План-конспект урока Преломление света



жүктеу 112.61 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі112.61 Kb.
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: «Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну

заңы».

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

1. Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғамын қалыптастыру,

сыну заңы мен формуласын үйрету;

2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;

3. Сыну құбылысының схемалық суретін сала білу;

Дамытушылық:


  1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған

құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау;

  1. Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын

қалыптастыру;

Тәрбиелік:

Өзі және топ мүшесі үшін жауапкершілік ала білуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: Білім жүйесіне негізделген аралас сабақ.

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық «Физика 7-11 сынып», деңгейлік тапсырмалар, физикалық құрал-жабдықтар: лазерлік-оптикалық прибор, призма, айналар, «Жарықтың сыну мен шағылуы» презентациясы, суы бар стақан, қасық, түйреуіщ, суы бар ыдыс, пробка, тиын.

Сабақ жоспары:

Кезеңі

Ұзақтығы, мин.

Оқыту түрі мен әдісі

Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімін белсендіру, (актуализация)

10

Жалпы сұрақ-жауап, «Ой толғау» сұрақтарына жауап беру.

Сабақтың мақсатын қою, жаңа тақырыпты ашу

5

Екі қабатты линза тәжірибесі.

Жаңа материалды игеру

15

Мұғалімнің әңгімесі, оқушылармен сұқбаттасу, тәжрибелер көрсету.

Оқылған материалды бекіту

10

Интерактивті тақтадағы семантикалық картадағы сұрақтарға ауызша жауап беру, кестедегі есептерді шығару, тест сұрақтарына жауап беру, топтық жұмыс.

Сабақты қорыту

5

Бағалау, үйге тапсырма, т.б хабарламалар.

Сабақтың мазмұны: І-ІІІ-кезеңдік тапсырмалар.

І кезеңде- жұмыс дәптерден үй тап.тексеру, сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекіту.

ІІ кезеңде- а)оқулықпен өзбетімен іздену әдісі; б)тәжірибе арқылы зерттеу; в) практикада бекіту.

ІІІ кезеңде- тапсырмаларды өзбетімен біртіндеп орындау арқылы бағалау әдістері.



Сабақтың барысы:

Сабақ мемлекеттік әнұран мен басталады.

І кезең: а) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;

ә) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;

б) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;

в) Техника қауіпсіздігін еске салу;

Өтілген сабақ бойынша сұрақ-жауап.


«Ой толғау»


  1. Оптика дегеніміз не?

  2. Жарық және оның маңызы.




  1. Жарықтың қандай теориялары бар? (Жарықтың корпускулалық және толқындық теориялары бар).

  2. Жарық жылдамдығы неге тең? (с=3*108 м/с)

  3. Жарық көздері қаншаға бөлінеді және оларды ата?


а) Дербес жарық көздеріне не жатады? б) Шағылған жарық көздеріне не жатады?




6. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Тәжірибе арқылы көрсет.(жарық сәулесі біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады).

7) Жарықтың шағылу заңы қалай тұжырымдалады? (1)түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. 2)  түсу бұрышы  шағылу бұрышына тең).

8) Жарық Күннен Жерге қанша уақытта жетеді ?

Берілгені: Формуласы: Шешуі:

С=3*108 м/c c=R/t

R=15*1010 м t=R/c

т/к t-?

а) Ш.Құдайбердіұлының «Тау басындағы ой» өлеңінен үзінді оқу арқылы осы есеппен байланыстыра кету, оқушылармен ой бөлісу.

...Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,

Сегіз минут шерікте жерге барып

Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,

Жылулық нұрмен бірге жүр қозғалып.

Бұл дүние жылу жоқ нұрсыз болса,

Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?

Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса,

Көлеңке орнығады қайда барып?...

9) Күнге ең жақын орналасқан 176 күнде бір айналатын планетаны ата?




10) Күнді 365 күнде бір айналып шығатын тіршілік көзі бар планетаны ата?



ІІ кезең. Жаңа сабақ.

Мұғалім: (Проблемалық ситуация)



І-тәжірибе. Екі қабатты линза тәжірибесі.

Әртүрлі мөлдір заттар жарық сәулесін түрліше сындырады. Стакандағы судың бетіне кастор майын (ол жоқ болса басқаша мөлдір май) қалыңдығы 1 см болатындай етіп құямыз. Стаканға жақсылап жарықтандыру керек.

Ине алып оны стаканның дәл ортасынан майға батырамыз. Май қабатынан өткен соң ине суға да 1 см –дей еніп тұруы керек. Егер стаканның бүйірінен қарасақ жуандығы әртүрлі бір бүтін инені көреміз: иненің суға батып тұрған астынғы бөлігі қолымызға ұстап тұрған үстінгі бөлігінен жуандау, ал, майда тұрған ортанғы бөлігі бәрінен жуан болып көрінеді.

Инені аздап оңға – солға стакан шетіне қарай қозғап көреміз, сонда ол күтпеген жерден үш бөлікке «кесіліп» кетеді; иненің жоғарғы бөлігі мен астынғы бөлігі шетке қарай аздап ығысса, ортанғы бөлігі тіптен ығысып кетеді...

Инені жылжытуды жалғастырамыз. Сонда мынаны байқаймыз: ортаңғы бөлік бәрінен де тез ығысады, одан соң астынғы бөлік, ал үстінгі (ауадағы) бөлік ең баяу жылжиды. Ине үшке бөлініп кетті. (Әрине оптикалық тұрғыдан

ғана).


Бүгінгі сабағымызда жарық сәулесінің аса бір қызықты қасиеті жарықтың сынуы мен мен оның қолданылуын қарастырамыз.

/Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазады/



Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары.

Бұл тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында, яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір бөлігі екінші ортаға өтетінін және өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын) дәледейді.

Осы құбылыстан қандай тұжырым жасауға болады?

Жауап: Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз.

Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш () сыну бұрышы деп аталады.

Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар тұсу бұрышын сан мәнін (градус)сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.

Бұдан қандай тұжырым айтуға болады?

Жауап:


  • Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

  • Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.

, бұл формула мен анықтаманы сыну заңы деп атайды.

Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы


n – сындыру көрсеткіші деп аталады.

Сындыру көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы көрсеткіші «абсалют сындыру көрсеткіші» деп аталады.

Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.

Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.

Сонда берілген екі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны...) заттың сындыру көрсеткіші



формуласымен де анықталады. С- жарықтың вакумдағы жылдамдығы, v –ортадағы жылдамдығы, Онда екі формуланы біріктіріп былай жазуға болады.

Қазіргі кезде көптеген заттардың сындыру көрсеткіштері тәжірибеде анықталып жазыған кестеге жазылған.



Заттар

Ауаға қатысты сындыру көрсеткіші

  Су

  глицерин

  Алмас

  Мұз


  Тұз

  Кварц


  Қант

  Шыны сорттары



1.33

1,47


2,42

1,31


1,54

1.54


1,56

1,47 до 2.04



Сөздік:

  1. Жарық-ёруғлик

  2. Түсу бұрышы-тушиш бурчаги

  3. Сыну бұрышы-синиш бурчаги

  4. Заң- қонун

  5. Сындыру көрсеткіші-синдириш кўрсаткичи

  6. Жарық жылдамдығы-ёруғлик тезлиги

III кезең. Жаңа сабақты пысықтау.

  1. Семантикалық карта.

Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз. (екі сұрақтың жауабы біреу болуы мүмкін)



Сұрақ

Шағылу

Сыну

Шағылу заңы

Сыну саңы

Сындыру көрсеткіш

1

бұл ненің формуласы?
















2

Көл бетінен күн көрініп тұр. Бұл қандай құбылыс?
















3

бұл ненің формуласы?

-түсу, -шағылу бұрышы
















4

Судағы балықтар үлкен болып көрінеді. Бұл қандай құбылысты көрсетеді?
















5

Вакумдағы жарық жылдамдығының ортадағы жарық жылдамдығына қатынасына тең тұрақты шама:
















6

бұл қай заңның формуласы?
















7

бұл ненің формуласы?

















  1. Мына кесте бойынша есептерді шығарыңыз.







    n

    1

    450

    270

    ?

    2

    45

    ?

    2,42

    3

    ?

    300

    1,56

  2. «Жарық толқындары» тарауына қосымша тест сұрақтары.

  1. Жарықтың теориялары нешеу болды?

  1. 1 C. 3

  2. 2 D. 4 E. 5

2. Ньютон қандай теорияны қолдады?

  1. Толқындық D. Электромагниттік

  2. Ағындық E. Шағылысу

  3. Бөлшектік-корпускулалық

3. Сурет бойынша сәйкестігін анықта

Сурет бойынша сәйкестігін анықта

Жарықтың түзу сызықты таралу заңы




Жарықтың тәуелсіз тарлу заңы




Жарықтың шағылу заңы




Жарықтың сыну заңы




4. Жарық дегеніміз -

  1. Бөлшек D. Толқын

  2. Корпускула E. Электромагниттік толқын

  3. Тербелістер

5. Геометриялық оптика дегеніміз -

  1. Оптиканың бөлімі

  2. Оптиканың мөлдір ортада жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі

  3. Оптиканың тығыз ортада жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі

  4. Оптиканың тығыз емес ортада жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі

  5. Жарықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі

6. Жарық жылдамдығын зертханалық тәсілмен алғаш зерттеген ғалым:

  1. Ремер С. Физо E. Ньютон

  2. Кулон D. Максвелл

7. Жарық жылдамдығы -

  1. 300 000 км/сағ C. 300 000 м/с

  2. 300 000 мм/с D. 300 000 км/с E. 300 000 мм/сағ

IV. Қорытынды

Оқушыларды жауаптарын тыңдап, алған бағаларын журналға және күнделік дәптеріне қою.

V. Үйге тапсырма: «Жарық табиғатының адам өміріндегі рөлі » тақырыбында реферат

жазып келу.


Оқытушы: /......................./ Кулметов А.
Каталог: uploads -> doc -> 0ba3
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет