Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені тұлғалық даму психологиясы пәні



жүктеу 0.8 Mb.
бет5/6
Дата22.09.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6

Эрик Леннард Берн (ағылш. Eric Lennard Berne, нағыз есімі: Леонард Бернстайн, 10 мамыр 1910, Монреаль, Канада — 15 маусым 1970) — американдық психолог және психиатр. Транзакциялық талдау бен сценарилік талдау теориясының негізін қалаушы ретінде танымал. Психоанализ идеясы мен жүйке және психика ауруларын емдеу әдісі мен жалпы теорияларын дамытуда, Берн өз назарын тұлғааралық қарым-қатынас негізінде жатқан «транзакцияларға» бөлді (ағылш. trans- — суйеулер, бірінші нәрсенің екінші бір нәрсеге деген әрекеті, және ағылш. action — «әрекет»). Транзакциялардың кейбір түрлерінің жасырын мақсаты болады, ол оларды ойындар деп атайды. Берн үш эго-күйді қарастырады: Ересек, Ата-ана және Бала (фрейдтік емес Мен, Жоғарғы-Мен және Ол). Бернның пікірінше, адам қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түскенде осы күйлердің бірінде болады.
Эрик Берн (Эрик Леннард Бернштейн) Монреалда (Канада), Ресейден шыққан доктор Давид Гиллеля Бернстайн мен әдебиетші Сара Гордонның отбасында дүниеге келген,қаланың кедей еврейлері тұратын ауданында тұрған. Оның әкесі дәрігер терапевтікпен айналысқанда,ауруларды тексергенде көбіне ұлын өзімен алып жүретін болған. Анасы Берна кәсіпқой жазушы әрі редактор болған. 1921 жылы күйеуі қайтыс болғаннан кейін, Берн мен әпкесін әдеби шығармашылықпен айналысып,балаларын материалдық жағынан көмектескен.

Оливер Джеймстің айтуы бойынша, Бернге әкесінің өлімі қатты әсер еткен. Әрине, әрқашан ауруларды емдейтін, әкесінің өзін емдей алмауы қатты тиді. Бұл жайлы оның алғаш шыққан "Транзактілі талдау" еңбегінің басында былай делінген: Медецина докторы, хирургия шебері, кедейлердің жанашыр дәрігері, әкем Дэвидке арналады деп жазған болатын. Берн Монреалдағы Мак Гилль университетінде ағылшын тілін,психологияны, медецинаның дайындық курстарын оқыған болатын. 1931 жылы гуманитарлық ғылым саласында бакалавр дәрежесін алды. 1935 жылы сол университетте медецина докторы және хирургия магистратурасы дәрежелерін алды. Кейін АҚШ-қа аттанып, сол елдің азаматтығын алады. Нью Джерсидағы Инглвуд ауруханасындағы интернатурада психиатриалық ординатор болғаннан кейін, Иельский университетіне ұсынылады. Ол өмірінде үш мәрте үйленген. Ол кездегі антисимиттік бағытқа байланысты, ол өзінің тегін ауыстыруына тура келеді.


Транзакциялық талдау

Берн теориясындағы тұлға Эго-ның сананың арнайы қалыптарында және жүріс-тұрыс үлгілерінде көрінетін ерекше қалыптардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Автор Эго-қалыптың үш негізгі түрін көрсетеді:



«Ата-ана» - балалық шақта маңызды авторитеттерге немесе өз ата-анасына еліктеу қалпы. Ол дәстүрлерді, құндылықтарды, нормалар мен ережелерді бейнелей отырып көптеген басқа таптаурындар мен автоматтандырылған жүріс-тұрыс формаларынан тұрады. «Ата-ана» нормалар мен ережелерді білуін қамтамасыз етеді. Негізінде – бұл тұлғаның моральдық аймағын белсендіру.

«Бала» - ерте балалық әсерленулермен және алаңдаушылықтармен байланысқан аффективті комплекстері бар тұлғаның бөлігі. Бұл қалыптың екі формасы бар: интуицияның, шығармашылықтың, қуаныштың қайнар көзі болатын табиғи «Бала» және «Ата-анасының» ықпалына байланысты өз жүріс-тұрысын ауыстыратын бейімделген тәуелді «Бала». Негізінде – бұл қалыпты тұлғаныі эмотивті аймағын белсендіру.

«Ересек» - қоршаған әлеммен эффективті әрекеттесу үшін ықтимал болатын бағасының және ақпараттың өңделуі жүретін қалпы.

«Ересек» «Ата-ана» мен «Баланың» әрекеттерін байқайды. Негізінде – бұл тұлғаның рационалды аймағын белсендіру.

Транзакционды талдау қолдана отырып, адамдар эмоция, интелект, инсайтқа жетеді. Бұл процесс оптимисттілікке әкелдеі, яғни адам мынаған келеді. «Иә, дәл солай және бәріне де болады».

Берн теориясы жүріс-тұрыс өзгешеліктерін бақылауда қалыптасты. Оның негізгі назары – стимулдар болды (сөз, әрекет, дыбыс). Бұл өзгерістер – бетінде, дауыс ырғағында, сөз құрылымында, мимикасында, өзін-өзі ұстауында көрініс береді.

Доктор Берн бойынша, кейбір трансакциялар жасырын мотивтерге ие және тұлға оларды психикалық ойындарда манипуляция тәсілі ретінде қолданады.

Оның тағы айқындығы, адамдар өздерін театрда көрініс оқығандай көрсетеді. Бұл анықтамалар Бернның керемет теориясының дамуына әкелді. Ол теория трансакционды талдау деп аталады.

Трансакция – қарсылық бірлігі. Адамдар бір топта бола отырып, бір-бірін көндіреді немес басқа жолмен өздерінің бар екендігін, хабардар екендігін көрсетеді. Бұл трансакционды стимул деп аталады.

Трансационды стимулға адам жауап береді. Бұл трансакционды реакция деп аталады. Трансация кезектілік бойынша жүреді. Ол тұлғаның ерекшеліктерімен,шынайы жағдайымен жоспарланады. Қоғамдық іс-әрекеттің қарапайым формасы – процедура, ритуалдар.

Процедуррра – қарапайым қосымша үлкен тарнсакциялар сериясы. Ол іс-әрекет пен әсерге бағытталған. Бұл анализ рамкасында ритуал болып аталады. Қосымша қарапайым трансацияның стереотипі сериясы сыртқы әлеуметтік факторлармен берілген.

Бейресми ритуал қатармен ерекшеленеді, ал ресми ритуалдар аз бостандығымен сипатталады.

Процедура және ритуал да стереотипті, бірақ процедура үлкендермен, ритуал ата-анадан келген тізбек бойынша жүреді.

Алғашқыда трансакционды талдау психотерапиялық әдіс ретінде дамыды. Трансакционды талдау белгілі бір топтарда қолданылады. Топта адамдар өзін сезіне алатын тұлға құрылымын қарастырады.

Трансакционды талдау тек психотерапияда қолданылып қана қоймай, адам жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін толғандыру шақырады. Мұны көп адамдар түсінеді және қолданады.

Трансакционды талдау – бұл рационалды әдіс. Ол жүріс-тұрысты аяқтауға негізделген. Ол бойынша әр адам өзіне сүйенуге уйренеді, өзі үшін ойланады және шешім қабылдап, өз сезімдерін ашық білдіреді. Оның принциптері жұмыста, үйде және көршілерімен қатынаста қолданылады, яғни барлық жерде.

Берн айтуынша, Трансакционды талдаудың маңызы: «ашық және ортақ өзара әрекетте эмоционалды және интелектуалды тұлға өз компоненттерімен эмоция және интелектісін қолдануда қабілетті».

ТА-дің 4 – талдау түрі бар:

Құрылымдық – жеке тұлға талдауы.

Трансакция – адамдар әрекеті, бір-біріне не айтқандары туралы талдау.

Ойын – ашық трансакция талдауы.

Қойылым – жекелік, өмірлік қойылым талдауы. Мұнда еріксіз түрде адамдар ериді.

Құрылымдық талдау сұрақтарға жауап беретін әдіс. Мысалы: «Мен кім?», «неге мен дәл осылай жасаймын?», «Мен қалай бұл сапаларды игердім?». Бұл тұлғаның «мен» қалпын үйренуге негізделген сезімді, адам жүріс-тұрысын талдайтын әдіс. Мысалы: баласын қатты дауыспен ұрсып жатқан анасы, досы телефон соғып, досының даусын естігенде бет-әлпеті, дауыс ырғағы өзгере бастайды.

Берн «Мен» қалпын «тиянақты қабылдау типі» ретінде анықтайды.

Тұлға уайымы мида және жүйке клеткаларында жазылады. Оған қосымша: сәбилік даму, тәрбие, өткен оқиғаларына байланысты сезімдер.

Әр тұлға 3 қалыптан тұрады. Олар жүріс-тұрыстың ерекше көздері: мен – ата-ана, мен – бала, мен – ересек. Олар шынайы адамдарды көрсетеді.

«Мен» қалпы төмендегідей анықталады:



«Мен – ата-ана» - бағдарлар, жүріс-тұрысты көрсетеді, ата-анадан алған ескертпелер де, қамқоршы өзге адамдарға байланысты жүріс-тұрыстарда көрінеді. Іштей ескі ата-ананың нақыл сөзі ретінде көрінеді.

«Мен – ересек» тұлға жасына тәуелді емес. Ағымдық шынайылықты қабылдауға, объективті ақпаратты алуға бағдарланған.

«Мен – бала» табиғи бейнеде қалыптасатын барлық қозуларды иемденеді. Ертегі кездегі уайымдарды, өзіне, өзгеге деген реакцияларын жазба түрде алады. Ол ескі сәбилік кезеңнің жүріс-тұрысы ретінде көрінеді.

Егер бір адам келесі біреуді кулкімен, бас изеумен сөздік сәлеммен қарсы алса транзакционды талдау тілінде «контакт» деп аталады. Барлық трансакцияны бөлуге болады: қосымша, қиылушы және жасырын.

Егер үндесу күйіне сәйкес келсе трансакция «қосымша» болады. Коммуникация – адамдар бір-бірімен ашық қарым-қатынас жасағанда орындалады.

Қосымша трансакция:

Бірінші тип Екінші тип

Қиылысушы адам қатар бір-біріне қарап тұрады, кейін арқасымен бір-біріне бұрылады, әңгімелесуді жалғастырғысы келмейді. Стимулға күшпен реакция берілгенде пайда болады.
10 Тұлғаның өсуінің адам өміріндегі мәнін психология тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері

Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі және автобиографиялық баяндау

Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруді автобиографиямен байланысын зерттеу үшін біз 3 түрлі мәтіннен тұратын автобиографиялық мәтіндерді анализдедік. Әрекеттік тип тұлғаның түрлі қолданбалы әрекет кеңістігінде өзін-өзі реализациялау, әлеуметтік тип тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, экзитенционалды-сезімдік тип тұлғаның өз өмірін түсінүі және өмірінде алатын орнымен байланысты. Сонымен қатар белгілі бір типті қолданатын өзін-өзі жетілдіретін тұлғаның бағыттылығы анализге алынды. Қойылған мақсатқа қол жекізу үшін «Өзін-өзі жетілдіру тесті» қолданылды.



«Әрекеттік» автобиографиялық тип. Анализ қортындысы бойынша бұл тип 2 түрге бөлінді: табысты, жетістіктерін суреттейтін және табысты емес, тек сәтсіздіктерін суреттейтін. Бұл типтің қорытындысы тұлғаның өз іс-әрекетіне деген қарым-қатынасымен байланысты. Жалпы, креативтілік және тану шкалаларынан басқа барлық шкалалар бойынша табысты емес топқа қарағада, табысты топтың нәтижелері жоғары (p > 0,01). Негізгі шкалаларға сәйкес мәлімет шашырауы едәуір жоғары, яғни біз типологиялық ерекшеліктер туралы сөз қозғай алмаймыз. Құндылық бағдар шкаласы бойынша топқа байланысты емес жоғары да, ороташа да көрсеткіштер байқалды. Бұл автобиографиялық типке жататын адамдардың импровизацияға, іс-әрекеттің әр түрлі түрін ауыстыруға немесе бағалау,анықтау қарым-қатынастағы икемділігі туралы айту үшін олардың мінез-құлық икемділігі шкаласы айтарлықтай байқалған (70,6%). Сензитивтілік (58,5%) және спонтандылық (64,3%) шкалалары орташа көрсеткіште. Өзіндік сыйлау (62,5%) шкала көрсеткіші жоғары. Яғни бұл шкала бойынша табысты әрекетке деген тәуелділік байқалады. Түйіспе шкаласы бойынша жоғары көрсеткіштер орын алды (58,3%), бұл көрсеткіш бойынша адамдардың бір-біріне тәуелсіз қарым-қатынас орната алатыны көрінеді.Кенеттен тану қажеттілік шкаласының көрсеткіші біршама төмен болды (61,1%). Мәселені шешуде жаңа әдістерді іздеудің орнына тұлғаның әлдеқашан қол жеткізген нәтижелерге деген үйреншіктік бар екені анықталды. Осы типтің атқарған іс-әрекеттің табыстылығына тәуелді емес жалғыз көрсеткіш және басқа типтерге қарағанда көрсеткіштері жоғары болған Креативтілік шкаласы болып табылады (70,3%).

Яғни, бұл типке жататын адамдардың өзіндік жетілуі іс-әрекеттің әр түрлі практикалық түрлерінде көрініс табады. Мұндай адамдарға референтті топтың ой-пікірлерінен біршама тәуелді болуы байқалады. Ондай адамдардың өмірі басқа адамдардың көзінде сәттілік сезімін тудыратын іс-әрекет түрін іздеу арқылы мән, мағынаға тола болады.



«Әлеуметтік» автобиографиялық тип.Басқа типтермен салыстырғанда, бұл тип бойынша нәтижелер тым біркелкі. Бір де бір шкала типті көрсетілмеген. Осы типтегі тұлғаның өзіндік жетілу көрсеткіштері біршама жоғары емемстігі оның өмірлік іс-әрекетінің мән, мағынасын тек өткен уақыттан іздеп, нені болса да өзгерту қажеттілігінің жоқ екенін көрсетеді.

Әлеуметтік типте өзіндік жетілудің типологиялық ерекшеліктері анықталмаған. Тек бірнеше үрдістер туралы айтуға болады. Шкалалар бойынша біршама жоғары емес көрсеткіштер байқалады. Сонымен қатар осы типтен біз төмен нәтижелерді ала отырып, біз оларды респонденттерге жария еттік. Олармен әңгімелесу кезінде олардың жүріс-тұрыс формаларына және басқалардың бағалауы мен өзіндік бағалауға деген түсінігі және саналы түрде меңгеруі байқалды.

Басқа шкалаларға қарағанда икемділік және өзіндік құрметтеу шкаласы айрықша көрініс табады. Индивидуалды нәтижелерде шкалалары орташадан жоғары және үйлесімді орналасқан адамдар саны аз. Осы типтегі тұлға өз өміріндегі мәнісін басқаларға береді. Ең қызығы автобиографияның мазмұны бойынша оның мәнісі болып кез келген адам бла алады. Егер де басқа респонденттер үшін мәнді болып олардың тек жақын ата-анасы, достары немесе сыныптастары болса, әлеуметтік типке жататтын адам үшін ондай мәнді орынға кез келген адам йе бола алады.Мұндай типтік тұлға үшін Басқа адамды іздеу тән.

Оларда өзі үшін үлгі тұтатын, еліктейтін адам қажеттілігі басым. Ондай Басқа адамның МЕН-концепциясындағы идеалды образдың болуы, тұлғаның тұрақты болуына әсер етеді. Үлгінің, эталонның болмауы адамды абдырап қалуға және ары қарай тұлғалық өсудегі бағыттың жоғалуына әкеледі.



«Экзистенционалды-сезімдік» автобиографиялық тип. Бұл тип ерекшеліктердің максималды санын шығара отырып, осы әдістеме бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті.Барлық респонденттерге деген отрақ мәселе болып синэнергия, адам табиғатының түсінігі, өзіндік қабылдау, өзін-өзі құрметтеу, спонтандылық, құндылық бағыттылық шкалаларының өзгеше көрініс тапқаны болды. Креативтілік, уақыт ішіндегі бағдар және танымдық құндылықтар шкаласында біршама төмен нәтижелерге ие болды. Бұл әдістеме бойынша жалпы бір көрініс туындайды. Ол тұлға бейнесінің автобиографиясының өзін-өзі түсінетін, өзіне және адамдарға деген қатынасы позитивті, талаптану, сонымен қатар адамгершілік құндылық деңгейі жоғары болуы. Басқа жақтан ол маңғазданудың жаңа формаларын іздеуге, мақсат қойып оған жетуге талпынбайтын тұлға.

Бұл типтің тұлғасы үнемі «идеалдылықты» іздеуде болады, өзінің ішкі және сыртқы болып жатқан құбылыстарын ұғынуға тырысады. Сонымен қатар ор біркелкі шынайылықтан алшақ болады, адамдармен шынайы қарымқатынастын гөрі абстрактілі бейнелерді көбірек бағалайды.

Алынған нәтижелер тұлғаның тұлғалық өсудегі ішкі ресурстарын үйлесімді пайдалану кезінде қажет болады.

Сонымен, әрекеттік автобиографиялық типке жататын тұлға үшін ресурс ретінде өзінің мүмкіндіктерін іске асыруға деген ұмтылысын, өзін іс-әрекеттің жаңа түрлерінде іздеу, олардың іс-әрекеті барысындағы жоғары өнімділікті айтуға болады. Бірақ негативті фактор ретінде басқа адамдардың пікіріне тәуелді болу жатады. Ол шығармашылық бағалау кезінде адамның субъективті бағалауы басқа адамның субъективті бағалауымен сәйкес келмесе күйзеліске әкелуі мүмкін.



Автобиографияның әлеуметтік типке жататын тұлғалардың басты ресурсы болып әлеуметтік қарым-қатынасқа дайын болуы, эмпатия, коммуникативтілікті атауға болады. Бұл адамдар басқа адмдардың қолдауын бағалайды. Қандай да бір адамның оған сәйкес бейне-эталоны болған кезде тұлға, белгілі бір бағытта тез дами алады (жасөспірімдермен жұмыс істеу кезінде өте маңызды).

Бір кемшілігі болып оның оны қоршаған адамдардың пікіріне тәуелді болуы. Жағымды және жағымсыз бейнелерді сәйкестендіру бірдей деңгейде. МЕН-концепциясының тұрақты болмауы.



Экзистенционалды-сезімдік типтің ресурсы болып сыртқы дүниені және өз-өзін қабылдай отыра, терең ұғыну табылады. Бағыты өмірдің мәнін іздеу, өздігінен жетілуге ұмтылу. Мұндай адамдар идеалды бейнеге бағыттала отырып, талаптанудың жоғары деңгейінде көпке икемді және өнімді жұмыс атқаруға қабілетті.

Бұл типтің кемшілігі оның шынайы дүниемен қарым-қатынасқа түспеуі. Адам табиғатының жағымсыз әрекеттерін кешіріп, қабылдай алмауы. Бұл факт тұлғаның туысқандарымен, жақын адамдарымен қарым-қатынасын қиындатады. Басқаларға деген талаптары тым жоғары болуы адекватты әлеуметтік қарым-қатынас орнатуға кесірін тигізеді.

Жалпы жүргізілген зерттеу тұлғаның өзін-өзі жетілдіруде ішкі дүниесі автобиографиялық типтерде ерекше бейнесіне ие екенін көрсетеді. Өзін-өзі білдіру кезінде пайда болатын ресурстар мен тұлғалық өсудің шектеулерін анықтауға болады.

Бұл бағыт әсіресе өзекті болуы осыған байланысты болады:



  1. Кеңес психологиясында тұлғаның автобиографиялық типтеріне байланысты зерттеулер аз болса да, қазіргі кезде ол қарқынды дамуда;

  2. Ресей мәдениетінде ( ұлтында емес, тәрбие мен тұлғаның өсу мәдениетінде) тұлғалық мүмкіндіктерінің өзіндің іске асуы туралы мәселе өзекті болап табылса, тұлғаның ішкі дүниесінің мәселесі өте маңызды болып табылады.

  3. Кеңес психологиясында тұлғаның дамуында басты мәдени-тарихи қағидаларда көрініс табады, тілдік және сөйлеу дамуымен де байланысты.



11 Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері

Сұрақтары:

  1. Тұлғалық өсу мәселесі. Кеңестік және шетелдік әдебиеттердегі тұлғалық өсу.

Тұлғалық өсу мәселесі. Кеңестік және шетелдік әдебиеттердегі тұлғалық өсу. Идентификация және рефлексия. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық теориялары.

Тұлға феноменін тұлға теориялары негізінде зерттеу жолдары

Тұлғалық өсу қосындысы: өзін-өзі тану, өзіндік даму, өзіндік жетілу және өзіндік кемелдену. Тұлға дамуында кілттік сәттердің бірі ретінде адамның саналы және мотивациялық жүйені бүтін құрастыру арқасында қажеттіліктердің табиғи формадан жоғарғы, адами формаға өтуі болып табылады. Ерекше тұлғалық жаңа құрылымды белгілеу үшін ішкі позиция ұғымы енгізілді. Сыртқы ортаның әсері арқылы ішкі позиция жаңа психикалық қасиеттердің дамуының қозғалғыш күші болып табылады және адамның шынайылыққа, өзіне деген қатынас жүйесін анықтайды: «...даму процесінде баланың өзіндік ішкі дүниесі пайда болады және ол оны шынайы қабылдағандықтан, баланың болашақ дамуының факторы, қайнар көзі ретінде қалыптасады». Ішкі позиция ортадағы мүмкіндіктер және шарттармен байланысты баланың қажеттіліктер жүйесі мен ұмтылысы ерекшеленеді. Бұл идеяны толықтыру бала тұлғасының дамуы материалдары негізінде болды, бірақ Л. И. Божович сонымен қатар ересек кезеңдегі ішкі позицияның болу мүмкіндігін айтты. Лидия Ильинична мотивацияның субъективті жағын, сезімді, әсерленушілікті адамның оның шынайы ортасымен өзара қарым-қатынасының динамикалық аспектісінің көрінісі ретінде оған назар аударды.

Ересек кезеңдегі ішкі позиция механизмі бала тұлғасының дамуымен ұқсас қырлары бар, бірақ өзіндік спецификаға ие. Ересек адам іс-әрекеттің әр түрлерін құрумен қатар, өзінің өмірін қарым-қатынастар жүйесі арқылы, өткен, қазіргі, болашақ әрекеттер арқылы қалыптастырады. Осыдан тұлғаның ішкі дүниесі дамуында бүтін регуляцияны іске асыратын механизм пайда болуы керек. Бұл психологияның перспективті практикалық бағыты жаңа феноменологияны, адамның өмірлік дүниесін құрастырудағы заңдылықтарын анықтауды қажет етеді. Осы функционалды механизмді ашып көрсететін тұлғалық құндылықтар феноменін зерттеу болып табылады.

Д.А. Леонтьев тұлғалық құндылықтар –мән, мағына құру процесінің негізгі қайнар көзі болып табылатын тұлғаның мәндік сферасының орталық құрылымы деп ұсынды. Ал Л. И. Божович қоғам құндылықтарының табиғи қажеттіліктері жанама түрде адамның өзіндік ниеттенуіне айналады. Ересек адамның тұлғалық құндылықтар жүйесі оның өмірлік мәндік мазмұнды жүйесін көрсетеді: тұлғаның өмірлік кеңістігін құрайтын маңызды объекттер, құбылыстар, қатынастар.

Өмірлік дүние динамикасы тұлғаның құндылық мазмұнының субъективті кеңістіктіктік-уақыттылық координаталар бойынша өзгермелі қозғалысы (құндылықтар иерархиясының өзгеруі, жаңа тұлғалық мағынаның пайда болуы).

Өмірлік кеңістікті ұйымдастыру механизмі ретінде тұлғалық құндылықтардың барьерлігі-іске асырылуы атты функционалды механизм аталды. Ол маңыздылықтың келісілу және келісілмеу тенденцияларымен анықталады. Келісілу тұлғаның ішкі белсенділігі арқылы маңызды және қолжетімді құндылықтар арасындағы дистанцияны азайтуға ұмтылу. Соған байланысты адам өмірінде іске асыра алатынды – іске асырады, не бар – соны бағалай алады, қолжетімді емес нәрсенің құндылығын төмендетеді. Оны танымал мақалмен бейнелеуге болады: «Лучше синица в руках, чем журавль в небе». Бұл тенденцияның психометрикалық индикаторы іске асыруға болатын индекс болып табылады – құндылықтың маңызды және қолжетімді параметр арасындағы тура корреляционды байланыс. Келісілмеу құндылықтың маңызды және қолжетімді параметр арасындағы түрлі бағытталған өзгергіштігімен байқалады, олардың бірінің жоғарылауы, келесінің төмендеуіне әкеледі: құндылықтың қолжетімділігі оның маңызын төмендетеді, ал құндылықтың қолжетімсіздігі оның маңызын жоғарылатады, соған сәйкес іске асыруға болатын және қолжетімді құндылық бағаланбайды, ал қолжетімсіз құндылық маңызды және бағалы болып көрінеді. Бұл жағдайда «аспандағы тырна» «қолдағы шымшыққа» қарағанда бағалы болады, себебі оған қолы жетпеді, ал қолжетімді нәрсе құндылығын жоғалтады: Сахарада құмды бағалау қиын, Антарктидада мұзды бағалау қиын. Бұл тенденция орыс халық мақалдарында көрініс тапты: «Хорошо там, где нас нет», «Что имеем – не храним, потериявши – плачем». Бұндағы ұмтылыс факторы қолжетімсіздік және оның өзгермелі градиенті болып табылады. Эмпирикалық түрде ол проблемалық индексі (маңыздылық және қолжетімділік параметрінің кері корреляциялық байланысы) және барьер индексі («маңыздылық-қолжетімділік» параметрі арасындағы тура корреляциялық байланыс) арқылы бекітіледі. Келісілу және келісілмеу тенденциясы бір-біріне қарама-қарсы және бірімен бірі тұлғалық құндылықтардың барьерлігі-іске асырылуы континуумын құрады. Осының арқасында тұлғалық құндылық қосымша мағыналық мәнге ие болады.

Бір-біріне полярлы тенденциялардың қатынасы тұлғалық құндылықтардың мағыналы профилін құрайды. Құндылық-мәнді зона мазмұны құндылық мазмұның анықтайды, динамикалық құраушы – оның мағыналы типі.

Тұлғаның өмірлік кеңістігін құрылымдау заңдылығы тұлға құндылығының іске асыру және қолжетімді тенденция аспектісінде көрініс табады. Бұл механизмнің пайда болуы құндылықтың ерекше табиғи аффективті-интеллектуалды білімдермен пайда болады және олар гипержалпылау болып табылады. Бір жағынан, құндылықтар адамзаттың мәдени-тарихи тәжірибесінің жалпыланған идеялардың спецификалық формасында өмір сүреді. Басқа жағынан, онтогенетикалық даму кезінде оның ұмтылысының негізгі қайнар көзі ретінде бола алады. Құндылықтың жалпылылығына байланысты оның қолжетімділік мен маңыздылық тенденциясына байланысты объективті баға беру қиын. Адамның өмірлік іс әрекеті кезінде оның құндылықтар тенденциясын айқындау мүмкін емес. Осы ерекшелікке сай адамға психотерапевтикалық әсер ету мүмкіндігі бар, Л. Лэнгле айтпақшы, оның тәжірибесі «құндылыққа қол тигізу».

Өмірлік кеңістіктің құндылық-мағыналық рельефі жасерекшелік спецификаға назар аудартады. Жеткіншек кезеңдегі барьерлі зонадағы ішкі позиция кеңеюмен, жаулап алумен, әлеуметтік кеңістікті біліп алумен байланысты. Ерте ересек кезіңде ішкі позицияда іске асырушылық болады, орта ересек кезеңде әлеуметтік-мәдени және кәсіби-қызметтік детерминанттан тәуелді түрлі бағытталған динамика болады.

Адамның түрлі жасерекшелік кезеңдерде өмірлік кеңістіктің әлеуметтік ситуацияға байланысты өзгеруін көреміз. Жаңа әлеуметтік ситуацияға енген кезде құндылықтың барьерлі мағыналық типі басым болады, ал игерілген шеңберде – іске асырушылық. Бірақ өзекті түрде адам игерілген әлеуметтік жалпылық шеңберінде бола тұрып, одан шығуға дайындалуда, болашақ перспективаға бағдарлану кезінде, жаңа әлеуметтік деңгейге өтуге дайын емес жағдайда тұлғалық құндылықтардың барьерлі және іске асырудың төмендігі әсер етеді. Бұл барьерлік-іске асырушылық конструкт тұлғаның ішкі позияциясының аспекттерін қамтиды деген сөз.

Құндылықтардың барьерлігі-іске асырушылығын өзіндік Менді қабылдау немесе қабылдамауды интерпретациялауға болады. Құндылықтың барьерлігі басым болған жағдайда, адам оған қолжетімді қасиеттерді төмен бағалауы, өзінде қолжетімсіз қасиеттерді өте жоғары бағалауы оның өзіндік тұлғалық қасиеттерін толық қабылдамағандықты білдіреді. Ал егер ол қасиеттерді іске асырушылық полюсіне жақындатса, онда адам өзіндік Мен-ді қабылдаған деп айтуға болады. Бұл эмпирикалық түрде жеткіншек кезеңде өмірлік кеңістікті кеңеютуде құндылықты іске асырушылық болады, ал «барлығы қалай болды, солай қалсын» деген ұғыммен барьерлікті анықтаған сәттегі өмірлік таңдау мысалында дәлелденген.

Біздің зерттеуімізде Л.И. Божовичтің анықтаған «тұлғаны психологиялық зерттеуде зерттелініп жатқан психикалық құбылыс адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы күрделі жүйеде қандай функцияны атқаратындығына назар аудару керек» ережесіне сүйенеміз. Біз алған ақпараттарға байланысты барьерлік-іске асырушылық конструкті тұлғаның өмірлік кеңістікті құрылымдаудың экзистенцианалды механизм жұмысын көрсетеді.

Когнитивті стиль тұлғалық ұйымдастырудағы тұрақты индивидуалды әдісретінде алған сәтте, іске асырушылық конструкті политәуелділікпен және эквивалент диапазонының тарлығымен, ал барьерлік – тәуелсіздігімен және эквивалент диапазонының кеңдігімен байланысты. Барьерлік конструкті қорғаным механизмдері – компенсация, регресс, замещениемен байланысты (объекттің өзгеріп отыруы).

Іске асырушылық өмірілк кеңістіктің алдағы жақын жоспарлармен байланысты деп нақты айта аламыз. Адам өз өміріне енеді, бөгделерді ескермейді.

«Барьерлік» және «іске асырушылық» конструкт тұлғаның бағыттылығы мен өмірдегі стратегияларын іске асырумен байланысты екендігі анықталған. «Іске асырушы» тобында: материалды қамтамасыз етілген өмір, денсаулық тұрады, «барьерлік» топта: достар құндылығы, махаббат, қызығушылық тудыратын жұмыс бар. «Барьерлік» адамды өзінің хронологиялық жасынан үлкен қылып сезіндіреді, «іске асырушы» - жас сезіндіреді. Түрлі мақсаттарды іске асыру, яғни іске асырушылық өмірді саналы қабылдағанда, жауапкершілігі мол болғанда жүреді.

Тұлғалық құндылықтардың барьерлік-іске асырушылық конструктін ересек тұлғаның дамуы ретінде қарастуға болады. Ол тұлғаның терең құрылымдарында жүзеге асады. Оның қызметі келесі режим арқылы іске асады: адамның өзін-өзі дамыту мүмкіндігі шектелген жағдайда, адам өзінің мағыналық горизонтын кеңейтеді. Осы режимдердің алмасып отыруы, адам тұлғасының дамуының «ішкі логикасын» көрсетеді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет