Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Омыртқалылар зоологиясы»



жүктеу 2.14 Mb.
бет4/14
Дата22.09.2017
өлшемі2.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Балықтар миграциясы. Басқа организмдер сияқты балық-тарда өмірінің әрбір кезеңінде өзі өмір сүрген ортаға әр түрлі талап қояды. Мысалы, уылдырықтарын шашуға бір жағдай ке-рек болса, семіру үшін екінші жағдай, ал қыстап шығу үшін үшінші жағдайды керек етеді. Міне, осындай әрбір тіршілік процесіне қолайлы жағдайды іздеу нәтижесінде, тіршілік еткен ортасын алмастырып, орын ауыстыруға тура келеді. Тіршілік әрекеттеріне қолайлы жағдай іздестіріп, балықтардың орын ауыстыруын — миграция деп атайды.

Миграция — әр түрлі мақсатқа сәйкес түрліше болады. Жал-пы миграция пассивті және активті болып екі түрге бөлінеді. Ол өз тарапынан уылдырық шашу, қоректік зат, қысты өткізу орнын іздеу миграциясын қарастырады.



Пассивті миграция. Су ағынының ығымен жайлап, ашп ба-лықтардың тіршілік еткен орнын ауыстырған миграцияларын — пассивті миграция деп атаймыз. Пассивті миграция — балықтардың шабақтарына тән миграция. Пассивті миграцияға өткінші балықтардың шабақтарының және уылдырық шашып, әлсіреп, судың ағынымен теңізге оралған ересек балықтардың миграциясы да жатады. Бірақ ересек балықтардың аздап та болса активті түрде жүзуге әрекет ететшін естен шығармау керек.

Активті миграция. Пассивті миграцияға қарағанда активті миграция жиірек кездеседі. Мұндай жағдай негізінен көбею, қоректену және қыстап шығу барысында орындалады. Балықтардың қозғалыс әрекеті нәтижесінде әр түрлі кедергіні (ағынның әсерін) жеңіп, орын алмастыруын активті миграция деп атайды.

Уылдырық шашу миграциясы. Уылдырық шашу миграциясы кезінде балықтар теңізден өзенге немесе керісінше өзеннен теңізге келеді. Уылдырық шашу үшін теңізден өзенге келу миграциясын анадромдыщ миграция деп атайды. Ол лосось, бекіре тәрізділерге, кейбір майшабақтарға, карптарға тән миграция. Балықтардың біраз ғана түрі өзендерде тіршілік етіп, уылдырық шашу үшін теңізге барады. Мұндай миграцияны катадромдық миграция деп атайды. Бұл миграция угрларға тән. Соңында көптеген балықтар уылдырық шашу кезінде ашық теңізден жағаға, керісінше жағадан теңіздің терең қабатына қарай миграция жасайды.

Қорек іздеу миграциясы. Барлық балықтарға тән миграция болып есептеледі. Шағын көл, тоспа суларына қарағанда үлкен теңіздердегі өткінші балықтар қоректік заттар іздеп ұзақ жол жүруге мәжбүр болады. Каспийдің қызыл балығы (sсаdіпius) Кура өзеніне уылдырық шашып теңізге қайтқан соң Қаспийді кесіп, оның Шығыс жағалауына келіп жайылып, семіреді. Теңіз балықтарының ішінде су ағысымен жағалап ксректерін іздейтін

балықтармен қатар, теңіздің түбінен бетіне көтеріліп қорек іздейтін балықтар да кездеседі. Мысалы, судың бетінде планктондар көп болған кезде скумбрия (sсоmЬгіdае) балықтары су бетіне көтеріліп, планктондар су түбіне — терең қабатына шөксе, балықтарда солармен бірге төмен түседі. Мұны теңіз балықтарының вертикальды араласуы дейді.



Қыстақ іздеу миграциясы. Балықтардың көпшілік түрлері, қысқа таман су температурасы төмендей бастаған кезде, активтілігі бәсеңдейді, тіпті қалғьйі, шала ұйқыға кетеді. Бұл кезде өздерінің жайылып жүрген жерлерінен қыстап шығуға ынғайлы ықтасын жерге жиналып, шұңқырлау жерін таңдап алып, соған қыстап шығады. Мысалы сазан, тыран балық Еділ, Жайық, Кура т. б. ірі өзендердің сағасына келіп, көп мөлшерде шұңқырларға жиналып ұйқыға кетеді.

Балықтардың өсуі, жасы және жас белгілері. Балықтар өскен сайын басқа организмдер сияқты екі түрлі өзгеріс байқалады: біріншіден, пішіні өзгерсе, екіншіден, көлемі мен салмағы да артады. Әдетте бұл екі өзгеріс бір-бірімен тығыз байланысга, бірлестікте (бірлікте) болады. Бұл заддылықтан тыс ерекшеліктердің де байқалуы мүмкін. Мысалы, угрлардың личинкалары жас угрларға айналғанда дене пішіні өзгеріп, көлемі өспейді, салмағы кемиді. Балықтардың өсуі қоректенуіне т. б. байланысты. Жазда тамақтық заттар жеткілікті болғандықтан, балықтар үстеп қоректенеді де тез өседі, ал қыста тамақ аз, пассив коректенуіне байланысты өсуі баяулайды. Өсудің қалыпты болмауы бірсыпыра сүйектері мен қабыршағында шеңбер, сақина тәрізді ізін қалдырады. Жазда дұрыс қоректеніп, қалыпты өскенде пайда болатын сақиналар жалпақ, ал қыста пайда болған сақиналар керісінше жіңішке болады.

Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Шеміршекті- сүйекті балықтардың жалпы сипаттамасы.

  2. Сәулеқанатты балықтар.

  3. Қалақанатты балықтар.

  4. Балықтардың экологиясы.

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

  3. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.


Модуль 3. Суыққандылар тобы.

6 дәріс: Қосмекендiлер немесе амфибилер класы.

Жоспар.

  1. Жалпы морфологиялық және биологиялық мінездемесі.

  2. Қосмекендiлердің систематикасы.




  1. Жалпы морфологиялық және биологиялық мінездемесі.

Амфибилер — суда тіршілік ететін балықтар мен құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.

Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600—2800 жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады:

1. Құйрықтылар (Саиdаtа немесе 1Urodеlе)

2. Аяқсыздар (Ароdіа)

3. Құйрықсыздар Апига немесе Есаиdіаtа).

Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз таралған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі, немесе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін көрсетеді.

Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:

1. Тр и т о н т ә р і з д і л е р. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қос мекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар т. б.

2. Б а қ а т ә р і з д і л е р. Бұлардың дене тұрқы қысқа бол-ғанмен де массивті толық келеді, құйрығы болмайды. Олардың алдыңғы аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы дамыған. Құрлықта сол артқы аяқтарының көмегімен секіріп қозғалады. Көбею кезеңінде гана су орталығында болады'да, ересек формаларының тіршілігінің сумен байланысы шамалы. Бұл типке барлық бақаның түрлері жатады.

3. Қүрт тәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы бол-майтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан сияқты иреңдетіп, қозғалады. Топырақтың үстіңгі қабатында және түрлі ағаш қалдықтарының арасында тіршілік етеді.



Тері жабындысы. Барлық қос мекенділердің терісір және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немесе мүйізді қабыршақтары жоқ — жалаңаш болады. Эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы факторлардың зиянды әсерінен сақтап тұрады. Бұдан басқа көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады. Оның қызметі — қос мекенділерді жыртқыштардан қорғайды. Эпидермис қабаты толығынан бездерден тұрады, тек қана кейбір құрбақаның эпидермисінің сыртқы бетінде аздап та болса мүйіздену байқалады.

Омыртқа жотасы. Қос мекенділер жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты балықтармен салыстырғанда едәуір жақсы жіктелген. Омыртқа жотасы — мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады. Мойын бөлімі сақина пішінді бір ғана омыртқадан тұрады, ол өзінің буындық екі оязы арқылы бас сүйекпен жалғасады. Дене омыртқаларының саны түрліше, яғни 7—100 дейіндежәне одан да артығырақ болады. Төменгі сатыдағы қос мекенділердің омыртқасы (аяқсыздар да, төменгі құйрықтыларда) амфицельді, бұл жағдайда хорда өмір бойы сақталады. Құйрықсыздардың омыртқасы — процельді, яғни алдыңғы жағынан ойық, арт жағынан дөңес келеді. Жоғарғы сатыдағы құйрықтылардың омыртқасы — опистоцельді, анығырақ айтқанда, алдыңғы жағынан дөңес, арт жағынан ойық келеді. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, бірақ та олардың қабырғалары өте қысқа болады. Құйрықтыларда “жоғарғы” қабырғалары дамыған. Құйрықсыздардың қабырғалары мүлдем болмайды.

Бас сүйек. Ми сауыты көпшілігінде өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Алғашқы ми сауытында мына төмендегі хондральды сүйектер дамыған: 1. Бас сүйегінің тек қана шүйде бөлімінде екі бүйір қарақұс сүйектері (ехоссіріtаіе), балықтардағы негізгі және жоғарғы шүйде сүйектерінің орнына жүретін жері шеміршек түрінде қалады. 2. Есту капсуласының маңайында бір кішкене құлақ сүйегі (ргооtiсum) қалыптасады да капсуланың көпшілік бөлімі шеміршек күйінде қалады. 3. Құйрықсыздардың көз ұясының алдыңғы бөлімінде иіс сына сүйек (sрһепеthmоіdеum) дамиды. Құйрықтыларда бұл сүйек екеу. Иіс капсуласы шеміршекті сипатын сақтайды.

Баста жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағынан төбе (рагіеtаlе) және маңдай (fгопtаlе) сүйектері қоршап жатады. Бұл сүйектер құйрықсыздарда жымдасып төбе-маңдай (ргопіорагіеtаlе) сүйектерін құрайды. Бұлардың алдыңғы жағында мұрын (пазаlе) сүйектері орналасады, олар аяқсыздарда жақ алды (ргаетахіііаге) сүйектерімен бірігіп кетеді. Бас сүйегінің артқы екі бүйір- жағына орналасқан бұдыр бетті қақ (sgиаmоsum) сүйектері болады. Бұлар әсіресе аяқсыздарда жақсы дамыған. Бас сүйегінің түп жағы екі сүйектен тұрады. Ол үлкен парасфеноид (рагаsрһепоіdеиm) деп 'аталатын сүйек және оның алдыңғы жағында жататын өре (vоmег) сүйектен қүралады.

Амфибилердің бас сүйегі — аутостикалық, анығырақ айтқанда, таңдай шаршы шеміршегі ми сауытымен жымдасып қосылып кеткен. Таңдай және қанат тәрізді сүйектер таңдай шаршы шеміршегінін. астыңғы бетінде дамиды.

Ми сауытының аутостикалық болуына байланысты тіл асты доғасы жақ аппаратының ми сауытына бекінуіне қатыспайды. Тіл асты доғасының үстінгі элементі — гиомандибуляре кішкене үзеңгі (stареs) сүйекке айналған, ол балықтардікі сияқты өзінің жоғарғы ұшымен есіту капсуласына тіреледі. Ортаңғы құлақтың қуысы пайда болуына байланысты, үзеңгі сүйек сол қуыстың ішінде қалып, есіту сүйекшесінің қызметін атқарады.



Иық белдеуі. Иық белдеуі доға тәрізді, оның жоғаргы ұшы жануардың құрсақ бөліміне қарай иілген. Доғаның әрбір жартысы (оң және сол) негізінен мына сүйектерден құралады. Жоғарғы (арқа жақ) бөлімі жауырыннан (sсариlа) және оның етек жағы жалпақ жауырын үсті шеміршектен тұрады. Төменгі (құрсақ) бөлімі коракоидтан (согасоіdеиm) және оның алдыңғы жағында жатқан прокоракоцдтан (ргосогасоіdіеum) құралады. Прокоракоидтың үстіне шеміршекті бұғана орналасады. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйектерінің ұштары тоқпан жіліктің ұршық басының бекитін жеріне келіп ұштасуының нәтижесінде буын оязы пайда болады.

Жаңбас белдеуі. Жамбас белдеуі үш пар сүйектен қалыптасқан.Сол сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды.Ұзын мықын сүйегі (іlіиm) өзінің проксималдық ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең өсіндісіне бекінеді. Артқа және алға созылған шын сүйек белдеуі бақаларда шеміршек күйінде қалады. Оның арт жағында шонданай сүйегі (іsсһіиm) орналасқан. Жамбас белдеуінің элементтерінің мұндай болып орналасуы

құрлықтағы барлық жануарларға тән қасиет.



Аяқ скелеттері. Қос мекенділердің аяқ скелеттері құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ скелетіне ұқсайды. Сонымен қатар балықтардың қанат сүйектёрінің құрылысынан айтарлықтай өзгешелігі бар. Егерде балықтардың қанаттары жай бір мүшелі рычагтар системасы болса, құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аятарының құры-лысы көп рычагты болады.

Бес саусақты аяқтары негізінен үш бөлімге бөлінеді: І-бөлім, алдыңғы аяқтарында — тоқпан жілік (һуrеmus), артқы аяқтарында — ортан жілік (fеmиг) деген/бір сүйектен тұрады. Бұлардың проксимальды ұшы белдеулерге, тоқпан жілік — иықка, ортан жілік — жамбас белдеуіне жалғасады; ІІ-бөлім, алдыңғы аяқтары — кәрі жілік, артқы аяқтары — асықты жіліктердің сүйектерінен түрады. Бұл бөлім параллель орналасқан екі сүйектен тұрады: кәрі жілік — шыбық (гаdіus) сүйегі мен шынтақ (иlпа) сүйектерінен құралады, ал асықты жілік үлкен асықты жіліктен (гіЬіа) және асқ жілік шыбығынан (fіbиlа) тұрады. ІІІ-бөлім, алдыңғы аяқтарында — қол басы сүйекгерінен, артқы аяқтарында — табан сүйектерінен тұрады. Бұлардың әрқайсысы үш бөлімшеге бөлінеді: 1) алдыңғы аяқтары — білезік сүйектерден (сагриз), ал артқы аяқтары толарсақтан (tаіsиs) тұрады. Бұл бөлімше сүйектері үш қатар болып орналасқан 9—10 ұсақ сүйекшелерден тұрады; 2) алдыңғы аяқтары — алақан (теtа-сагриs) сүйектерінен, артқы аяқтары — табан (тіаіагзиз) сүйектерінен құралады. Бұл бөлімшенің сүйектері бірқатар болып орналасқан бес ұзынша сүйекшелерден қалыптасады; 3) алдынғы аяқтарында — саусақтар (рһаlапgеs dіgitогиm), артқы аяқтарында — башпайлары болады. Бұлар бес қатардан тұратын бірнеше ұсақ сүйекшелерден құралған.



Ет системасы. Балықтардың ет системасымен салыстырығанда қос мекенділердің ет системасының негізінен екі айырмашылығы бар. Ол айырмашылықтар қос мекенділердің бес саусақты аяқтарының көмегімен жер бетінде қозғалуына байланысты келіп шыққан. Біріншіден — алдыңғы, артқы аяқтарында күрделі және күшті еттер дамиды. Екіншіден — өте күрделі қозғалысына байланысты дене еттері бірсыпыра жіктелген. Ал балықтардың, еттеріндегі сегменттелу амфибилерде сақталмаған. Ет сегменттерінің метамерлі орналасуын құйрықсыздардың кеуде бөлімінің біраз жерінен көруге болады. Қүйрықтылар мен аяқсыздарда ет системасындағы метамерлі орналасу айқын байқалады.

Ас қорыту органдары. Ауыз қуысы кеңейіп келіп жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ қуысы арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына хоандар, евстахиев түтіктері, көмекей саңылауы және осы қуысқа сілекей бездерінің жолдары да ашылады. Сілекей бездерінің шырыны қоректік заттарға химиялық әсер етпей, тамақ заттарын суландырып ішке қарай жылжуын оңайлатады. Ауыз-жұтқыншақ қуысынық түп жағына тіл орналасқан. Тілінін, формасы түрліше болады. Қейбір құйрықты қос мекенділерде ол қозғалмайтын болып бекіген. Екінші бір түрінде тілі саңырауқүлақ пішіндес болып, жіңішке сабақшаның ұшына орналасқан. Бақалардың тілі аузының түбіне, алдыңғы үшымен бекіген, ал оның бос ұшы жайшылықта ауыздың ішіне қарай иіліп жатады. Барлық қос мекенділердің тілінің үстіңгі бетінен, желім сияқты шырын шығып тұрады. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді. Біраз ғана амфибилердің тілі болмайды.

Тыныс органдары. Ересек қос мекенділер өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Өкпесі — керегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан тұратын екі қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық же-тілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алуының зор маңызы бар. Өкпенің беттік ауданының терінің беттік ауданына қатынасы 2 : 3 қатынасындай. Ол сүт қоректілерде терінің беттік ауданынан 50—100 есе артық болады. Жасыл бақалардың терісі арқылы қанның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енеді де, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Терінің тыныс шығаруда да үлкен маңызы бар Мысалы организмнен бөлінетін көмір қышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті өкпе арқылы бөлінеді.

Қан айналу системасы. Барлық қос мекенділердің жүрегі үш камералы, ол екі жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Төменгі сатыдағы формаларында (аяқсыз және құйрықтыларда) оң және сол жүрекшелері айқын бөлінбеген. Құйрықсыздардың жүрекшелерінің аралықтары пердемен толық бөлінген, бірақ барлық қос мекенділерде жүрекшелер қарыншамен бір ғана тесік арқылы қатысады. Жүректің бұл айтылған үш бөлім-дерінен басқа оң жүрекшемен қатысатын вена қолтығы және артериялық конусы болады.

Өкпесі бар құйрықты амфибилердің артериялық кан тамыр-ларының схемасы — осы жоғарыда келтірген схема сияқты. Құйрықсыздардан бір ерекшеліп, бұларда артерия доғасы төр-теу болады. Бұдан басқа өкпе артериялары боталов өзегі арқылы аортаның системалық доғасымен байланысын сақтап қалған.

Құйрықсыз амфибилерде кардинал веналары сақталмаған. Денесіндегі барлық вена қандары аршық қуыс венасына (vепа саvа роstегіог) жиналып, одан вена қолтығына барып құяды. Бұларда құрсақ жэне ішек асты веналары бар. Олар бауырдың қақпа вена системасын құрайды. Кардинал веналарының болмауына байланысты, кювьеров өзектері де құралмаған. Ярем-дық веналар иық асты веналарымен қосылып, алдыңғы пар қуыс веналарын (vепа саvа апtегіог) құрайды, ол қанды вена қолтығына апарып құяды. Жоғарғы

қуыс веналарға артериа-лық қандары бар, тері веналары келіп жалғасады. Өкпе веналары бірден сол жүрекшеге барып құйылады,



Нерв системасы. Миының құрылысынан бірнеше прогрессивтік белгілер байқалады. Қос мекенділердің миын балықтардын, миымен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу, ол ми жарты шарларына бөлшген, сонымен катар бүйір қарыншаларының түбі ғана емес, олардың бүйірі, үсті ми заттарынан құралған. Сөйтіп, қос мекенділерде нағыз ми күмбезі — архипаллиум болады (15-сурет). Ортаңғы миы онша үлкен болмайды. Мишығы өте аз болады, кейбір құйрықтылардағы оның мөлшерін тіпті елеуге болмайды. Мидың бүл бөлімінің нашар дамуы амфибилердің қозғалысының күрделі болмай, біркелкі болуына байланысты. Мидан он пар бас нервтері шығады, он бірінші пары (қосымша нерв) дамымаған, он екінші пары ми сауытынан тысқары бөлімінен шығады.

Құйрықтылардың және құйрықсыздардың жұлын нервтері, иық және жамбас белдеулерінде нерв торларын құрайды. Омыртка жотасының екі жағын қуалай орналасқан, симпатика-лық нерв системасы жақсы дамыған.


1 — алдыңғы мидың жарты шарлары, 2 — иіс бөлші, 3 — иіс нррві, 4— аралық ми; 5-көру хиазмасы, 6 —

шатырша, 7—гипофиз, 8 — ортаңғы ми, 9—мишық, 10 — сопақша ми, 11—-төртшші қарынша, 12— жұлын, 13 — үшшші қарынша, 14—сильвиев түтіп
Көру органдары. Жартылай құрлықта тіршілік етуіне бай-ланысты, амфибилердің көздерінің құрылысында бірнеше ерекшеліктер бар. Ол ерекшеліктер: 1. Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар түсуден сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар. Үстіңгі және астыңғы қабақтан басқа көздің алдыңғы бұрышына орналасқан, үшінші қабақ, яғни кірпік қағу жарғағы болады. 2. Көздің мөлдір қабығының, (қасаң) пішіні балықтардікіндей тегіс

болмай — дөңес болып, хрусталигі дөңгелек болмай — линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер қос мекенділердің, балықтарға қарағанда алысырақтан көрулеріне мүмкіндік береді. Мұндағы бір есте сақтайтын жағдай, амфибилер суда болған кезінде мөлдір қабық түзу болады да құрлықта дөңес пішіндес болып өзгеріп кететіні. 3. Кірпік еттерінің әсерінен, көз хрусталигі қозғалып, амфибилердің көру аккомодациясын жақсартады.



Есіту органы. Балыктарға қарағанда бұлардың есіту органы анағұрлым күрделі және дыбысты қабылдауға жақсырақ бейімделген. Бұл жоғарғы сатыдағы (құйрықсыз) амфибилерде айқынырақ байқалады. Амфибилерде, балықтардағыдай ішкі құлақ — лабиринт жарғағының болуымен қатар, ортаңғы құлақ та бар. Ортаңғы құлақ қуысының бір ұшы ауыз-жұтқыншаққа ашылады да, екінші үшы басының ең жоғарғы бетіне жақындайды. Оның сырты жұқа жарғақпен жалғасады, оны дабыл жарғағы деп атайды. Бұл қуыс иірім құрайды, оның төбесі жарғақ лабиринттің жиегіне тиіп жатады. Дабыл жарғағынан жарғақ лабиринтіне дейінгі қуыстын. жоғарғы бөлімін — дабыл қуысы деп атайды. Дабыл қуысының ішінде таяқша тэрізді сүйекше (stареs) орналасқан. Оның бір ұшы оваль тесігіне (окно), екінші ұшы дабыл жарғағына жанасады. Ортаңғы кұлақ қуысының төменгі ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылатын бөлімі, евстахиев түтігі деп аталады.

Иіс сезу органы. Амфибилерде парлы иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бір пар танау тесігімен қатысады. Иіс сезу капсуласынан ішкі танау тесігі хоандар кетеді, олар ауыз-жұтқыншақ қуысымен жалғасады. Бұл айтылған система иіс қабылдаумен қатар тыныс алуға да қатысады.

Буйір сызығы. Бүйір сызығы органы барлық амфибилердің личинкаларына тән орган. Бүйір сызығы тіршілігі суда өтетін амфибилердің кейбір құйрықты және құйрықсыз ересек формаларында өмір бойы сақталады. Балықтардың бүйір сызығы органының бір ерекшелігі — бұлардың сезімтал клеткалары сызықтың терең түбіне орналаспай терінің беткі қабатына орналасқан.

Зәр-жыныс органдары. Зәр-жыныс органдарының кұрылысы шеміршекті балықтардың жыныс органдарының құрылысына ұқсайды. Ұрықтың даму кезіндегі зәр шығару органының қызметін пронефрос, ал ересектерінде вольфов каналдары арқылы сыртқа ашылатын — мезонефрос атқарады. Зәр шығару түтікшелері клоакаға ашылады. ,5 Зәр заты алдымен клоакаға одан қуыққа барады. Қуық толғаннан кейін сол тесік арқылы клоакаға одан сыртқа шығарылады (16-сурет).


16- сурет. Еркек тритояның жыныс-зәр органдары: 1 — аталық жыныс безі, 2 —тұқым әкеткіш түтік; 4 — бүйректің нефростомдар мен жыныс бөлімі 5—вольфов кұйылысы, 6 — жұмыртқа жолының бастамасы; 7 — бүйректің жыныссыз бөлші, 8-—архинефрикалық кұйылыстың сыртқы тесіп, 9 — зәр жолдары, 10— майлы дене
Дамуы. Амфибилер жұмыртқасындағы сары заттары жұмыртқаның денесіне біркелкі тарамай, көпшілігі жұмыртқаның төменгі түссіздеу бөліміне жиналған, оған қарама-қарсы (ани-мальдық) бөлімі қара түсті болып тұрады. Жұмыртқаның үстіңгі бөлімінің пигментті болуы күннің ультракүлгін сәулесінің зиянды әсерінен қорғауға бейімделуі болуы мүмкін. Жұмыртқа толық, бірақ бір келкі бөлшектенбейді. Ұрықтаиған соң (бақаларда) 8—10 күннен кейін, жұмыртқаның қабығын жарып ит-шабақ деп аталатын личинкасы сыртқа шығады.

  1. АМФИБИЛЕРДІҢ СИСТЕМАТИКАСЫ

1-отряд. ҚҰЙРЫҚТЫ АМФИБИЛЕР (САUDАТА НЕМЕСЕ URODELA)

Құйрықты амфибилердің денесі бас, дене және құйрык бөлімдеріне бөлінген. Құйрықтары жұмыр, немесе екі бүйірінен қысыңқы болып келеді. Қейбіреулерінің құйрығының үстіңгі жағында жал сияқты тері қатпары болады. Көбінің аяқтары жақсы дамыған. Алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы бірдей. Кейбір түрлерінің (сирендердің) артқы аяқтары болмайды.

Омыртқалары амфицельді, немесе опистоцельді болады. Дене омыртқаларына қабырға жоралғылары бекиді. Құйрықсыздарға қарағанда бұлардың бас сүйектері айқын жіктелген. Маңдай және төбе сүйектері бірігіп кетпеген, бір пар сына тәрізді көз сүйектері болады. Бұғана сүйегі болмайды. Құйрықсыздан айырмашылығы кәрі жілік пен асықты жілік екі сүйектен (шыбық, шынтақ, асықты жілік және шыбығынан) тұрады.

С а л а м а н д р а л а р т ұ қ ы м д а сы (Sаlаmапdігіdіае). Дене пішіндері кесірткелерге ұқсайды. Ұзын құйрықтары жұмыр, немесе екі бүйірінен кысыңқылау келеді. Аяқтары жақсы-рақ дамыған. Личинкалары сыртқы желбезекпен тыныс алады. ал ересектерінде желбезек болмайды — өкпесі және терісі арқылы тыныс алады.

А м ф и у м д а р т ұ қ ы м д а с ы н а (Аmрһіиmііае) осы кездегі ең ірі амфибилердің бірі болып саналады. Кейбіреулерінің денесінің ұзындығы бір метрге жетеді. Аяқтары өте нашар дамыған, іс жүзінде жүруге жарамайды. Қабағы жоқ, өкпелерімен тыныс алумен қатар, ішкі желбезек арқылы да тыныс алады.

Ж а с ы р ы н қ а н а т т ы т ұ қ ы м д а с ы н а (СгуріоЬгапсһМае) осы кездегі қарапайым құрылысты құйрықты амфибилер жатады. Ұрықтану оларда сыртта болады. Бұған мысалға Жапонияның гигант саламандрасын (МеgаІоЬаtгасһиs jаропі-сиs) алуға болады. Оның ұзындығы 150 сантиметрге жетеді.

П р о т е й л е р т ұ қ ы м д а с ы н ы ң (Ргоtеіdае) екі ғана түрі белгілі. Оның біреуі Балқан түбегінің жер асты суларын мекендейді. Протейлердің сыртқы желбезектері өмір бойы сақталады, соған қарағанда неотеникалы формаларының болуы мүмкін. Көздері терілерінің астында жатады.

С и р е н т ұ қ ы м д а с ы н ы ң (Sігепіdіае) Солтүстік Америкада кездесетін екі түрі бар. Сирендердің сыртқы желбезегі өмір бойы сақталады және ішкі желбезектердің рудиментті саңылаулары болады. Артқы аяқтары жоқ, алдыңғы аяқтары нашар дамыған. Көздері терімен қапталған. Денелері жалпы алғанда угор тәрізді, 60—70 см болады. Батпақты жерлерде түбірдің астын мекен етеді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет