Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет5/7
Дата14.03.2018
өлшемі1.41 Mb.
#20662
1   2   3   4   5   6   7

Көбеюі және өсіп дамуы: бірінші шағылысу кезеңі 13-15 айларында байқалады.

Жабайы есек (Equus asinus)– бойы жылқыдан кішкентай. Биіктігі 1,1-1,4 м, басы ауыр, салмақты, жалы кішкентай. Казіргі кезде жабайы есектің екі түрі сақталған (самалийлік, нубийлік). Екі түрі де Қызыл кітапқа енгізілген.

Пржеваль жылқысы (Equus сaballus) – типтік жылқы, денесі тығыз орналасқан, басы салмақты, мойны жуан, аяқтары мықты. Реңі құмды-сарғыш түсті. Дене тұрқы 220-280 см., биіктігі 120-146 см., салмағы 200-300 кг. Таралуы: қазіргі кезде табиғатта жылқы мүлдем жоғалып кеткен, бірақ зоопаркте сақталған.

Тапирлар тұқымдасы (Tapiridae).

Қазіргі кезде бұл түр Оңтүстік-Шығыс Азияда және 3 түрі Оңтүстік Америкада кездеседі. Мүйізтұмсықтардың бірнеше түрін ажыратады (суматрандық, үнділік, явандық, қара). Қара мүйізтұмсықтың сыртқы бейнесінің ақ мүйізтұмсықтан өзгешелігі жоғарғы жақ ерінінің құрылысында. Қара мүйізтұмсықтың ерні үшкірленген және мұрнымен астыңғы ерніне қарай асылып тұрады. Бұл ерінінің көмегімен жануарлар қорегін ұстай алады.



Тапир
Сипаттамасы: олардың алдыңғы аяқтарыны 4 бармақтан, ал артқы аяқтарында 3. Тапирлар көлемді жануарлар, салмағы 225-300 кг., дене тұрқы 180-200 см., биіктігі 75-120 см. Басы кішілеу қозғалмалы мұрнымен, көздері кішкентай, құлақтары қысқа, 42-44 тісті. Жоғарғы сыртқы тістері ұзарған. Қалың терісі қысқа түктермен қапталған. Таралуы: Азияда, Еуропада, Америкада таралған. Сазды және бұталы жерлерді мекендейді.



Көбеюі және өсіп дамуы: буаздылығы 390-400 тәулікке созылады.

Мүйізтұмсықтылар тұқымдасы (Phinocerotidae).

Сипаттамасы :


Суматр мүйізтұмсығы
Ауыр денелі жануарлар, үш бармақты аяқтары және түкті жамылғысы жоқ қалың терілі. Дене тұрқы 2-4 м, салмағы 1-3,6 т. Таралуы : Оңтүстік-Шығыс Азияда және Африкада. Көбеюі және өсіп-дамуы: буаздылығы 419-550 тәулікке созылады. аналықтары бір ғана төл туады.

Сұрақтар :

1. Тақтұяқтылар отряды, жылқы тұқымдасына сипаттама беріңдер

2. Жүйеленуін атаңыздар.

3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?

Әдебиеттер : 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
3.ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары.

1 - тақырып. Жануарлар систематикасы пәні және міндеттері (2 сағат)

Сабақтың мақсаты:

1. «Жануарлар систематикасы» пәнінің мақсаты мен міндеттерін қарастыру

2. Сүтқоректілер отрядының классификациясымен танысу

1 - тапсырма. Пәннің мақсаты мен міндеттерін қарастыру.

2 - тапсырма. Жануарлар систематикасының классификациясын білу

3 - тапсырма. Дәптерлеріне сүтқоректілер отрядын анықтайтын кестені көшіріңдер.



Сүткоректілер отрядын анықтайтын кесте.


Отрядтар

Құрылыс ерекшеліктері

Кеміргіштер

Жыртқыш тістері жоқ. Күрек тістері иілген қашаулар немесе өткір жиектері бар долот. Күрек тістері мен азу тістерінің арасында – диастема бар. Күрек тістері астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінде 2 жұптан.

Қоян тәрізділер

Күрек тістері жоғарғы жақ сүйегінде 2 жұп. Олар бірінін артында бірі орналасқан.

Жыртқыштар

Аяқтары шынтақ және тізе буындарынан бастап денесінен ажыратылған.

Ескек аяқтылар

Қысқа мойны біртіндеп біліктей денеге білінбей ауысады. Алдыңғы және артқы аяқтары жүзу ескектеріне өзгерген.

Тақ тұяқтылар

Тұяқтарының саны әр аяқта бір жұптан.

Жұп тұяқтылар

Әрбір аяқтағы тұяқ саны төртеу. Оның екі орташасы басқа екеуінен улкендеу.

Кемірушілер тұқымдасын анықтайтын кесте.

Отрядтар

Жоғарғы бетінде

Селевыши

Азу тістері кішкентай, редуцированные. Жоғарғы күрек тістері ірі.

Қосаяқ тәрізділер

Артқы аяқтары ұзын, алдыңғы аяқтарынан 3 немесе 4 есе ұзын. Секіруге бейімделген. Бас сүйегі кең және қысқа.

Соқыр тышқандар

Көздері сыртқа шығыңқы. Алдыңғы аяқтары көрнекі мықты тырнақтармен қаруланған.

Атжалмандар

Азу тістерінің шайнау беті эмальмен капталған. Олар екі қатар орналасқан.

Жайралар

Денесінің жоғарғы жағы ұзын ине тәрізділермен қапталған.

Камшаттар

Ересек жануарлардың денесі 50 см кем емес. Құйрығы жоғарыдан төмен қарай майысқан, күрек тәрізді, ірі қабыршақтармен қапталған.

Қарақастар

Ересек жануарлардың денесі 25 см кем емес. Құйрығы нығыз, ірі қабршақсыз бірақ жүнмен қапталған.

Бақылау сұрақтары:

1. «Жануарлар систематикасы» пәні нені оқытады?

2. Сүтқоректілер отрядының классификациясын атаңыздар.

3. Кемірушілер отрядының систематикасын атаңыздар

4. Сүтқоректілер отрядының халық шаруашылығындағы маңызы қандай? Ұсынылатын әдебиеттері:1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
2 - тақырып. Қоян тәрізділер отряды. Шақылдақтар, қоян тәрізділер тұқымдасы (2 сағат)

Сабақтың мақсаты:

1. Қоян тәрізділер отрядының классификациясын оқу. Шақылдақтар, қоян тәрізділер тұқымдасы.



2. Шақылдақтар, қоян тәрізділер тұқымдасының құрылысын, таралауын, көбею мен өсіп-дамуын қарастыру.

1 - тапсырма. Отрядтың жүйеленуін қарастыру.



Тұқымдас

Атауы

Шақылдақтар

Fammilla Ochotonidae

Қоян тәрізділер

Fammilla leporidae

2 - тапсырма. Құрылысын, таралауын, көбеюі мен өсіп-дамуын қарастыру.

3 - тапсырма. Шақылдақтар, қоян тәрізділер тұқымдасын анықтайтын кестені дәптерлеріне көшіріп алыңдар.




Түр

Құрылысының ерекшеліктері.

Шақылдақтар

Көлемі кішкентай. Ұзындығы 12-28 см аралығында толқиды, салмағы 170-240 г. Аяқтары қысқа, алдыңғы аяқтарында 5, ал артқы аяғында 4 бармақтары бар. Түсі қызғылт немесе бурыл . тұқымдаста 1 туыс бар.

Қоян тәрізділер

Кемірушілер отрядының ең ірі өкілі. Денесінің ұзындығы 25-74 см. Аяқтары 5 бармақты тұықталған. Өрмелегіш, жолақты, бушменді, африкалық қояндар сияқты туыстарға бөледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Кемірушілер отрядына сипаттама беріңдер.

2. Қоян тәрізділер отрядының классификациясын атаңыздар.

3. Шақылдақтардың қоянтәрізділерден қандай айырмашылығы бар?

4. Қоян тәрізділердің халық шаруашылығында қандай маңызы бар?

Ұсынылған әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)


3 - тақырып. Кемірушілер отряды. Тиіндер тұқымдасы. (2 сағат.)

Сабақтың мақсаты:

1. Тиіндер тұқымдасының жүйеленуін қарастыру.

2. Тиіндердің құрылысын, таралуын, көбеюі мен дамуын оқып білу.

1 - тапсырма. Отрядтың жүйеленуін оқып білу.



Түр

Атауы

Карлик тиіндер

Genus Microsciurus

Қызыл тиіндер

Genus Tamiasciurus

Рубинді тиіндер

Genus Rubrisciurus

Гигант тиіндер

Genus Ratufa

Пальма тәрізді тиіндер

Genus Funambulus

Африкандық тиіндер

Genus Epixerus

Жолақты тиіндер

Genus Protoxerus

Бұталы тиіндер

Genus Paraxerus

Суырлар

Marmotinat

2 - тапсырма. Құрылысын, таралуын, көбеюі мен дамуын меңгеру.

3 - тапсырма. Тиіндер тұқымдасын анықтайтын кестені дәптерлеріне көшіріп алыңдар.



Тұқымдас

Құрылыс ерекшеліктері.

Жер үсті тиіндері

Артқы аяқтары тым ұзын. Тырнақтары ұзын.



Тиіндер

Артқы аяқтары сәл ғана ұзарған. Тырнақтары қалыпты ұзындықта. Құйрығы ұзын және үлпілдек. Құлақ қалқаны жақсы жетілген.

Суырлар

Құйрығы үлпілдек емес, ұзындығы дене ұзындығынан сәл қысқа. Құлақ қалқаны жетілмеген тері жұмыры бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Тиіндер тұқымдасына сипаттама беріңдер.

2. Тиіндердің таралуы және таралу аймағы қандай?

3. Көбеюі мен дамуы.

4. Тиіндердің халық шаруашылығындағы және өндірістегі маңызы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)


4 - тақырып. Кемірушілер отряды. Суыр тұқымдасы. (2 сағат.)

Сабақтың мақсаты:

1. Суыр тұқымдасының жүйеленуін оқып үйрену.

2. Суырлар тұқымдасының құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп-дамуын оқып білу.

1 - тапсырма. Отрядтың жүйеленуін оқып білу.



Тұқымдас

Атауы

Ала тышқандар

Eutamian

Саршұнақтар

Citellus

Суырлар

Marmota

2 - тапсырма . Құрылысын, таралуын, көбеюі және өсіп дамуын оқып білу.

3 -тапсырма. Суырлар тұқымдасын анықтайтын кестені дәптерлеріне көшіріп алыңдар.



Суырлар тұқымдасы

Құрылысының ерекшеліктері

Суырлар

Құйрығы үлпілдек емес, денесінің ұзындығынан қысқа. Құлақ қалқандары әлсіз жетілген және сәл үлкендеу тері қабыршақтары бар. Дене тұрқы 400 мм.

Ал а тышқандар

Арқасы бес қара жолақты. Құлағы жүнінің арасынан түк ұзындығынығ бойындай ғана шығып тұрады.

Саршұнақтар

Дене тұрқы 400 мм, артқы аяғы 60 мм кем емес.

Бақылау сұрақтары:

1. Суырлар тұқымдасына сипаттама.

2. Суырлар тұқымдасының көбеюі мен өсіп дамуы.

3. Суырлар тұқымдасының таралуы және мекендеу аймағы.

4. Суырлар тұқымдасының халық шаруашылығындағы және өндірістегі маңызы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)


5 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Иттер тұқымдасы. Қасқыр, қорқау қасқыр (2 сағат)

Сабақтың мақсаты:

1. Иттер тұқымдасының жүйеленуін, қасқырлар, қорқау қасқыр туысын оқып білу.

2. Қасқыр мен қорқау қасқыр туысының құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп-дамуын оқып білу.

1 - тапсырма. Жыртқыштар отрядының жүйеленуін оқып білу.



Жыртқыштар отрядын анықтайтын кесте

Жыртқыштар отряды

Құрылыс ерекшеліктері

Аюлар

Ursidae

Куньи

Mustelidae

Иттер

Canidae

Мысықтар

Felidae

Жанат тәрізділер

Procyonidae

Иттер тұқымдасы, қасқыр туысын анықтайтын кесте

Түр

Атауы

Сібірлік орман қасқыры

C. I .aitaicus

Дала қасқыры

C .I .campestris

Шөл қасқыры

C. I.desertorum

Тибеттік қасқыр

C. I. chanco

2 - тапсырма. Кестені көшіріп алыңыздар.

Тұқымдас

Құрылыс ерекшеліктері

Аюлар

Артқы аяқтарында 5 бармақтары бар. Құйрығы арқы аяғынан қысқа жәнеде жүніне мүлдем көрінбейді. Көлемдері үлкен, дене тұрқы 150-200. Жоғарғы жақ сүйектерінде жыртқыш тістерінен кейін тағы 2 тісі бар.

Жанат тәрізділер

Құйрығы артқы аяғынан ұзынырақ. Түсі көзге түсетін екі түсті болып келеді. Ашық реңді жерлерінде 6-7 көлденең сақиналары бар. Алдыңғы аяқтарының бармақтары жалаңаш, ал артқы аяқтары сирек қылықпен қапталған. Жоғарғы жақ сүйектерінде 2 азу тістері бар.

Куньи

Құйрығында көлденең жолақты бояулары жоқ. Бармақтары жоғарғы жағынан қалың түкпен қапталған. Жоғарғы жақ сүйегінде жыртқыш тістерінің артында бір ғана тісі бар.

Иттер

Басы ұзарған. Құйрығының айналасындағы түктері қысқа, сондықтан құйрығы түп жағынан қысылып тұрған сияқты көрінеді. Тырнақтары ішке қарай тартылып орналасқан, сәл майысқан. Жоғарғы жақ сүйегінде жыртқыш тістерінің артында тағы 2 тісі бар. Жоғарғы жақ сүйегінде әрбір жағында 6-7 азу тістері бар.

Мысықтар

Басы домалақ. Мұрнының сыртқы жағы терімен қапталған. Тырнақтары ішке қарай бүгілген (гепардтан басқасы). Жоғарғы жақ сүйегінің артында тек 1 тісі бар. Төменгі жақ сүйегінде әрбіржағында 3 азу тістері бар.

3 - тапсырма. Құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын меңгеру

4 - тапсырма. Қасқыр мен қорқау қасқыр тұқымдасын анықтайтын кестені көшіріп алыңыздар



Иттер тұқымдасы. Қасқыр және қорқау қасқыр туысы.

Құрылыс ерекшеліктері

Қасқыр

Ересек дараларының дене тұрқы 90 см, жалпы бас сүйегінің ұзындығы 20 см. Дене тұрқы 85-100 см.

Қорқау қасқыр

Ересек даралардың дене тұрқы 90 см аз, бас сүйегінің жалпы ұзындығы 20 см аз. Дене тұрқы 75-90 см.

Бақылау сұрақтары:

1. Иттер отряды, қасқырлар және қорқау қасқырлар тұқымдасына сипаттама беріңдер

2. Иттер тұқымдасының, қасқыр мен қорқау қасқырдың таралуы және мекендейтін жерлері қандай?

3. Көбеюі және өсіп дамуы.

4. Иттер отряды, қасқырлар және қорқау қасқырлар тұқымдасының халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)


6 - тақырып: Жыртқыштар отряды. Иттер тұқымдасы. Түлкі туысы (2 сағат)

Сабақтың мақсаты:

1. Иттер тұқымдасының жүйеленуін оқып білу, түлкі туысы.

2. Түлкі туысының құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын оқып білу.

1 - тапсырма. Отрядтың жүйеленуін оқып білу.



Түрлері

Атауы

Қазақстандық түлкі

U. u .kasachstanica

Караганка

U. u. karagan

Дала түлкісі

U. u. diluta

Тянь-Шаньдық

U.u. ochroxantha

2 - тапсырма. Құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын меңгеру.

3 - тапсырма. Иттер тұқымдасын, түлкі туысын анықтайтын кестені дәптерлерінізге көшіріңіздер.



Иттер тұқымдасы түлкі туысы

Құрылысының ерекшеліктері

Түлкі

Басқа түрлермен салыстырғанда дене бітімі ірі келеді. Денесінің ұзындығы 52-77см, ал құйрығы 39-5см. Еркегінің салмағы 3,3-6,8, ұрғашысы 3,3-6,0 кг аралығында болады. Жүннің жоғары жағы қызыл- қошқыл түстен ақшыл сары сұрлау түске және қара араласқанға дейін өзгереді, көбінесе тамағы мен кеудесі, денесінің алдыңғы бөлігі, құйрығы лас ақ түсті болып келеді, кейде қаралау немесе тіптен қара түсті болады. Бірақ құйрығының ұшы әр уақытта ақ түсті.

Қарсақ

Құлағының артқы жағы сұр түсті, құйрығының төменгі бөлігі қара, аяқтары бір түсті, төменгі еріні және иегі ақ түсті. Дене тұрқы 50 см. Бас сүйегінің жалпы мөлшері 9- 11 см.

4 - тапсырма. Түлкінің бас сүйегін оқып білу.

Бақылау сұрақтары:

1. Иттер тұқымдасы. Түлкі туысына сипаттама беріңіздер

2. Иттер тұқымдасы. Түлкі туысының таралуы және мекендейтін жерлері

3. Көбеюі және өсіп дамуы.

4. Иттер тұқымдасы. Түлкі туысының халық шаруашылығындағы және өндірістегі маңызы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
7 - тақырып: Жыртқыштар отряды. Иттер тұқымдасы. Жанат туысы (2 сағат)

Сабақтың мақсаты:

1. Иттер тұқымдасы, жанат туысының жүйеленуін оқып білу

2. Иттер тұқымдасы, жанат туысының құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын оқып білу.

1 - тапсырма. Отрядтың жүйеленуін оқып білу

Тұқымдаста 21 түрді қарастырады олар 8 туысқа біріктірілген. Жануарлардың сыртқы пішіні бойынша ажыратады.


Тұқымдас

Атауы

Жанат тәрізді ит

Nyctertutes procyonoides

2 - тапсырма. Иттер тұқымдасы жанат туысының құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын оқып білу.

3 - тапсырма. Жанат тұқымдасын анықтайтын кестені дәптерлеріңізге көшіріп алыңыздар



Иттер тұқымдасы. Жанат тәрізді ит туысы

Құрылысының ерекшеліктері

Жанат тәрізді ит

Денесі жерге жақын қысқа аяқтарында аласа орналасқан. Басы онша үлкен емес, мұрны үшкірленген. Дене тұрқы 520-537 см. салмағы 4-10 кг. бас сүйегінің жалпы ұзындығы 119-121см.

4 - тапсырма. Жанаттың бас сүйегінің суретін салыңыздар.

Бақылау сұрақтары:

1. Иттер тұқымдасы жанат туысының сипаттамасын беріңіздер.

2. Иттер тұқымдасы жанат туысының таралуы және мекендейтін жерлері қандай?

3. Көбеюі және өсіп дамуы.

4. Иттер тұқымдасы жанат туысының халық шаруашлығындағы және өндірістегі маңызы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
8 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Аюлар тұқымдасы. Аю туысы (2 сағат)

Сабақ мақсаты:

1. Аюлар тұқымдасының жүйеленуін оқып білу

2.Аюлар тұқымдасының құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын оқып білу.

1 тапсырма. Отрядтың жүйеленуін оқып білу.

Жыртқыш жануарлардың ішіндегі ең ірі өкілдері. Тұқымдас 8 түрді 4-5 туысқа біріктіреді.


Түрлері

Атауы

Бурыл аю

U. arctos linn

Ақ аю

U. maritimus

Азиаттық қара аю

U. thibetanus Cuv

Американдық қара аю

U. americanus Hall

2 - тапсырма. құрылысын, таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын меңгеру.

3 - тапсырма. Аюлар тұқымдасын анықтайтын кестені дәптерлеріңізге көшіріп алыңыздар.



Иттер тұқымдасы аюлар туысы

Құрылыс ерекшеліктері

Бурыл аю

Дене тұрқы 161-208 см. басы кең маңдайлы үлкен, құлақтары үлкен емес. Табанының төменгі жағында алдыңғы және артқы аяқтарының бармақ «жастықшалары» жақсы дамыған. Тырнақтарының бас жағы домалақтау.

Ақ аю

Дене тұрқы 3 кг дейін. Денесінің салмағы 700 кг көп.

Азиаттық қара аю

Дене тұрқы 1,5- 1,8 кг дейін. Денесінің салмағы 120-150 кг көп.

Американдық қара аю

Дене тұрқы 1,5- 1,8 кг дейін. Денесінің салмағы 140 кг көп.

Бақылау сұрақтары:

1. Аюлар тұқымдасына сипаттама беріңдер.

2. Аюлар тұқымдасының таралуы және мекендейтін жерлері.

3. Көбеюі мен өсіп дамуы.

4. Аюлар тұқымдасының халық шаруашылығындағы маңызы және өндірістегі маңызы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет