Синоптиктер Қазақстан бойынша 30-01 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кезекті циклонға байланысты елімізде ауа райы құбылмалы болады. 

Солтүстік-батыстан келген циклонның салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік өңірлерде қар, оңтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады. 

  • Петропавлда жолдың сапасына шағымданған көлік жүргізушілері әкімдікті сотқа бермек
  • "Қар мен жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Боран мен жел күшейіп, оңтүстіктің таулы аймақтарында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар түрінде), көктайғақ және тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды. 

Бұған дейін еліміздің сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланған еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.