Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 5В073100


Шаңдақ дауыл. Шаңдақ дауыл - бұл күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, құмының, топырақтың, түздің және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы



жүктеу 2.05 Mb.
бет6/10
Дата19.09.2017
өлшемі2.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шаңдақ дауыл. Шаңдақ дауыл - бұл күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, құмының, топырақтың, түздің және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы.


Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады. Күшті шаңдақ дауыл Қазақстанның батысында , Каспийдің шығыс жағалауында, Сырдария өзені мен Арал төңірегіндегі жазықта болып өтті. Бұл дауылдардың саны аталған аудандарда жылына 5-6 дан бастап, бірнеше ондықтарға жетуі мүмкін.

Дауыл адам организіміне, қоршаған табиғат пен механизмге жағымсыз әсер етеді. 1960 жылғы 19 мамырда Ертіс бойында шаңдақ дауыл 12 сағатқа созылып, соның нәтижесінде егіс алқабы шөлейтке айналды. Дауыл кезінде қалың шаңнан 3-4 метр жердегі адам көрінбейтін, ал үйлерде күндіз шам жағылды.

Қазақстандағы апатты шаңдақ дауылдар туралы ертедегі мәліметтерден мынаны көруге болады: «1910 жылдың қарашасында кешке таман дауыл басталды. Алғаш күні жел алапат күшпен соғып, 3 күн бойы толастаған жоқ. Осы уақыт бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен шыққан жоқ. Ауада шаң, құм және қармен қатар ұсақ тастар да ұшып жүрді. Жел даладағы малды белгісіз жаққа айдап кетіп, жаппай қырып кетті. Бір Маңғыстақ ауданының өзінде 0,5 млн қой мен ешкі, 0,4 млн жылқы, 0,3 млн түйе қырылды.

Сақтық шаралары. Егер дауылды шаңдақ жақындағанда елді мекенде болсаңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаңыз. Үй хайуанаттарын, оларға арналған қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.

Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды құм үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру қажет.егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұтақ болса, дауыл аяқталғанша малды сол жерде ұстай тұрған жақсы.

Егер дауыл сізді елді мекеннен қашық жерде басталса, көру қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, жүруді тоқтау керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шақырым және одан асқан жағдайда қозғалу қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалдан от жаққан жақсы.

Егер сіз автомобильмен келе жатсаңыз, ештеңе көрінбесе, қозғалтқышты өшіріп, есік пен терезені мықтап жакып, жолдың шетіне тоқтау қажет. Қозғалтқыштың әуе сүзгісін қымтап, автомобилькорпусын төмен түсіру керек. Дауыл аяқталғаннан кейін қозғалтқышты шаңнан, құмнан тазартып, ауау сүзгісіндегі материалды алып, қозғалтқышты қосып, қозғалысты бастаңыз.

Егер шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңзі түмелеп, бас киімдеріңзі киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, бір нәрсе түмпей үшін аранйы көзілдірік киіңіз, егер ол жоқ болса, дағдылы көзәнегіңіздің бүйірін қолыңызбен жауып қорғанының. Желден тығылатын қандай да бір пананы табу керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы – қырлы жерін пайдалану керек. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңгнан, суық желден, дененің суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады. Күн ыстықта соққан шаңдық дауыл кезінде /35° тан жоғары/ дененің ысынуына қарсы шаралар қолдану қажет. Бұл үшін тәулігіне бір адам үшін 3 литр тұщы судың қоры болуға тиіс. Дауыл кезінде судың бірнеше тамшысын іше отырып организмнен тер бөліну процесін қамтамасыз ету керек. Мұндай темпиратурада жүрісті тоқтатқан жақсы.

Шаңнын тыныс алу органдарына өтуін азайту үшін дауыл кезінде дәкенің бірнеше қабатынан жасалынған ауыз жапқышты немесе бет орамалды ауызға байлап алған жөн. Егер мүмкіндік болса, «лепесток» немесе «Р-2» үлгісіндегі қорғаныс респираторын пайдаланының.

Дауыл кезінде атмосфералық электр мен найзағай ұшқыны болса, үйді, автомобильді, радиоқабылдағыш пен теледидар апаратурасының антэнасын жермен қосу қажет. Қызмет көрсетуші жұмысшылар электр беру және байланыс желілерін электр тогынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.

Электр беру желілерінің жеке тұрған ағаш төңірегінен дауылдан қорғанатын пана іздеуге болмайды.



Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 300 м/с (108 км/с) жылдамдықпен соғатын жел.

Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепетеңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді.

Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.

Жылдамдығы 40 м/сек. күшті дауыл 1998 жылдың 18 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында болды. Байланыс пен электрберу желілері үзіліп, үйдің шатырларын ұшырып әкетті. 11 аудынының үстінен өткен бұл дауыл 360 млн. теңгеге залал келтірді. Екі адам қаза болды.

Жалаңашкөл метеостанциясының ауданында (Алматы облысы) 1958 жылғы 28 қаңтарында дауыл кезінде соққан желдің жылдамдығы 22 м/сек.

Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы ретінде таянған қауіп туралы халыққа хабарлаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесімен қатар дауылдарды қауіптілік деңгейі бойынша аудандастыру болып табылады. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тиым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандаар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайданылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс.



Дауылдың жақындағаны туралы хабарлы алған бойда мыналарда істеу қажет:

  1. Панахананы, жертөлені әзірлеу;

  2. Есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу;

  3. Есік пен терезенің жел соғатын жағын ашып қалдыру, ғимараттың ішкі қысымының тепе-теңдігін сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту;

  4. Төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қауіпі бар заттарды алу;

  5. Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу;

  6. Газды, электроэнергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және арнаулы органға бару;

  7. Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, кондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну;

  8. Ауылға жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің судың қорын даярлау.

Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті:

- бұқаралық ақпарат құралдарын ұдайы тыңдау;

- ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн;

- жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тиым салынады;

- далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, іздеу немесе жерде етпетінен жату керек;

- орманда болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу;

- нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жақындамаңыз;

- дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығыңыз.



Дауылдан кейінгі негізгі жұмыс түрлері:
- зардап шеккендерді іздеу және жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;

- жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардағы адамдарды құтқару;

- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;

- шыққан өртті сөндіру;

- өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды жою.

Сақтық шаралары

Егер дауылды шаңдақ жақындағанда елді мекенде болсаңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаңыз.Үй хайуанаттарын, оларға арналған қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.

Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды құм үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру қажет. Егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұтақ болса, дауыл аяқталғанша малды сол жерде ұстай тұрған жақсы.

Егер дауыл Сіз елді меккеннен қашық жерде жүргенде басталса, көру қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, қозғалысты тоқтату керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шақырым және одан асқан жағдайда жүру қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалды от жаққан жақсы.

Егер сіз автомобильмен келе жатсаңыз, ештеңе көрінбесе, қозғалтқышты өшіріп, есік пен терезені мықтап жауып, жолдың шетіне тоқтау қажет. Қозғалтқыштың әуе сүзгісін қымтап, автомобиль корпусын төмен түсіру керек. Дауыл аяқталғаннан кейін қозғалтқышты шаңнан, құмнан тазартып, ауа сүзгісіндегі материалдалып, қозғалтқышты қосып, қозғалысты бастаңыз.

Егер шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаңмен тас, бірнәрсе түспеу үшін арнайы көзілдірік киіңіз, егер ол жоқ болса, дағдылы көзәйнегіңіздің бүйірін қолңызбен жауып қорғаныңыз. Желден тығылатын қандайда бір пананы табу керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы-қарлы жерін пайдаланыңыз. Егер қандайда бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады.

Күн ыстықты соққан шандақ дауыл кезінде (35%-тан жоғары) дененің ысынуына қарсы шаралар қолдану қажет. Бұл үшін тәулігіне бір адам үшін 8 литр түщы судың қоры болуға тиіс. Дауыл кезінде судың бірнеше тамшысын іше отыра организмнен тер бөліну процессін қамтамасыз ету керек. Мұндай температурада жүрісті тоқтатқан жақсы.

Шаңның тыныс алу органдарына өтуін азайту үшін дауыл кезінде дәкінің бірнеше қабатынан жасалынған ауыз жапқышты немесе бет орамалды ауызға байлап алған жөн. Егер мүмкіндік болса «Лепесток» немесе «Р-2» үлгісіндегі қорғаныс респираторын пайдаланыңыз.

Дауыл кезінде атмосфералық электр мен найзағай ұшқыны болса, үйді, автомобильді, радиоқабылдағыш пен теледидар аппаратурасының антенасын жермен қосу қажет. Қызмет көрсетуші жұмысшылар электр беру және байланыс желілерін электр тоғынан қорғауды қамтамасыз ету керек. Электрберу желілерінің жеке тұрған ағаш төңірегінен дауылдан қорғанатын пана іздеуге болмайды.

Бұрқасындар мен қарлы борандар. Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады.

Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацияның, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататып биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді.

Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурада қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының Жанғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27-ге дейін жетеді.

Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығұды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен ондеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлікпен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек. Қажет жағдайда үйлер арасына бағдар жасауға күшті желден өтуге көмектесетін арқан байлау қажет.

Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып, оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық түлікпен күйдіргіш шаммен және жылы киіммен қамтамасыз ету қажет.



Дауылды жел бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір-біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуға тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген нысаналар:телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек. Ең жақсысы үйден шықпай отыру.

Егер бұрқасынға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, қозғалтқышты радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпті болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тонсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақайған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.

Егер жалыңғыңыз келсе далаға шығып, түтен трубасын газдың ауаға шықпайдандай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (бір үшін автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.

Қар басу - бірнеше тәулік бойы жауатын қалың қардың әсерінен пайда болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндықтарының жойылуына алып келеді. 1970-1987 жылдары (18 қыс) Қазақстан аумағында 600 күшті қар басу тіркеліп, оның 50% -ке жуығы тек Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында байқалды. 1986 жылы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағаттың ішінде 133 мм қар жауды.

Қардың қатты жаууы Шығыс Қазақстан облысында жиі байқалады. Улба өзенінің сағасында биіктігі 2000 метрден асатын Қазақстанның «қар полюсі» жатыр, мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді.

1969 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның оңтүстік-шығысында қалың жауған қар бір-қатар облыстардың мал қыстайтын жерлеріндегі тау етегін 1,5-2 метр қар жамылғысымен жапты. Осындай зілзала 1999 жылдың қаңтарында Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында болды.

Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда жолдың, ғимараттың жел соғатын жағынан қар қалқандары мен тосқауылдар орнатылады.



Шаңдақ дауыл – бұл күшті жел салдарынан жер бетінен шаңнын, құмның, топырақтың,тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы.

Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл – сәуір-мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады. Күшті шаңдақ даул Қазақстанның батысында, Каспийдің шығыс жағалауында, Сырдария өзені мен Арал төңірегіндегі жазықта болып өтті. Бұл даулдардың саны аталған аудандарда жылына 5-6 дан бастап, бірнеше ондықтарға жетуі мүмкін.

Дауыл адам организміне, қоршаған табиғат пен механизме, жағымсыз әсер етеді. 1960 жылғы 19 мамырда Ертіс бойында шандақ дауыл 12 сағатқа созылып, соның нәтижесінде егіс алқабы шөлеітке айналды. Дауыл кезінде қалың шаңнан 3-4 метр жердегі адам көрінбейді, ал үйлерде күндіз шам жағылды.

Қазақстандағы апатты шаңдақ дауылдар туралы ертедегі мәліметтерден мынана көруге болады: 1910 жылдың қарашасында кешке таман дауыл басталды. Алғашқы күні жел алапат күшпен соғып, үш күн бойы толастаған жоқ. Осы уақыт бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен шыққан жоқ. Ауада шаң құм және қармен ұсақ тастар да ұшып жүрді. Жел даладағы малды белгісіз жаққа айдап кетіп, жаппай қырып кетті. Бір Маңғыстақ ауданының өзінде 0,5 млн қой мен ешкі, 0,4 млн жылқы, 0,3 млн түйе қырылды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Метеорологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері

  2. Анықтамасы және сипаты, кеңістіктік таралуы, күші және қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы, жағымсыз әсерлері, болжам, алдын алу шаралары, атмосферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.

Дәріс №8. Табиғи өрттер.

Жалпы сұрақтар

  1. Табиғи өрттердің түрлері: ормандық, далалық және шымтезектік. Олардың сипаттамалары, туындау, даму және таралу ерекшеліктері.

  2. Жағымсыз әсерлері, болжам, алдын алу шаралары, табиғи өрттерді таратпау және сондіру тәсілдері.


1.Табиғи өрттердің түрлері: ормандық, далалық және шымтезектік. Олардың сипаттамалары, туындау, даму және таралу ерекшеліктері.

Табиғи өрт – апаттық түрде пайда болатын және табиғи ортада таралатын бақылаусыз жану процесі.

Ландшафтық өрт – географиялық ландшафтың әртүрлі бөлігін қамтитын өрт.

Орман өрті – орман ауданымен таралатын өрт.

Дала өрті – далада табиғи түрде пайда болатын немесе жасанды түрде туындайтын өрттер.

Шым өрттері - күн сәулесінің қыздыруы кезінде немесе адамдардың отты абайсыз пайдалануы нәтижесінде шым батпақтың үстіңгі қабатының жануы.

Өрт аймагы апатты құбылыс, авария немесе қирау, адамдардың отты абайсыз пайдалануы нәтижесінде белгілі бір аймақта өрттің пайда болуы мен таралуы.

Өртті сөндіру - күштер мен құралдардың тартылу процесі, сондай-ақ өртті сөндіру үшін әдістер мен тәсілдерді пайдалану.

Өртті жайылтпау – жанудың ары қарай жайылу мүмкіндігін болдырмау және қолда бар күштер мен құралдар арқылы оның жетістікті жойылуына жағдай жасалуға бағытталған іс-әрекет.

Өртті жою - жануды түкпілікті жоюға, сондай-ақ оның қайта жану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған іс-әрекет.

Мемлекеттік орман күзеті - ормандарды қорғауды іске асыру үшін ұйымдастырылған орман шаруашылығы мен қала ормандарының, орман – қорықтарды және бекітілген ормандардың күйін қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдардың арнайы қызметі.

Халықаралық жіктеу үлгісімен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар қатарынан терминдері мен анықтамалары Қазакстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде қолданылатын негізгі ұғымдарға қарсы келмейтін биологиялық - әлеуметті төтенше жағдай (эпидемия, эпизоотия, эпифитотия) айрықша бөлінеді.

Өрттер мен жаралыстар техногенді төтенше жағдайлардың кең таралған және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.

Өрт – адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі.

Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.



Өрт қауіпсіздігі - халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету— нормативті құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай – ақ өртке қарсы іс – шараларды жүргізу.

Нысанның өрт қауіпсіздігі регламенттелген мүмкіндікпен өрттің тууы мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігін болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы, сондай–ақ материалдық құндылықтарды қорғау қамтамасыз етіледі.

Өрт қаупі - қандай да бір затқа, жағдайға және процесске бекітілген өрттің пайда болу және даму мүмкіндігі. Дұрысында, өрттер жанғыш және жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.

Өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күші бар заңдар жиынтығында немесе нормативті – техникалық құжаттарда арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдармен бекітілген, арнайы шарт немесе ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы ереже.

Өртке қарсы іс-шаралар - өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті алдын ала болдырмауға және жылдам сөндіруге жағдай жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.

Өртке қарсы режим - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс - әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды (өнімді) пайдалану ережесінің бекітілген жиынтығы.

Өрт қорганысы - адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны өрттер алып келетін төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды, күштер мен құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.

Өрт жаралыс қауіпті нысан – техногенді төтенше жағдайдың тууына нақты қауіп – қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі бар заттар өндірілетін, пайдаланылатын, өнделетін, сақталатын немесе тасымалданатын нысан.

2.Жағымсыз әсерлері, болжам, алдын алу шаралары, табиғи өрттерді таратпау және сондіру тәсілдері.

Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады. Өртттің көпшілігі адамның кінәсінан, 7-8 проценті найзағайдың соққысынан құрғақ ағаштың жануынан, 2-3 процент басқа себептерден /күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызады/ болады.

Бүкіл аумақты қамтитын зіл-зала ретіндегі өрттің негізгі түрлері табиғаттағы өрт, отмандағы және даладағы /егістіктегі/ өрт болып табылады.

Ормандағы өрт жану жиілігі бойынша әлсіз, орта және күші, ал жану сипаты бойынша төмендегі және жоғарыдағы өрт, созымдылығы бойынша қаулама және тұрақты болып бөлінеді.

Орманның төменгі жағындағы өрт орман төсемінің, топырақ бетіндегі шөп-шаламның, ағашың діңіне тарай алмайтын аласа ағаштардың жануымен сипатталады.Төмендегі өрт аумағының қозғалыс жылдамдығы 0,3-1 м/мин. /әлсіз өрт/ 16м/минге дейін /1км/с/ /қатты өрт кезінде/, жалынның биіктігі 1-2 м, өрт аймағындағы оттың темпиратурасы 400-900°С.


Орманның жоғарғы жағындағы өрт қылқан жапырақты ормандарда кездеседі. Олар әдетте төменнен басталып, ағаш дінінің жануымен сипатталады. Жоғарыдағы қаулама өрт кезінде жалын 3-25 км/с жетіп үлкен жылдамдықпен ағаштан –ағашқа таралады. Кейде өрт шарпымаған тұтас учаскеоер қалады. Бірқалыпты жоғарыдағы өрт кезінде от бүкіл ағаштың ұшын 5-8 км/с жылдамдықпен толық қамтиды. Оттың температурасы 1100 С көтеріледі.

1997 жылғы жазда бейқамдық салдарынан бұрынғы Семей облысында өрт болып, ол 12 мың га аумақты қамтиды.






Өрттің тағы бір түрі – жер астындағы өрт, алайда ол Қазақстан жайындағы тән емес.



Даладағы (егістіктегі) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады., ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін. Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авия базасы, өрт химия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату /жайылтпау/ - өрттің таралуына шектеу жөніндегі іс -әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

Өрттің жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метиорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күші мен құралдарының деңгейі.

Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуын өзгертілуі мүмкін.Даладағы жойқын өртті ені 20 м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айналып жыртылып, орта жағы күдіріледі.

Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техниканы немесе жарылыспен), алдыңғы жағын өртеу (күйдіру) , ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру /оның шінде ұшақпен/ және басқалар.

Ормандағы төменде болған өрті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді. Күдіру рі өрт кезнде және өрт сөндіру үшін күш пен құрал жетпеген жағдайда қолданылады. Ол тірек алқабынан басталады (өзен, бұлақ, жол), оның өртке қараған жағына жанатын материалдардан үйінді жасайды (құрғақ шөп,қурай, қорда). Ауаның өртке қарай тартылуы сезілген бойда , әуелде 20-30 м учаскедегі өрт аумағының ортасына қарай үйіндіні өртейді, ал кейіннен жалын 20- м жылжығаннан кейін көрші учаскелер жағылады. Өртелген алқаптың ені 10-20 м , ал жердегі алапат өрт кезінде 100 м кем болмауға тиіс.

Орманның жоғары жағындағы өрттің сөндіру қиын, оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің /жердің/ ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.

Даладағы (егістіктегі) өрттердің осындай әдістермен сөндіріледі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет