Қытай тұрғындарының саны 2023 жылы екі миллион адамға қысқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News -ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы Қытай тұрғындарының саны 1 миллиард 409 миллион адамды құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,08 миллион-ға аз. Атап өтілгендей, халық саны екінші жыл қатарынан азайып келеді.

Өткен жылы өлім-жітімнің жалпы саны 6,6%-ға өсіп, 11,1 миллионға дейін жетті. Бұл көрсеткіш 1974 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті. Осылайша, 2022 жылы Қытайдағы халық саны 1960 жылы елде болған құрғақшылық пен аштықтан кейін алғаш рет қысқарған.

2023 жылы Қытайда 9,56 миллион бала туылып, 11,1 миллион адам көз жұмған. Елде бала туу көрсеткіші 1949 жылы халық санағы жүргізілгеннен бері (бір мың адамға шаққанда 6,39) ең төмен деңгейге түскен. 2022 жылы Қытайда туу көрсеткіші бір мың адамға шаққанда 6,77-ге дейін түсті.

Алайда сарапшылар қала халқының өсіп келе жатқанын және туу көрсеткішінің рекордтық төмендігін ескерсе, халық санының төмендеуі заңдылық дейді. Таяуда Қытай билігі елдің туу көрсеткіші Шығыс Азияның басқа дамыған елдері Жапония мен Оңтүстік Кореямен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда 6,39-ға дейін төмендегенін мәлімдеді.

Бұл елле 1980-ші жылдардағы халықтың шамадан тыс көбеюімен күресу үшін бір бала саясаты енгізілген еді. Содан бастап Қытайда бала туудың төмендеуі ондаған жылдар бойы жалғасып келеді.

2015 жылы туу деңгейінің төмендеуі Қытай билігінің басты мәселесіне айналды. Үкімет бұл саясатты өзгертіп, қытайлықтарды отбасы құруға ынталандыру үшін түрлі субсидияларды қосып, бірқатар  шаралар қабылдаған. 2021 жылы қытайлық отбасыларға үш балаға дейін бала көтеруге рұқсат берілді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.