ПоәК 042. 18-24 03/02 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж



жүктеу 1.25 Mb.
бет3/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

  1. Жалпы емдеу негізі

  2. Емдеу әдістері

  3. Жалпы терапия ережелерінің негізі

  4. Организмдік қорғаныс қабілеттері:

  5. Емдеу жабдықтары.


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №4 Дәріс


Модуль 1 Терапиялық негіздеме. Физиоемдеу
Тақырыбы: Физиотерапия
Жоспар:

1. Ультра қысқатолқынмен емдеу негізі

2. Ультра жоғарғы жиіліктегі емдеу әдістері
Ультра жоғарғы жиіліктік электромагнит өрісінің жиілік ауытқуы, (30 - дан 300 мГц дейінгі, толқынының ұзындығы 1м-ден 10м. теңдес / электродтар аралығынаорналасқан кеңітіктегі ауру мал ұлпасына әсер ету арқылы емдеу.

Ультра жоғарғы жиілікті тоқ арнайы электр приборларында пайда болады. Бұл мал ағзасына әсер ететін энергияның негізгі түрі. УЖЖ тұрақты аппараттардан бірінші тербеліс көлбеуінде айнымалы толқынды 3-8 м. Дейінгі 2000 Вт төмен емес қуат алуға болады. Қолдану іс әрекетінің мерзімі

5-10 мин.

УЖЖ емдеген кезде ауру мал дененің бөлшегі металдан жасалған электродтармен түйіспейді. Ағзаға кеңістікке жайылған электромагнит /конденсаторлық/ өрісі әсер етеді. УЖЖ биологиялық әсері жағынан әр алуан болып көрінеді. Конденсатор өрісінде жатқан ұсақ мал тынышсызданады, үйріліп қалады, тауықтар қанаттарын қағады, олардың дем алысы жиіленеді, майда қан тамырлары кеңейеді, ұлпалар ісінеді.

УЖЖ негізгі әсері – малдың ұлпаларының ішінде жылу пайда болуы, клеткалармембранасындағы электр зарядының және клетка коллойдтарының структурасының өзгерілуі. УЖЖ әлсіздеу өтіп мөлшерлегенде ферменттерді, катализаторлардың белсендігі артып, глобулиндер есебінен альбуминдер саны көбейеді, ірі дисперсиялық белок /ақ зат/ молекулалары амин қышқылдарын бөліп тастап, үлкен емес глобулиндерге айналады.

УЖЖ электромагнит өрісінің әсерінен тереңде жатқан ұлпалардың қан тамырлары кеңейеді, соның салдарынан олардың қоректенуі жақсарады. Қуаттандырушы мөлшерін бірнеше рет қолданса эритропоэзді күшейтіп, фагоцитозды ұлғайтады.

УЖЖ – емдеу өкпенің крупозды қабынуында, тырыспалы шаншуда парездер мен параличтерде, жіті және жартылай жіті асептикалық гаймориттерде қолданылады, ал іріңді септикалық процестерде бұл емді қолдануға болмайды.

Ультрадыбыспен емдеу – жиілігі 20 мыңнан 1 млрд Гц дейін және одан да жоғарғы тербелістегі ультрадыбысты қолдану арқылы емдеудің табиғи емдік әдісі. Бұл тербелістерді адамның құлағы қабылдамағандықтан оны естілмейтін дыбыстарға жатқызады. Ультрадыбыс невриттерді, невралгияны, өкпе ауруларын, фрункулезді т.б. емдеу үшін қолданылады.

Электр тоғын пайдаланудағы қорғаныс шаралары: Табиғи емдеу бөлмелерінде барлық электр қосқыштары қорғаушы жабдықтармен жауып қою керек. Емдік аппараттардың тоқ апарушы бөліктерін – изоляциялық немесе қорғаушы қақпашықтармен жабады. Диатермия мен УЖЖ аппараттарында жоғарғы кернеу болады.

Трансформаторлардың екінші орамдарынан және тербелістер көлбеуіне баратын сымдардан алынған төменгі жиілікті жоғарғы кернеу өте қауіпті. Тоқ қосылып тұрған кезде аппараттың ішіне манипуляция жасауға қатаң тиым салынады. УЖЖ емдеушіге зиянды әсерін болдырмау үшін генераторларды мұқият экрандау қажет, сонда ол емдеу бөлмесіндегі кеңістіктен электр тұрғысынан алғанда толық изоляцияланады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ультра қысқатолқынмен емдеу негізі

  2. Ультра жоғарғы жиіліктегі емдеу әдістері

  3. Электр тоғын пайдаланудағы қорғаныс шаралары:

Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №5 Дәріс


Модуль 1 Терапиялық негіздеме. Физиоемдеу

Тақырыбы: Физиотерапия
Жоспар:

1. Физикалық факторлардың организмге әсері.

2. Жарықпен емдеу
Көп шаруашылықтарда қыз мезгілінде, ультракүлгін, инфрақызыл сәулелерін, қттегінің жетіспеулері малдаррдың өнімділігін, өсіп-өну қабілетін нашарлатып, түрлі аурулардың дамуына себепкер болады.

Физикалық факторлардың организмге тигізетін әсері едәуір күрделі. әсер ететін қоздырғыштарға организмнің жауап реакциясы, ең алдымен торшалардың биофизикалық және биохимиялық өзгерістерінен басталады: коллойдты заттардың ұлпалылығы артады не азаяды, торша жарғақтарының бетіндегі электр заряды өзгереді. Осының бәрі торшадағы және бүкіл организмдегі зат алмасу реакцияларын күшейтеді, қиындатады немесе қалыптастырады.

Физикалық факторлар біраз энергияның көзі болғандықтан, олар организмде алажаулы сіңеді де арнаулы рефлекторлы реакциялар тудырады. Физикалық қоздырғыштар организмде тері, көздің тор қабығы, кілегей қабықтар арқылы қабылдап жүйке жолдарымен ми қыбының тиісті орталығына жеткізіледі де, ол жерден эфферентті жолдармен түрлі ағзалармен жүйелерге бағытталынады.

Физикалық қоздырғыштардың әдетті мөлшері организмдегі зат алмасу процесін қуаттандырады.

Аурулардың алдын алу сақтандыру және емдеу мақсаты мен табиғи физикалық факторларды (жарық, су, ем балшықтары т.б.) жасанды жарық көздерін, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерін, тоқтарды және ядро энергияларын пайдаланады.

Күн радиациясы. Күн сәулелерінің әсерінен мал организмінде зат алмасу процессі артады, жалпы қарсылық күші көтеріледі, орталық жүйке жүйесінің қызметі қуаттанады, қанның құралуы жақсарады. Күн радиациясының бактерицидтік қасиеті бар.

Жарықпен емдеу. (фототерапия) – малдың организміне жарықтың энергиясымен (көрінетін жарық) әсер ететін ем әдісі. Жарық өте күшті белгі беретін қоздырғыш, жарық сәулелері, көздердің тор қабықтары арқылы интерорецепторлар байланыстарының жәрдемімен ми қабына үздіксіз әсер етіп, сол арқылы ағзалардың қызметтеріне рефлекторлы түрде ықпалын тигізеді және белгілі бір мөлшерде зат алмасу процессін арттырып не төмендетіп тұрады. Жарық организмге тернің, кілегей қабықтарының экстерорецепторлары арқылы биологиялық әсерін тигізеді. Мысалы: бордақылауда қараңғы қажет.

Оптикалық жарық энергиясын алу үшін қыздыру лампларын, мысалы көк түсті Минин лампасын, Соллюкс және жылытқыш люминисценттік лампаларын қолданады.

Инфрақызыл сәулелер. Инфрақызыл сәулелердің жарық және қара бөліктерін ажыратады. Қара бөлігінің көзі сумен және электрмен жылынатын батереялар, ал жарық бөлігінің көзі – түрлі қабынуларда, плевритте, пневмонияда, былжыр экземада, дерматиттерде т.б. ауруда қолданылады.

Лампа емдеу нысанынан 40 см қашықта, аурудың күй жайына байланысты сәулелендіру уақыты 30-180 мин созылады.

Ультракүлгін сәулелер. Биологиялық әсер етуіне байланысты ультра күлгін сәулелерді үш спектрге бөледі:

Аспектрлі – толқындар ұзындығы 400 – ден 320 нм дейін, биологиялық әсері әлсіздеу келетін бөлігі – ультракүлгін үптелігін жасайды.

В спектрлі – толқындар ұзындығы 320-280нм дейін белоктардың, углеводтардың, витаминдердің, минеральды заттардың және майлардың алмасуларын қалыптастыратындай әсер етеді.

С спектрлі – толқындар ұзындығы 280-180 нм дейін бактерияларды жойғыштық қасиеті бар. Бұл спектрмен организмге әсер еткенде торшалардағы белоктар құрлысы өзгеріп коагуляцияланады (ұюы) және денатурациялануы (табиғатының өзгеруі) мүмкін.

Биологиялық тұрғыдан келгенде, ультракүлгін сәулелерінің әсері, кейде оны жер сәулесі деп те атайды, өте күшті және жан-жақты. Оның ішкі ағзалардың қызметіне тигізетін әсері әлі толық зерттелген жоқ.

УКС – рефлекторлы және гуморальды жолдармен мал организміне жан-жақты әсер етеді. Иммунобиологиялық қабілетін және ауруларға төзімділігін арттырады. Организмде, кетон денешіктерінің мөлшерін азайтып, қышқылдануын басады.


    • Белоктардың алмасуын үдетеді, ол несеп арқылы азот пен фосфордың көп шығуынан білінеді; жалпы белоктың және - глобулин фракцияларының санын көбейтеді, иммунобиологиялық реакцияларын сергектендіреді.

    • Қандағы қант санын азайтады, ол бауырда көп мөлшерде жиналады.

    • Минералды заттардың алмасуларын реттейтін жеті дегидрохолестериннің қызметін арттырады.

    • Майлардың алмасуларын үдетеді.

    • Артерия қысымын төмендетеді.

    • Асқазан сөлінің бөлінуін (тауықтарда) көбейтіп 25-30% азықтық сіңуін арттырады.

    • Мезгілдік қан аздығы болатын малдардың қанында эритроциттердің, лейкоциттердің сандарын көбейтіп, Hb мөлшерін арттырады.

    • Организмде кетон денешікерінің мөлшерін азайтып, қышқылдануын басады.

Қысты күндері малды жасанды ультракүлгін сәулелермен сәулелендіруді ұйымдастырудың маңызы зор, қазіргі уақытта екі типті лампалар пайдаланылады: аргонды, сынапты-кварцты лампалары (АРК) тікелей сынапты лампалар (ПРК) Сынап буында доға разряды пайда болған кезде лампаның ішіндегі қысым қоректі шекке дейін көтеріледі де аргон электрондары сынап буының молекулаларымен соқтығысып, сынап молекулалары ионданады, қозады да, жарқырай бастап ультракүлгін сәулелерін шығарады.

Гальвани тоғымен емдеу – бұл тұрақты бағыты мен тұрақты күші бар электр тоғымен емдеу әдісі. Малдың ұлпасы арқылы галвани тоғы өткенде ол терінің рецепторлық аппаратына электролизбен,


Бақылау сұрақтары:

  1. Физикалық факторлардың организмге әсері.

  2. Жарықпен емдеу

  3. Физикалық факторлардың организмге тигізетін әсері

  4. Инфрақызыл сәулелер.

  5. Ультракүлгін сәулелер.

  6. УКС – рефлекторлы және гуморальды жолдармен мал организміне жан-жақты әсер.

  7. Гальвани тоғымен емдеу.


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №6 Дәріс


Модуль 1 Терапиялық негіздеме. Физиоемдеу
Тақырыбы: Жүрек қан тамырының жүйесінің аурулары
Жоспар:

1. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауруларына жалпы сипаттама.

2. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауруларының бөлінуі.

3. Жүрек қабының аурулары.

4. Жүрек етінің аурулары.

Жүрек қан тамырлар жүйесі организмдегі ең басты жүйенің бірі. Жануарларды жүрекпен қан тамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады.

Тыныс алу және басқа да жүйелермен ағзалардың ауруларына және бұл аурудың пайда болуына әртүрлі дәрежеде әсер етеді.

Жүрек қызметінің нашарлауынан болатын ісіктің негізгі себептері қанның көк тамырлар мен капиллярдағы /майда тамырлар/ іркілісінен қысымы көтеріліп, тамырлардың қабырғаларын керіп, түтікшелерін қаттырақ ашып, қан сұйығының ет пен терінің арасында жиналуынан, әдетте дененің төменгі /астыңғы/ бөлігінде орналасады. Сарысу сірі қабық қуыстарында да жиналуы мүмкін.

Жүрек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы ол, тығызырақ қамыр тәріздес /саусақпен басқанда із қалады/, ісікті басса ауырады, бірақ малдың қызуы көтерілмейді.

2. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауруларының бөлінуі.

Жануарлардың - жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауруларының бөлінуін –жіктеуде бірнеше ұқсастық бар. Мысалы: Г.В.Домбрачев ұсынысы бойынша: 4 топқа бөледі.

- жүрек қабының;

- жүрек етінің;

- жүректік ішкі қабының;

- қан тамырларының аурулары.

Жүрек қабының ауруларының өзін екіге бөледі:

- жүрек қабының (перикардит) және шеменденуі (гидроперикард).

Жүрек етінің аурулары да осы қағидаға негізделіп бөлінеді:

- жүрек етінің қабынуы (миокардит) және зат алмасуының бұзылуы (микардоз). Бұл топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар – жүрек бұлшық етінің фиброзданып өзгеруі (микардиофиброз) және склерозы (миокардиосклероз). Бұл көбәнесе, миокардит пен миокардоздың салдарынан пайда болатын басалқы түрінде де дамитын дерттер.

Жүректің ішкі қабының аурулары, әдетте қабынудан (эндокардит) басталып, содан соң азғындай (дегенерация) бастайды да оған бірте-бірте жүректің қақпақшалары (клапан) қосыла бастаса онда, жүрек ақауларына әкеліп соғады.

Жануарларда қан тамырлары ауруларынң тобынан жиі кездесетіндері – артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдануы – беріштенуі (артериосклероз) немесе тамыр түтігінің қан ұюынан бекітілуі (тромбоз). Кешендерде мал арасында жүйке қажуының (невроз) асқынуынан қан қысымы көтеріліп (гипертония) пайда болады.

3. Жүрек қабының аурулары. Pericarditis - перикардит (қабыну жарақаттан (P.traumarica) не басқа себептерден болуы мүмкін. Өтуі бойынша: (P.acuta) және созылмалы (P.chronica) түрінде пайда болу және өту уақытына байланысты басалқы немесе осалқы; Таралуы: (P.circumacripta) және кріккен (P. Diffusa); Жалқықтың түріне байланысты ұйымалы, белок талшықты, қанды, іріңді, шіріген болып бөлінеді. Жүрек қабының қабынуларының құрғақ (P. Sicca), жалқықты немесе сары сулы (P.exudativa) түрлерін айырады.

Себептері: Жануарлар өздігінен болатын перикардит егізінен сирек кездеседі; ол ішінара суықтан пайда болған перикардит те ұшырасады. Жиі кездесетін, түрлі індет немесе жұқпалы емес аурулардың асқынғандығынан болатын қосалқы перикардит. Ірі қарада – травматикалық ретикулит, ретикулопреитонит пайда болады.

Дамуы. Жүректің қанды сорып айдау қызметтері бұзылады. Жалқық жүректі айнала қысқандықтан (тампонада) оның соғуын тоқтатып тастауы мүмкін. Жүрек қысылғанда көкірек көк етінің (диафрагма) қимылы бәсеңдейді, сол себептен өкпе мен бауырда венозды қан іркіледі. Осы жағдай көк тамырлар мен капиллярда қанның қысымының көтерілуіне байланысты артериялық тамырларда қысым азайып, жалпы қан айналысы бәсеңдейді. Кейде жүрек қртынабының қабынуы жүрек етінің қабынуына себепші болады.

Перикардиттің қай түрі болса да әсіресе, жарақаттан болған түрінде, қанға қабынулық заттардың өтуінен және жиналған жалқықтың ыдырап, шіруінен организм уланады, қызуы көтеріледі, қан мен зәрдің құралдары өзгереді, біраз ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылады.

Жүрек жан жақты қысылғандықтан венадағы қан жүрісі баяулайды, мойын көк тамыры қанға толғандықтан білеуленіп кетеді. Ауру мал мойнын созып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, шынтақтарын кеудесінен тысқарылатып, тұрады, кейде ыңқылдайды. Ісік – ірі қара малдың, көбінесе ұртында, шықшытында, алқымында байқалады.

Жүрек қыбының қабынуы қарындардың қозғалыс күштерін әлсіретеді, бауырдың, өкпелердің және басқа да ағзалардың қызметін бұзады. Несепті тексергенде, көбінесе белок, (ақ зат) альбумоздар (белок ажыратындысы) және индикан белоктың шіруінен болатын қоспа анықталынад ы.

Өте сирек жағдайларда жарақаттанған бөтен үшкір заттар жүрек қабының қуысынан кеуде қабаты арқылы сыртқа шығып кетіп мал өздігінен де айығып кетуі мүмкін.

Саралау. Жалқықты перикардитті перикард шеменінен плевраның жарақатты қабынуынан ажыратады. Құрғақ плевритте үйкеліс шуы дем алу ырғағына сәйкестелінеді. Миокардит пен эндокардит өздеріне тән белгілерімен өтеді.

Болжамы. Перикардиттің болжамы шүбәлі, жарақатсыз трінің барысы, негізгі олардың жайына байланысты болады. Ірі қарада өтетін жарақатты перикардиттің болжамы көбінесе жақсы нәтиже бермейді.

Емі. Жиналған жалқықты кетіру үшін несепті шығаратын дәрі-дәрмектер, иодты препараттар беріп, артериядағы қысым азайғанда глюкозаға қосып кофеин қолданады. Иодты препарат ретінде ірі малдарға кальцийодинді аузынан күніне 1-3рет 2-10 грамнан, ұсақ малдарға 0,2-1г. береді.

Натрийдің кофеин-бензоатын немесе натрийдің кофеин-салицилатын тері астына мынадай мөлшерде: МІҚ, жылқы: 3-8г; қой-ешкі, шошқаларға 1-2г, иттер мен түлкілерге 02-05г.

Жүрек қабының шемені /Hydropericardium/ гидроперикардит жүрек қабының қуысына транссудат /сарысу/ жиналуымен сипатталатын ауру.

Себебі. Көбінесе қосымша ауру ретінде пайда болады. Гидроперикардит – созылмалы түрде өтетін жүрек пен қан тамырлар қызметтерінің нашарлауының, жүрек ақаулары, бүйрек ауруларының және біраз індетті және инвазиялық аурулардың салдарынан болатын дерт. Жиналған сары су, жүректі, әсіресе жүрек құлақшаларын жан-жағынан қысып, /тампонада/ жүрек параличіне /салдану/ әкеліп соқытруы мүмкін.

Өлекседегі өзгерістер. Жүрек қабының қуысында – МІҚ – 10, Қой-ешкіде 1литрге дейін түссіз, көбінесе сарғыштау не қызғылт түсті сары су бары байқалады.

Барысы. Ауру көбінесе созылмалы түрде өтеді.

Болжамы. Шүбәлі, ауыр түрінде жақсы нәтиже бермейді.

Емі. Қанға калций хлориді мен глюкозаны енгізуге болады. Несепті шығаратын дәрі ретінде аузы арқылы күніне 2-3рет теобромин немесе темисал береді, мөлшері МІҚ, жылқы 5-10г, қой-ешкі, шошқаларға 0,5-2г, иттерге 0,1-0,2г. тері астына: ірі қаралар мен жылқыларға 0,5-2г, қой-ешкі, шошқаларға 0,2-0,3г, иттерге 0,5-0,1г эуфиллин ерітіндісін енгізеді. Қанға жайлап, 10% кальций хлориді ерітіндісі, ірі қара 15-40г, жылқыларға -10-30г, қой-ешкі 1-3г, иттерге 0,5-2г.



  1. Жүрек етінің аурулары. /миокардит Miocarditis/ жүрек бұлшық етінің қабынуы. Жіті және созылмалы, шектелінген және жайылған, басалқы және қосалқы түрлері болады. Себептері. Көбінесе басқа індетті паразиттік және жұқпайтын ішкі аурулардың асқыну салдарынан пайда болатын қосалқы дерт. Миокардит саңырауқұлақ микробтары тудыратын аурулардың организмді уландыруынан пайда болуы мүмкін/микоз, микотоксикоз/.

Жүрек қабының қабынуы, жүректің ішкі қабының қабынуы, плевраның

қабынуы, өкпенің қабынуы, азықтармен улану.

Дамуы. Жүрек етінің қабыну үрдісі организмде орын алған негізгі аурулардың қоздырушы микробтары мен вирустардың шығарған уыттарының жүрек етіне күре (коранарные) тамырлары да шалдығады. Аурудың алғашқы кезінде жалқық тану үрдісі басым болып, жүрек етінің алшықтары домбығады. Сонан соң оларда өзгеріс ұлғаю (альераципролиферация) үрдістері басталады.

Жүрек етінің қабынуына байланысты миокардтың қоректенуі жеткіліксізденіп – азғындау (дистрофия-дегенерация) басталады да, оның жиырылу қабілеті әлсірейді, артерияда қысым азайып, қан айналысы баяулайды. Ентігу, көгеру, ісінулер пайда болады.

Қанды тексергенде, ядросының ығысуы регенеративті немесе дегенеративті түрде кездесетін дақты (нейтрофильді) ақ қан түйіршіктері көбейеді, сонымен қатар ылғида аллергия текті (сезімталдықтың күшеюінен болатын) ауруларына тән белгілер эозинофильдер көбейеді.

Анықтау. ЭКГ, функциональдық сынама.

Саралау. Миокрадитті преикардиттен, эндокардиттен және иакордоздан ажырата білу керек.

Емі. Толық тыныштық. Жүрек тұсына суық басу. Оттегімен тыныс алдыру. Қан тамырына 30-40% глюкоза ерітіндісін кофейнмен араластырып енгізу. Жүрек соғысы тездетілген жағдайда камфора, коразол, кордиамин қолданған жөн. Камфораны ауызы арқылы беруге болады, МІҚ- 5-10г, қойөешкіге 0,5-4г, немесе инекцияға әдейі арналған 20% майлы ерітіндісін тері астына енгізеді, МІҚ ,жылқы, 20-40мл, қой-ешкі, шошқа 3-6мл, иттерге 1-2мл, түлкілерге 0,5-1мл.

Коразолды тері астына, ірі қара мен жылқыларға 0,5-2г, қойөешкі, шошқа 0,05-0,1г енгізеді, қан тамырына 0,5-1г.

Кордиаминді тамырға ірі қара, жылқы 10-15мл, қой-ешкі, шошқа 2-3мл; тері астына ірі қара 15-20 мл, ұсақтарына 2-4мл.

Артерия қысымы күрт төмендегенде қан тамыры 1:1000 қатынасындағы ерітілген адреналинді ірі қара 2-3мл немесе тері астына 1% мезатон ертіндісін ірі қараға 10мл, қой ешкіге 1мл енгізеді. Оймақгүл (напрестянка) препаратын қолдануға болмайды.

Миокардитті нәтижелі емдеу үшін әсіресе, аурудың бастапқы кезінде организмнің тітіркенгіштік қабілетін басатын (десенсебилирующие, противоаллергические) дәрі-дәрмектерді натрийдің салицилатын, амидопринді, кальцийдің хлоридін, димедролды, супрастин және кейбір гормональды препараттарды (кортикотропин, кортизон жәнесоның ұқсастарын) қолданады.

Антибиотиктер мен сулфаниламидтерді де пайдаланады. Кейбір аса бағалы малдарда (асыл тұқымды, спорттық жылқылар, қызметте қолданылатын иттер т.б) емдеуге новакаинамид, кокорбаксилаза, курантил (дипиридамол) немесе интенкардин (карбокромен), феникаберан, обзидан) пропранололгидрохлорид) өте жақсы нәтижелер береді.

Миокардитті емдеуде ауруларға дәрі-дәрмектерден басқа азықты ретпен (диета), құнарлы да жақсы қортылатын азықтар беру керек.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауруларына жалпы сипаттама.

  2. Жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауруларының бөлінуі.

  3. Жүрек қабының аурулары.

  4. Жүрек етінің аурулары.

  5. Жүрек қызметінің нашарлауынан болатын ісіктің негізгі себептері

  6. Жүрек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы


Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №7 Дәріс


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет