Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені (ПОӘК)


Халық шаруашылығында маңызы



бет3/7
Дата14.03.2018
өлшемі1.41 Mb.
#20662
1   2   3   4   5   6   7

Халық шаруашылығында маңызы. Сусарлардың халық шаруашылығында маңызы зор. Олар жүн өндірісінде бағаланады. Бұл тұқымдастың көп түрлері зиянды кеміргіштерді, зиянкестер мен олардың личинкаларын жоюшы болып саналады. Тұқымдастың жүйеленуі әлі анықталмаған. Тұқымдаста 24 туыс, оның 64 түрі бар, олардың 8 туысы және 18 түрі ТМД фаунасына бейімделген
Қазақстанда 6 туыс және 14 кездеседі.
Сусар және күзен туысы – MUSTELA LINNAEUS




Бұл туысқа ең кіші және орташа көлемді жануарлар кіреді. Денесі өте жіңішке, майысқан аяқтары қысқа, кейбір түрлерінде бармақ арасын қосатын жарғақшалары жақсы көрінеді құйрығы дененің жартысына жетеді. Түкті жамылғысы айтарлықтай қысқа. Түсі бір түсті немесе 2 түсті болады, бұл кезде қыс мезгілінде жүн түсі ағарады. Бас сүйегі ірі емес, сәйкесінше ұзыншақ мұрны қысқа. Туыс өкілдері жерде тіршілік етеді. Қоректенуіне қарай жыртқыштар.

Солтүстік жарты шарда Африканың солтустік, оңтүстік бөлігінде, Солтүстік Үндістаннан, Малай архипелагында және Оңтүстік Американың солтүстік бөлігінде таралған. Туыстың жүйеленуі анықталмаған. 13 түрге бөлуге болады. Оның 8 түрі ТМД, ал Қазақстан фаунасында 7 түрі кездеседі. Синонимдері: Қазақша атауы Ақкіс жергілікті атауы ақ тышқан 6 айда – гернон. Ақкіс (Mustela erminea)-сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанның солтүстік орманды-дала аймақтарында, оңтүстік және оңтүстік шығыстағы тауарларында кездеседі. Қоңыс таңдамайды. Ол өзен көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай -салаларда, тау бөктерлерінде жиі кездеседі. Дене тұрқы 16-30 см, салмағы 120-370 г. Жазда арқасы ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Өзіне ұқсас аққалақтан айырмашылығы-құйрығының ұшы қара. Ақкіс негізінен, тоқалтістерімен, сутышқандарымен, бақа кесіртке, балықтармен, кемірушілермен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға көбіне түнде шығады. Ақпан-мамырда ұйығып, 9 айдан соң 8-9 күшік туады. Ақкіс жылына екі рет: көктем мен күзде түлейді. Терісі бағалы болғандықтан ауланады. Зиянды кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл және орман шаруашылықтарына да едәуір пайдасын тигізеді.




Систематикасы (жүйеленуі): Қазақстанда келесі түрлерін жаратады. Орташа орыс - Mustela erminea aestiva тобылдық- M. е. tobolica Алтайлық- М. е. iytnani Ферғандық- М. е. ferghanae , Жетісулық- М. е. shnitnikovi .


Ақкіс Шұбар күзен







Тайра Дақты күзен

Құну
Сипаттамасы: денесі жінішке біркелкі. Мойны қысқа және жуан. Құлақтары кең домалақтау, сыртқы жиегі 2, аяқтары қысқа, 5 бармақты, бармақ аясында түк пен қапталған жарғақтары бар табаны сүйелдерінен басқасы түкті келеді. Құйрығы денесінің 3/4 бөлігіндей, жүні қысқа, денесіне біркелкі шыққан. Жаз мезгілінде жаны, арқасы, басының жоғарғы жағы коңыр.

Сұрақтар:



  1. Жыртқыштар отряды, сусар тұқымдасына сипаттама беріңдер.

  2. Жүйеленуін атаңыздар.

  3. Халық шаруашылығында маңызы қандай?

  4. Көбеюі мен өсіп – дамуы қалай жүреді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10 – 12 (қосымша).
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекяқтылар отрядының систематикасы

10 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Мысық тәрізділер тұқымдасы (Felidaе)

Дәріс жоспары:

Мысық тәрізділер тұқымдасына сипаттама.

Мысық тәрізділер тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Жыртқыштар отряды, мысық тәрізділер тұқымдасына қысқаша сипаттама.

Тұқымдасты екі тұқымдас тармағына, төрт туысқа және отыз жеті түрге ажыратады. Мысық тәрізділер – жыртқыштардың ішіндегі өздерінің жемтіктерін баспалап, қарауылдап, сирек аңдып аулаудан ең жақсы әдістенген жануарлардың бірі болып табылады. Денесінің ұындығы 50 -ден 380 см-ге дейін, құйрығы 10-нан 114 см, салмағы 1,5-тен 275 кг арылығында болады. Жыртқыш тістері ұзын, майысқан. Азу тістері өткір және кескіш болып келеді. Барлық мысық тәрізділер жер үсті өмір салтымен өмір сүреді. Олар орман, сирек шөл даланы, саванналар мен тауларды мекендейді. Мысық тәрізділердің арасында жақсы жылдам жүгіретіндері де кездеседі. Олардың барлығы бармақтарымен жүреді. Тек жануарлармен ғана қоректенеді.

Көбінесе дараланып немесе топтап, ал арыстандар 20 дараға дейін немесе одан да көп топтармен өмір сүреді. Буаз болу кезеңі 55-270 тәулікке дейін созылады. Балалары соқыр және әлсіз болып туылады. Көп түрлерінің аналықтары 12-15 айдан кейін жыныстық есейеді. Өмір сүру ұзақтығы 30 жыл.


Орман мысығының суреті


Орман мысығы – Felinae silvestris, кейде еуропалық немесе жабайы мысық деп те атайды. Сыртқы келбеті бойынша кәдімгі сұр мысыққа ұқсайды. Дене тұрқы 75-80 см, құйрығы 30-34 см, салмағы 6 – 10 кг шамасында. Батыс Еуропа, Шотландия, Кіші Азияда, Кавказда таралған. Орман мысығы таулы орманда және аралас ормандарда өмір сүреді. Буаз болу мерзімі 63-68 тәулікке созылады. 3-8 жас мысық туады. 9- 11 күнде өсіп жетіледі.

Дала мысығы- Felinae Lybica. Сыртқы көрінісі бойынша үй мысығына ұқсайды, сәл ғана үлкендеу және реңі басқа. Дене тұрқы 63-70 см, құйрығы сұр-сарғыштау 23-33 см. Қысқы жүнінің жалпы реңі арқасы мен жанында қара дақтары бар сұрғылтым-сарғыш. Құйрығында бірнеше қара сақиналары бар. Таралу ареалы: Орташа және Орталық Азия, Қытай, Армения, Орал, Қазақстан. Қара сексеуіл өсетін құмды шөлдерде, сазды көлдері бар бұталы жазықтықтарда мекендейді. Негізінен ұсақ тышқандармен, ондатрмен, қосаяқтармен және т.б. қоректенеді. Шағылысу мерзімі –қаңтар-наурыз айларында өтеді. 5-10 жас мысық туады.

Шағыл мысығы-Felinae margarita. Мысық тәрізділерге жататын түр. Шағыл мысығы негізінен Арабия, Синай түбегінде, Сахараның солтүстігі мен Пәкістанның құмды жерлерінде кездеседі. Ал Қазақстанда Маңғыстау түбегінің бұйратты құмдары мен шағылдарында және Қызылқұмды мекендейді. Дене тұрқы 40-52 см, салмағы 1,3-3,4 кг. арқасы мен бүйірі құм тектес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады. Құйрығының ұшы қара қоңыр. Құлағы үшбұрышты, самай сақалы жақсы көрініп тұрады. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Қоңыс тепкен жерлерінде ін қазады, кейде түлкі, қарсақтың ескі індерін де пайдалана береді. Ұсақ кеміргіштермен (қосаяқтар, құмтышқандар), кейде бауырымен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және жәндіктермен қоректенеді. Корегін аулауға түнде шығады. Шағыл мысықтар ақпан-наурыз айларында шағылысып, аналығы сәуір-мамырда 2-5 (көбінесе 3) жас мысық туады. Құмды, шөлді аймақтарда тіршілік ететін болғандықтан аз зерттелген. Шағыл мысығының саны қай жерде болсын аз, Қазақстанда 1952-55 ж. оның 6 дарасы ұсталғаны туралы деректен басқа мәлімет жоқ. Республикада Үстірт және Ақтау-Бозашы қорықшыларында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қамыс мысығы-Felinae chaus. Басқа мысықтарға қарағанда ірілеу келеді, мөлшері 73-75 см аралығында, салмағы 16 кг дейін. Денесі салыстырмалы алғанда қысқа, аяқтары биік, құйрығы ұзын емес, құлағында кішілеу шашақтары немесе тұлымы бар. Өзен көл бойындағы қопалар мен тоғайларды мекендейді. Құм қояны кеміргіштер, су құстарымен қоректенеді. Жемін көбіне түнде аулайды. Жылына бір рет қаңтар-сәуір айларында мауығып, мамырда 3-5 мысық табады. 1,5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қамыс мысығының терісі аса бағалы емес, сондықтан оның шаруашылық маңызы шамалы. Ауыл шаруашылықтарына зиян келтіреді.

Манул- Felinae manul. Қысқа жуан аяқтары бар үй мысығына ұқсайды. Басы нығырлау келген, құлақтары домалақтанған, құйрығы өте жуан. Дене тұрқы 52- 65 см, құйрығының ұзындығы 21-25 см. Манул санаулы ғана, сол себептен қызыл кітапқа енгізілген.

Пума
Систематикасы (жүйеленуі): Пума және ягуар- Felinae concolor. Пуманың екі түр тармағын ажыратады (флоридтік және шығыс пумалары). Бұл екі түр де Қызыл кітапқа енгізілген.



Сипаттамасы: бұл өте ірі аң, 197 см. ұзындыққа дейін жетеді, құйрығының ұзындығы 82 см, салмағы 105 кг. Пуманың денесі тым ұзарған, басы үлкен емес, күшті, сымбатты аяқтары, ұзын құйрығы бар. Жүні қалың, бірақ қысқа жоғарғы жағы сарғыш-бурыл түске,ал төменгі жағы ақ түске боялған. Мұрнының ұшы ақ түсті.

Таралуы: Канада, Оңтүстік Америка. Таулы ормандарда мекендейді.

Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 90 тәулік. 2-3 бала туады.

Балық аулағыш мысық Оцелот
Балық аулағыш мысық - Felinae viverrina негізгі азығы балық. Денесінің ұзындығы 100-120 см. аралығында толқиды,оның сұр түсті жүні қара ірі дақтармен бейнеленген, ал маңдай бөлігі жолақты. Систематикасы (жүйеленуі): Оцелот – Felinae padalis мысық тұқымдасының ішіндегі көлемі жағынан ең кішісі. Сипаттамасы: Дене тұрқы 135-150 см-ге дейін жетеді, бұның 30-40 см құйрығы алады. Бұл басы үлкен, күшті және сымбатты жануар. Қызыл кітапқа енгізілген. Таралуы: Оңтүстік Америкада.

Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу ұзақтығы 70 тәулікке созылады. 2-4 бала туады.

Леопард
Систематикасы (жүйеленуі): Мұнарлы леопард – Felinae nebulosa. Дене көлемі бойынша кіші және орташа мысықтардың ортасындағы жануар. Сипаттамасы: дене тұрқы 62-106 см. құрайды, құйрығы 60-90 см., салмағы 16- 23 кг. Денесі ұзыншақ, майысуға икемді, аяқтары қысқа жалпақ табанды, жалаңаш қатты сүйелдері бар. Ағашқа шығуға бейімді, ыңғайлы. Қалың жүнінің түсі сұр немесе сарғыш түсті. Таралуы: Оңтүстік Азияда, Қытайда, Непалда. Нулы тропикалық орманда мекендейді. Көбеюі және өсіп-дамуы: буаз болу мерзімі 86-92 тәулікке созылады. Балаларын кеуекте (қуыста) 2-5-еу етіп туады. Қызыл кітапқа енгізілген.

Сұрақтар:

1. Жыртқыштар отряды, мысық тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер.

2. Систематикасын (жүйеленуін) атаңыздар.

3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп-дамуы қалай өтеді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)


1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

11 - тақырып. Ескекаяқтылар отряды. Итбалықтар тұқымдасы. PINNIPEDIA.

Дәріс жоспары:

Итбалықтар тұқымдасына сипаттама.

Итбалықтар тұқымдасының систематикасы.

Итбалықтар тұқымдасының таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Ескекаяқтылар отрядына қысқаша сипаттама. Ескекаяқтылар — орташа және ірі көлемді жыртқыш жануарлар, сулы ортада мекендейді, бірақ өмірінің белгілі бір кезеңдерінде (көбею және түлеу кезінде) қатты субстратты (организм қоректеніп тіршілік ететін орта) (мұз, құрлық) және ұзақ уақыт бойы ауада болуды қалайды. Ескекаяқтылар- көп емес 30 түр шамасындағы топ. Қысқа мойны біртіндеп біліктей денеге білінбей ауысады. Алдыңғы және артқы аяқтары жүзу ескектеріне өзгерген. Белгілі бұл тұқымдастың артқы ескектері денесінің артына қарай қайырылады және құрлықта жануарлардың қозғалуына ықпал етеді. Кәдімгі итбалықтардікі алдыға қарай қайырылмайды, үнемі артқа қайырылып жүреді және қатты субстратта қозғалуға көмектеспейді. Көбінесе ескекаяқтылар ірі немесе орташа көлемдегі жануарлар, денелерінің ұзындығы 1.2-ден 6,0 м-ге дейін., салмағы 20 кг-нан 20 т-ға дейін болады. Көп түрдің жүн (котиктерден басқасы) қысқа, қатты, аздап түбітті, ал кей түрінде тіптен редукцияланған (морждар). Тістері қоректену ерекшеліктеріне қарай құрлықта өмір сүретін жануарлармен ұқсас, бірақ аздар дифференцияланған. Морждардың жоғарғы күрек тістері үлкен, кескіш тістерінің және азу тістерінің беткей жағы тегістеу келеді. Жануарлар тірі балықпен, ұлулармен, шаянтәрізділермен және т.б. қоректенеді. Ескекаяқтылар суық және қалыпты жылы солтүстік пен оңтүстік жартышарда мекендейді. Тұқымдастың үшеуінен ТМД фаунасында, Қазақстанда тек бір түрі ғана нағыз итбалықтардың (Phocidae) —каспийлік итбалығы (Phoca caspica) мекендейді.


Нағыз итбалықтар тұқымдасы PHOCIDAE

Орташа және кішкентай көлемдегі, біліктей денелі, денесінің астына қарай қайырылмайтын артқы аяқтары бар жануарлар. Ересек жануарлардың түкті жамылғысы қысқа, қатты, түбіті жоқ. Көп түрдің жаңа туған балаларының жүні үлпілдек және қалың болады. Бұл тұқымдастың 10 түрінен Қазақстанда тек біреу-каспийлік итбалық (Phoca caspica ) ғана мекендейді.

Систематикасы (жүйеленуі): каспийлік итбалықтың байкал итбалығымен (Phoca sibirica) және Шығыршықты нерпамен ортақ ұқсастықтары көп.

Каспийлік итбалық Каспий теңізінің бассейніндегі жалғыз түр және географиялық басқа пішіні жоқ. Сипаттамасы: бұл итбалықтың суда өмір сүруге бейімділігі және құрлықты қаламайтыны сыртқы пішініне көп өзгерістер әкелген. Сыртқы пішіні бойынша ұршық тәрізді формалы, денесінің алдыңғы жағы жуандау. Басы үлкен емес, денесі сияқты тығыздалған. Мойны қысқа және денесіне қарай бірқалыпты ауысады, қозғалысы шектелген. Алдыңғы аяқтары редукцияланған, ескектерге өзгерген және де қатты субстратта қозғалу мақсатында қолданылмайды. Олар алдыға, артқа және төмен жоғары қарай бүгілу қабілетін сақтап қалған. Алдыңғы аяқтарындағы бармақтарының мықты тырнақтарымен мұз бетіндегі тыныс алу үшін, мұз бетіне шығу үшін тесіктерді кеңейтеді, қоректерін жұлмалау үшін пайдаланады. Артқы аяқтары денесінің астына қарай қайырылады, Аяқ-қол бөлімдерінің үлкен бөлімі терілі-бұлшық етті қапта орнында болады; дистальді олардың бөлімі ұзартылған және көлденең еркін иіледі - оңға және солға .

Артқы аяқтарының бірінші және бесінші бармақтары ұзындығы бойынша үлкен емес, ал ортаншысы қысқарақ. Барлық бармақтарының арасы жарғақпен қосылған, бұл ескегінің көлемін үлкейтіп тұрады. Итбалықтың артқы аяқтарының табаны жоғарыға қаратылған. Құрлықта өмір сүретін жануарлармен салыстырғанда суда өмір сүруге бейімделгендіктен қаңқасының және бұлшық ет массасы аз болады: дене салмағының 7—10%, тері асты майының — 34-52, қаңқасының — 4,03-7,31, бұлшық етінің— 27,7—30,3%. Итбалықты су астында жүзу кезінде оттегімен қамтамасыз етіп тұратын көптеген механизмдері бар. Бұл олардың сыртқы демалысын уақытша тоқтатып қоюға мүмкіндік береді, бұл дельфиндерде 3-4 реттен аспайды. Жануарлардың қоректену ерекшеліктеріне қарай тістерінің жүйесі тек қоректі ұстап тұруға бейімделген. Азу тістері 3 қырлы, төртінші қыры кейбір особьтерде ғана кездеседі. Тістері астыңғы үстіңгі жақ тістері бір-біріне қосылған кезде құлып сияқтанып жабылып қалады. Бұндай жабылу кезінде көлемі тіптен кішкентай азықтарын да ұстап тұра алады. Каспийлік итбалықтың бас сүйегі жіңішке, созылыңқы. Тұмсық сүйектері маңдай сүйегіне бекітіледі. Оның алдыңғы қырларында үш шығыңқы екі ұзын (шеткі) және қысқалау-орташа жақтары болады. Есту көпіршіктері сәйкесінше үлкен емес және үшбұрыш пішінді. Жынысы жағынан жетілген жануарлардың дене тұрқы 125—160 см-ді құрайды, сонымен қатар аналықтары аталықтарынан едәуір кішкентай болады. Салмағы 100 кг болатын жануарларда кездеседі. Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлар ең көп салмақты терең күзгі уақытта және қыс мезгілінің басында жинайды. Итбалықтардың барлық жас мөлшеріне қарай ең аз салмағы төлінен басқасы, түлеу аяқталар шақта көктемде және жаз мезгілінің бастапқы кезінде байқалады. Түлеу: ересек жануарларда түлеу бір – ақ рет болады. Кейбір особьтердің түктерінің толығымен ауысуына 2-3 аптадан 1 айға дейінгі уақыт кетеді. Негізінде түктерінің түсуі көз айналасынан, басының беткі жағынан, ескектерінің алдыңғы жағынан, құйрығының маңайы және артқы ескектерінен басталады. Кейін арқа тұсында басынан құйрығына дейін домалақ және сопақша пішінде дақтар пайда бола бастайды. 7-10 күн ішінде ескі жүннен босаған аймақтары жоғарыдан төмен арқасынан ескектеріне қарай ауыса береді, ол кезге дейін басқа жеріндегі ескі жүндері толығымен түсіп үлгереді. Ең соңында жандарындағы жүндер түседі. Итбалықтар қысқы ұзын жүндерін тастап жаңа қысқа сирек жүндермен қапталады. Бұл кезде жүннің көптеген реңдері болады, және бүкіл денесіндегі бұл реңдер оларды өте сүйкімді, әдемі етіп көрсетеді. Бірақ бұндай әдемі болып жүруі тек 2-3 аптаға ғана созылады.

Таралуы: каспийлік итбалық тек Каспий теңізінің маңын ғана

мекендейді. Жануар сонымен қатар аз мөлшерде Иран территориясындағы

өзен-суларда мекендейді.

Шығыршықты нерпа Тевяк









Хохлач Уздделла итбалығы


Көбеюі және өсіп дамуы: аналық итбалықтар жыныстық жағынан 5-ші жылы ғана жетіледі. Аталықтары да осы кезде шағылысуға түседі. Каспийлік итбалықтың буаз болу мерзімі 11 ай. Халық шаруашылығындағы маңызы: ұзақ жылдар бойы итбалық өндіріс көзінің шикізаты болып келеді. Өйткені құнды шикізат-май береді. Бұл май парфюмерияда және медицинада пайдаланылады. Ірі жануарлардың терісін тері шикізаты ретінде қолданады. Систематикасы (жүйеленуі): құлақты итбалықтар тұқымдасы – Otaridae. 7 туысы бар: солтүстік, оңтүстік, калифорниялық, теңіз мысықтары, оңтүстік теңіз арыстандары, сивучтар, австралиялық теңіз арыстандары, жаңа зенландиялық теңіз арыстандары.

Сипаттамасы: оларда редукцияланған болса да құлақ қалқандары сақталған. Артқы ескектері табан жағында бүгіледі, олар денесін ұстап тұруға негізделген. Алдыңғы ескектері үлкендеу келеді. Көлемдері үлкен, денесінің ұзындығы 3,8 м-ге дейін жетеді. Таралуы: солтүстік жартышарда, тынық мұхитында. Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 360 тәулікке дейін созылады, тым ұзаққа созылу себебі эмбрион буаз болу кезінде жетіле бастайды, кейін дамуы тежеледі немесе тоқтайды.

Систематикасы (жүйеленуі): морждар тұқымдасы – Odobenidae. Ең ірі ескекаяқтылар. Тұқымдаста бір түр-морждар. Сипаттамасы: ересек аталықтардың денесінің ұзындығы 300-450 см-ге. жетеді, салмағы 1,5 т шамасында. Аналықтарының дене мөлшері кішірек. Денесінің ұзындығы 265-365 см., салмағы 700-800кг. аталықтарының жыртқыш тістері жуан және ірі. Тұмсығы қысқа және өте жалпақ. Терісі өте қалың. Түкті жамылғысы сирек, кей кезде болмайды. Түктерінің түсі жирендеу. Таралуы: Атлантика, Солтүстік мұзды мұхит, Беринг теңізі. Көбеюі және өсіп дауы: баяу көбейеді. Жыныстық жағынан 6 жасында жетіледі. Сәуір – мамыр айында шағылысады. Көбі 3 немесе 4 жылда бір ұрпақ туады.

Сұрақтар :

1. Жыртқыштар отряды, ескекаяқтылар тұқымдасына сипаттама беріңіздер.

2. Жүйеленуін атаңыздар

3. Халық шарашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
2 Модуль Жұптұяқтылар систематикасы

12 - тақырып. Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтармайтындар. Шошқа, пекарилер, бегемот тұқымдасы.

Дәріс жоспары:

Шошқа тұқымдасының қысқаша сипаттамасы.

Шошқа тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Пекарий тұқымдасына сипаттама, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Бегемоттар тұқымдасының сипаттамасы, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Систематикасы (жүйеленуі):

Отряд тұяқтыларды біріктіреді, үшінші, төртінші бармақтары дамып келеді, олардың арасында аяқтарының осі өтеді. Басқа жанындағы бармақтар (көп түрінде екеу) әлсіз дамыған және ортаншы бармағынан жоғары орналасқан. Барлық бармақтарының аяққы қабыршақтары тұяқпен қапталған. Күйіс қайтармайтындар 3 тұқымдасты біріктіреді: шошқа (suidae), пекарилер (tayassudae), бегемот (hippopotamidae), 8 туыс, 12 түрге біріктіреді.



Шошқалылар тұқымдасы (suidae). Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Аяқтарында жан бармағы жақсы жетілген 4 бармақты. Жыртқыш тістері үлкен, жоғарғы тістері бүгілген, азу тістері дөңестеу. Қарны жай қарын, қосымша бөлімдері бар. Тұқымдаста 9 түр бар, олар 5 туысқа біріктірілген.

Сипаттамасы : өзен шошқасы (potamochoerus) . Бұл жануарлар өте әдемі болады. Жүнінің түсі ашық жирен, арқасында ақ жолақты, тұмсығында ақ түктері бар және құлағында ұзын шашағы бар. Жыртқыш тістері онша ұзын емес, бірақ өткір. Дене тұрқы 100-150 см, биіктігі 55-80 см, салмағы 80 кг. Аталықтарының көздері мен тұмсығының арасында сүйек өскіні болады.

Таралуы : Африкадан оңтүстік Сахараға дейін және Мадагаскар аралын мекендейді. Бұталы және орман даланы мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу ұзақтығы 130 тәулік. Орташа мөлшерде 4 ала жолақты торай әкеледі. Халық шаруашылығындағы маңызы: жабайы және үй жануарларына шабады. Отармен жүреді, жорыққа түнде шығады және өте сақ.



1- Украиндік ақ шошқа, 2- вьетнамдық салпан қарын, 3- йоркшиндік
Қабан немесе жабайы шошқа (Sus scrofa) – ең көп таралған түр.

Сипаттамасы: Дене тұрқы 130-175 см, биіктігі 100 см-ге дейін, салмағы 60-тан 150 кг аралығында. Басы өте үлкен, сүйірленген. Құлақтары ұзын және кең, көздері кішкентай, тұмсығы таңқиған. Денесі серпімді қылшықпен қапталған, ал қыста ұзынырақ және қалың түбітті. Арқасында қылшықтары тарақты. Таралуы: Еуропаның барлық солтүстік бөлігін Скандинавияның жарты аралын, Ладож көлін, Калуж және Туль облыстарын Азия мен Африка, Мадагаскар, Жаңа Гвинея және т.б. мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтары шағылысуға бірінші рет екінші жылы ғана түседі 18-20 айлығында, ал аталықтары 4 немесе 5 жылы түседі. Аналықтарының жыныстық жетілу 8-10 айларында, ал аталықтары 18-20 айларында жетіледі. Шошқалардың жаппай шағылысуы наурыз-мамыр айларына сәйкес келеді. Торайларының саны 4-10 шамасында. Халық шаруашылығындағы маңызы: негізі аңшылардың- өндірістік жануары.

Сақалды шошқа (Sus harbatus). Сипаттамасы: дене мөлшері қабан сияқты 100-160 см, салмағы 100 кг шамаасында. Өзінің атауын беткі бөлігін ауызынан құлағына дейінгі аймақты алып тұрған ашық түсті ұзынырақ қылшығы үшін алды. Денесі сирек қылшықпен қапталғандай, арасынан сұр немесе сұр-қызғылт терісі көрінеді. Бетінде көздері мен жыртқыш тістерінің арасында сүйелдері бар, ол әсіресе аталықтарында жақсы дамыған.

Таралуы: Малакка жарты аралында, Суматра, Ява, Индонезия аралдарында 6 түраралығы кездеседі. Тропикалық және бұталы жерлерді мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: жыныстық жағынан жетілуі 17-19 айлығында байқалады. Буаз болу мерзімінің ұзақтығы 171-175 тәулік. Жыл ішінде көбейе береді. 2-8 торай туады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет