Сенат отырысында депутат Ольга Булавкина премьер-министр Олжас Абайұлына сауал жолдап, қиын жағдайда өмірін қыл үстінен қойған жұмысшылардың еңбегі лайық бағаланбай жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сенат отырысынан скриншот
Сенатордың сөзінше, депутаттық сауалға Абай облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі салалық кәсіподақ өкілдерінің қызметкерлердің жалақысын көтеру және әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы арызы себеп болған.
“2023 жылғы 1 шілдеден олардың жалақысын 100% көтеру уәде етілгенімен, уәде орындалмаған. Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, орман күзеті инспекторларының орташа жалақысы 165 мың теңге болды. Бұл – 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда 16% ғана көп”, – дейді сенатор.
- 14 орманшы мен 51 кеншінің қазасы, Бишімбаев ісі: 2023 жыл несімен есте қалды
- Өртке найзағай себеп: Бас прокуратура Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты тергеуді аяқтады
Сонымен қатар ол қорықшылардың айлығы – 24%, орман шаруашылығы басшыларының жалақысы – 21%, орман шаруашылығы жетекшілерінікі – 12% ғана көтерілгенін айтты.
"Бәріміз Бородолиха ауданындағы қайғылы жағдайды білеміз. Сол кезде дәл осы жұмысшылар орман өртімен күресуге жіберіліп, қаза тапқандар да болды. Еңбек адамының жұмысына мемлекеттік органдардың жауапсыз қарауы – үлкен орман алқаптарын аман алып қалып жатқандарды қиын жағдайда қалдырады”, – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Абай ауданындағы орман өрті кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Мейрамгүл Жиенбаева қайғылы оқиғаның алдында қызметінен кеткісі келген.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.