Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені тұлғалық даму психологиясы пәні



жүктеу 0.8 Mb.
бет2/6
Дата22.09.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6

3. Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары. Гуманистік психологиядағы тұлғаны түсіну (К. Роджерс, А.Маслоу). Гуманистік келісте адам жағымды рухани қасиеттерімен жоғарғы рухани қажеттіліктер тән деп қарастырылады (өзін, өмірдің мәнін, әлемдегі орнын, сұлулыққа қажеттілігін, үйлесімділігін, түсінуге ұмтылу). Гуманистік психологияда адамды жағымды жақтарымен ғана қабылдайды және жақсы қырларына сенеді. Абрахам Маслоу - ХХ ғ. 60ж. Гуманистік психология терминін енгізген. Гуманистік психология психикалық дені сау, гармониялық тұлғаны зерттеді, яғни өзінің даму шыңына, өзін-өзі жетілдіруге жеткен адам. Бұндай тұлғалар тек ¼ % құрайды, ал қалғандары иерархияның кез-келген сатысында болады. Адам өзінің тағдыры үшін жауапты, өзін –өзі жетілдіруге ұмтылады, бүкіл өмір барысында жетілу, өзгеру, қалыптасу процесі болады. Маслоу бойынша гуманистік теорияның негізі әр бір адамды уникалды, ұйымдасқан, бір бүтін ретінде қарау керек.


А. Маслоу тұлғаның қажеттіліктерін түсіндіру үшін қажеттіліктер иерархиясын ұсынды (1954). Ол бойынша қажеттіліктердің ең біріншісі физикалық қажеттілік болса, ең жоғарғы өзін-өзі өзектендіру деді. Қажеттіліктер иерархиясы келесідегідей:

  • физиологиялық қаж-к (тамақ ішу, сексуалдылық, өзін өзі қорғау қаж-і)

  • қауіпсіздік және қорғаныс, сенімділікке деген қаж-гі (материалды, денсаулыққа, қартайғанда қамтамасыз етілетіне сенімділік)

  • сүйіспеншілік, әлеуметтік қаж-р (кейбіреулерде қарым-қатынасты түсіну қаж-гі, өте жақсы көрген адамы, ал басқасы онша емес)

  • өзін-өзі сыйлау, сый-құрметке қажеттілігі ( престиж, статус)

  • өзін-өзі өзектендіру қажеттілігі, тұлғаның даму қаж-гі

Бұндағы басыңқы қажеттілік төменде орналасқан, ол одан жоғары орналасқан қажеттілікті мотивтілік мөлшерін сезгенде қанағаттандырылған болуы керек. Бір типтегі қажеттілік 2-ші қажеттілікке өткенге дейін қанағаттандырылуы қажет. Маслоу бойынша иерархияда жатқан қажеттіліктер адамның мотивациясы негізінде жатқан негізгі принцип болып табылады. Адам қажеттіліктер иерархиясына қаншалықты жоғары көтерілген сайын, оның сапасы, индивидуалдылығы, психикалық денсаулығы жоғарылайды. Гуманистік психологияда тұлға-қоғамдағы адамның өмір әрекетіндегі пайда болған психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Бұл бағыт ХХ ғ. 50-60 ж. біршама дамыды. Гуманистік психология бастапқыда нейрофрейдистік концепцияға қарсы тұрды, яғни адамзаттың мінез-құлқы қанағат алуға, агрессияға, қоғамнан қорғауға тәуелді дегенге қарсыласты. Олар мінез-құлықтың көзі ретінде туғаннан пайда болған альтрустик мотив деп қарастырды. Осы бағыттың бір өкілі К. Роджерс. Ол өзінің әдіс терапиясында дәрігер пациентке қысым көрсетпеуі керек. Дәрігер мен пациент арасындағы контакт өзара сыйластыққа негізделуі керек. Роджерстің тұлға теориясының негізі өзіндік бағалау категориясы болып табылады. Баланың үлкен адаммен қарым-қатынасы нәтижесінде оның өзі туралы түсінігі қалыптасады. Бірақта өзіндік бағалау конфликсіз қалыптаспайды. Көбінде қоршаған ортаның бағалауы өзіндік бағалауға сәйкес келе бермейді. Адам қоршаған ортаның бағалауын қабылдау керек пе, әлде өз бағалауында қарау керек пе деген таңдауда қалады. Күрделі органикалық бағалау үрдісі жүреді, яғни бағалаудың көзі бастапқыда баланың ішкі организмінде жатады. Осылайша, Роджерс нейрофрейдизмдегідей, тұлғаның дамуы туғаннан пайда болған тенденция арқылы анықталады. Әлеуметтік рол тек сырттай. Гуманистік бағыттың өкілі А. Маслоу. Ол бойынша адамның негізгі қажеттілігі-ол өзін-өзі өзектендіруге тырысу. Өзін-өзі өзектендіру деген не дегенге Маслоу былай жауап береді: «Өзін-өзі өзектендіруші адамдар қандай да бір іспен әуестенген. Олар бір іске берілген, олар үшін ол өте құнды, бағалы болып табылады». Тұлғаның өмірінің әр сәтінде таңдау кездеседі: алға жылжу, кедергілердіжеңу, жоғарғы мақсатқа жету немесе күресуден бас тарту. Өзін-өзі өзектендіруші тұлға-үнемі алға ұмтылады, кедергілерді жеңеді. Өзін-өзі өзектендіру-бұл үнемі даму немесе өз мүмкіндіктерін практикада іске асыру процесі болып табылады. Маслоу бойынша - өзін-өзі өзектендіру туа пайда болатын құбылыс, ол адамның табиғатына жатады. Адам мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылыққа деген қажеттілікпен туады. Ол адамның ядросын құрайды. Адам осы қажеттіліктерді жүзеге асыра алуы қажет. Сәйкесінше, өзін-өзі өзектендіру туа пайда болған қажеттіліктердің бірі. Американдықтар: Маслоу Абрахам Харольд (1908-1970); Роджерс Карл Рэнсом (1902-1987) және Виктор Франкл- «адам өмірі уникалды, өйткені ешкім оны қайталай алмайды»; Эрих Фром.

Индивидуалдылық ұғымы. Индивидуалдылықтың продуктивті және инструменталды көріністері.


Тұлғаның өмірлік жолы-оның даралылыққа айналу жолы. (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев)

Тұлғаның даралылық ретінде дамуын түсіну үшін тұлғаға – іс-әрекет субьектісі ретінде қарау керек. Тұлғаны іс-әрекет субьектісі ретінде зерттей келе, оның заттық іс-әрекеті жасайтынын, өз тәжірибесіне, өзінің потенциалды мотивіне, мінезіне, қабілеті мен іс-әрекетінің нәтижесіне сүйенетінін анықтады. Даралылық - өзінің әлеуметтік маңызды жағынан басқа адамдардан адамның ерекшеленуі, индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы, яғни темперамент, мінез, қызығушылық, қажеттілік, қабілеттіліктерінің қайталанбастығымен ерекшеленуі. Индивидуалдылықтың алғышарты болып анатомо-физиологиялық нышандар жатады. Тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретінде қарастырғанда осы құбылыстарды анализдеудің 2 жағы бөлінді:



Тұлғаның продуктивті көріністері, яғни тұлғаның түрлі мотивтер, позициялар, ролдер арасында таңдау жасау кезіндегі белсенділігінен көрінеді. Продуктивті көріністерге және де тұлғалың мәдениетке және т.б. өз әрекеттерімен үлес қосуы жатады. Ол өзіне ғана емес басқаларға да өз әсерін тигізеді.

Тұлғаның инструменталды көріністеріне-мінез бен қабілет жатады. Бұдан мінез тұлғаның мәндік тәжірибесі мен ұстанымдарын шегендейді, сол арқылы оның мотивтері жүзеге асады. Ал қабілет-іс-әрекеттің жемістілігі мен эффективтілігін анықтайды және соңында тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретіндегі продуктивті көріну деңгейлерін анықтайды. Тұтастай тұлғаның индивидуалдылығы адамның әлемдегі мәндік (мысловых) қатынастары мен ұстанымдарының (установок) жиынтығы, бұл өмір сүру барысында, қоғамда игеріледі. Тұлғаның индивидуалдв дамуын анализдей келе оның дамуының функционалды динамикасы ажыратылады, бұның өзі проблемді-конфликтілік ситуацияларда көрінеді (мысалы, стресс, фрустрация, конфликт, кризис) және оның өмір сүру жолындағы психологиялық жасының өзгеруінде көрінеді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет