План учебного занятия



жүктеу 68.29 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі68.29 Kb.
түріСабақ

Сабақ жоспары №3
Оқытушы: Абельдинова Д.К.

Пән: Қазақ тілі

Топ: 1 АТм-216, 1 ДСМс-216, 1 ОПп-216

Тақырыбы: Ескі қазақ жазба тілі. Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы.

Күні: ____________________________

Сабақ түрі,өткізу үлгісі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Ескі қазақ жазба тілінің қалыптасу тарихы туралы білім беру, қазіргі қоғам үшін ескі қазқ жазба тілінің маңызын түсіндіру.

Дамытушылығы: Студенттердің дүниетанымдарын кеңейту, сөйлеу мәдениеттерін дамыту, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Білім алушыларды мәдениетті, сауатты сөйлеуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдістері: АКТ элементтері, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу

Сабақ жабдығы: Бейнефильм, подиум.

Пәнаралық байланыс: Тарих, құқық, мәдениеттану.

Оқу құралдары және әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

1.Ш.Бектуров,А.Бектурова.Қазақ тілі-Алматы:Атамұра,2006

2.М.Шәбжантайқызы.Ана тілім азығым,адастырмас қазығым.Көкшетау,2002

3. Н.Оразақынова,Н.Әміреев,Н.Сапақова.қазақ тілі сөз мәдениеті-Алматы:Мектеп,2006

4. Ж.Адамбаева.,Ф.Оразбаева.,Қ.Оңалбаева.Қазақ тілі-Алматы;Мектеп,2007

5.Б.Құлмағамбетова,У.Туребекова,Г.Ибраева,Қазақ тілі-Алматы:Мектеп-2007

6.С.Дүйсебаев,Г.Байтілеуова.Қазақ тілі-Алматы:Мектеп,2007
Қосымша әдебиеттер:

1.Н.Оралбаева,Х.Есенов,К.Хайруллина.Изучаем казахский язык-Алматы:Мектеп-1999

2.Н.Беріков.Қазақ тілі сабақтары-Ақтөбе;Ана тілі,1994

3.Б.Құлмағамбетова,Ж.Елемесова,Қазақ тілін үйренушілерге көмек

4.Г.Байжанова,А.Маймақова,Іс жүргізу –Астана;Фолиант-2007

5.С.Кенжеахметұлы.Жеті қазына-Алматы:Ана тілі,1997

6.С.Қалиева,М.Оразаев,М.Смайылова.Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы:Рауан-1994
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі




Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ мақсатымен таныстыру

5

2

Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша, жазбаша түрде үй тапсырмасын тексеру, бағалау.

10

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)


Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Лексикалық тақырып бойынша


Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік.
1. «Жазба тілінің үш элементі» сызба:

- түркілік тілдер

- араб, парсы сөзі

- қазақтың сөйлеу тіліне тән белгілері


1.Бейнефильм көрсету,

2.Подиумды дайындау.



22

4

Оқушылардың өздік жұмысы

  1. 22-тапсырма, 45 бет, Н.Уәли.Акакдемик Ә.Марғұлан Қыдырғали Жалаириды қалай бағалаған? Қыдырғали Жалаиридың қазақ мәдениеті мен жазуындағы орны қандай? Қыдырғали Жалаири өмір сүрген кез және сол кездегі қазақ қоғамында қолданылған жазудың түрін айтыңыз.

  2. 23-тапсырма, 46 бет, Н.Уәли. Мәтіндегі ескі жазба тілдің үлгісі қай кезеңге тән?

Мәтіндегі тілдік қатынастан өз дәуіріне тән қандай ерекшелікті , тілдік қолданысты байқауға болады?Осы тілдік қолданыстың қазіргі тілімізге қандай ықпалы болды деп ойлайсыз?

  1. 19-тапсырма, 42-бет, Н.УәлиҚазақ жерінде қандай мектеп-медреселер болды? Қазақ даласына оқу-білім таратуға ат салысқан тұлғалар туралы өз пікіріңізді жазбаша білдіріңіз? Бірнеше сөйлеп алып,сөздердің байланысу тәсілдеріне қарай талдау жасаңыз.

18

5

Тақырыпты бекіту

1. Топпен жұмыс (2топқа бөлініп отырады):

- Берілген сөздерге орфографиялық талдау жасаңыздар:



1- топ: үлгі,бөлген,тұрмысын,құрылуы,жүйрік.

- Берілген сөздерге орфоэпиялық талдау жасаңыздар:

2-топ :

көрсетеді,өрнек,өзінің,ұлығы,үлгісі.

-2.Топпен жұмыс (3 топқа бөлініп отырады);

24 тапсырма,47 бет,Мәтіндегі



1-топ дыбыстық

2-топ морфологиялық

3-топ синтаксистік

Айырмаларды көрсетіп талдау жасаңыздар.



17

6

Сабақ қорытындысы

- сұрақ-жауап

  • Бағалау

6

7

Үй тапсырмасы


Н.Уәли, Ө.Қыдырбаев

56-59 бет; 63-65 бет; 61 бет, 32-жаттығу



2



Оқытушының қолы ___________________________________

1-тапсырма (22-тапсырма, 45 бет, Н.Уәли) Акакдемик Ә.Марғұлан Қыдырғали Жалаириды қалай бағалаған? Қыдырғали Жалаиридың қазақ мәдениеті мен жазуындағы орны қандай? Қыдырғали Жалаири өмір сүрген кез және сол кездегі қазақ қоғамында қолданылған жазудың түрін айтыңыз.


2-тапсырма, (23-тапсырма, 46 бет, Н.Уәли) Мәтіндегі ескі жазба тілдің үлгісі қай кезеңге тән? Мәтіндегі тілдік қатынастан өз дәуіріне тән қандай ерекшелікті , тілдік қолданысты байқауға болады?Осы тілдік қолданыстың қазіргі тілімізге қандай ықпалы болды деп ойлайсыз?
3-тапсырма (19-тапсырма, 42-бет, Н.Уәли) Қазақ жерінде қандай мектеп-медреселер болды? Қазақ даласына оқу-білім таратуға ат салысқан тұлғалар туралы өз пікіріңізді жазбаша білдіріңіз? Бірнеше сөйлеп алып,сөздердің байланысу тәсілдеріне қарай талдау жасаңыз.
4-тапсырма. Топпен жұмыс (2тоқа бөлініп отырады):

- Берілген сөздерге орфографиялық талдау жасаңыздар:



1- топ: үлгі,бөлген,тұрмысын,құрылуы,жүйрік.

- Берілген сөздерге орфоэпиялық талдау жасаңыздар:

2-топ :

көрсетеді,өрнек,өзінің,ұлығы,үлгісі.

5-тапсырма.Топпен жұмыс (3 топқа бөлініп отырады);

24 тапсырма,47 бет,Мәтіндегі



1-топ дыбыстық

2-топ морфологиялық

3-топ синтаксистік

Айырмаларды көрсетіп талдау жасаңыздар.


Кейінгі замандарда, әркімдер айтқандай, Шыңғысхан ұлдарына әскер бөліп береді. Әрқайсысына төрт мың қолдан тиді. Әуелі Жошыға төрт мың әскер берілді. Ол Еділ бойына өтті. Содан соң Жошының бар әскері екінші ұлы Батуға қалды. Батуды Сайын хан деп атайтын. Сайын хан барлық батыс елдерін, Ібір-Сібірді, болғар және башқұртты, орыс және черкесті, неміс королін, Қырым, Дешті Қыпшақты да, Темір-қақпанға дейін биледі. Өзі Еділ бойында қаза болды. Көп жайлардан соң ұлыс Тоқтаға ханға қалды. Тоқтаға ол заманда ноғаймен араз еді. Біраз уақыт ноғайменен соғысты. Ақыры ноғайды сындырды. Ерген он жеті адамымен ноғай, башқұрт қашып барды. Өзі жаралы еді. Жолда оны Орус ұстап алды. Орусқа ол "мен ноғаймын" деді. Орус оны Тоқтаға алып келе жатқанда жолда кенет қайтыс болды.

Тоқтаға Еділ бойында бірнеше жыл патшалық етті. Содан сол Тоқтаға өмірден қайтты. Одан ұрпақ қалмады.




ЕСКІ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ТІЛІ

Араб әліпбиі негізіндегі қазақтың ескі жазба тілі, шамамен, ХV ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықта қызмет етті. Ол, негізінен, Қазақ хандығы іс қағаздарында, дипломатиялық қарым-қатынас ісінде қолданылды. Қадырғали би Жалайыридің “ Жамиғ-ат тауарихы”, Әбілғазы Бахадүр ханның “Шежіре түрік” атты тарихи жылнамаларын аталмыш жазу үлгілеріне жатқызуға болады. Ескі қазақ жазба тілінің үлгілеріне Махамбет Өтемісұлы, Әбілхайыр ханның Ресей патшасы Елизаветаға жолдаған дипломатиялық жазбаларын, Ш.Уәлихановтың хат-қағаздарының тілі, т.б. жатады. Мүрсейіт қағазға түсірген Абайдың қара сөзі түріндегі шығармаларының тілін ескі қазақ жазба тілінің үлгілері деп тануға болады. Ескі қазақ жазба тілінің нормалары әсіресе ХIX ғасырдың аяғына таман сөйлеу тілінің ықпалына көбірек ұшырап, халық тілінің элементтері жүйелі сипат ала бастады. Бұл тұста іргешіл демократиялық бағыт ұстанған “Айқап” журналы, “ Қазақстан” газеті, т.б. сияқты басылымдардың орны ерекше болды. Әсіресе ХХ ғ. басындағы көркем әдеби шығармалар тілінде сөйлеу тілінің нормалары айқын көрінді, бірақ ескі жазба тіліне тән сөз үлгілер де жиі кездесіп отырды.



Ескі қазақ жазба тілінің сол кездердегі қазақ қоғамы үшін тарихи-мәдени маңызы аса зор болды. Өйткені ол қоғамдық сананың құқықтық, ғылымдық, эстетикалық (көркемдік) түрлерін қалыптастыру мен дамутыдың тілдік құралы ретінде жұмсалады. Олай болса, ескі қазақ жазба тілі мәдени ұлттық тарихымызда ерекше құндылық деп танылуға тиіс.

Ескі қазақ жазба тілінің емле жүйесі тым күрделі болды. Себебі оның тілдік жүйсінде, біріншіден, Қараханид дәуірінен келе жатқан байыоғы түркілік сөздер мен тұлғалар, екіншіден, қалың жұртшылық біле бермейтін араб сөзі, үшіншіден, қазақтың кәдімгі сөйлеу тіліне тән элементтер болды. Жазба тілі жүйесінде мұндай үш түрлі элементтердің аралас-құралас жүруі, оның емле жүйесін оқып игеруге көп қиындық келтірді. Сондай-ақ қазақтың ескі жазба тілін халықтың белгілі бір әлеуметтік тобы ғана қолданды. Жалпыхалықтық игілікке айналып, бұқаралық сипат ала коймады.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет