Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 5В073100



жүктеу 2.05 Mb.
бет8/10
Дата19.09.2017
өлшемі2.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Монофторин – күлгін түсті кристалл, сақталуы тұрақты. Спиртте, ацетонда ериді, ыстық суда нашар ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 1 тәулік.

Өлген кеміргіштердің сүйегін мүмкіндігінше жинап, залалсыздандырып барып көмеді. Егер кеміргіштер өте қауіпті жұқпалы ауруларды тасушылар болып табылса, онда олардың сүйектерін тездетіп өртеу керек. Эпидемологиялық ошақта жұмыс істеу және өте қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын аурулармен байланыста болу кезінде қорғану костюмдерін кию керек.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.

  2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.

  3. Эпизоотия, Эпифитотия.

  4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.


Тәжірбиелік сабақтар
Тәжірбиелік сабақ №1 Стихиялық құбылыстар мен табиғи процесстердің жіктелуі.

Сабақтың мақсаты. Төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін стихиялық құбылыстар мен табиғи процесстердің жіктелуі.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.


Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:

  • геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер (эндогенді: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы; экзогенді: үгінділер, сырғымалар, сел);

  • гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

  • метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

  • табиғи өрттер;

  • эпидемиялар және эпизоотиялар;

  • ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мен зиянкестермен зақымдануы.

1 тәжірбиелік сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері

  2. Геологиялық қауіпті құбылыстар

  3. Гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

Метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

  1. Табиғи өрттер;

  2. Эпидемиялар және эпизоотиялар;


Тәжірбиелік сабақ №2 Жер сілкінісі.
Сабақтың мақсаты: Жерсілкінісінен қорғану шаралары, жерсілкінісі кезіндегі халықтың іс әрекеттері
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Жер сілкінуіне дейін: Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.

Алдын-ала дайын болыңыз:

  • Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;

  • Үш күнге жететін тамақ пен су;

  • Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;

  • Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;

  • Жылы киім мен аяқ киім.






Алғашқы жер сілкінісі кезінде :




  • Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және

басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;

  • Газ, су және жарықты сөндіріңіз;

  • Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол

жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.
Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):

  • Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;

  • Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;

  • Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;

  • Лифтіні пайдаланбаңыз.




Егер көшеде болсыңыз:

  • Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;

  • Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.


Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:

  • Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз


Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:

  • Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;

  • Сынған терезелердің құлауы;

  • Үзілген электр желілері;

  • Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;

  • Өрт;

  • Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.

Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.
Жер сілкінісен кейін:

  • Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;

  • Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;

  • Радиоқабылдағышты қосыңыз;

  • Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;

  • Ашық отты пайдаланбаңыз;

  • Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.


Назар аударыңыздар!

Радио үнемі қосулы тұрсын!

Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!
Жер сілкінісіне қарсы қалай әзірленуге болады:

- Жер сілкінісі кезінде сіз ғимараттан шыққыңыз келсе, уақыттын аз екендігін ескеріп, алдын ала қысқа жолды таңданыз 15-20 секунд;

- 3-ші және одан жоғарғы қабаттардан кетудін қажеті шамалы, ең жақсысы дүмпудін күтуге болатын салыстырмалы қауіпсіз орында қалу. Бұл есік ойығы, ішкі қабырғалар арасындағы бұрыш, каркас бағанасының, үстелдің, партаның астында отыру. Ең қауіпті орындар – сыртқы қабырғалардын шыныланған ойықтары, бұрыштағы бөлме, лифт, сатынын баспалдағы, балкон.

- Шкафты, сөрені, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекітіңіз. Кереуетті терезенің жанына қойманыз. Сөрелерді кереуеттің, есіктің, плитаның астына қоймаңыз. Жиһазды бөлмеден шығатын жерді жаппайтындай етіп орналастырыңыз.

- Дәлізді, өтетін жерді, баспалдақ торларын, есік ойығын жиһазбен және мүлікпен жаппаңыз.

- Пәтерден үйге кіреберістен электрді, газды және суды ажыратуды үйреніңіз.

- Үйде консервленген тағам мен суды, құм салынған шелекті, қолшамын, өрт сөндіргішті (автомобильдік), алғашқы медициналық жәрдем қобдишасын ұстаңыз. Алғашқы медициналық жәрдемді қабылдау тәсілін үйреніңіз. Қауіпті заттарды (улы химикат, жылдам тұтанатын сұйық) олар сынбайтын және шашылмайтын сенімді жерде сақтаңыз.

- Құжаттарды белгілі бір орында сақтаңыз. Артық киім, аяқ- киім (маусым бойынша), шам, кішкентай балта, қобдиша, майшам, сіріңке, тамақ салынған жол қабшығын пәтерден шыға беріс жерде ұстаңыз.

- Төтенше жағдай кезінде көршілермен өзара көмек және бірлескен қимыл туралы келісіңіз.

- Жиналатын жерді және көше тәртібін біліңіз. Көлік жайды, саяжайды күшті жер сілкінісінен кейінгі алғашқы уақытта уақытша тұрақ ретінде пайдалануға болады. Онда азық-түлікпен киімнің артық қорын сақтаңыз.

- Үйде жер сілкінген жағдайда не істеу керектігі туралы үнемі әңгіме мен жаттығу өткізіңіз.

Жер сілкінісінің қауіпті кезіңде:

Жер сілкінісі қауіпі жағдайында электр дабылдар, өндірістік гудоктар мен басқада хабарлау құралдары қосылады, бұл «Баршының назарына!» ескерту дабылын білдіреді. Осы дабыл бойынша радио мен теледидарды қосып, төтенше жағдай туралы хабарды мұқият тыңдап, жыне жергілікті биліктін төтенше жағдай жөніндегі басқару органының нұсқауын нақты орындау қажет.



Егер сіз үйде болсаңыз:

- Өрт сөндіргішті тексеріңіз, жуынатан бөлмеден су мен шелекті алыңыз;

- Өзіңізді қорғауға қабілетті киім мен аяқ-киімді киіңіз, пәтерде газды, су мен электрды ажыратып, пешті өшіріңіз;

- Өзіңізбен бірге алдан ала даярлаған заттар, құжаттар салынған жол қапшығын алып, көршілерге хабарлаңыз; жалғыз бастыларға, ауру адамдарға көмектесіңіз, ғимараттан шығып, арнайы жиналаттын орынға барыңыз, алдағы нұсқауларды күтіңіз;

- Қалыпты тіршілік жағдайына жергілікті биліктін немесе төтенше жағдай жөніндегі басқаруң органының нұсқауы бойынша орылған жөн.
Егер сіз көпшілік жүретін орында болсаңыз:

- Сабыр сақтаңыз, үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз, адамдардын жолына кедергі жасамаңыз, аурулар мен мүгедектерге көмектесіңіз;

- Әкімшілік нұсқауларын орындаңыз.

Жер сілкінісі кезінде:

- Алғашқы дүмпу кезінде 1-2 қабаттың тұрғындары ешбір үрейсіз ғимараттан шығуға, ал одан жоғарғы тұрғындар бастарын қолмен ұстап, салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға тиіс.

- Дүмпу аяқталған бойда арқаңызды қабырғаға сүйей отыра баспалдақпен ғимараттан тез шығып кетіңіз. Газды, суды, электрді ажыратуға тырысыңыз, өзіңізбен бірге құжаттарды, ақшаны, заттарды, қобдиша салынға жол қабын алыңыз, есікті кілтпен жабыңыз.

- Егер көрші пәтерде балалар мен қарт адамдар қалса, оларды көшеге шығаруға көмектесіңіз. Сол жерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

- Ғимараттан, электр беру желісінен алысырақ кетіңіз. Белгіленген жиналатын орынға барыңыз. Үзілген өткізгіштен сақтаныңыз, оған балаларды жібермеңіз.

- Рольде отырғанда ашық жерге тоқтаңыз. Дүмпу аяқталғанша машинадан шықпаңыз. Қоғамдық көлікте отырған орындарыңызда қалып, дүмпу аяқталғанан кейін жүргізушіден есікті ашуды өтініп, итеріспей шығып кетіңіз.



Қатты жер сілкінісінен кейін:

- Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

- Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды босатыңыз.

- Балалардың, аурулардың, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударып, оларды жұбатыңыз.

- Ғимаратқа кірерден бұрын баспалдақтың, қабарғаның қауіпінің бар– жоқтығына назар аударыңыз. Қатты қираған ғимаратқа жақындамаңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз.

- Пәтерге оралған бойда коммуналдық–техникалық қызмет дұрыстығын тексергенше электрді, газды және су құбырын қоспаңыз.

- Телефонды аса қажет мұқтажсыз көп ұстамаңыз.

- Зақымдалған ғимаратта үйіндіні ашуға және құтқару жұмысын жүргізуге көмектесіңіз.

Бұл жағдайда мына ережелерді сақтак қажет:

- Үйінді астында қалған адамдарды іздестіру, тың–тыңдаудан басталады. Сол үшін мүмкіндігінше толық тыныштық жағдайын жасаңыз. Үйінділерге назар аударыңыз. Қандай да бір секем дыбыс естілген орынды анықтап, мұқият тыңданыз.

- Егер үйінді астында қалған адамға тар тесік апратын болса, бірінші кезекте үйіндіні ашу кезінде оны ауадан, яғни өмірден айырмау үшін ұсақ шығыршық тас пен шаң ақпау үшін жіңішке трубаны немесе берік шланганы сұғыңыз.

- Үйіндіні ашуды өте мұқият жүргізу керек. Әуелі сынықтардың үстіңгі жігін, бұдан кейін арасындағысын. Сынықтар үйінділерінен бағананы, құрылыс құрылғысының ірі бөлшегін және т.б. суырып алуға әрекеттену аса қауіпті. Үйінді аяқ астынан отырып, оның астындағы адамдарды басып қалуы мүмкін. Әуелі бағананы бір өзін шығарып алуға, содан кейін ғана оны көтеруге әрекеттену керек.

- Тас, бағананы ұшы қысып қалған адамды босату кезінде міндетті түрде ең алдымен қолдың немесе аяқтың көрінген жерін жіппен тарту қажет. Басқаша жағдайда көп сағат бойы сынық қыспағында болған адам қаза болуы мүмкін. Үйінділерді аршу кезінде бір–біріне тіреліп тұрған сынықты, қираған ғимараттың әлсіз алайда әлі құламаған қабырғасын итеру аса қауіпті. Бұл адамды құтқару мүмкіндгінен айырады.

Егер сізді қабырғаның сынықтары немесе топырақ басып қалса:

- Үнжырғаңыз түспесін, терең және бірқалыпты дем алыңыз. Аштық пен шөлге шыдауға дайындалыңыз. Дауыспен немесе қағыспен адамдар назарын аударыңыз. Өзіңізді табуды жеңілдету үшін кез келген метел заттың (жүзік, кілт және т.б.) онды-солды бұлғаңыз.

- Егер сіздің төңірігініздегі кеңістік аздап бос болса, сіріңке, май шам жақпаңыз, оттегіні сақтаңыз. Жаңа үйіндінің құламауы үшін мұқият қозғалыңыз сырттан келген ауанын қозғалысы бойынша бағдар жасаңыз. Тар жерден шыққан кезде бұлшық етіңізді еркінсітіп, шынтағынызды бүйірінізге қысыңыз. Еденнен аяғыңызды серпіп көтеріліңіз. Егер сізді қолыңызда бар заттардың көмегімен (тақтай, кірпіш және т.б.) төбені мықтап тіреңіз және көмекті күтіңіз.

- Егер сізді топырақ басып қалса, ішіңізге қарай бұрылуға әрекеттеніңіз. Өйткені кеудеге және өкпеге қысым түспеуі керек. Қысылған қол мен аяқты қан айналымы қалпына келу үшін жиі үйкелеңіз. Қатты шөлдеген жағдайда ауызыңызға жалпақ шағын тасты немесе бет орамалдын жұтындысын салып, оны сорыңыз, мұрынмен дем алыңыз.

- Егер сіз үйінді астында қалсаңыз сақтықпен қол аяғыңызды қозғалтуға тырысыңыз. Бұл жағдайда өзіңізге кедергі жасаған тасты, кірпішті, ағашты және басқа заттарды алуға, қозғалтуға немесе сындыруға әрекеттенбеңіз. Өйткені үйінді тепе-теңдікте солар ұстап тұруы мүмкін. Осындай «қоқысты» алсаңыз жүздеген килограмм төмен құлауы мүмкін. Қысылған қол мен аяқты төменгі жағынан қазып алған жөн. Босаған бойда бір бүйірмен жатып, аяқты кеудеге қысып, қолды арқаның астына салып иілу қажет. Осылайша, жерге етпетінен жатып, қатты бүгіліп, тізе мен шынтаққа сүйеніп жатуға болады.

- Егер сіз жоғары жақтан құтқару жұмыстарының дауысын естісеңіз, үйіндіден өзіңіз шығуға әрекеттенудін қажеттілігі жоқ. Бұл қиын да қауіпті. Мұндай тосын жағдайда ең бастысы төзімділікті жоғалтпау керек. Адамның тірі қалу мерзімі оның рухани жағдайына, күш-жігеріне байланысты. Аса қиын жағдайда өмір үшін күрескен адам тірі қалу мүмкіндігін сақтайды.
2 тәжірбиелік сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары


  1. Жерсілкінісінен қорғану шаралары

  2. Жерсілкінісі кезіндегі халықтың іс әрекеттері


Тәжірбиелік сабақ №3 Көшкіндер.

Сабақтың мақсаты: Көшкіндер кеіндегі халықтың іс әрекеті, алдын алу шаралары.


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Көшкін қаупінің белгілері: қар қалыңдығы 20-30 см, қысқы қардың көп көлемде түсуі; қыс мезгілінде ұзақ уақыт күннің суықтығы немесе ауа-райының жылынуы; қар үстіне жауын-шашынның түсуі; қар қаңқасын жасаушы  қатты жел және тау беткейлеріне қарды үрлеп тастауы; тау беткейлеріндегі қар қалыңдығының биіктігі 30-60см мөлшерден артық болуы; қар жамылғысының ұйтқуы және жатуы, тау жоталарында жарықшақтың пайда болуы.

Жел көшкіннің қалыптасуы кезіндегі негізгі әрекет етуші күш болып табылады.


Көшкін қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары.

  • Көшкін апаттарының статистикасы адамдардың қаза болуын сипаттайтын барлық үйінділер тікелей адамдардың өздерінен болғандығын көрсетеді. Қар қалың түскен жоталарға шықпай, тек тапталған жолдармен ғана жүріңіз.

  • Таулы жерлердегі жағдайларды ұдайы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасынан тыңдаңыз.

  • 2-3 күн қатарынан қар жауғанда тауға шықпаңыз.

  • Ірі беткейлердің қиылысынан алыстап, аяқ астынан қардың шуы естілсе тез арада қозғалысты тоқтатыңыз.

  • Көктем мезгілінде, әсіресе күннің екінші жартысында қар еріп беткейлерден тез сырғыған кезде аса сақ болыңыз.

  • Көшкін қаупі бар учаскеден өткенде айқайлауға, шулауға болмайды.

  • Көшкін қаупі бар учаскеден өткенде жалғыз, рюкзакты бір жақ бауымен көтеріп, абайлап өтіңіз.

  • Қалың қар жамылған беткейлерге жақын демалуға және лагерлік шатыр қойып тоқталмаңыз.

  • Қар көшкіні түскен кезде оның жолынан кетіп, рельеф, жартас астына тығылыңыз.

  • Тауға ешқашан жалғыз бармаңыз! Топпен бір уақытта қатерде қалмауға жағдай жасаңыз!

Көшкін қаупі бар учаскелер бойынша қауіпсіздік шаралары:

  • Көшкін қаупі бар беткейден өтуге тыйым салынады.

  • Күнмен шағылысқан беткейлердің етегінде, тар жолдарда тоқтауға болмайды.

  • Қатты дауыстап сөйлеуге, сондай-ақ беткейде тегіс немесе ұсақ қар түйіршіктерінен жинақталған жерлерге із қалдыруға болмайды.

  • Тас құлайтын науаларды, бос тұрақсыз үйінді, сырғыма жолдарды басуға болмайды.

  • Еш уақытта ауа-райының бұзылуы кезінде, тез арада жылынғанда, қысым түскенде, тұманда, қар түскен соң, бұрқасын мен қатты жел соққанда көшкін қауіпі бар жолға шығуға болмайды.

  • Нашар көрінетін кезде, беткейде қар қалыңдығы 30 см. және одан да жоғары болғанда, жауын-шашын жауғанда, қатты жел тұрғанда, бұрқасын соққанда, температура кенеттен төмендегенде көшкін қаупі бар аймақтан тез арада кету керек.

  • Көктемде шуақты күндерде көшкін қаупі бар аймаққа түскі сағат 12.00-ден кейін бармау керек.

Есте сақтаңыздар: Көшкін кезеңінің ұзақтығы тауларда қардың барына және жиналу кезеңіне сәйкес болады. Көшкіннің ең белсенді уақыты көктем мезгілі болып саналады, абай болыңыздар!

Қар көшкіні - таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.

Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.

Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.

Көшкін қаупі бар кезең - Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).

Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20 – 60 градуспен көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылынған кезде болады. Көшкін тауда жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз – сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкенжылдамдығы 100 м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50 пайызыға жуығы жазыққа жетіп, халық пен шаруашылық нысандарына тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шарша метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі керек.

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күгннің жылынуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша – сәуір, биік тауда қазан – мамыр.

Көшкіннің болу белгілері: Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу; Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы; Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы; Жер сілкінісі.

Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері:Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі; Көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы; Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар; Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы; Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.

Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау: таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз; Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырысыңыз; Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз; Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз; Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын; Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз: Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз; Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол жерде тағы да көшкін қаупі болуы ықтимал; Қауіпті аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз; Теңіздің мұз жағында болу, қауіп төнген жағдайда дауыл тллқыны болмағанда ауа температурасының жағымсыз жағында болу; Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен мұздың немесе қар көшкіні үстімен жүрмеңіз.
3 тәжірбиелік сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары


  1. Көшкіндер. Анықтамасы, жіктелуі

  2. Көшкін қаупі бар учаскелер бойынша қауіпсіздік шаралары

  3. Көшкіннің болу белгілері

  4. Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шаралары


Тәжірбиелік сабақ №4 Сел.

Сабақтың мақсаты: Сел кезіндегі халықтың іс әрекеті, алдын алу шаралары.


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.

Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.

Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.

Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандысын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қаупті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.

Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр және т.с.с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық толғандарды нығайтуға, кедергілер туғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.


Сел – тау өзендерінің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен және тау жыныстары болған жоғарғы деңгейдегі заттардың көптілігімен сипатталатын уақытша ағын.

Сел ұзақ нөсер, мұз бен қардың жылдам еруі, мұзды өзендердің бұзылуы, жер сілкінісі, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Арнайы тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындармен 10 м /с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.

Сел кенеттен пайда болуымен, алапат толқындағыш күшімен қас-қағым сәттегі іс-әрекетімен ерекшеленеді.

Тікелей сел қаупінің белгілері мыналар: күшті гуілдін естілуі, тасқын, тас соққысынан топырақтың дірілдеуі, шаңғы бұлттын пайда болуы.

Селмен күресу үшін:


  • тоғандық қазандық сел қоймасын, қорғаныс бөкетін, сел ұстағыштарды тұтас кедергіні, суды ағызатын насостың жүйесі бар канал желілерін салу;

  • жұмыс істейтін сел қоймасы аумағында карьерлік әзірлемелер жасау;

  • тоғандық қазандық сел қоймасында кіші кедергілер мен сел арнасын тұрақтандыру;

  • сел қаупі бар жерлерді анықтау;

  • адамның шаруашылық қызметін реттеу;

  • тау жыныстарын да топырақ жамылғысын нығайту және оның өсуін ынталандыру.

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін:

  • сел қаупі бар өзен арнасына, тік тау жартастарынын төңірегінде демалуға тоқтамаңыз және палата лагерін құрмаңыз;

  • тауда мұқият және сақ болыңыз;

  • сел тасқыны белгісін байқаған бойда арнадан жартас бойынша айналып өтуге тырысыңыз;

  • сел тасқыны өткенен кейін суға түспеңіз, одан кейін келесі толқын болуы мүмкін;

  • ықтимал сел тасқыны аумағында шайып кетпеуі үшін үй, саяжай салмаңыз.

Халыққа жақындаған сел тасқыны туралы хабарлаған, сондай-ақ оның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда ғимараттан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз жерге бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққанда пешті өшіру, газ краның жабу, электр приборларын ажырату керек. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды жылдамырақ айдап әкету керек. Халық бұл аймақтан қауіпсіз жерге көшіріледі.
4 тәжірбиелік сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Сел қаупінің белгілері

  2. Сел қауіпі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіз шаралары:

  3. Халықтың сел тасқынның жақындауы туралы хабарлаған жағдайдағы іс әрекеттері


Тәжірбиелік сабақ №5 Қар көшкіні

Сабақтың мақсаты: Қар көшкінінен қорғану тәсілдері. Шаңды дауылдар, опырмалар,т.б. жағымсыз факторлары, қорғану құралдары, салдарды жою тәсілдері.


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда – қазан-мамыр. Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті.

Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуезқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% -на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.

Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкінінің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тік беткейлер аса қауіпті болмағанмен, қар көшкінінің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.

Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.

Опырмалар. Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатауындағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Опырмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.

Опырылманың құралымы. Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырмалар құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суырмалы сумен ылғалданады. Опырмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.

Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су мен газ бұрандаларын жауып, жарық пен басқа да электр қондырғыларын ажырату қажет.



Қар басу. Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.

Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; запрдап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау; жолда тұрып қалған көлікке көмектесу; коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою.
Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.
Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, ол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, двигательді радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын желге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.

Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (Бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі.


Жолдағы көкайғақ аса қауіпті, ал қилысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын, әр түрлі заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстардың маңынан, электр желілерінің және олардың діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн.

Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.



Сырғыма. Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т.б.) болып табылады.
Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Сырғымаға қалай дайындалу керек. Сырғымалардың мүмкін болу жерлері мен мөлшермен шекарасы туралы ақпаратты зерделеңіз, сырғыманың пайда болу қаупі туралы хабарлау дабылын, сонымен қатар осы дабыл берілген кездегі іс-әрекет тәртібін есте сақтаңыз. Ғимараттардың есіктері мен терезелерінің ашылмай қалуы, сырғымақауіпті жартастар судың шығуы — бұл келе жатқан сырғыманың белгілері болып табылады. Жақындап келе жатқан сырғыма белгілері пайда болған кезде жақын маңдағы сырғыма станциясы бекетіне хабарлап, олардан ақпарат күтіңіз, ал өзіңіз ахуалға байланысты әрекет жасаңыз.

Сырғыма кезінде қандай әрекет жасау керек. Сырғыманың пайда болу қаупі туралы дабыл алған кезде электрқұралдарын, газ аспаптары мен су құбырлары желісін ажыратып, алдын ала әзірленген жоспар бойынша дереу көшуге дайындалыңыз. Сырғыма станциясының анықтаған сырғыманың ығысу жылдамдығына байланысты, қауіпті есепке ала отырып, әрекет етіңіз. Ығысудың әлсіз жылдамдығында (айына метр) өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге қарай әрекет етіңіз (құрылысты алдын ала дайындаған орынға көшіріңіз, жиһазды, заттарды тасыңыз және т.б.). Сырғыма ығысуының жылдамдығы тәулігіне 0,5 – 1,0 метрден көп болса алдын ала өтелген жоспарға сәйкес көшіңіз. Көшу кезінде өзіңізбен бірге құжаттарды, құндылықтарды, ахуалға байланысты және әкімшіліктің нұсқауымен жылы заттар мен азық-түлік алыңыз. Дереу қауіпсіз жерге көшіңіз, және қажет болса құтқарушыларға қазуға, опырылымдардың астынан зардап шеккендерді алып шығуға және оларға көмек көрсету үшін жәрдемдесіңіз.

Сырғыманың ығысуынан кейінгі әрекет. Сырғыманың ығысуынан кейін сақталып қалған құрылымдар қабырғаларының, жабындарының жағдайы тексеріледі, электр-, газ-, сумен жабдықтау желілерінің зақымдануы анықталады. Егер де Сіз зардап шекпесеңіз, онда құтқарушылармен бірге зардап шеккендерді үйінделерден алып шығыңыз және оларға көмек көрсетіңіз.

Тау тастарының құлауы. Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма- шылық жасайтын жерлерде каркынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу әсерінен киыршьщтасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты «қатал» шөлдерге тән.

Химиялық үгілу дегеніміз — тау жыныстары мен минералдардың құрамындағы реакцияға тез түсетін заттардың (оттек, кемір қышқылы, тұздар, қышқылдар, негіздер) ауадағы су буының көмегімен өзгеруі және өзара әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуы. Сондықтан химиялық үгілу ылғалды, ыстық климат жағдайындағы субтропиктер мен тропиктерге, сондай-ақ теңіз маңы аудандарына тән. Әдетте, үгілудің барлық әрекеттері қатар жүріп отырады, сондықтан айқын басымдылық танытатын әрекет түрі бірінші кезекте айтылады. Өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесі де белгілі дәрежеде физикалық және химиялық үгілу әрекеттеріне қатысып, кейде тіпті оның жүру қарқынын күшейтеді.

Өздерің тұратын өлкеде жер бедері пішіндерін қалыптастыруға қандай күштер әсер етеді?

Мәтінге сүйене отырып, оларға нақты мысал келтіріңдер.

Үгілген тау жыныстары салмағына қарай төмен сырғуы немесе тік беткейлерден етекке құлауы мүмкін. Олар кейде өздерімен бірге басқа да тау жыныстарын сырғытып, ілестіре кетеді. Етекке құлап түскенде тау жыныстары көбінесе өзара соқтығысып, сынып, ұсақталады. Неғүрлым майда бәлшектер желмен ұшырылып, шаң-тозаңға айналады. Түптеп келгенде, үгілудің барлың түрлері биік таулардың аласаруына, керісінше неғұрлым ойыс жатқан жерлерді толтыру арқылы жер бедерінің тегістелуіне себепші болады.

Үгілу енімдері мен борпылдақ жыныстарды тасымалдау арқылы жер бедерін өзгертуде желдің маңызы зор. Жел әрекетінен қалыптасатын жер бедері пішіндерін золдық деп атайды. Әсіресе шөлдердегі құрғақ климат жағдайында жел әрекеті айқын көрінеді, мұнда құмды тебелер мен жалдар, толқын тәрізді эолдық пішіндер таралған. Теңіздер мен көлдердің жағалауларында да жел әрекетінен түзілген мұндай пішіндер жиі кездеседі.

Үгілген тау жыныстарын тасымалдауда ағын су әрекетінің алатын орны ерекше. Жаңбыр кезінде су беткейлер аркылы ағып, бір арнаға тоғысады. Ол әрі карай жер бетін тілімдеп, жыралар, сайлар жасайды. Тіпті жазық жердегі өзендер де еңкіштігі төмен, ағыны баяу болғанына қарамастан, өзімен бірғе көптеген жыныстарды тасымалдайды. Ал тау өзендері ағыны қатты болғандықтан қүм, саз сияқты майда жыныстармен қатар, өте ірі тастарды да ағызып әкетеді.
5 тәжірбиелік сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары


  1. Қар көшкінінің болу уақытын анықтау әдістері, қар көшкінінің қорғану тәсілдері.

  2. Қауіпті құбылыстардың басқа түрлері: опырмалар, себілулер, беткейлік ағылу, жер бетінің отыруы және ойылымы, эрозия, шаңды дауылдар, т.б.

  3. Олардың ерекшеліктері, жағымсыз факторлары, қорғану құралдары, салдарды жою тәсілдері.


Тәжірбиелік сабақ №6 Гидросферада болатын стихиялық құбылыстар.
Сабақтың мақсаты: Гидрологиялық қауіпті құбылыстар: тайфундар, теңіз деңгейінің қатты толқулары.Анықтамасы және сипаты, зақымдаушы факторлар, алдын алу және құтқару жұмыстарының түрлері.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6

Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады.

Республика бойынша 300-ден аса осындай қауіпі бар тау бассейіндері бар. Әсіресе қауіпті жерлерде Іле, Жоңғар, Талас, Алатау, қаратау, Кетмен, тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай тасқындар жыл сайын болып тұрады.



Тау су тасқынынан сақтану жолдары:

  • Жауын уақытында және жауын өткеннен кейін 2 күндей тауға шықпау;

  • Тауда тек бұрын адам жүрген жолдармен жүру;

  • Жазда тауда түс қайтқанда, күн қызғанда жүрмеу;

  • Тұманды күні тауға шықпау;

  • Тауда жүргенде айқайламау, шуламау (дауыс ауаға әсер етеді, ауа қарды қозғап жіберуі мүмкін);

  • Қар басқан тау бөктеріне жақындамау;

  • Егер тасқын жылжып келе жатқанын сезсеңіз, оның жолынан шығағу тырысу;

  • Күнделікті теледидар, радиодан берілетін хабарларға көңіл аударып жүру.

Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек абиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.

Жайық, Ойыл, Эмбі өзедерінің суының көтерілуінен Қызыл-қоға, Жылой, Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий теңізі мен Жайық өзендері Атырау қаласына қауіп төндіруде. Бұған қарсы облыс басшылары тиісті шаралар қолданып (жағаны бекіту, елді мекендерді қауіпсіз орындарға көшіруді), күрес жүргізуде. Осындай жағдай 2003-2004 жж. Шардара су қоймасында, Сырдария өзенінің батысында болып, үлкен материалдық шығын әкелді.



Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.

Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.

Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардан кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады.

Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда — наурыз – шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде – наурыз-маусым айларында болады.

Жаңбырдан болатын тасқындар, Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегінде және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде. Ертіс байссеіні өзендерінде байқалады. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынының ерекшелігі сол, белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы мүмкін.

Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында болады. Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілумен ушыға түсуде.

Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қирату салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып табылады. Олар күз бен көктемде мұз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.

Өзеннің жоғарғы бөлігінде мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылуы жағдайында тасқын қас-қағым сәтте болуы мүмкін.

Қалған жағдайларда су басу қауіпіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұз жүрген кезде, қар еріп жатқанда және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүрі өте қауіпті. Су батпақтардың сінгіштіген азайтады да, батпаққа батудың қауіпі туады.

Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет.

Елді мекендегі тасқын кезінде қауіпсіздің көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

Республика аумағындағы көптеген тасқыдардың судың деңгейінің көтерілуінің болатындығынан белгілі. Алдын алу жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басуы болатын аумақтың тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, ьөгет, тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшаландыру қондырғысын қою; қысқа бұталы ағаштар отырғызу; жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау; толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік жерді білу; жақындаған зілзала туарлы хабарды алуға дайын болу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу.


Тұрғындарды уақытша көшірудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радио мен теледидар, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын орынды, жиналу мерзімін, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жағдайларды, оны ауыздықтау жолдарын және барысын және басқа да мәліметтер хабарланып отырады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді-мекендерге көшіріледі.

Кәсіпорын мен мекемелер су қауіпі төнген жағдайда жұмыс тәртібін өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан ментеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және кешенді адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әр тұрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.


Үйден (пәтерден) шыққан кезде өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды заттарды, аса қажетті заттарды, екі-үш тәулікке жеткілікті азық-түлік қорын алу ұсынылады.
Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден (пәтерден) шығардың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдеткішті және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.

Су басқан аумақтағы ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.



Су тасқынынан болатын ықтимал залалды азайту мақсатында апатты су тасқыны аймағын ескере отырып, өндірістік ғимараттарды нығайтуға, халықпен, шаруашылық кешен объектілерінде жұмыс істейтін қызметкерлерді өз уақытында хабарлауға, бағытталған шаралар жүргізіледі, олардың ішінде:

  • ықтимал апатты су тасқыны аймағында, елді мекендер мен шаруашылық кешен объекілерін орналастыруды шектеу;

  • гидродинамикалық авариялар кезінде ықтимал залалды төмендету жөніндегі шараларды ескер отырып, гидротехникалық ғимараттарды жасау жөніндегі жобалық және құрылыс жұмыстарын орындау.

  • Елді мекенер мен шаруашылық кешенді объектілерін елді мекендерді және жайылымдарды қорғай, гринаждық жүйені құру, жағалауды, суағарды бекіту, ұстау үшін бөгет орнату, жолды, көпірді, су келетін каналдар қондырғысын жөндеу, шұңқырларды жоюға арналған авариялық материалдарды жинақтау және бөгеттің, гидрооқшаулағыш қондырғысы мен ғимараттың биіктігін көтеру, аласа ағаштарды отырғызу жолымен қорғау.

  • Ықтимал су басу аймағында орналасқан халықты, шаруашылық кешенін, объектілерінің гидротораппен сенімді байланысын қамтамасыз ету, су басу қауіпі немесе басталғандығы туралы оларға өз уақытында хабарлау.

  • Гидротораптың /тоғанның/ астындағы су деңгейінің апатты көтерілуі туралы автматты дабылдау жүйесін құру, қала АҚ және ТЖ органдарының, елді – мекендер мен шарашылық кешені объектілерін, гидротораптық/тығынның / жойқындылықпен бұзылуы туралы хабарлау

  • Су басқан уақытта тұтынушыларды энергиямен қамсыздандыру және кезектеп ажырату жөніндегі схемаларды әзірлеу.

  • Гидроторап /тоған/ бұзылған кезде су көлігі тұрағының орнын дер кезінде таңдау және ұйымдастыру.

  • Су басу аймағында қалған халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, эпидемияға қарсы шараларды өткізуге дер кезіндегі әзірлік.

  • Апатты су тасқынының жағдайындағы іс-әрекетке халықты оқытуды ұйымдастыру

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет