Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Омыртқалылар зоологиясы»


-отряд. АЯҚСЫЗ АМФИБИЛЕР (АРОDА)



жүктеу 2.14 Mb.
бет5/14
Дата22.09.2017
өлшемі2.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2-отряд. АЯҚСЫЗ АМФИБИЛЕР (АРОDА)

Аяқсыздардың құрылысында қарапайым бірнеше ерекше-ліктері бар, мысалы, олардың терісінде стегоцефалдардан қалған сауыт қалдықтары бар. Бұл қалдықтар олардың терісінің әр жерінде сүйекті сүйелдер түрінде кездеседі. Басқа қос мекенділерге қарағанда басының жамылғы сүйектері де жақсы дамыған, бұл олардың стегоцефалдарға жақын екенін көрсетеді. Омыртқалары амфицельді, нағыз қабырғалары болады. Есіту сүйекшесі, яғни үзеңгі сүйек пен шаршы сүйек бірігіп кеткен. Жүрекшелерінің арасындағы перделер әлі толық дамымаған.



Құртша (червяк) (Соесіlііdае) деп аталатын бір ғана тұқымдасы бар. Оның 75 шақты түрі белгілі. Бұлар негізінен Оңтүстік Америкаға, аздап тропикалық Африкаға және Азияның оңтүстігіне тараған. Буылтық құртша (Sірһопорs аnnuаtus) Оңтүстік, Америкада тараған, ұзындығы 40 сантиметрдей болады. Дымқыл жерлерді 50 сантиметрге

дейін қазып, сол жерде тіршілік етеді.



Цейлон балықжыланы (Jсһtһуорһіs glutiпоsиs) деген бір түрі — Үндістанда, Үнді-Қытайда, Цейлонда, Зонд аралдарында тараған. Мұның ұзындығы 40 см-те жетеді. Көл мен өзендердің жиегіндегі топырақтарда 20—30 сантиметрлік тереңдікте тіршілік етеді. Тек қана Турһопесіиз туысы ғана Оңтүстік Американың тұщы суларын мекендейді.

Аяқсыздар көпшілігінде індерге, түбірдің түбіне 10—20 шақ-ты жұмыртқа салып көбейеді. Әдетте ұрғашылары жұмыртқаларын денесімен орап, тері бездерінің шығарған шырындары-мен жүмыртқаларын дымқылдап, оларды кеуіп кетуден сақтайды.

Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып, даму процесін аяқтайды. Олардың сыртқы желбезектері жұмыртқа ішінде жатқанда жойылады. Бұлар суда азғана уақыт болады. Кейбір түрлері тірі туады. Ұрықтануы іште болады. Топырақтағы омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбір түрлері құмырсқаның илеуін мекен етіп, оның личинкаларымен қоректенеді.

3-отряд. ҚҰЙРЫҚСЫЗ АМФИБИЛЕР (ЕСАUDАТА НЕМЕСЕ ANURA)

Бұған құрылысы күрделі, сан жағынан соншалықты көп, ке-ңінен тараған құйрықсыз қос мекенділер жатады. Бұл отрядқа Антарктикадан басқа жер бөліктерінің барлығында да кездесе-тін 1700-ге жуық амфибилердің түрлері жатады. Құйрықсыздар, әсіресе Оңтүстік Америкада көп кездеседі. Құйрықсыздардың түрлері көп болмағанмен де

барлығына тән белгілері: дене формасы бақа тәрізді құйрықсыз, әрқашанда жақсы дамыған алдыңғы артқы аяқтары болады. Артқы аяғының саусақтары алдыңғысына қарағанда күшті дамыған, сондықтан жер бетімен секіріп қозғалады.

Отрядтың көптеген тұқымдастары бар, оның кейбір тұқымдасын ғана қарастырамыз.

Д ө ң г е л е к т і л д і л е р т ұ қ ы м д а с ы н ы ң (ОіsсоgІоssіdае) тілі дөңгелек келеді. Бұлар Евразияға және Солтүстік Америкаға тараған. Біздің фаунамызда жерлянха (ВоmЬіmа) деген, ұзындығы 5 см болатын кішкене бақа кездеседі. Арқа жағы қара түсті, ал құрсақ жағы айқын түсті қоңыр және қара дақтары болады. Тері бездерінің секреті күйдіргіш. Ұсақ су қоймаларында, қақтарда тіршілік етеді. СССР-дің Европалық бөлігінің

ортаңғы ендігінде Қиыр Шығыстың оңтүстігіне таралған.

Қ ұ р б а қ а т ұ қ ы м д а с ы (Виfопіdае). Басқа қос мекенділермен салыстырранда сумен байланысы аз, тіпті шөлде де кездесетін организмдер. Бұл көптеген түрлерінің күндізгі ыс-тықтан қашып, түн жануарлары болуына байланысты. Сонымен қатар, көбінесе терісінің эпидермисінің жоғарғы қабаты мүйізденіп кеткен. Қейбір құрбақалар судан тыс ортада көбеюге бейімделген. Мысалы, австралия құрбақасы — псевдофрина жұмыртқасын дымқыл топыраққа салады. Оңтүстік Америка құрбақасы циклорамфус және кейбір түрлері жұмыртқасын тастардың арасына немесе топыраққа көміп қояды. Бұлардың жұмыртқасы сары затқа бай болғандықтан итшабақ (головастик) шықпай, бірден толық қалыптасқан бақа шырады.

Б а қ ы л д а у ы қ б а қ а л а р т ұ қ ы м д а с ы (Нуlіdае) — ағашты жерлерде иршілік ететін ұсақ бақалар. Саусақтарының ұшындағы, кейбір түрлерінің бауыр жағында болатын сорғыштарының көмегімен ағаштың діңіне, бұтағына және басқа заттарға жабысып тұрады Көбінесе Австралия мен Оңтүстік Америкада тараған. Бізде кәдімгі бақылдауық бақа және Қиыр Шығыс бақасы (Ниlа агЬогеа, Н. іаропіса) деген түрі, СССР-дің оңтустік Европалық бөлімінде, Қырымда, Кавказда екіншісі — Қиыр Шығыста кездеседі. Орманда тіршілік етеді Әсіресе жапырақты ағаштардың, қамыстың немесе баска биік болып өсетін өсімдіктердің арасында болады. Уылдырықтарын суға шашады. Қөбеюден басқа уақыттарда ағаштарда өрмелеп жүріп уақытын өткізеді. Бұлардың Оңтүстік Америкада мекендейтін бақылдауық қалталы бақа (Nоtоtгеmа) және бақылдауық — филломедуза (Pһуllоmеdиsа) деген түрлері бар.

Н а ғ ы з б а қ а л а р т ұ қ ы м д а с ы (Rапіdае) — Австралия мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кездеседі. Көптеген түрлері суда көбейеді, личинкаларының метаморфозы суда өтеді.

Біздің елімізде бірнеше түрі кездеседі. Мысалы, көлбақа (Rапа гіdіЬипсІd) оған жақын туыс — тоспа бақасы (R. езсиіепtа) Еділ, Жайық, Дон, Днепр өзендерінің сағасында таралған. Тіршілігі сумен тығыз байланысты, ұзап кетпей судың маңында тіршілік етеді. Қейбір жерлерде балық шабақтарын жеп аздап зиян келтіреді.



Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Жалпы морфологиялық және биологиялық мінездемесі.

  2. Қосмекендiлердің систематикасы.

  3. Құйрықтылар (Саиdаtа немесе 1Urodеlе)

  4. Аяқсыздар (Ароdіа)

  5. Құйрықсыздар Апига немесе Есаиdіаtа).

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.

  1. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

  1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.


7 дәріс: Қосмекенділердің дамуы және эволюциясы.

Жоспар.

  1. Қосмекендiлердің тіршілік ету жағдайлары және жалпы таралуы.

  2. Қосмекендiлердің шығу тегі.

  3. Қосмекендiлердің маңызы.


1.АМФИБИЛЕРДІҢ ТІРШІЛІК ЕТУ ЖАҒДАИЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТАРАЛУЫ

Амфибилердің тіршілік жағдайлары алуан түрлі. Олардың кейбір түрлері өмір бойы тек қана суда тіршілік етеді. Оларға құйрықты амфибилер, протейлер, сирендер және кейбір айфиумдар жатады.

Топырақтардың арасынан ін қазып, тіршілік ететін амфибилер де бар. Бүған барлық

аяқсыздар жатады. Құйрықсыздардың ішінде де (чесночница) топырақтан терең ін қазып, тығы-лып жататын түрлері де кездеседі.

Амфибилер алуан түрлі ортада тіршілік етеді. Әйткенмен олардың жалпы

географиялық таралуы тіршілігіне қажетті жағдайларға байланысты. Оның негізгілері: жылу, су қоймаларының болуы, ауа дымқылдығының белгілі мөлшерде болуы, судың және топырақтың химиялық құрамы.

Жылылық амфибилердің тіршілігіне ен керекті жағдай болып есептеледі. Олардың

көптеген түрлері +7, +8 градуста ұйқыға кетеді де, —2 градуста қырылып қалады. Судың температурасы төмен болса олардың жұмыртқалары мен личинкалары дами алмайды.

Амфибилер тұзды суларда және тұзы көп топырақтарда тір-шілік ете алмайды. Хлорлы натрийдің 1 проценттен төменірек ертівдісінде қос мекенділердің личинкасы, кейбір түрлерінің ересек формалары тіршілік ете алмайтыны анықталған.

Қорғану бейімділіктері. Қос мекенділердің көпшілігі дерліктей жауларынан активті түрде қорғана алмайды. Бұлардың жаулары көп. Қорғану бейімделушіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы — секреті ұлы болатын тері бездері болып есептеледі. Ол сілекейлі қабатқа түскенде оны ашытады, кейде улатады. Бақа мен жерлянканы бір банкаға орңаластырғанда бірнеше сағаттан соң, жерлянканың тері бездерінен бөлінген секретімен уланып, бақаның өліп қалғаны байқалған. Бұл секретті қан тамырына жіберсе одан да күшгі әсер етеді. Мысалы итке жерлянка секретінің елеулі дозасын жібергенде, ол сағатқа жетпей өліп қалған. Әсіресе улы бездер құрбақада, жерлянкада, чесночницада және саламандрада күшті дамыған.

К о р е к т е н у і. Бұлардың қоректері бір тектес болады. Жануар текті қоректерді пайдаланады, тек қана личинкалары өсімдіктермен қоректенеді. Құйрықсыздар мен құйрықтылардың көпшілігі негізінен омыртқасыздармен: жауын құрттарымен, моллюскалармен, сүліктермен және түрлі насекомдармен қоректенеді. Жасыл бақалар кейде құстардың балапандары-на, ұсақ қеміргіштерге және балықтарға шабуыл жасайды. Өгіз бақа және мүйізді бақалар балапандарды, тышқандарды, кейде су жыландарын да ұстап қорек етеді. Алып салмандралар көбінесе балықпен және олардың уылдырықтарымен қоректенеді. Уылдырықты басқа құйрықтыларда пайдаланады. Аяқсыздар құрттармен, құмырсқалармен қоректенеді.

К ө б е ю і. Амфибилердің еркектері мен ұрғашыларының сырт белгілеріне қарап байқау қиын. Кейбіреулерінің (әсіресе құйрықсыздардың) еркектері ұрғашыларынан әлде қайда кіші болады.

Амфибилердің көбеюіндегі ерекшелік — олардың көбею кезінде суға келіп, жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтуі. Кейінгі кезде амфибилердің бірсыпыра түрлерінде судан тыс ортада көбеюге бейімделушілік қалыптасты. Әйткенмен бұл бейімделушілік екінші сипатта болатын қос мекенділердің азғана түріне тән ерекшелік.

Құйрықсыздардың көпшілігінде ұрықтану сыртта болады Еркегі ұрғашысының үстіне шығып, алдыңғы екі аяғымен арқасына мықтап жабысып алып, ұрғашысының жұмыртқасын қысып шығарады. Бұл процесс ұзақ уақытқа, кейде бірнеше күнге созылады. Бұл кезде олар су ішінде болады.

Құйрықтылардың көпшілігінде және аяқсыздарда ұрықтану іште өтеді. Аяқсыздар ғана кәдімгідей шағылысады және олардың еркектерінің шағылысу органы болады. Тритондардың еркектері ұзақ уақыт ұрғашыларының артынан еріп жүріп, оларды күтеді.

Ұрықтанған жұмыртқаларын амфибилер көпшілігінде суға салады да оның келешектегі дамуына қамқорлык жасамайды. Сонымен қатар жұмыртқалардың басқаша жағдайларда дами-тыны туралы көптеген деректер бар.

Аяқсыздар жұмыртқаларын көпшілік жағдайда індерге, тас-тардың және түбірлердің астына салады. 20 шақты жұмыртқа салып, олардан личинкалар шыққанша, денесімен орап жата-ды. Личинкаларын жұмыртқадан шыға салысымен суға көшіреді, суда метаморфозы тез аяқталып, ересек формаға айналады.



Жылдық цикл. Амфибилердің құрлықта тіршілік етуге аз бейімделуі жыл маусымында болатын өзгерістерге сәйкес өзгеруге, икемделуге мәжбүр етеді. Олардың қалыпты тіршілік етуіне экваторлық зонада ғана толық жағдай бар. Ал кейбір жауын мен құрғақшылық алмасып отыратын облыстарда, олардың тіршілік әрекетінде үлкен өзгеріс болады. Құрғақшылық кезінде балшыққа көміліп, інге, тастың, басқа заттардың астына тығылып, ұйқыға кетеді. Біздің жердегі бақалар сентябрь айында ауа темпеартурасы 8—12 градус жылылықта ұйқыға дайындалады да, 3—5 градуста ұйқыға кетеді. Москва түбінде кейбір ересек формаларын октябрьдің жартысында да кездестіруге болады. Кейбір пікірлер қоңыр бақалардың су түбіндегі балшыққа көміліп жатпай, тастың астында, балдырлардың арасында қыстап шығатынын дәлелдейді.

2. ҚОС МЕКЕНДІЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ

Ертедегі қос мекенділер Гренландияда жоғарғы девон қаба-тынан анықталған. Әзірше ондай жануарлардың бас сүйегі ғана табылды. Ал толық скелеті тас көмір мен перм қабаттары-нан табылған. Бұл өте ертеде тіршілік еткен амфибилердің тобы — филлоспондилер (Рһуііоsропdуlі) отрядына топтасады. Бұлардың ең ұсақтарының (Вгапсһіоsаигиs) денесінің ұзындығы бірнеше сантиметр ғана болған. Сыртқы бейнесіне қарағанда, олар тритондарға ұқсайды. Ми сауытының басым көпшілігі сүйектенбеген, бірақ оның үстіңгі жағы тері тектес сүйекпен қапталып тұрады. Кейбір түрлерінде рудиментті желбезек қақпақшалары болған. Бас сүйегшің құрылысындағы кейбір элементтеріне қарағанда, бірқатарында личинка кезінде сыртқы желбезегі болғаны байқалады. Филлоспондилер отряды — амфибилердің ертеде тіршілік етіп, кейін құрып біткен, олардан қазіргі замандағы құйрықты және кұйрықсыздар отряды пайда болған болуы керек.



Қос мекенділердің үшінші отряды. Лептоспондилер (Lерtоsропdуlі) карбон мен пермнің ортаңғы және жоғарғы қабатынан белгілі. Бұлар тайыз сулар мен батбақты Мекен еткён, ұсақ жануарлар. Көпшілігінің денесі ұзын, рудиментті аяқтары болған.

Амфибилердің құрып біткен осы үш отряды стегоцефалдар немесе сауытты амфибилер (Stеgосерһаlіа) класс тармағын құрайды.

Стегоцефалдардың арғы тегі сүйекті балықтар болуы сөзсіз. Олардың құрылысының қарапайым (алғашқы скелетінің нашар сүйектенуі) болуымен қатар, желбезекгеріне қосымша қапшық тәрізді өкпесі болған.

Омыртқалылардң құрлыққа шығуы саусақ қанатты балық-тардың оттегі аз су қоймаларында ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесі болып есептеледі. Стегоцефалдар пайда болған девон дәуірінің маусымды кезеңдерінде құрғақшылық болу әсерінен, тұщы суларда тіршілік ететін балықтардың тыныс алуы нашарлайды. Тас көмір дәуірі кезінде батпақты жерлерде және су жиектерінде өсімдіктер өте қалың болған, су бетіне өсімдіктердін, молырақ пайда болуы балықтардың суда жүзуін қиындатты. Сонымен қатар олар қосымша өкпе қапшықтары арқылы өкпемен тыныс алуға икемделген. Оған қосымша ол суларының мүлдем құрғап қалуы, олардың тіршілік етуіне қауіпті болған. Егерде балықтар сусыз жермен қозғала алмаған болса, мүлдем қырылған болар еді. Сондықтан мұндай қауіпті жағдайдан өкпемен тыныс алуға икемделген және құрғақ жер мен аяқтары арқылы жылжи алатын су жануарлары ғана тірі қалуы мүмкін. Жүрген сулары құрғап кеткенде екінші бір су орталық-тарына қозғалып баруда денесін тұтасып қаптап жатқан қабыршақтары кедергі келтіретіні сөз жоқ. Сол сияқты денесі-нің сыртын сауыттың қаптап жатуы терісінің беті арқылы тыныс алуға кедергі болған. Осы екі қозғалатындықтан олардың құрсақ бөліміндегі сауыттары бірталайында жойылмаған, ал төбе сауыттары көпшілігінде сақталған.



  1. ҚОС МЕКЕНДІЛЕРДІҢ МАҢЫЗЫ

Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділердің прак-тикалық маңызы аз. Жалпы қарағанда қос мекенділер адамға пайдалы. Қос мекенділердің көпшілігі дерлік, ауыл және тоғай шаруашылықтарына зиянын тигізетін омыртқасыздарды: буын аяқтылармен, моллюскалармен қоректеніп, пайдасын тигізеді. Суда тіршілік ететіндері судағы қауіпті аурулар тарататын зи-янкес насекомдардың личинкаларын жеп құртады. Мысалы, тритондар масалардың личинкаларымен қоректенеді, оның ішінде безгек ауруын тарататын масалардың личинкаларын құртады.Құйрықсыздардың көпшілігі түнге қарай, насеком-дармен қоректенетін құстар қонақтап отырғанда қорегін аулайды. Сондықтан бұлар пайдалы болып есептеледі. Горький облысында жүргізген бақылауында Красновидов шөптесін бақасының бір тәулікте орта есеппен 7 зиянды жәндікті (насекомдар, олардың личинкаларын, бауыр аяқты моллюскалар) жейтіні, ал 6 айдың ішінде 1200 зиянкесті жойып жіберетінін байқаған.

Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Қосмекендiлердің тіршілік ету жағдайлары және жалпы таралуы.

  2. Қосмекендiлердің шығу тегі.

  3. Қосмекендiлердің маңызы.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

  3. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.



8 дәріс: Бауырмен жорғаушылар немесе рептилилер (RЕNТІLIА) класы.

Жоспар.

  1. Бауырмен жорғаушылардың жалпы сипаттамасы.

  2. Бауырымен жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы.




  1. Бауырмен жорғаушылардың жалпы сипаттамасы.

Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибилер көбіне тіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі сатыдағы омыртқалылар болса, рептилилер, кұстар және сүт қоректі жануарлар құрлықта тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге

бейімделген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологияның, эмбриологияның, және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.

Барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады. Көбеюі құрылықта, кейбір тірі туатын түрлері (мысалы, кит тәрізділер) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбриональдық дамуындағы бір ерекшелігі ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілер-де ұрық қабы бала жататын орынды немесе плацента құрауға қатысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық организмнің арасындағы органикалық байланысты түзеді.

І-класс тармағы. Алғашқы кесірткелер немесе Ящерогадылар (Ргоsаигіа)

1-отряд, Тұмсықбастылар (Rһупсһосерһаlіа).



ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар (Sqиаmаtа).

2-огряд. Қесірткелер (Lасегtilіа).

3-отряд. Хамелеондар (Сһаmаеlеопtеs).

4-отряд. Жыландар (Орһіdіа).



ІІІ-класс тармағы. Крокодилдер (Сгосоdіlіа) .

5-отряд. Крокодилдер (Сгосоdilіа).



ІҮ-класс тармағы. Тасбақалар (Сһеlопіа).

6-отряд. Жасырьш мойындылар (Сгурtоdіга) .

7-отряд. Бүйір мойындылар (РІеигоdiга).

8-отряд. Теңіз тасбақалары (Сһеlопііdеа).

9-отряд. Жұмсақ терілілер (Тгіопусһоіdіае) .


  1. Бауырымен жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы.


РЕПТИЛИЛЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептили-лер үшке бөледі.

1. К е с і р т к е т ә р і з д і л е р. Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады.

Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.

2. Ж ы л а н т ә р і з д і л е р. Бүлардың денесі цилиндр пі-шінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен (АmрһізЬаепіdае) тұқымдасының кейбір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардын басы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Қерісінше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.

3. Тасбақа тәрізділер. Тасбақа тәрізділердің денесі арқасы-нан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ .сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формала-рында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады,



Тері жабындысы. Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп огырады. Оны төменгі жатқан қабаты қалпына келтіреді. Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуынын

үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтай-ды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжың, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анық-талмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында орналасқан. Жыландарда да тері бездерінің нұсқасы болады.



Скелеті. О м ы р т қ а ж о т а с ы. Қесірткелердің көпшілігінің нің омыртқа жотасы, процельдік омыртқалардан қалыптасқан Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфицельді, Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, қүйрық.

Кесірткелердің мойын омыртқасыньщ саны 8. Рептилилер-дің мойын омыртқалары амфибилердін, мойын омыртқаларынан көп және бұлардың алғашқы екі омыртқасының құрылысында өзіндік ерекшеліктері болады. Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын (аtlаз) ауыз омыртқа, екіншісін — эпистрофея (еріsігорһеиs) деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және төменгі жартыға байланыс ткані арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның эпистрофеяның тіс тәрізді (ргосеssиs оdопtоіdеиs) өсіндісі еніп тұрады. Ауыз омыртқасы осы өсіндінің айналасында айналып тұрады. Эмбриологиялық мәліметтерге қарағанда, эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз омыртқасының денесі болып саналады. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді.

Бел — көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 бо-лады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді, бірақ алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегіне барып бекиді. Соның нәтижесінде көптеген рептилилерге тән нағыз көкірек қуысы пайда болған. Төс сүйегі болмайтын жыландарда көкірек қуысы да болмайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті болады. Ол ұрықтық даму кезінде көкірек қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған.

Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең есінділеріне жамбас сүйектері бекиді.



Ми сауыты. Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер дамып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытынын, түбі негізделген.

Бас сүйегінің шүйде бөлімі (хондральдық) шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Бұл сүйектер қарақұс тесігінің айналасына орналасқан. Оның астыңғы жағында бір ғана қарақұс өсіндісі болады. Оның қалыптасуына екі бүйір және негізгі шүйде сүйек қатысады. Негізгі шүйде

сүйегінің алдыдғы жағында негізгі сына тэрізді (hаsіsрһепоіdеиm) сүйек орналасқан. Бұл ми сауытынын. түп жағын құрауға қатысады. Парасфеноид сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің алдыңғы ұшына Жалғасып жатады.

Есіту капсуласының маңынан үш құлақ сүйегі пайда болады. Оның біреуі — алдыңғы құлақ — бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі — артқы құлақ сүйегі; бүйір шүйде сү-ііекпен, үстіңгі құлақ сүйегі — жоғарғы шүйде сүйегімен бірігіп кетеді.



Иық белдеуі. Амфибилердегідей негізінен үш сүйектен қа-лыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белде-уінің арқа жағы — жауырыннан және жауырын үсті шеміршегінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады.

Жамбас белдеуі. Жамбас белдеуі мықын сүйектен (ilium) шонданай сүйегінен (іsсһіиm) және шап сүйегінен (риЬіs) тұрады. Бұлардың бір жақ ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегі екі жағынан да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара байланысады.

Аяқтарының қүрылысы, бес саусақты организмдердің аяқта-рының құрылысына ұқсас.



Ет системасы. Рептилилерде төменгі сатыдағы организмдерге тән еттің метомерлі орналасуы сақталмаған. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы, бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы денесінің үлкен бөліктерге жіктелуі міне осының барлығы ет системасының күрделі дифференциялануына себепші болған. Әсіресе, тыныс алу процесін

реттеуге қатысатын қабырға аралық еттерінің пайда болуын ерекше атап өтуге болады.



Ас қорыту. Органдарының құрылысы амфибилердің ас қо-рыту органдарынан әлдеқайда күрделі. Бұл ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және кейбір жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлінген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан екінші таңдай сүйек арқылы бөлінген. Ауыз-қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. Тілінің формасы түрліше болады. Жыландар мен кесірткёлердің көпшілігінің тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Хамелеондардың, керісінше тілінің ұшы жалпақ. Тілдің формасының түрліше болуы қоректік заттарды ұстау тәсілі мен пайдалану сипатына байланысты.

Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Амфибилерден айырмашылығы — гаттерилерден басқаларында, өре сүйегінде тісі болмайды. Тістері көрсетілген сүйектердің жиектеріне бекиді. Тек қана крокодилдердің тістері альвеолға орналасқан. Ауыз бездері амфибилерге қарағанда күшті жетілген.




17-сурет.Сойып көрсетілген кесірткенің ішкі құрлысы. 1-сыртқы шықшыт венасы,2-ішкі шықшыт венасы,3- сол ұйқы артериясы ,4 — оң ұйқы артериясы; 5 -қолқаның сол жақ доғасы;6-қолқаның оң жақ доғасы, 7—оң жүрекше; 8-сол жүрекше; 9 —жүрек қарыншасы; 10—сол бұғана асты артериясы,11-өкпе, 12 -бауыр,13-өт,14-қарын,15-ұйқы безі ; 16 — ұлтабар,17-тоқ ішек,18,29-тік ішек,19,27-бүйрек,20-арқа қолқасы,21-бүйректің алып кеткіш венасы,22,28- қуық,23-аталық жыныс безінің өсіндісі,24-аталық жыныс безі, 25-тұқым жолы,26-сандағы тесіктер,30- аналық жыныс безі,31-жұмыртқа жолы.;
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет