26 қаңтар күні Алматы облысында 02:01-де жер сілкінді. Жер дүмпуінің ошағы Қытайда болған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жер сілкінісін төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

"26 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 02:01:28-де төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН" және "И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытайдағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде. Магнитудасы MPV – 5,7. Алматы қаласы, Талғар қаласында 2 балға жеткен" – делінген хабарламада.

Сейсмологтардың айтуынша, 23 қаңтарда Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінген, оның сейсмикалық толқындары жақын маңдағы елдер, соның ішінде Қазақстан аумағына да тарады. Әдетте, мұндай жер сілкіністерінен кейін Алматы қаласының аумағына қауіп төндірмейтін, кейінгі 24 сағат ішінде 2 баллдан аспайтын көптеген афтершоктар болады. Сейсмикалық күшею процесі бірте-бірте әлсіреді және ол қалыпты режимге оралады", – деп атап өтті Алматы қалалық ТЖД.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.