Пісіру техникасы мен технологиясы қазіргі заманғы өндірісте жетекші орындардың бірі болып табылады


Газдыэлектрлі пісіру технологиясы



бет4/29
Дата20.06.2022
өлшемі0.95 Mb.
#174666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Диплом (1)

1.3 Газдыэлектрлі пісіру технологиясы
Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері. Газ жалынымен өңдеу жұмыстарына, ондағы жабдықтарды күтіп-баптауға және техникалық ацетилен өндіруге 18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен, еңбек қауіпсіздігі туралы хабардар және ол туралы білімі тексерілген адам жіберіледі.
Пісіру, кесу, дәнекерлеу жұмысына кірісушілер қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы туралы, оның ішінде бұл процесс кезінде пайда болатын зиянды факторлары, сақтану шаралары, қорғанудың жеке құралдары мен жеке бас гигиенасы туралы нұсқаулар алуы тиіс.
Нұсқау жүргізуді қайталау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістің санитарлық нормалары туралы білімін тексеру, кем дегенде тоқсан сайын бір рет жүргізіледі. Ол туралы журналда және жұмысшының жеке кітапшасында белгі болады. Жаңадан жұмысқа қабылданатын адамдар да жоғарыдағыдай нұсқауларды алуы тиіс.
Газбен пісіру және кесу жұмыстарындағы жүкті немесе балалы әйелдер, мұндай жұмыстан басқа жұмысқа ауыстырылуы керек.
Қауіпсіздік техникасының ережесі бойынша әр мекемеде газбен жұмыс істейтін барлық жабдықтар мен ацетилен өндіретін құралдарға арнаулы нұсқаулар жасалып, оның мекеменің бас инженері бекітуі керек.
Газ жалынымен жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасы. Газ жалынымен жұмыс істеу жылжымалы генераторлардан кем дегенде 10м қашықтықта, баллондар мен жанармайлардан 5м, газ магистралдары мен газ таратқыштардан 1,5 м қашықтықта болуы керек. Егер жалын мен ұшқын қоректендіру көздеріне қарай бағытталатын болса, онда оларды металл қалқандар қою арқылы қозғайды.
Жұмыс алдында қолданылатын аппаратуралардың, жылжымалы ацетилен генераторының ақаусыз екендігін, баллондар мен түтіктердің тығыз бекітілгендігін, редукторлар мен құрғақ затворлардағы пломбаның бұзылмағандығын тексереді. Газ тарататын қондырғылармен жұмыс істегенде көз жеткізіп, сулы қорғағыш қондырғының су деңгейін тексереді. Пісірушуінің жұмыс орнына жақын жерде таза су құйылған ыдыс болуы керек. Онымен қызып кеткен оттықтарды суытады. Егер оттық қатты қызатын болса, онда жұмысты тоқтатады. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллондар мен шкафтағы вентильдерді жабады, редуктордағы реттегіш бұранданы шығарады, оттықтағы вентильді ашып тастайды, жқмыс орнын тазалап, қондырғыларды арнаулы жерге сақтауға қояды [4].
Пісіру – металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процесстерінің бірі болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге әр түрлі қалыңдықтағы материалдар бөлшектерінің, ал осыған байланысты пісірудің қолданылатын түрлері мен әдістері де көбейді.
Пісірудің көмегімен алынған ажырамайтын қосылыстарды пісіру қосылыстары деп атайды. Пісіру арқылы көбінесе металдардан жасалған бөлшектерді жалғайды.
Газбен пісіру технологиясы бірнеше дербес операциялар жинағын қамтитын кешенді процесс. Сапалы пісірілген жік және жалғас қалыптастыру үшін жылулық көзі – газ жалынынң құрамы, құрылымы және қуатын анықтау керек те, сәйкесті шілтер ұштықтығының нөмірі таңдап алынады.
Жану процесі бірнеше сатылы өтеді.
Бірінші саты – жанаргаздың жануға басталық кезеңі. Мұнда көмірсутек ыдырап көмір және сутек қалыптасады. Ацетилен үшін бұл реакция:
С2Н2 → 2С + 2Н + 226000кДж ⁄кмоль
Екінші саты да жану СО және Н2 қалыптасуымен сипатталады. Көміртек оттекпен тотық береді:
С2Н2 + О2 → 2С + 2Н + О2 → 2СО + Н2 + 472200кДж ⁄кмоль
Бұл реакция өнімі жалынның екінші аумағының құрамын қалыптастырады.
Үшінші аумақ жалын аумағын қалыптастырады. Оттек артық болған жағдайда (β ˃1) жанудың екінші кезеңінде үшінші кезеңі жалғасып СО2 және Н2О біршама қалыптасуы орын алады.[2]
Газжалынымен пісіру техникасы және тәсілі. Металды қыздырудың нәтижелігіне, пісіру жұмысының өнімділігіне, жік сапасына шілтердің қозғалу бағыты мен оның металл бетіне еңкіштелу бұрышының әсері зор. Пісіру бағытында жалын мен қосымша металлдың өзара орналасуы пісіру тәсілі деп аталады.
Газбен пісірудің екі тәсілі бар: оң бағытты пісіру, сол бағытты пісіру.
Пісірудің оң бағытты тәсілінде жалын пісірілген жік аумағына бағытталған. Бұл тәсілде жалын алдыңғы металл жиектерін бәсең қыздырады. Оң тәсілді пісіруде жік үстіңгі беті жалын шарпуында болып, оның салқындау жылдамдығы төмендейді.Бұл жік металы құрылымы мен қасиетіне оң әсер етеді.
Сол бағытты пісіруде жалын алдағы пісірілмеген металл жиектеріне бағытталады. Пісіру жалыны жік пен қосымша металл аралығында орналасады. Сол бағытты пісіруде, әсіресе қалыңдығы аз металды пісіруде жіктің сырт көрінісі жақсы болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет