу керек.

2. Титан топшасы элементтерінің қайсысы НCl және сұйытылған Н2SO4 қышқылдарында ериді? Алынған қосылыстардағы металдың тотығу дәрежесі қандай?

3. Германийден қорғасынға қарай оксидтері мен гидроксидтерінің қышқыл-негіздік қасиеттері қалай өзгереді? Қалыпты жағдайдағы SnCl2 және SnCl4 қосылыстары қай классқа жататыны туралы гидролиз нәтижесі бойынша қорытынды жасау керек


№ 5

1. Сұйытылған диоксониобий (V) сульфатын қайнатса, ол гидролизге ұшырайды, реакция теңдеуін жазу керек

2. Бірдей жағдайда, қай тұздың Na2SnO2 не Na2SnO3 , Sn(NO3)2 не Pb(NO3)2 гидролиз дәрежесі жоғары? Ерітіндідегі қай ионның артық мөлшері бұл тұздардың гидролизін азайтады?

3. Титан концентрлі азот қышқылымен қалайы сияқты, сілтілер ерітіндісімен кремний сияқты әрекеттеседі, реакция теңдеулерін жазу керек

№ 6

1. Металдық қалайы қандай екі модификацияда болады? «Қалайы обасы» деген процесс не және ол қай температурада мүмкін? Ge, Sn, Pb элементтерінің ауаға, суға, қышқылдарға және сілтілерге қатынасы, теңдеулерін жазу керек



2. Ванадий топшасы элементтерінің қасиеттерін а) VА топша элементтерінің; б) титан топшасы элементтерінің; в) хром топшасы элементтерінің қасиеттерімен салыстыру керек

3. Скандийден актинийге қарай гидроксидтерінің ерігіштіктері және қышқыл-негіздік қасиеттері қалай өзгереді?


№ 7

1. Sn азот қышқылының қай концентрациясында қалайы нитраты Sn(NО3)2 ерітіндісіне және метақалайы қышқылының ақ ұнтағына айналады? Ұнтақ біраз тұрған соң қышқылда да, сілтіде де еру қабілетінен неге айырылады?

2. Егер ZrCl4 тұзына біраз (NH4)2CrO4 қосса, ақ тұнба түзіледі, ал егер оның артық мөлшерін қосса, тұнба ериді, реакция теңдеулерін жазу керек

3. Мына гидроксидтердің қайсысы көбірек негіздік қасиет көрсетеді: а) Ті(ОН)4 не Ті(ОН)3 б) Ті(ОН)4 не Zr(OH)4 ?

№ 8

1. Цирконий және гафнийдің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттеріндегі өте үлкен ұқсастықтарды қалай түсіндіруге болады?



2. Мына өзгерістерді Ti → TiO2 → Ti2O3 → TiO2 →K2TiO3 → H2TiO3 →TiOSO4 қалай жүргізеді?

3. Электрондық теңдеулерлер негізінде мына реакциялар теңдеулерін аяқтау керек: Ta + HNO3 + HF → H2[TaF7] + … ; Nb + O2 + NaOH → … .


8-апта
№ 1

1. I-ші топтың d –элементтері атомдарының жалпы сипаттамасын атомдардың электрондық құрылысы тұрғысынан түсіндіру керек. Бұл элементтер үшін электронның «құлау» эффектісін қалай түсіндіруге болады? Неге күмістің +1 тотығу дәрежесі ерекше тұрақты?

2. Сынаптың 6s2 жоғары тұрақтылықтағы электрондық конфигурациясына негізделген қандай қасиеттері мырыш пен кадмий қасиеттерінен айырмашылық көрсетеді?

3. 0,1 моль/л Na[Cu(CN)2] және K[Ag(CN)2] тұздары ерітінділеріндегі Cu+ және Ag+ иондарының концентрацияларын анықтау керек. Комплекс-иондардың [Cu(CN)2]- және [Ag(CN)2]- тұрақсыздық константалары сәйкесінше 110-24 және 110-21 сандарына тең


№ 2

1. I-ші топтың бір периодында орналасқан d –және s- элементтер атомдарының құрылысы мен радиустарын салыстырып, олардың қасиеттерінің айырмашылығын түсіндіру керек

2. Zn2+, Cd2+, Hg2+ иондарының тотықтырғыш қасиеттері а) Н+ ионымен салыстырғанда; б) осы элементтердің жай заттар ретінде тотықсыздандырғыштық қасиеттері газ тәріздес сутегімен салыстырғанда әлсізірек немесе күштірек көріне ме? Неге?

3. 1,6645 г жез сынамасын анализдегенде 1,3466 г Cu(SCN)2 және 0,0840 г SnO2 алынды. Анализденетін сынамадағы мыстың, қалайының және мырыштың массалық үлестерін санау керек.

Жауабы, % мыс-28,77; қалайы-3,98; мырыш- 67,25.

№ 3


1. Реакциялар теңдеулерімен: а) мыстың азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесуін; б) күмістің азот қышқылымен әрекеттесуін; в) алтынның «патша арағымен» әрекеттесуін көрсету керек

2. Кернеу қатарында Zn, Cd, Hg қай жерде орналасқан? Кадмий мырыш пен сынапты оларды тұздарының ерітінділерінен ығыстыра ала ма? Олардың қышқыл және сілті ерітінділеріне қатынастырын көрсету керек

3. 0,5 л ерітінді дайындауға кеткен CuSO4 ерітіндісінің молярлы концентрациясын және CuSO4 5 H2O массасын мына мәндер бойынша анықтау керек: 0,1 моль/л концентрациялы 25 мл ерітіндісі 50 мл KI ерітіндісінен (титрлеу арқылы) бос иодты бөліп шығарады. Жауабы 0,05 моль/л

№ 4


1. Мыс (I) және мыс (ІІ) оксидтері мен гидроксидтері қандай қасиеттермен сипатталады? Сусыз мыс (ІІ) сульфаты арқылы сұйық заттарда, мысалы, бензинде судың барлығын не жоқ екендігін анықтайды, қалай?

2. Мырыш және кадмий гидроксидтері сілтілермен, аммиактың судағы ерітіндісімен қалай әрекеттеседі? Теңдеулерін жазу керек. ZnCl2 ерітіндісі арқылы H2S өткізгенде ZnS толық тұнбаға түспейді. Неге? ZnS тұнбасы толық түсу үшін қандай реагент қосу керек?

3. Мыс пен тағы бір екі валентті металдың балқымасына тұз қышқылымен әсер еткенде 276 мл (қ.ж.) сутегі бөлінген. Балқыманың қалған бөлігі концентрлі күкірт қышқылында ерітілгенде бөлінген газды жұтуға концентрациясы 2 моль/л 18,75 мл NaOH жұмсалған. Екінші металды және оның балқымадағы массалық үлесін анықтау керек. Жауабы Zn, 40%.
№ 5

1. Мыс (I) және күміс (I) металдарының ерімейтін тұздары а) аммиак ерітіндісінде; б) галоген сутек қышқылдарының концентрлі ерітінділерінде немесе сілтілік металдардың галогенидтерінде ериді, неге ? Оларды мына мысалдармен көрсетіңдер: CuCl+HCl→; AgI+NaJ→; AgCl+KCl→ ;

2. 24 г мысты еріту үшін 8% азот қышқылы ерітіндісінің қанша көлемі жұмсалады? Бұл жағдайда бөлінген NО (қ.ж.) көлемін анықтау керек.

Жауабы 754 мл; 5,6 л.

3. Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) мәндерін пайдаланып, ZnS және CdS тұздарының HCl ерітіндісіне қатынасын түсіндіру керек. Ерітіндідегі Cd2+ және Zn2+ иондарын бөлудің екі түрлі әдісін ұсыну қажет
№ 6

1. Сілтілік ортада мыс (ІІ) тұздарының ерітіндісі формальдегидпен әрекеттескенде натрий формиаты және қызыл мыс (I) оксиді Сu2О түзіледі, реакция теңдеуін жазып, бұл реакцияның практикада қолданылуын айту керек.

2. 25 мл CuCl2 ерітіндісі 0,3173 г иодты KJ ерітіндісінен ығыстырған болса, CuCl2 ерітіндісінің молярлығы нешеге тең? Тотықтырғыш ретінде CuCl2 ерітіндісінің нормальдығы қанша? Жауабы 0,1 М және 0,1н.

3. Zn(NO3)2 және ZnSО4 тұздарының гидролиз теңдеулерін жазу керек, реакция ортасын көрсету керек


№ 7

1. Күміс иондарының бактерицидті әрекеті неге негізделген? Неге күміс қосылыстарын қоңыр шыныларда сақтайды? Күміс галогенидтерінің фотосуретте қолданылуы оның қандай қасиетіне негізделген? Күміс галогенидтерінің натрий тиосульфатымен реакциясы фотосуретте қандай қолданыс табады?

2. 1 т қос тұз - мыстың арсениті мен ацетаты – 3 Cu(AsO2)2(CH3COO)2 түзілуі үшін қанша As2O2 және мыс (ІІ) купоросы CuSO4 5 H2O қажет?

Жауабы 585,5 кг; 985 кг

3. Сынап (I) нитратын металдың артық мөлшерін сұйытылған азот қышқылында еріту арқылы алады. Егер молярлы қатынастары 1 Hg:1,19 HNO3 болса, 1 кг сынапты еріту үшін неше литр 25% - ті (ρ=1,15) азот қышқылы қажет? Жауабы 1,3 л.

№ 8
1. Мына реакциялар теңдеулерін аяқтау керек: а) Au + HCl + HNO3→ … ; б) Au +KCN +H2O+O2 →….

2. Амальгама деген не? Амальгамадағы металдардың химиялық қасиеттері өзгере ме? Натрий амальгамасы сумен қалай әрекеттеседі, неге оны металл натрий орнына тотықсыздандырғыш ретінде қолданады?

3. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакциялар теңдеулерін жазу керек: AgNO3 → Ag → AgNO3 → Ag2S → Na [Ag(CN)2] → Ag → Ag2SO4


9-апта
№ 1

1. Сілтілік металдардың реттік номерлері өсуіне байланысты атомдардың радиустары және иондану потенциалдары қалай өзгереді? Периодтық жүйеде және металдардың кернеу қатарында сілтілік металдардың орналасуындағы әр түрлілікті қалай түсіндіруге болады?

2. Сілтілік металдар қосылыстарының ерігіштігі қандай және литий, натрий, калийдің аз еритін қосылыстарын атау керек. Ауада жанғанда сілтілік металдар қандай оттекті қосылыстар түзеді ? Натрий, калий, рубидий және цезийдің қалыпты оксидтерін қалай алуға болады?

3. BeCl2 молекуласының электрондық құрлысын және геометриялық структурасын көрсету керек. Бериллий атомының гибридизациясы қандай?


№ 2

1. NaCl eрітіндісін 6 сағат 1000А тоқ көзінде электролизге түсіргенде 70л 10,6%-ті NaOH (=1,12) ерітіндісі түзілген болса, тоқтың пайдалы әсер коэффициентін есептеу керек. Жауабы 92,8%

2. Кальций оттегімен, фтормен, азотпен, көміртегі диоксидімен, су буымен әрекеттесе ме? Жауапты Гиббс энергиясының өзгерісін есептеу арқылы беру керек

3. KCl мен NaCl қоспасы 0,1225г, одан 0,2850г AgCl тұнбасы алынған болса, қаспалардағы KCl және NaCl тұздарының массалық үлесін (%) анықтау керек. Жауабы 23,6 %КСІ және 76,4% NaCl

№ 3

1. Қыздырылған литий арқылы а) суды; б) азотты өткізгенде қандай қосылыстар түзіледі және олар сумен қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазу керек. Эфир ерітіндісінде литий гидриді AlCl3 тұзымен әрекеттесіп Li[AlH4] түзеді., оның сумен және HCl-мен реакция теңдеулерін жазу керек.



2. 250C температурада 8г натрий гидриді сумен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін есептеу керек. H0(NaOH)=-56,4 кДж/моль H0(NaOH)=-425,6 кДж/моль. Жауабы 27,8 кДж.

3. Be(OH)2 – Ba(OH)2 қатарында металдар гидроксидінің негіздік қасиеттері қалай өзгереді, неге?

№ 4

1. Жоғары температурада натрий сульфатын көмір және ізбеспен қақтап сода алу процесінің теңдеуін жазу керек. Көмір мен ізбес функциясын көрсету керек.



2. a) Be(OH)2 және Mg (OH)2; б) Be(OH)2 және Al(OH)3 қоспаларын бөлу үшін алюминий карбонатын қолдануға бола ма? Реакция теңдеулерін жазу керек.

3. Қ.ж. 1680 м3 сутегі алу үшін неше килограмм кальций гидридін айыру кажет? Жауабы 1575кг

№ 5

1. NH4Cl мен Na2CO3 не K2CO3 тұздарының сулы ерітінділері арасында қандай тепе-теңдік түзіледі? Бұл ерітіндіні қаздырғанда тепе-теңдік қай бағытқа ығысады? Реакцияның қосынды теңдеуін жазу керек



2. 250C температурада қаныққан 100мл Са(OH)2 ерітіндісін бейтараптау үшін 49мл 0,1н. НСІ жұмсалган болса, осы температурадағы кальций гидроксидінің ерігіштік көбейтіндісі қанша болады? Жауабы 3,2∙10-5 .

3. Содының а) Be2+ мен Mg2+ тұздарымен және б) Ca2+, Sr2+, Ba2+ тұздарымен әректтесуі неге әртүрлі екендігін түсіндіру керек.

№ 6

1. 200C температурада қаныққан барий хлориді ерітіндісінде 26,3% ВаСІ2 болса, онда ерітіндіде қанша пайыз кристаллогидрат ВаСІ2∙2Н2О болады? Жауабы 30,85%.



2. Алюминийдің коррозияға тұрақтылығын түсіндіру керек. Бұл металдың қышқылдар мен сілтілерге қатынасы қандай? Ол неге концентрлі азот қышқылы мен күкірт қышқылында пассивтеледі?

3. 5л қаныққан стронций карбонатының ерітіндісінде осы тұздың 0,05г болса, оның ерігіштік көбейтіндісі қанша болады? Жауабы 4,58∙10-9.


№ 7

1. Кальций сульфатының ерігіштік көбейтіндісі 6,26∙10-5 болса, 0,4н. СаСІ2 және Na2SO4 ерітінділерінің бірдей көлемдерін араластырса, тұнба түзіле ме?

2. Алюминийді глиноземнің криолит балқымасындағы ерітіндісін электролизге ұшыратып алады. Егер глинозем құрамында 94,5% Al2O3 болса, 1 т глиноземнен қанша алюминий алынады? Егер ток күші 30000А болса, тоқтың қолданылу коэффициенті 95,5 % болса, электролизді бұл жағдайларда қанша уақыт жүргізеді? Жауабы 0,5 т; 52 сағ.

3. Минералды суда 0,3894г/л кальций ионы және 0,0844г/л магний ионы болса, оның кермектігі қанша болады? Жауабы 26,38 мэкв/л.


№ 8

1. Егер  TІ3+/TІ+ = 1,25 В болса, таллий (III) сульфаты а) тұз қышқылын; б) KJ ерітіндісін тотықтыра ала ма? Реакция теңдеулерін жазу керек.

Жауабы жоқ, иә.

2. 10г мырышпен әрекеттесу үшін неше миллилитр НСІ ерітіндісі қажет? ОС және 50,65 кПа жағдайындағы түзілген газ көлемін есептеу керек. Егер алынған ерітіндіні 0,5л-ге дейін сұйылтса, ол ерітінді нормальдылығы нешеге тең болады? Жауабы 76,5мл; 6,85л; 0,612н.



3. Қыздырылған литий арқылы а) суды; б) азотты өткізгенде қандай қосылыстар түзіледі және олар сумен қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазу керек. Эфир ерітіндісінде литий гидриді AlCl3 тұзымен әрекеттесіп Li[AlH4] түзеді, оның сумен және HCl-мен реакция теңдеулерін жазу керек.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет