Қазақстандардың өз пәтеріне бейтаныс адамдарды тіркеуіне шектеу енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының отырысында көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Махметов мәлімдеді.

Басқарма басшысы қаладағы көші-қон деңгейі өсіп келе жатқанын, сырттан келетін жұмысшылардың бір бөлігі басшыларының үйлеріне тіркелетінін, бір бөлігі белгісіз адамдардың пәтерлеріне ақылы түрде тіркелетінін атап өтті. Осыған байланысты елде "резеңке пәтерлер" деген жаңа ұғым пайда болған.

"Бүгінде ішкі көші-қон мәселелері сақталуда. Пәтерлерге тіркелу үшін бір адамға қажетті шаршы метрдің заңнамалық нормалары жоқ. Азаматтардың 18 шаршы метрге бір адам ғана тіркелуіне жағдай жасау керек, сонда ғана "резеңке пәтерлер" көлемін азайтамыз", – деді Ербол Махметов.

Сондай-ақ, ол енді көші-қон қызметіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ, онлайн өтініштер арқылы пәтеріңізге кез келген адамды тіркеуге болатынын жеткізді. Жаңа ереже бойынша пәтерге тек отбасы мүшелерін тіркеу ұсынылады. Егер бейтаныс адам болса, 18 шаршы метрге бір ғана адамды тіркеуге рұқсат етіледі.

Жаңа ереже мәжілістің қарауына ұсынылмақ.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.