Пісіру техникасы мен технологиясы қазіргі заманғы өндірісте жетекші орындардың бірі болып табылады


-Тақырып. Қаптамалы металды электродтармен қолмен доғалы



бет14/29
Дата20.06.2022
өлшемі0.95 Mb.
#174666
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
Диплом (1)

4-Тақырып. Қаптамалы металды электродтармен қолмен доғалы
пісіру.
Сабақтың мақсаты - қаптамалы металды электродтармен қолмен доғалы пісіру техникасын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, интерактивті тақта
Сабақ жоспары: 1. Әдістің мәнісі. 2. Доғаны жағу және ұстап тұру.
Оқу-әдістемелік нұсқау: Пісіру доғасының пайда болуы және оны ұстау үшін, электрод пен пісіру бұйымына пісіру тоғы қорек көздерінен тұрақты немесе айнымалы тоқ беріледі. Доға электродтың металды өзегін, оның қаптамасын және негізгі металды балқытады. Балқыған электродтың металды өзегі қожбен қорғалған жеке тамшылар түрінде пісіру ваннасына өтеді. Пісіру ваннасында электрод металы бұйымның балқыған металымен (негізгі металмен) араласады, ал балқыған қож оның бетіне қалқып шығады. Негізгі металдың балқыған тереңдігі балқу тереңдігі деп аталады. Ол пісіру ережесіне (пісіру тоғының күші мен электрод диаметріне), пісірудің кеңістіктегі қалпына,бұйымның бетімен доғаны жылжыту жылдамдығына, пісіру жалғасының құрылымына, пісіру жиектерін ӛңдеудің мөлшері мен түріне т.с.с. байланысты.
Доғаны жағудың алдында электрод маркасына, пісірудің кеңістік қалпына және пісіру жалғастарың түріне байланысты пісіру тоғының күшін т. б. қою керек. Доғаны екі әдіспен жағуға болады. Бірінші әдісте электродты бұйымның бетіне тигенше тігінен жақындатады және тез жоғары доғаның қажетті ұзындығына дейін тартады. Екіншісінде – электродты металл бетіне шақпақтайды. Доғаны жағудың әдістерін қолдану, пісіру жағдайына және пісірушінің тәжрибесіне байланысты. Доғаның ұзындығы электрод диаметрі мен маркасіне, пісірудің кеңістіктегі қалпына, пісіру жиектерінің өңделуіне байланысты. Доғаның мөлшерлі ұзындығы LД = (0,5 ÷ 1,1)dэл (dэл – электрод диаметрі) шамасында. Доғаның ұзындығын көбейту балқытылған жік металының сапасын төмендетеді, мұнда қарқынды тотығу мен азоттану орын алады, металдың күю және шашырауы шығындарын көбейтеді, негізгі металдың балқу тереңдігін азайтады. Сондай-ақ жіктің сырт пішінін нашарлатады. [17]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет