Парламент сенатының депутаттары Ақмарал Әлназарованың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуға қатысты дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Parlam.kz

Пленарлық отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерінің бірі сенатор Ақмарал Әлназарованың басқа қызметке ауысуына байланысты сенатор өкілетін тоқтату болды. 

“Президент жарлығымен 6 ақпаннан бастап Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Осыған байланысты орталық сайлау комиссиясы Конституцияның “Парламент пен депутаттардың дәрежесі” туралы бабына сәйкес Ақмарал Әлназарованың сенат депутаты ретінде өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді”, – деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов. 

Бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.