Ресейлік әнші Валерий Меладзенің алматылық тыңдармандары жалған билет салып алып, алаяққа алданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz 

Күдікті жалған билеттерді хабарландыру сайтында сатқан. 29 жастағы алматылық азамат ұсталып, өз кінәсін мойындады.

“Шындығында, күдіктіде ешқандай билет болмаған. Ол билет сататыны туралы хабарландыру жасап, адамдардан билеттің толық ақшасын алып алған. Кейін телефонын өшіріп,қоңырауларға жауап бермеген. Күдікті концерттен кейін де бірнеше билет сатқан”, –деді Алматы қаласы ПД Киберпол басшысы Игорь Пудовкин.

Тергеу барысында күдікті бұған дейін Қазақстанға гастрольдік сапармен келген 50 Cent, Akon сынды шетелдік әртістердің концертіне де жалған билет сатқанын мойындады.  

Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзованың шығармашылық кешінде орамалсыз өнер көрсететінін айтқан еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.