Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов Chopard брендінен сатып алған көзілдірігінің қанша тұратыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Вице-министр көзілдірігін 10 жылдан бері тағып келе жатқанын, бағасын нақты айта алмайтынын айтты. 

"Мен нақты айта алмаймын. Менің ойымша, 80-90 мың теңге шамасында. 10 жыл болды. Ол кезде курс мүлдем басқа болды", — деді Жақсылықов.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік желіде жариялаған суреттеріндегі Dolce & Gabbana брендінің көйлегі мен қымбат сөмкелеріне қанша ақша жұмсағаны туралы сұраққа жауап бергенін жазған болатынбыз. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.