Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсететін "Көмек" жекеменшік дағдарыс орталығында тышқан қаптап кеткендіктен, уақытша жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Otyrar.kz

Бұл жайлы әлеуметтік мекеме жетекшісі Малика Абдрашевна мәлім етті. Оның айтуынша, кеміргіштердің пайда болуына жағымды ауа райы себеп болған. Жанында Қошқар ата өзені ағып жатыр. Кейінгі рет бұл ауданда тышқан 2018 жылы қаптап кеткен еді. Мекеме жетекшісінің сөзінше, бұл жолы тышқандар дағдарыс орталығының бірінші қабаты мен тамақтанатын орынды "жаулап алған". Сол себепті әйелдер мен балаларды шұғыл басқа орындарға көшіруге тура келді. Орталықтың өзінде қазір дезинфекция жүргізіліп жатыр. 

"Оқиға жаңа жылдан кейін болды. Екінші қабат дұрысырақ, бірінші қабатта, емдік дене тәрбиесі кабинетінде, асханада тышқан қаптап кетті. Біз тұрғындарымыздың мұндай жағдайда өмір сүруіне жол бере алмадық. 32 адам – әйелдер мен олардың балаларын үйлерге бөлдік. Еріктілер тартылды, біздің қызметкерлер де көмек көрсетті, бұрын бізбен бірге тұрып, көмек алғандар да шама-шарқынша бұл адамдарды үйлеріне алып кетті. Бәріне алғыс айтамыз. Өкінішке қарай, Шымкент әкімдігіне жүгінген жоқпыз, себебі осы жылдар бойы жергілікті атқарушы органдар ешқандай қаржылық көмек көрсеткен жоқ. Ал өмірінің қиын кезеңінде жүрген әйелдер көмекке мұқтаж", — дейді Малика Абдрашевна. 

 

Фото: Otyrar.kz

Дезинфекция жұмыстары күн сайын жасалып жатқанын айта кеткен жөн. Жоспар бойынша келесі аптада дағдарыс орталығы қайта ашылады. Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әр адамға көмек көрсетуге дайын. 

Бұған дейін бұрынғы күйеуінің ұрып-соққанынан шаршаған астаналық Таңшолпан Керімова көмекке мұқтаж екенін жазған едік.

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі күндіз терезесіне тас лақтырса, түнде оқ атудан тайынбайды екен. 25 рет хаттама толтырылса да, полиция "қылмыс құрамы жоқ" деген сылтаумен жауапқа тартпай отыр.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.