Тоқаевтың бұйрығымен 2023 жылы 75 әдебиет және өнер қайраткеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

25 қаңтар күні Алматыда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен аталған стипендияларды табыстау рәсімі өтті.

“Жыл сайын тағайындалатын мемлекеттік стипендия – мемлекеттің мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға жасаған қолдауы мен қамқорлығының айғағы, сондай-ақ, олардың Қазақстанның мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан үлестеріне көрсетілген құрмет", – деді министр.

Өткен жылы президент жарлығымен ел дамуына елеулі үлес қосқан 6 қаламгер "Қазақстанның халық жазушысы" атағымен, 8 өнер қайраткері "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағымен марапатталды.

Мәдениет саласындағы стипендия Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Иранбек Оразбаев, Нұрғали Нүсіпжан, Тұңғышбай Жаманқұлов, Меруерт Өтекешова, Амандос Ақанаев, Дулат Исабеков,  Төлен Әбдік, Әкім Тарази, Гульвер Разиева және басқа да қазақ әдебиеті мен өнерінің өкілдеріне табысталды.

Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмова, скрипкашы Еркебұлан Сапарбаев, суретші Ренат Елубаев, әншілер Андрей Трегубенко, Назым Сағынтай, актер Максим Ященко секілді және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілетіні айтылды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.