Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция басшыларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 ақпандағы жарлық бойынша 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығындаішкі істер органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттары кезектен тыс аттестаттаудан өтуі керек. 

Мемлекет басшысы орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларын құруды тапсырды.

“Ішкі істер органдарының басшы лауазымдарды атқаратын қызметкерлері, оның ішінде жеке қауіпсіздік қызметінің өкілдері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді. Бұл аттестация батальондар мен роталардың, соның ішінде арнайы бөлімшелердің кейбір командирлері мен командирлерінің орынбасарларына да қатысты”, – делінген жарлықта.

Ішкі істер министрі төрағалық ететін орталық аттестаттау комиссиясының құрамына бас прокурордың орынбасарлары, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағалары кіреді.

Комиссияның құрамында ішкі істер министрінің орынбасары, ішкі істер министрлігі аппаратының бастығы, заң департаментінің бастығы, кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары бар.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.