ПоәК 042. 18-24 03/02 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж



жүктеу 1.25 Mb.
бет2/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Остеоплазия – сүйек тінінің даму процессінің бұзылуы.

Остеодистрофия - мал организмінде фосфор кальций және витамин алмасудың бұзылуынан болатын сүйектегі созылмалы ауру.

Панкардит – жүректің барлық қабаттарының қабынуы.

Плегафония - кеңірдекті нұқу.

Панмастит – емшек шелінің іріңдеп қабынуы.

Перикардит-жүрек қабының қабынуы.

Перитонит (лат. perіtoneum — іш перде) — іш қуысын және онда орналасқан органдарды жауып тұратын сірі қабатының жедел немесе созылмалы қабынуы.

Паракератоз— эпидермис клеткаларының мүйізгектену процесінің бұзылуы. Бұл жағдайда клеткалардың ядросы сақталып, түйіршекті қабаты жойылады.

Парабиоз – өмір мен өлім арасындағы жағдай.

Парапарез – шала сему.

Патокинез - пайда болған патологиялық үрдістің дамуы, клиникалық формасы мен анатомиялық өзгерістері.

Перигастрит – қарынның сірі қабығының қабынуы.

Плевра – көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабық.

Пневмосклероз – альвеолалардың кенересіндегі және бронхтар маңйындағы дәнекер тіндердің қатаюы, соның салдарынан өкпе қызметінің шектелуі.

Падагра – сирақ саусақтарының буынына несеп қышқылы тұздарының жиналуы.

Пойкилоцит - бұрыс пішінді эритроциттер.

Полидипия – шөліркеу.

Полицитемия – қандар эритроциттердің көбеюі.

Постит – күпек қабының қабынуы.

Рабдомиома – көлденең-жолақ бұлшық ет тінінде пайда болатын қатерсіз ісік.

Рентгеноскопия – рентген сәулесімен мүшені тексеру.

Репарация – патологиялық процесс орнында тіндердің қалпына келуі.

Ретинит – көздің тор қабығының қбынуы.

Руминит – қарынның кілегей қабығы мен кенереінің қабыны.

Сфигмограф – қозғалысты жазу үшін, сфигмотонограф – қысымды өлшеу.

Семиотика – ауру белгілері (симптомдары) және белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуі (синдромдары) туралы ғылым.

Сидероз – темір ұшқындарының тін мен мүшелерде қабатталуы..

Скиология – көзбен зерттеу ғылымы.

Ступор (қатып қалу) мылқау ж/е мелшиіп қалуды айтады.

Сопор- терең ұйқыға кету, ми қызметі бузылып, үнемі ұйқыға кету.

Саливация – сілекей ағу.

Силикоз – малдың ұзақ уақыт бойы кремнезем тозаңын жұтудан болатын өкпе ауруы; пневмокониоздың бір түрі .

Симбиоз селбесу.

Симптом – ауру белгісі (патологиялық және компенсаторлық).

Синдром – белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуі.

Синостоз – сүйектердің қатайған шеміршек арқылы жіктесіп бірігуі.

Спленит – талқтың жіті және созылмлы қабынуы.

Стаз – іркілу, (түтікті органда қанның (гемостаз), нәжістің (копростаз), т.б.

Тендинит – сіңірдің қабынуы.

Тератома – төлдің іште дамуындағы кемістіктен болатын ісік.

Термоплегия – ыстық өту.

Тетания – жүйке жүйесін қоздырып, құрыстыратын ауру белгісі.

Тремор – дірілдеу, қалтырау.

Тромб – ұйыған қан.

Тромбопатия – қанның жеткіліксіз ұюы.

Тумор – ісік (жаңа өсін, бластома).

Уролит – несеп тастары.

Уроцистит – қуықтың кілігей қбығының қабынуы.

Фибография (вена пульсін жазу) – флебограф аспабы арқылы көк қан тамырының соғуын жазу.

Флатуленция : қарында немесе ішекте газдың көп мөлшерде жиналуы; газдың көп мөлшерде шығуы.

Физиологиялық өлім - табиғи өлім, қартаю құбылыстары нәтижесінде пайда болады.

Регенерация-жануарларда түгелдей не жарым-жартылай алып тасталынған, зақымданған не жойылған органның немесе оның бөлігінің (тіннің, ұлпаның) қайтадан қалпына келуі.

Рабдомиома (көне грекше: rhabdomyoma – ісік). Көлденең бұлшық еттің, қатерсіз ісігі. Тіл етінде өте жиі кездеседі, пайда болған соң ауырмай дамып, үлкейетін дерт.

Флюктуация – патологиялық орында (абсцесс, гематома, бурсит т.б) сұйықтың жингалу белгісі.

Халикоздар – жылқы өпесі мен бауырында кездеетін әк тұзды талшықтан құралған түйіршіктер.

Хилурия – лимфаның несеппен бөлінуі. Хилус – сөл, шырын: ішектің лимфа тамырларындағы сұйықтық, ммй тмшылары көп лимфа.

Химостаз – жынның онекі елі ішекте, кейде ащы ішекте ірілуінен болатын түйнеу.

Цианоз- көгеру атау ретінде алынады.

Цирроз – созылмлы ауру салдарынан мүше жаушаларының бүрісуі, органның деформациялнуы.

Чейн-Стокстық тыныс алу –жұлынға қан құйылғнда, уремияд (несеп зәрінің денеге жайылы), уланғанда, петехия қызбасында байқалатын патологиялық тыныс алу. Тыныс ритмі әртүрлі болды.

Штамм - бағана: морфологиялық және биологиялық қасиеттері, генетикасы біркелкі болып келетін микроб себіндіі.

Эзостоздар – жарақттың, сүйек ауруларының слдарынан сүйек үстінде өсіндер пайда болу.

Экламисиябуаз малдатөлдер алдында, сондай-ақ төлдегеннен кейін болтын тлықсу.

Эктазия – белгілі бір түтік тәрізді орган қуысының қалпынан анағұрлым ұлғаюы.

Эктопия – ішкі органның немесе тіннің қалыптан тыс ауытқуы.экхимоз – қанталау.ұрылудан, соғылудан жұмсақ тіннің шамалы қанталауы.

Эмеиз – құсу.

Эмпиема –іріңді қуыс. Табиғи қуыстарға жиналу.

Эмфизема – альвеолалардың кеңеюі.

Эндемия – белгілі бір жерде кейбір аурудың тұрақты түрде кездесуі.

Энтералгия - ішектің түйілуі

Эпителиома – эпителийде болатын ііктердің жалпы ты.

Этиология – аурудың ебептері және ипйда болуы туралы ғылым.

Эупноз – біркелкі жеңіл тыныс алу.

Эксудация-бір жерге сұйықтықтың жиналып,сол жердің ісінуі.

Эксудатты қабыну-бір жерге сұйықтықтың жиналып сол жер ісініп ол жерде қабыну процесінің пайда болуы.

Эндокардит-Жүректің ішкі қабының қабынуы (Endocarditis – эндокардит). Өтуі боййынша жіті (endocarditis acuta) және созылмалы (endocarditis chronica), орналасуы бойынша – қақпақшалардағы және қабырғалардағы, аурудың сипаты бойынша – сүйелді (endocarditis verrucosa) және жаралы (endocarditis ulceroan) түрлерге бөлінеді.

Өкпе эмфиземасы-өкпеде ауаның шамадан тыс жиналып қалуы.

Энцефалит (грек. enkephalos – ми) – ауру тарататын микроорганизмдердің салдарынан мидың қабынуы.



2.ДӘРІСТЕР
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №1 Дәріс
Модуль 1 Терапиялық негіздеме. Физиоемдеу
Тақырыбы: Кіріспе және пәннің тарихы

Жоспары:

1. Пәннің міндеті мен ветеринария ғылымындағы маңызы.

2. Ішкі жұқпалы емес аурулар пәнінің даму тарихы.

Ішкі жұқпалы емес аурулар пәні – жануарларда пайда болатын ішкі жұқпалы емес аурулардың даму себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін, ем-әрекеттерін және сақтандыру шараларын дамытып жетілдіретін пән болып табылады.

Сонымен қатар, жалпы биологиялық ауру тану, зооинженерлік агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пән аралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.

Пәннің негізін жалпы биология, биохимия, физиология және патологиялық физиология, ауру тану және эконмика пәндері құрайды.

Оқыту барысында – арнайы клиникалық пәндерді міндетті түрде және терең игертудің, ем-әрекеттерін, аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыра білу үйретіле отырылып, теориялық-методологиялық жетістіктерді пайдалану оқытылады.

Жануарларды түрлі аурулардан сақтап қалу үшін диспансеризация жүргізуді өткізу тәсілдері үйретіледі.

Пәнді игеруде – агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеру, жануарлар организміндегі зат алмасу, процесстерін бақылау, әр мүшенің және тұтас организмнің физиологиялық қабілеттеріне баға бере білуді оқу қажет.

Ветеринария тәжірибесінде – ауру малға диагноз қою барысында – көпшілік мақұлдап, үнемі жетілдіріліп, келе жатқан әдістер де, қазіргі кездегі физика, химия биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделген жаңа тәсілдер, мысалы: рентгеноскопия, рентгенография, рентгенофотометрия /мөлшерін алу\ - зат алмасуы бұзылғанда. Электрокардиография, руменография, гастрография /асқазан қимылы/ биохимиялық тексерістер, люминесцентті талдау – ішек-қарындар, жүрек қан тамырлар және басқа да жүйелер мен ағзалар қызметі тексеріледі.

Ауруды ғылыми негізде емдеу, морфологиялық өзгерістерді білу, жалпы организмнің жай-күйін түсіну талап етіледі.

Қазіргі уақытта – аралас үлгідегі шаруашылықтар дамуда, осы себепті сол шаруашылықтардың өзіндік ерекшелігі негізінде жүргізілуге тиісті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қажетті түрімен оны өткізу талабын методологиялық тұрғыда түсініп, жүргізе білу бүгінгі күннің талабы деп білеміз. Бұл мақсатта: шаруашылықтың тиімділігін және оны арттыру жолдарын қарастыру қажет. Мысалы: ет, сүт, жүн және жұмыртқа, зат алмасуы көрсеткіштеріне баға беру, /қандағы кетон денешіктері, сілті қоры, каротин, белок, углевод, витамин, кальций, фосфор жеткіліксіздіктерін анықтап отыру керек/.

Рацион құрамының мал өнімділігі мен, денсаулығына /резистенттілігіне/ әсерін білу.

Жануардың өзіндік биологиялық ерекшелігі өнім беру бағыты, жұмысқа, спортқа т.б жағдайларға байланысты пайдалануына қарай – аурулардың пайда болуы, алдын алу шаралары. Сонымен қатар жыныстық ерекшелігі мен төлдің қалыптасуына және постьэмбриональдық кезеңдері, физиологиялық жетілуі барысында – ауруға қарсы төзімділігінің қалыптасуы заңдылықтарын білу және диагноз қоюды меңгеру керек.

Ең басты міндеттің бірі ретінде – дагноз қою әдісін меңгеру, дәрі-дәрмектер мен емдеу, қолдану техникасын, терапевтикалық техникалық жабдықтарды меңгеру /элетрлік, физиоаппараттар/.

Қазіргі уақытта әртүлі бағыттағы технологиялық үрдістегі шаруашылықтар дамып жатыр және қалыптасуда. Мысалы: малды азықтандыру, сүт сауудың автоматты компьютерлік – роботты түрде іске асырылып жатқанын біз көріп отырмыз.



Қысқаша тарихи шолу.

Малды емдеуден жазбаша есерткіш қалдарған ерте замаңғы Египеттің папирусы /шөптен қағаз, киім жасайтын маман/ Кахунский /б.з.д 2000 ж шамасында/ Аристотель /б.з.д. 384-322жж/. Мал тарихына арналған VIII – кітабында ірі қара малдың өкпесінің қабынуын, жылқыда болатын шаншуларды, шошқа, есек, ит ауруларын бейнелеп жазған. Б.э 1-ші ғасырында Үндістанда жылқы, піл және басқа да малды емдеудің трактаттары басылып шыққан. Осы ғасырда Рим ғалымы Колумелла шаншуды, өкпе шектердің геморагиялық қабынуын және басқаларын бейнелеп жазған.

Ол, бірінші рет малды емдейтін мекеме құру туралы ескерту жасайды және «ветеринария» деген сөзді /Veterinaria/ малды емдейтін ғылым деп тұжырымдаған.

Гректің, ветеринария Гиппократы аталған көрнекті ғалымы, гиппиатр /жылқы маманы/ Абсирт IV-ғасыр, малдың жұқпалы емес ішкі ауруларының негізін салушы деп есептелінеді.

Публий Ренат /б.э. 450-510ж/.

Ресейде 1-ші ветеринария мекемесі 1733ж Мәскеу маңындағы Хорошевское селосында оташы шебері қызметі көрсетілген. XVII және XVIII ғасырларда Ресейде қолжазба ретінде және баспадан «Қаладағы және ауылдағы оташы». «Жылқыға арналған дәрілер кітабы» деп аталған оқу нұсқаулары және малды емдеу туралы кітаптар басылып шықты.

1806 ж. Вален университетінде ветеринария кафедрасы жұмыс істей бастайды.

1808 Петербургтегі медициналық-хирургиялық академия, 1811 жылы осы академиның Мәскеудегі бөлімі. 1851 жылы Харковте, 1876 жылы Қазанда. Дерпте /Тарту/ - 1876 жылы ветеринария институттары ашылды.

Малдың дара аурулары мен емдеу пәнін Вален университетінде Л.Я.Боянс /1776-1827/. Петербургте – Я.К.Кайданов /1799-1855/ және Г.М.Прозоров /1803-1885/.

Мәскеу медициналық-хирургиялық академиясында – Христофор Бунге /1781-1861/. Олар ғылыми жұмыстар жүргізіп біраз кітаптар да басып шығарылды. Ветеринария ілімінің қаралып отырған саласы ары қарай дамытуда профессор К.М.Гольцман және Н.П.Рухлядев негізін құраған Қазан терапевтер мектебінің қосқан үлесі зор.

1833 жылы К.М.Гольцман, үй жануарларының ішкі мүшелерінің аурулары және оларды емдеудің қысқаша курсы деп аталатын кітап жазып, ол кітап 6 қайтара басып шығуға жарады.

Кеңес үкіметі кезеңінде: профессорлар: Г.В.Домрачев – жүрек ауруларының маманы; А.Р.Евграфов – шаншу ауруларының маманы; А.В.Синев, И.А.Симонов – организмдегі «күш қорының» қасиеттерін зерттеген мамандар; В.Е.Евтихиев – шаншулар мен жүйке ауруларын нәтижелі емдеген маман; И.А.Каарде – зат алмасуының бұзылуын зерттеп сақтандыру шараларын ұсынған маман; И.Г.Шарабрин т.б мамандар – қазіргі оқулықтардың негізгі авторлары болып табылады.

Қазақстанда – революцияға дейінгі еңбек сіңірген қайраткерлер: В.Я.Бенкин, А.П.Петровский, О.Б.Базанов, Т.Есенкулов, Ш.Косепғалиев және басқалар. Кейінгі кезде Қазақстандағы ветеринария ғылымына үлес қосқандар: К.И.Скрябин, М.И.Иванов, Я.И.Клейнбок, А.Р.Әбішев, А.Ж.Жанузаков, Т.С.Сайдулдин, Е.Ф.Дымко, А.М.Мурзамадиев т.б.

Еліміздің егемендік алуына орай білім және ғылым саласындағы күрделі өзгерістерге байланысты ветеринария мамандығын оқыту университеттер құрамында және дербес ғылыми зерттеу институттары тарапынан ветеринария саласына иновациялық үлестер қосылуда.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен міндеті мен ветеринария ғылымындағы маңызы.

  2. Жануарларды түрлі аурулардан сақтап қалу үшін диспансеризация жүргізуді өткізу тәсілдері

  3. Ауруды ғылыми негізде емдеу, морфологиялық өзгерістерді білу, жалпы организмнің жай-күйін түсіну

  4. Рацион құрамының мал өнімділігі мен, денсаулығына /резистенттілігіне/ әсері



Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №2 Дәріс
Модуль 1 Терапиялық негіздеме. Физиоемдеу
Тақырыбы: Жалпы терапия және алдына алу шаралары
Жоспар:


  1. Кіріспе

2. Курсты оқыту тәсілдері.

  1. Жалпы сақтандыру және емдеу негізі

Ветеринария ғылымының жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімінде олардың пайда болу себептерін, даму сатыларын анықтау әдістерін, емдеу әрекеттерін және сақтандыру шараларын жетілдіре қағидалайды.

Пәннің негізін жалпы биология, биохимия, физиология мен патофизиология, азықтандыру, фармакология, аурутану және экономика пәндері құрайды. Сонымен қатар аурутану тікелей ветеринариялық ғылыми зерттеу институттарының тікелей араласуы және үлес қосуымен де дамуда.

Қазақстанда бірінші өлкелік ветеринариялық институт 1925 жылы ашылған, ол институт 1935 жылдан бастап Қазақтың ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты болып ашылды. Онда 1945 жылы Қазақстан бойынша бірінші аспирантура ашылды. 1930 жылы Алматыда және 1952 жылы Семейда зоотехникалық-малдәрігерлік институттары ашылды.

Мысалы: 1975-1979 / 1987-1996 жылдары Семейда зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ішкі жұқпалы аурулар кафедрасын В.Н.Квятковский басқарды. 1990 жылы Мәскеу ветеринариялық академияда докторлық диссертация қорғады. 1979-1987 / 1999-2005 жылдары кафедраны в.ғ.к. К.Н.Қожанов басқарған. 1996 жылы «Бронхопневмониямен ауырған бұзаулар организмінің резистенттілік қабілеттілігін реттеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған.


  1. Курсты оқыту тәсілдері.

Мал шаруашылық өнімдерін нәтижелі пайдалануды малдарды аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар, ауру малды жекелей және топтап емдеуді ары қарай дамытып жетілдіру арқылы іс жүзінде асыруға болады.

Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін әр ағзалардың, жүйелердің және жалпы организмнің күй-жайын анықтайды.

Ауруды анықтау және жолжау үшін, дұрыс емдеу әдісін таңдау мақсатында аурудың белгілерін тексерудің /семиотика/ маңызы өте зор.

Сондай-ақ, ауру белгілерінің жиынтығын /синдроматика/ анықтау қажет.

Негізгі белгілер болып саналатындар:


  1. Соңғы жылдардағы мал өнімдерінің деңгейі;

  2. Мал салмағының тұрақсыздығы;

  3. Төлдер ауруларының жиілігі;

  4. Ұрғашы малдар арасындағы бедеуліктің көбеюі;

  5. Малдан алынатын өнімнің сапасының төмендеуі.

Ветеринария дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алуы тиіс. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты – организмнің біртұтастығын ескеру.

Қандай дерт болмасын, патологиялық үрдіске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады. Тексеруге мұндай тұрғыдан келу, ауруды анықтауды жеңілдетеді. Сонымен қатар, ауруды анықтарда – ауру малдың дербестік ерекшеліктерін ескеру қажет.


Бақылау сұрақтары:


  1. Ветеринария ғылымының жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімінде олардың пайда болу себептерін, даму сатыларын анықтау әдістерін, емдеу әрекеттерін және сақтандыру шаралары

  2. Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін әр ағзалардың, жүйелердің және жалпы организмнің күй-жайын анықтау.

  3. Ауруды анықтау және жолжау үшін, дұрыс емдеу әдісін таңдау мақсатында аурудың белгілерін тексерудің /семиотика/ маңызы

  4. Сондай-ақ, ауру белгілерінің жиынтығын /синдроматика/ анықтау.


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №3 Дәріс


Модуль 1 Терапиялық негіздеме. Физиоемдеу
Тақырыбы: Емдеу әдістері
Жоспар:

1. Жалпы емдеу негізі

2. Емдеу әдістері
Жалпы терапия әмдеу әдістері мен ережелерін оқытатын ілім. Емдеу биологиялық ғылымдар негізіндегі – фармакология, физиология және зоогигиеналық ілімдерінің әдістеріне сүйенеді.

Негізгі қағида:

- организммен сыртқы ортаның бірлігі;

- организмнің біртұтастығы;

- нервизм принципі.

Жалпы терапия ережелерінің негізі:

- С.П.Боткиннің нерв жүйесі ауруының дамуына әсері жөніндегі қағидасы;

- И.М.Сеченовтың сыртқы ортасыз организмде тіршіліктің болуы мүмкін емес екендігі туралы қағидасы;

- И.П.Павловтың физиологялық негіздері.

Организмдік қорғаныс қабілеттері:

- әртүрлі рефлекстері;

- фагацитоз құбылысы;

- иммунитеттің түрлері;

- қайта құрылу – регенеративті үрдістер;

- ішек, бүйректер, тыныс алу жолдары, сүт бездері, тері арқылы улы заттарды бөліп шығаруы;

- улы заттарды қанда, тіндер мен ағзаларда, әсіресе бауырда усыздандыру;

- бөгде-зиянды заттардың бейтарапталынуы-қапталуы /капсульденуі, секвесрленуі/, немесе организмде ұсақталып, сорылып таралуы;

- нерв жүйесі мен гормондардың әсерлерінің арқасында ішкі ортаның белгілі бір тепе-теңдікте /гомостаз/ болуы.

Ауырған малдың организмінде бірінші кезекте зат алмасу үрдісі бұзылады. Бұған негізгі себеп төмендегідей қажеттіліктердің жеткілісіздігінен болады:

- сапалы азық;

- Ерекше күтім;

- Кешенді емдеу ;

- Ультра күлгін сәулесі;

- Витамин, минеральды заттар;

- Диеталық тағам;

- Физиотерапевтік әдістер;

Емдеу жабдықтары дегеніміз табиғи заттардан тұратын, организмге механикалық, физиологиялық, химиялық немесе биологиялық әсер ететін заттар. Мысалы: уқалау, электрожылытқыштар, компресс, сәулемен емдеу, диетамен емдеу.

Дәрілермен емдеу жабдықтарын ғылыми негізде қолдану әдістері, немесе терапия әдістері деп атайды.

Негізгі әдіс: 1. Ауру себептеріне қарсы этиотроптық; 2. Дамуына қарсы патогенетикалық.

Екіншісі – патогенетикалық емдеу этиотроптық емдеумен бірлікте, сондай-ақ, алғашқы ауру тудырған себепті фактор әсері жойылғанда тағайындалады.

Диотерапия – азық құрамының баланстық жағдайы; ашықтыру түрлері.

Орын толтырушылық, немесе алмастырушылық емдеуәдісі организмде жүре пайда болатын жетіспеушіліктерде немесе азықпен келетін өмірге қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігін толықтыру үшін қолданылады.

1. Қан құю: а) орын толтыру;

б) қуаттандырғыш.

Қан құюға болмайтын жағдайлар: жүрек, бүйрек, бауырдың органикалық аурулардың салдарынан негізгі функциялары бұзылғанда, зат алмасуы бұзылуының ауыр түрлерінде.

Гормонмен емдеу әдісі малдардың ішкі бездерінің жұмыстарының дұрыс болмауынан пайда болатын ауруларға қолданылады.

Витаминмен емдеу: арнайы қолдану (алдын алу, орын толтыру);

Минеральды заттармен емдеу: Na, Cl, Ca, P, S, Fe, Cu, Mn, Co, I.

Ферментпен емдеу.

Протеинотерапия – құрамында әртүрлі белокты зат қолдану:

- Серотерапия;

- Лактрһотерапия;

- Аутогемотерапия;

- Гетерогемотерапия.

Гистализатотерапия – немесе лизаттар дегеніміз сау малдардың тіндерінен оларды бөлшектеу немесе еріту әдісімен алынатын препараттар.

Цитотоксинотерапия – негізін салған А.А.Богомольц.

Тінмен емдеу – В.П.Филатов (1933) көз ауруларында қолданған. Бұнда ем ретінде бауырдан, көкбауырдан, бүйрек безінен, жыныс бездерінен, шудан, алоэ жапырақтарынан жасалған препараттар жиі қолданылады. Ол үшін мал тіндерін 2-4% суықта 6-7 күндей, өсімдіктің тіндерін 4-8С 12 күндей ұстайды. Осылай дайындалған тіндерді имплантация ретінде немесе терінің астына жіберу арқылы қолданылады.

Имплантация ретінде іріңді жараларда, өкпе эмфиземасында, әртүрлі анемияларда, жыныс ауруларында 3-10 кг мөлшерінде қолдануға болады. Терінің астына: жылқыларға 0,3-0,7мл. 10кг салмағына есептеп, ал шошқаларға 0,1-0,2 мл/кг мөлшерінде жібереді.

Жіті түрде өтетін індетті ауруларда, сепсис кезінде, жүректің, бауырдың, бүйректің өте ауыр органикалық ауруларында қолдануға болмайды.

Ағзалармен емдеу: панкреатин ж ұйқы безінің тұнбасы, 0,5% -ды соданың ерітіндісімен ауыз қуысы арқылы береді.

Камполон – ірі қара бауырының белоктан тазаланған судағы тұнбасы, еттің ішіне жібереді.

Антианемин – құрамында 1,67% күкіртқышқыл кобалть бар компалон. Бұл препараттар қан түзетін ағзаларға күшті әсер етеді.

Жүйке жүйесінің қоректенуін реттеу үшін – қолданылатын емдеу әдісі. И.П.Павловтың ұйқы арқылы емдеу әдісі /хлоралгидрат, спирт, анальгин, промедол т.б/. мал невроздарында бром препараттары жақсы көмектеседі.

Новакаин блокадалары: ең алғаш медицина саласында негізін салған Л.В.Вишневский (1933). Яғни вегетативті жүйке жүйесін орталық нерв жүйесінен бөліп тастау – блокадалау. А.И.Федотов пен Н.А.Уразаев ұсынған мойын блокадасы, симпатикалық жұлдызды түйінді – блокадалау. В.В.Мосин екі жақты, эпиплевральды блокада ас қорыту жүйесі ауруларында қолданылады. И.Я.Тихонин ұсынған белдеме, немесе бүйрек маңайының блокадасы асқазан мен ішек аурулары мен шаншуларда қолданылады.

Тітіркендіргіш мақсатта: фармакологиялық дәрілер


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет