Пісіру техникасы мен технологиясы қазіргі заманғы өндірісте жетекші орындардың бірі болып табылады



бет7/29
Дата20.06.2022
өлшемі0.95 Mb.
#174666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Диплом (1)

Пісіру ережесінің параметрлері. Сапалы жік қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар жинақтық түрде пісіру ережесі деп аталады. Пісіру ережесінің жеке құрастырушылары пісіру ережесінің параметрлері деп аталады. Газбен пісіру ережесінің негізгі параметрлері: жалын қуаты, жалын қурылымы, қосымша сым диаметрі және оның қарышталуы, пісіру жылдамдығы.
Пісіру ережесі параметрлерін анықтау металдың жылулық-физикалық қасиетіне, пісірілетін бұйымның мөлшері мен тұлғасына, пісіру тәсіліне және жіктің кеңістікте орналасуына байланысты.
Металдарды газбен пісіру процесінде жанар газ жалынының жылу қуаты пайдаланылады. Жанар газ ретінде әдетте көмірсутектер қолданылады. Бұлар арасында ең жоғары жалын температурасын беретін газ ацетилен, жалынның температурасы 3100-3400К.
Газ жалынымен пісіру, кесу, оттекпен қатар қосымша арнайы материалдар, жабдық, аспап қолдану арқылы жүргізіледі. Газ жалынымен өңдеу жұмыстары ертеден белгілі болған. Ол кездерде газ жалынының температурасы төмен (20000С) болғандықтан газжалынымен пісіру тек балқу температурасы төмен металдарды (қорғасын т.б.) пісіруде қолданған.
1885ж. Франция ғалымы Анри Луи Ле Шателье ацетиленді оттегінде жандырып температурасы 31000С жалын алды. Ресейде газ жалынымен пісіру 1906ж. Қолдана бастады да автогенді пісіру деп аталды.
Металдарды газ жалынымен өңдеу (ГЖӨ) тәсілдері 30-дан аса технологиялық процесстерден тұрады. Олар өздерінің орындалуына байланысты төрт түрлі негізгі топқа бөлінеді: кесу, біріктіру, қыздыру және тозаң сіңіру. Бұл процестердің негізіне жоғары температуралы жалынды қажет нүктеге нақты бағыттап қыздыру жатады. ГЖӨ тәсілімен қоса газэлектрлік, оның ішінде плазмалық және газ-лазерлік өңдеулер қолданылады, бұл кезде қыздыру көзі ретінде газ жалыны, плазмалық доға, лазерлік сәуле және т.б. пайдаланылады.
ГЖӨ үшін көбінесе оттегі мен жанатын газдарды пайдаланады. Кей кезде оттегі қоспасы мен жанғыш сұйықтардың булары қолданылады. ГЖӨ процесіне қолданылатын жанатын газдар мен оттегі жұмыс орнына газ түтіктері және болат баллондар арқылы қысыммен беріледі. Осы күнге дейін ацетиленді тікелей жұмыс орындарына өндіру үшін жылжымалы генераторларды пайдалану тәсілі кеңінен қолданылады.
ГЖӨ процестерінің кең таралған түрлері – ол газбен пісіру және оттегімен кесу. Олар электр доғасымен пісіру мен кесудің кеңінен дамуына қарамастан, кейбір металл өңдеу түрінде таптырмайтын тәсіл болып табылады.
Газбен пісіру жұқа болаттарды, шойынды, түсті металдарды және қорытпаларды пісіру кезінде жиі қолданылады. Оттегімен кесуді кеме жасау, машина жасау мен басқа металл өңдеу саласында прокат табақтарын жоғары өнімділікпен пішін-кесу үшін ағынды-механикаландырылған жүйелерде қолданады. Оттегі арқылы қолмен кесу осы күнге дейін цех жағдайында металды тілуде, жөндеу, құрастыру және құрылыс жұмыстарында күнделікті пайдаланады[3].
Монтаждау кезіндегі газбен пісіру және кесу жұмыстарын жүргізу. Жүргізу үшін жасалған арнаулы жоба бойынша атұарады. Ол жобада газ жалынымен жұмыс істейтін жабдықтарды, аппаратураларды, газ толтырылған баллондарды қауіпсіздік шараларына қарай отырып оларды тасымалдау мен жұмыс орнына жеткізу қаралады. Жұмыс орны арнайы қоршалып, қауіпсіздік белгісімен көрсетіледі.
Жұмысқа кірісер алдында пісірушілер мен кесушілер үнемі медициналық тексеруден өтіп тұруы тиіс.
Егер пісіру жұмыстары 5 м биіктіктен жоғарыда жүргізілетін болса, онда газбен пісіруші (кесуші) міндетті түрде күймейтін материалдан жасалған сақтандырғыш белдігімен, табаны тайғанамайтын аяқ киіммен және сақтағыш баскиіммен қамтамасыз етілуі тиіс. Монтаждау жұмыстарына пайдаланылатын құрал-саймандарды сақтайтын және тасымалдайтын сөмке болады. Құрылғылардың кескеннен кейін құлап кететін бөліктері алдын –ала бекітілуі керек. Орманда немесе көпір астыларында жұмыс істегенде құрылғыларға ұшқын түсіп кетпеуіне жағдай жасайды.
Жоғарыда жұмыс істеуді қатты жел соққанда, найзағай немесе тайғанақ кездерде тоқтату керек[4].
Газбен пісіруші мен кесушінің жұмыс орнын ұйымдастыру. “Жұмысшы (пісіруші) орны” (ЖО) деп металдарға ГЖӨ жүргізілетін жерді айтады. ЖО жылжымалы немесе тұрақты болуы мүмкін.
Жылжымалы ЖО көбінесе мекемелермен үйлердің ауласында, сол сияқты құрылыс алаңдарында орналасады, мұндай жерлерде қолмен пісіру пайдаланылады.
Газбен пісірушінің (кесушінің) жұмыс орнында тістеуік, балға, металл бетін тазалайтын металл щеткасы, редукторды тазалайтын ине және өңдеп жатқан бөлшекті ауыстыратын сүймен болу керек. Осыған қосымша, редукторларды бекітетін, баллондардың қақпақтарын ашып-жабатын және жұмыс кезінде оттықта (кескіште) пайда болған ақауларды жөндеу үшін қолданылатын құралдар (кілтер) болуға тиіс.
Пісіруші (кесуші) жұмысшылар бекітілген нормаға сәйкес жұмыс киімдерімен және қорғаныш көзілдірігімен (жарық сүзгішінің тығыздығы) С-3 кесу, ал С-4-ацетилен шығыны 2500 л/сағ. дейінгі пісіру кезінде) жабдықталуға тиіс.
Жылжымалы ЖО жабық ғимараттарда орналасқан кезде табиғи немесе арнайы желдеткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тұрақты ЖО цехтарда, бөлімшелерде немесе шеберханаларда газбен пісіру және кесу жұмыстарын қолмен немесе механикаландырылған жолмен орындау үшін қолданылады.[1]
Газбен қоректендіру бұл кезде бір орталықтан жүргізіледі: егер жұмыс орны 10-нан артық болса, тұтынушыларға газ құбырларымен жеткізіледі. Одан аз болған жағдайда, газ құбырларын пайдалану тиімсіз болғандықтан, газды жеке-жеке баллондардан қосуға рұқсат етіледі.
Тұрақты ЖО пропан-бутан қоспасы газ құбырлары арқылы таратқыш станциядан немесе жібергіш қондырғыдан келеді. Бұл жағдайда қалыптасқан жүйе жабдықтар құрамымен ғана ерекшеленеді. Әрі оттегі құбыры газ құбырынан 250мм биікте тартылады.
Қоректендіру көздері, ашып-жапқыш және қысым реттегіш аппаратуралар және сақтандырғыш қондырғылар газ қысымы мен шығынына байланысты таңдап алынады.
Қолмен атқарылатын тұрақты ЖО құрамына мыналар кіреді:
-оттық пен кескішті газбен қамтамасыз ететін газ таратқыш;
-өңделетін бөлшектерді бекітетін құрал-саймандармен жабдықталған үстел;
-ГЖӨ жұмыстарын жүргізгенде бөлініп шығатын улы зиянды газдарды сыртқа қуатын тұрақты желдеткіштер жүйесі ;
-өңделетін бұйымдарды жылжытуға қажетті жүк көтергіш аспаптар;
-өрт қауіпінен сақтандырғыш құралдар.
Газ таратқыш қондырғылары үстел астынан немесе газ жүретін құбырға орналасуы мүмкін.
Пісіру үшін қолданылатын үстел беті металл плитамен немесе кірпіштермен жабылуға тиіс. Ал орынды желдету орындалатын жұмыс сипатына байланысты жүргізіледі.
Әрбір ЖО-да аппараттарды қоректендіру көзіне жалғауға немесе кішігірім ақауларды жөндеуге қажетті ұсақ кілттер болуға тиіс.
Жұмыс үстелінің қасында оттықты жұмыс барысында суытып алатын су толтырылған шелек қойылады.
Шойынды пісірген кезде, жоғарыдағы құрал-жабдықтармен қоса, ЖО қызғыштар қондырғылар (пеш, көрік және т.б.) орнатылуға тиіс.
Газбен пісірушілер көтергіш крандарға жүк ілу жұмыстарын атқару үшін аттестациядан өтуге тиіс. Бұл қыздырғыш қондырғыдан ауыр бұйымдарды кранмен тасымалдау үшін қажет.
Механикаландырылған тұрақты ЖО жабдықтары құрамына құрал-саймандарды және бұйымдарды тасымалдайтын механизмде кіреді. Машинаны пайдаланып оттегімен кесетін ЖО машинаның өзінен, пішу үстелінен, желдеткіштен, газ таратқыштан тұрады.
Машинамен кесетін ЖО-ның үстелі әдетте қозғалмайтын тірек аяқтарымен немесе қалыңдығы 1,5-3мм болатын қырымен қойылған жолақтардан жасалған тіреуіштермен жабдықталады. Мұнда йүстелдер ауыр жүкке шыдайды, әрі қалдықтардан тазартуға ыңғайлы болады. Кей кездерде үстелдер арнайы жасалған шұңқырларда тұратын қораппен жабдықталады. Бұлар кесу қалдықтарын жинау жұмысын механикаландыруға мүмкіндік береді.
Оттегілі-флюсті кесу кезінде флюспен қоректендіретін қондырғыны жұмыс орнынан кем дегенде 5м қашықтыққа орналастыру керек.
Газбен пісіруде мынадай басымдылықтары бар:
-жабдықтары күрделі, қымбат емес, энергия көзінде қолдануға қолайлы;
-жалын қуатын реттеу шегі кең ауқымды, шілтер мен пісіру аумағының аралығын реттеу мүмкіндігі бар, осыған орай металды қыздыру және салқындату жылдамдығын елеулі шекте өзгертіп реттеу мүмкін.
Газбен пісірудің кемшіліктері де бар. Мұнда жылулық шоғырлануы электр доғасынан төмен. Сондықтан металды пісіру температурасына дейін қыздыру жылдамдығы төмен, ал термиялық әсер аумағы ауқымды. Газбен пісіру процесінің өнімділігі электрдоғалы пісіру өнімділігінен төмен. Металл қалыңдығы өскен сайын пісіру өнімділігі кемиді.
Газбен пісіру процесін механизациялау және автоматтандыру өте күрделі, сондықтан газбен пісіру қазіргі кезде негізінен қолдан жүргізіледі.
Газбен пісіру, кесу технологиясы күрделі процесс және оны жүргізу үшін арнайы материал, аспап, жабдықтар керек. Материалдар арасында бастамалық орында оттегі мен жанаргаздар және жанар сұйық денелер тұрады.
Оттек жерде ең мол үлесті орын алатын элемент. Газ жалынымен өңдеу технологиясында ең қажетті материалдар қатарына жатады. Оттек химиялық қосындыларынан химиялық тәсілмен бөлек шығару, суды электрлі ыдырату нәтижесінде және физикалық тәсілмен ауадан бөлініп өндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет