Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 5В073100


Көктайғақ. Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде автомобиль қозғаласан мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын. Әртүрлі заттардаың аяқ астынан жерге құлауы және ұшуы өте қауіпті



жүктеу 2.05 Mb.
бет5/10
Дата19.09.2017
өлшемі2.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Көктайғақ. Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде автомобиль қозғаласан мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын. Әртүрлі заттардаың аяқ астынан жерге құлауы және ұшуы өте қауіпті.


Көктайғақ кезінде қалай жарақаттанбауға болады?

Мұндай ауа райында ең алдымен ойық немесе жұмсақ табанды аяқ киім киген жөн. Былғары әсірісе тайғайды.

Табанға қиылған паролонның немесе жапсырғыштың кесіндісін желімдеуге болады. Жапсырғыштың немесе оқшауландырғыш лентасын өкшеге бір біріне айқастырып жапсырып, шығарда құмға үйкеуге болады. Мұндай әдіс 1-2 күнге жетеді.

Мына қарапайым әдісті қолдануға болады: шығар кезде өкшені қырғыш қағазбен үйкелеуге болады. Көктайғақ уақытында оны өкшеге жапсыруға болады. Тағы бір қарапайым кеңес: табаннан өкшеге дейін 2 резина жүзікшесін кигізуге болады. Мысалы оны ескі қыздырғыштан кесіп алуға болады.Асығып жүрудің көктайғақта қаіпті екендігін есте ұстаған жөн. Жолдан өтетін уақытта аса сақ болуы керек. Мұндай кезде жүргізушіге өте қиын.

Құлай білу керек. Құлар кезде бүгіле отыра қолдың көмегімен аунап кетуі керек, сонда сізге бағытталған соққы күші азайып, оның қуаты айналған уақытқа кетеді.

Қардың астында қалу. Табиғаттың тосын күштерің көріністерінің бірі- қардың астында қалу. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қар нәтижесінде пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады ,ал кейде адам мен малдың өлім – жітіміне, материалдық құндылықтардың жойылуына алып келеді.


1970-1980 жылдар бойында /18 қыс/ Қазақстан аумағында қар басудың 600 жағдайы тіркелді. Олардың жартысы Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының үлесіне тиеді. Қардың қалың түсуі жөніндегі рекорд Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. 1986 жылғы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағат ішінде жауған қар нәтижесінде 133 мм ылғал түсті. /Жаңа жауған қардың биіктігі 133 см/ мұны тіпті елестету мүмкін емес.

Қалың қар Шығыс Қазақстан облысында көп жауады. 2000 метр биіктікте Ұлба өзенінің жоғары жағында Қазақстанның «қар полюсі» орналасқан. Мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді.

1969 жылдың қаңтар – наурызында Қазақстанының Оңтүстік шығысында жауған қардың қалыңдығы 1,5-2 метрге жетеді.Қардың қалыңдығының болғаны соншалықты шөп маяларына қуатты К-700 алып тракторларында өте алмады. Кейбір аудандарға малшыларға шөпті сол жерде орналасқан танк бөлімдері жеткізіп береді. Республиканың таулы аудандарында жол қозғалысын тақтатқан қар көшкіндері байқалады.

Қардың жаууы, боран туралы хабар алған бода, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың, ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойлады.

Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері:


  • жоғалған адам мен малды іздеу;

  • зардап шеккендерге алғашқы медециналық көмек көрсету;

  • жол мен үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау.

  • жолда тұрып қалған көлікке көмектесу.

  • комуналдық және энергетикалық желідегі авариаларды жою

Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.

Найзағай. Найзағай адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариалық, ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін.


Егер сіз найзағай болардың алдында қала сыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, қауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, ұшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға, шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте сақтау қажет. Ал үйеңкі мен қайыңға өте сирек түседі. Тоғайдың шетімен үлкен егістікте болу да қауіпті.Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау да аса қауіпті.

Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен, - жотадан, төбеден, төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Жартас арасында жасырунуға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде 2 метр қашықтықта жасырынуға болады.

Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз. Найзағай кезінде жүруге, абдырауға болмайды. Барлық метал заттарын адамдардан 15-20 метр қашықтықта жинау керек. Отырғанда астыңызға полиэтилен , жапырақ, киім, тас және т.б. қойған дұрыс. Арқаны еңкейтіп, басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа отырған жақсы. Сулы дене мен киімге найзағай түсу мүмкіндігін есет сақтаған жөн.

Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Ал бұл жағадайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс. Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электр өткізгішке айналады.



Найзағай адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариялық ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін. Найзағай жақындаған кездегі сақтық шаралар:

  1. Егер сіз найзағай болардың алдында қаласыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, кауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, үшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға,шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте үстау қажет. Ал үйеңкі мен қайынға өте сирек түседі. Тоғайдың шеті мен үлкен егістікте болу да қауіпті. Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау аса қауіпті.

  2. Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен, - жотадан, төбеден, төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде екі метр қашықтыққа жасырынуға болады.

  3. Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса, одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз.

  4. Найзағай аймағында абдырап жүгіруге болмайды.

  5. Барлық металдық заттарды адамдардан 15-20 метр қашықтыққа қою керек.

  6. Отырар алдында топырақ үстіне полиэтилен, киім төсеңіз.

  7. Арқаны еңкейтіп басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа отырған жақсы.

  8. Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Құтқару желетін, етікті киіп, жаңбыр суының қайықтың сыртына қарай ағатынды етіп полиэтилен жамылу керек. Ал бұл жағдайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс.Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электрөткізгішке айналады.

Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:

Көмекті кешіктірмеуге қажет. Найзағайдың соғуынан адамның тірі қалатын кездері де болады. Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылауды бір минуттен артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру керек.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет