Пісіру техникасы мен технологиясы қазіргі заманғы өндірісте жетекші орындардың бірі болып табылады



бет5/29
Дата20.06.2022
өлшемі0.95 Mb.
#174666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Диплом (1)

Газбен пісіру технологиясы. Газбен пісіру – пісірілетін металл қырларын балқыту және оған қосымша металл ерітіп құю жолымен жанған газдың жалыны арқылы ажырамайтн қосылыс жасайтын процесс.
Қалыңдығы 2мм-ге дейінгі металл қаңылтырларынан жасалған бөлшектерді қосымша металл балқытпай-ақ олардың өз қырларын ерітіп жалғастырады.
Газбен пісіру әдісі аса қарапайым, ол өте қымбат жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтанда өндірістің барлық салаларында кеңінен қолданады.
Газбен пісіруді қалыңдығы 3мм-ге дейінгі төменгі немесе орташа көміртекті болаттарды біріктіруге кең қолданады; сол сияқты кіші және орташа диаметрлі (600мм-ге дейінгі) құбырлардың ұштарын пісіріп жалғауға әртүрлі қалыңдықтағы шойынмен түсті металдарды пісіруге қолданады.
Газбен қалыңдығы 3-4мм жоғары көміртекті болаттарды да пісіруге болады, алайда оған электр доғалы пісіргішті қолданған тиімдірек. Сол сияқты өте қатты және қоспалы болаттарды пісіругеде электр доғалы пісіргіш пайдаланған жөн. Егер аргонды доғалы пісіргішті қолданса, пісірудің өнімділігі жоғары болады.[6]
Пісіру тәсілі. Газбен пісірудің 2түрі сол және оң тәсілдері болады.
Сол жақпен пісіру кезінде пісіруші оттықты оңнан солға қарай жылжытады, ал қоса пісірілетін металды жалын бетіне ұстайды. Пісірілетін металды жақсы қыздырып дұрыс балқыту үшін оттықпен қоса пісірілетін металды жікке көлденең иректеп қозғап отырады. Бұл тәсіл жұқа қаңылтырлармен оңай балқитын металдарды пісіргенде қолданылады.
Оң жақпен пісіруді оттықты солдан оңға қарай, теңселтпей түзу сызық бойымен жылжытып жүргізеді. Бұл кезде жалын балқыған ваннаға бағытталады да оның соңында қоса пісірілетін металл жігі баяу суыйды. Солардың нәтижелерінде жалғастырулардың сапалары жақсарады, газ шығыны 10-15%-ға азаяды, қырлардың ашу бұрышын 60-700С-қа азайтқандықтан еңбек өнімділігі 20-25%-ға өседі.
Оң жақпен пісіру тәсілін қалыңдығы 5мм-ден артық бөлшектерді немесе жылу өткізгіштігі жоғары металдарды (мыс, жез және олардың қорытпалары) пісіргенде пайдаланған тиімді.
Оттықты және қосып пісіретін металды жылжыту. Пісіру кезінде пісіруші оттықты егер метал қалыңдығы орташа болса, жік осінің бойымен спираль немесе жарты ай сызығымен жылжытады. Егер металл қалыңдығы жұқа болса тура сызықпен жылжытады. Оттықпен тербелмелі қозғалыс жасау негізгі металл қырларының өрісін арттырады да, қоса пісірілетін металдың жақсы қызуын қамтамасыз етеді. Металдардың қызу тездігін оттықты оның бетіне қарай жылжыту бұрышымен реттейді. Металл қалыңдығы мен жылу өткізгіштігі артқан сайын оттықтың жантаю бұрышын арттыра түседі. Пісіруді алғаш бастаған кезде, металдың жақсы қызуы үшін оттықты оның бетіне тік, яғни 900С-пен ұстайды. Одан әрі қарай металл қалыңдығына байланысты ол бұрышты азайта береді. Қоса пісірілетін металдың еңкіштік бұрышын оттық бұрышына қарама-қарсы 450С жасап ұстайды.
Балқыған металл ваннада жақсы араласу үшін қоса пісірілетін сымдыда оттық бағытына қарама-қарсы тербей қозғайды. Пісірілген жіктің тотығып кетуін болдырмау үшін қоса пісірілетін жіпті балқытылған металл ваннасынан шығарып, пісіргіш жалын аймағынан алыстатуға болмайды.
Бұрыштық жік жасаған кезде де оттықпен қоса пісірілетін сымды жоғарыдағыдай қозғалтады, бірақ оларды бұрынғыдан қарағанда ұзақ ұстайды.
Пісірілетін бөлшектерді дайындау мен жинастыру мына төмендегі жұмыстардан тұрады: пісірілетін қырларды тазалау, қырларды жантайту, жылжып кетуді болдырмайтын ұстағышпен бекіту.
Қырлар мен оның айналасын (ені 20-30мм) металл жалтырап көрінгенше, күйіктен, бояудан, майдан және басқа ластанудан тазартады. Ол үшін металл щеткаларды немесе оттық жалындарын пайдаланады. Өте жауапты жалғастыруларды жасаған кезде ол беттерді қышқылмен немесе құм шашатын аппаратпен тазалайды. [14]
Пісіру режимі .Пісіру режимінің көрсеткіштеріне жалын қуаты, балқытып қосылатын сымның диаметрі, оның шығыны, жалын құрамы жатады.
Пісіру режимінің көрсеткіштерін таңдап алу пісірілетін металдың жылулық, физикалық қасиеттеріне, көлем мөлшерлеріне және бұйым пішіндеріне байланысты жүргізіледі.
Пісіру режиміне пісіру тәсілі мен кеңістіктегі пісіру жүгінің орналасуы үлкен әсерін тигізеді.
Жалын қуаты (немесе жанатын газдың шығыны) М, л/сағ. пісірілетін металл қалыңдығы S,мм тура пропорционал, яғни
М=KmS
Мұндағы Km- шамаластық коэфициенті қалыңдығы 1мм болатын осындай металды пісірген кездегі ацетилен газының меншікті шығынын көрсетеді. Жалын құрамы оттегінің шығынының жанғыш газ шығынымен салыстырғандағы, арақатынасымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет