ПоәК 042. 18-24 03/02 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж


Модуль 1 Терапиялық негіздеме. Физиоемдеу Тақырыбы



жүктеу 1.25 Mb.
бет4/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Модуль 1 Терапиялық негіздеме. Физиоемдеу
Тақырыбы: Жүрек қан тамырының жүйесінің аурулары
Жоспар:

1. Миокардит.

2. Миокардоз.

3. Миокарддиофиброз.

4. Жүрек етінің кеңеюі.
Миокардит /Myocarditis/ миокардит жүрек бұлшық етінің қабынуы. Клиникалық белгісі: Барысы бойынша – жіті және созылма

лы, аурудың таралуы бойынша – шекелінген және жайылған; пайда болу себептеріне байланысты – басалқы және қосалқы түрлерін ажыратуға болады.

Себептері: көбінесе індетті, празиттік және басқадай жұқпалы емес аурулардың асқынуынан пайда болатын қосалқы дерт. Миокардит саңырауқұлақ микробтары тудыратын аурулардың организмді уландыруынан пайда болуы мүмкін /микоз, микотоксикоз/. Жұқпайтын аурулардың ішінде: тікелей миокардитті асқындыратын аурулар мыналар: жүрек қабының қабынуы, жүректің ішкі қабының қабынуы, плевраның қабынуы, өкпенің қабынуы, жүректің қабынуы, азықтармен уланулар.

Дамуы. Жүрек етінің қабыну үрдісі организмде орын алған негізгі аурулардың қоздырушы микробтары мен вирустарының шығарған уыттарының жүрек етіне әсер етуі зардабынан пайда болады. Ауруға жүрек етінің күре (коранарные) тамырлары да шалдығады. Аурудың алғашқы кезінде жалқықтану үрдісі басым болып, жүрек етінің талшықтары домбығады, сонан соң өзгеріс ұлғаю (альтерация-пролиферация) үрдістері басталады.

Г.В.Домрачев мәліметі: Жіті миокардит екі кезеңде өтеді: 1.Айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Бірақ қабынудан пайда болған уытты заттар, нервтерді қоздырып, жүрек қызметін күшейтеді. 2. Жүрек қабынуының жалғасуына байланысты, миокардтың қоректенуі жеткіліксізденіп – азғындау, (дистрофия-дегерация) басталады да, оның жиырылу қабілеті әлсірейді, артерияда қысым азайып, қан айналысы баяулайды. Осы кезеңде ентігу, көгеру, ісінулер пайда болып, бірінші кезеңдегі аурудың барысы мен салыстырғанда жүрек жұмысының ырғақтығының бұзылғандығы айқынырақ білінеді.

Өлекседегі өзгерістер. Азғынданғаны білінгенде жүрек етінің түсі піскен етке ұқсап божырап, ыдыраыш келеді. Жүрек етінің әртүрлі кезеңдерінде гистологиялық әдістермен зерттегенде, өзгерістер ет талшықтарында, миокардтың дәнекер ұлпаларының тұлғасында, тамырларында және жүйкелерінде болатыны айқындалады. Ет талшықтарында көбінесе, ақзатталынған немесе майланған азғындау, дәнекер ұлпаларында ісік негізгі заттардың бұзылып өзгеруі, лимфа тйіршіктерінің /лимфоцит/ кезген торшалардың, кейде түйір лейкоциттердің /гранулоцит/ шоғырлануы көоінеді. Тамырлардың өзгеруі оның төңірегіне инфильтраттың /клеткалық элементтердің, қанның, лимфаның ұйысуы/ жиналуымен, майда тамырлардың қабырғалары гиалиноздануымен /шыны тәрізденіп жылтырауы/, кейде тамырдың ішінде қанның ұйыуымен /тромб/ бейнеленеді.

Белгілері. Қолқаға қанның аз келуінен артерияда қысым азаяды. Жүрек етінің құрылымы қатты бұзылғанда шоқырақ ырғағы, эмбриокардия пайда болады немесе дыыстары күрт бәсеңдеп, екі үннің екеуі де көмескіленеді. Бәсеңдеген және көмескіленген үндер көбінесе, жүрек етінің жайылма түрінде зақымдалғанын көрсететін белгілер.

Қарыншалардың кеңеюінен, құлақшалар мен қарыншалардың аралықтарындағы қақпақшалардың кемістігінен және қарыншалардың қолқаға не өкпе артериясына шығатын тесіктерінің бұлшық еттерінің серпіліс күші әлсіреп, кеңейіп кетуінен шығатын ішкі қабаттың /эндокардиалды/ шуылдар пайда болады.

Жүрек қызметіндегі кемшіліктер дамыған сайын артериядағы қысым азайып, венадағы қысым көбейеді, сөйтіп қан айналысы бәсеңдейді лобелин немесе цитотонмен сынаанда қан ағымының жылдамдығы ірі малда 35-45/сек, дейін азаяды.

Барысы. Ауыр өткен жағдайда – жүрек салданып өліммен бітеді, не миокардиофиброзға /миокардиосклерозға/ айналып, малдың өнімділігі және жұмысқа қабілеттілігінтолық жояды.

Саралау. Миокардты перикардиттен, эндокардиттен және миокардоздан ажырата білу керек.

Емі. Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің жиырылу күші әлсірегенде, қан тамырына 30-40% глюкоза ерітіндісін кофейнмен араластырып енгізсе жақсы нәтиже береді. Жүрек соғысы тездетілген жағдайда камфора, коразол, кордиамин қолданған жөн. Камфораны ауыз арқылы беруге болады, ірі малға 5-10г, ұсақ малға 0,5- немее инекцияға /құюға/ әдейі арналған 20% майлы ерітіндісін тері астына енгізеді, ірі қара, жылқыға 20-40 мл, ұсақ мал мен шошқаға 3-6мл, итерге 1-2мл, түлкілерге 0,5-1мл.



  • Коразолды тері астына, ірі қара, жылқы: 0,5 -2г; ұсақ мал, шошқа 0, 0,05-0,1г енгізеді. Оны қан тамырына да енгізуге болады. Ірі малдарға: 0,5-1г.

  • Кордиаминді қан тамырына: ірі қара, жылқы 10-15 мл, ұсақ малға 2-4 мл енгізеді.

  • Артерия қысымы күрт төмендегенде 1:1000 қатынасында ерітілген адреналинді (ірі малдарға 2-3мл) не тері астына 1% мезатон ерітіндісін ірі малдарға 10мл , ұсақ малға 1мл ).

  • Миокардты нәтижелі емдеу үшін – аурудың бастапқы кезінде тітіркенгішті басатын (десенсебилирующие, противоаллергические) дәрі-дәрмектерді – натрийдің салицилатын, амидопиринді, калцийдің хлоридін, димедролды, супрастин және кейбір гормональды препараттарды (кортикотропин, кортизон және соның ұқсастарын) қолданады. Антибиотиктер мен сульфаниламидтерді де пайдаланады.

Жүрек етінің зат алмасуынң бұзылуы. /MYOCARDOSIS – Миокардоз/

Малда бұл ауру екі клиникалық түрде – жүрек етінің зат алмасуының өзгеруі оның құрылымын онша бұзбай (миокардиодистрофия) және жүрек етінің зат алмасуының өзгеруі оның құрылымын байқарлықтай бұзып миокрдиодегенерацияға ұшыратады.

/тапсырма/ Себептері, дамуы, өлекседегі өзгерістер, белгілері, барысы, анықтау, саралау, болжамы.

Емі. Миокардитте емдеу сияқты. /глюкоза, кофеин, аскорбин қышқылы, камфора майы, кордиамин, карозол/. Артериядағы қысым күрт төмендегенде – адреналинді қолданады, оймақгүл, інжугүл,зландыш/, жалынгүл /горицвет/, строфант, желтушник /эризимин, эримозмд/ препаратттарын қолданады. ТАПСЫРМА: препараттардың қолдану технологиясын оқу.

Миокардозда зат алмасу үрдістерін жақсартатын /аноболитические средства/, жүрек етіндегі биохимиялық, биоэнергиялық алмасуларды қалпына келтіретін дәрі-дәрмектерді қолдану нәтижелі көмек көрсетеді: тиамин, рибофлабин, пиридоксин, В тобы витаминдері, кокарбоксилаза мен калий тұздары жатады.

Миокардиофиброз / MYOCARDIOFIBROSIS / жүрек бұлшық етінің араларына дәнекер ұлпалар өсіп /фиброзданып/ қатаюы. Миокардиосклероз – жүрек етінің фиброзданып өзгеруінен айырмашылығы, мұнда дәнекер ұлпалар жүрек етін қоректендіретін тамырлардың /коранарные сосуды/ айналасында басымырақ өседі. Бұл ауруларда көбінесе бүкіл организмнің қан тамырлары, артерияның шекті ұштарының қалыңдануы /артериосклероз/ ретінде зақымдалынады. /әсіресе кәрі малдарда/.

/тапсырма/ Себептері, дамуы, өлекседегі өзгерістер, белгілері, барысы, анықтау, саралау, емі сақтандыру шаралары.

Болжамы. Көбінесе шүбәлі, тиімсіз.

Жүректің кеңеюі /Dilatatio cordis/ расширение сердце/ жүрек қуысының кеңеюімен бірге оның қабырғасының қалыңдап, өзінің түрінің өзгеруімен сипатталатын ауру.

Ауру жедел және созылмалы түрде өтуі мүмкін.

Себептері: кеңеюі көбінесе миокардиттің, миокардоздың, миокардиофиброздың /миокардиосклероз/ асқынғандығынан пайда болады. Ол басқа да аурулардың мысалы, альвеоланы ауа кернеуінің /эмфизема/, бүйрек шумағының қабынуының /нефрит/ асқынғандығынан пайда болады.

Жылқы, иттерде – қатты ұзақ күш түскендіктен, күш қуаты төмендеп, ылғида тоногендік ұлғаю деп саналады. Себебі диастола /жиырылудың болған сәті/ кезіндегі бұлшық еттің тармақтары созылғанда, олардың салмақтары ұлғаймайды. Тиісті демалыс беріп, ем қолданғанда, жүректің тоногендік ұлғаюы жас малдарда көбінесе қайтадан қалыптасып кетеді.

/тапсырма/: дамуы, өлекседегі өзгерістер, белгілері, барысы, анықтау.

Болжамы. Шүбәлі, көбінесе қолайсыз, мал аяқ асты, жректің параличінен не өкпелердің ісінуінен тұншығып өліп қалуы мүмкін.

Емі. Тыныштық, аурудың күй жайы нашарласа оттегілі ингаляция жасап, қан тамырына адреналин құяды. /Миокардитті емдеу сияқты/, қанын ағызады. Ірі малдарға 2-4мл. Жүрек тұсына сұйықтық басады. Қан тамырына 30-40 % глюкоза ерітіндісін, кофейнді, 5% натрий хлоридін /ірі малдарға 300-400 мл/ құю жақсы нәтиже береді.
Бақылау сұрақтары:

1. Миокардит.

2. Миокардоз.

3. Миокарддиофиброз.

4. Жүрек етінің кеңеюі.

Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №8 Дәріс


Модуль 2 Ішкі мүшелер ауруларының терапиясы
Тақырыбы: Жүрек қан тамырының жүйесінің аурулары
Жоспар:

1. Жүректің ішкі қабының аурулары /эндокардит/.

2. Жүрек ақаулары.

3. Қан тамырларының аурулары.

- артерияның әктеніп қатаюы;

- тамырда қанның ұюы.

4. Жүрек қан тамырлар жүйесін аурулардан сақтау шаралары.

Эндокардит - ылғида індетті уланудан болатын қосалқы ауру. Сонымен қатар жүрек етінің қабынуының жалғасы ретінде де болады.

Дамуы. Эндокардиттің дамуында қабыну мен қатар шіру /некроз/ және бұзылу үрдістері де жүріп жатады. Ауруға көбінесе жүректің қақпақшалары шалдығады және қабыну, ылғида қан ағысына қарсы қараған беттерінен басталады. Мысалы: қолқа мен өкпе артериясының қақпақшалары, көбінесе қарыншаларға қараған жағынан ал, атриовентрикулярлық қақпақшалар – құлақшалар жағынан зақымдалынады.

Ауру көбінесе жүрек ақауларына әкеліп соғады.



Жаралы эндокардит көбінесе қатерлі түрде өтеді де, жиі-жиі қан тамырының бітелуіне /эмболия/ қан тамырынң ішкі қабығының қабынуларына, қанды іріңнің организмге жайылуына /септицемия/, жүрек ақауларына әкеліп соғады.

Өлекседегі өзгерістер. Сүйелді эндокардитте қақпақшаларда не эндокардтың қабырғаларында ерекшелеу келген сұр немесе қызғылт-сұр түсті ұлғаю, түрінің өзгерулері, кейде қақпақшалардың жиектерінің тұтасып өсіп кетулері анықталынады. Жаралы эндокардитте – қақпақшаларда не эндокардтың қабырғаларында жараның барлығымен бейнеленеді. Жаралар, әдетте, борпылдаған қан ұйығымен бүркелінеді. Жаралы эндокардитте ***** қақпақшалардың тесілгендігі /перфорация/ қан тамырларының тығындалынғаны /эмболия/ және қанды іріңнің организмге жайылғандық белгілері анықталынады.

Белгілері. Эндокардиттің клиникалық түрлеріне және негізгі аурудың сипатына байланысты болады. Эндокардитте малдың жабыққандығы айқын байқалады. Жаралы эндокардит ауыр түрінде өткенде ессізденіп, терең ұйқыға /сопор/ кетуі де мүмкін.

Жаралы эндокардиттің даму барысына тән нәрсе – ішкі қабаттық шуылдардың анықтығы мен сипаты аз уақыт аралықтарында тез өзгеріп тұрады.

Сүйелді эндокардитте – ішкі қабаттың шуылдары тұрақты болады. Қақпақшалардың зақымдалынуы организмдегі қан айналымын қатты бұзады. Ол көп ағзалар мен жүйелердің /өкпе, бауыр, бүйрек, ас қорыту жолдарын т.б/ қызметтерін бұзады.

Барысы. Жіті эндокардит бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылады. Сонан соң үрдіс сқзылмалы түріне айналып, жүрек ақауларына әкеліп соғуы мүмкін. Жіті эндокардит көбінесе миокардитке асқынуы мүмкін.

Анықтау. Жіті эндокардитте қатты жабығу, тәбеті жоғалады, дене қызуы көтеріледі, тамыр соғуы күшейеді, жүрек түрткісі мен дыбыстар күшейеді т.б.

Ауруды саралау. Созылмалы түрінен., ЭКГ мен тексеру.

Болжамы. Жаралы эндокардитте көбінесе қолайлы емес, ал сүйелді түрінде шүбәлі. Эндокардитте кеселдер көбінесе жүрек ақауларына әкеліп соғады.

Емі. Антибиотиктерді, сульфаниламдтерді қолдану, әсіресе эндокардиттің септикалық түрінде жақсы нәтиже береді. Ревматизм текті эндокардитте салицилат препараттары және басқа да аллергияға қарсы қолданатын дәрі-дәрмектер ойдағыдай нәтиже береді. /емі миокардиттегідей/

Сақтандыру шаралары: себептерін болдырмау.


  1. Жүрек ақаулары. //Vita cordis/ пороки сердца, жүректің тесіктерінің тарылғандығын немесе қақпақшалардың кемістіктерінсипаттайтын, көбінесе эндокардиттің асқынғандығынан болатын дерт. Аурудың осындай жағдайын – иеленген кемістіктер деп атайды.

Жүректе 4 қақпақшалар мен 4 тесіктер болғандықтан, әрқайсысының зақымдалуына байланысты 8 жәй ақаулар болады. «жәй ақаулар» деген атау, оларды күрделі /сложный/ және түйдектескен /комбинированный/ түрлерінде кездесетін ақаулардан ажырату үшін қолданылады.

Күрделі ақаулар деген жүректегі бір саңылаудың тарылуы сол саңылауды жауып тұратын қақпақшаның қосарлана зақымдалуымен бейнеленеді.

Түйдектескен ақаулар деп саңылаулармен қақпақшалардың зақымдалынуы жүректің бір ғана бөлімінде емес, әр бөлімдерінде бір мезгілде қатар өтуін айтады.

Жиі кездесетін ақаулар – бір қақпақша зақымдалынып, сол қақпақшаның жауып тұратын саңылауы тарылуы бірге қосарлынып өтуі.

Тапсырма: Сол жақ құлақша мен қарынша арасындағы саңылаудың (атриовентрикулярлық) тарылуы.


  • оң жақ (атриовентрикулярлық) тарылуы;

  • қос қалқанды қақпақшаның кемістігі;

  • үш қалқанды қақпақшаның кемістігі;

  • қолқа тесігінің тарылуы;

  • өкпе артериясы;

  • қолқа қақпақшасының кемістігі;

  • өкпелер артериясындағы қақпақшаның кемістігі.

Ауруларды саралау. Ауруларды саралауда ауру малды сау малды да, жүрек пен оның бөлімдерінің әртүрлі күй жағдайларда болуларына байланысты, организмдегі қан айналымының өзгеріп тұруларынан пайда болатын босаңдану /эндокардиальный/ деп аталатын шуылдарды ажырату керек.

Бұл шуылдық ақаулар шуылдарынан айырмашылығы тұрақсыз болып келеді, ылғи да жел үргендей дыбыс шығарады. Жүрек ақауларын эндокардит пен жүрек кеңеюінен ажырату қажет. Эндокардитте дене қызуы көтеріледі. Одан басқа аталынған ауруларда ішкі қабаттық шуылдар тұрақсыздау естіледі де ылғи кездесе бермейді.

Болжамы. Ақаулардың ауыр өтуі мен кемістіктерді өтегіштік қызметтің атқарылу дәрежесіне байланысты болады. өтегіштік қызмет жақсы атқарылған жағдайда, жүрегінің ақауы бар кейбір малдың өнімділігі мен жұмыс істеу қабілеті көп уақыт бойы сау малдыкімен салыстырғанда айырмашылығы байқалынбайды.

Емі. Негізгі ақаулардан пайда болатын кемістіктерді көп уақыт бойы білдіртпей өтеп тұратын қабілеттіліктің сақталуына бағыттайды. Басқа ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылған жағдайларда оларға арнап тиісті симптоматикалық ем қолданады.

Сақтандыру шаралары. Эндокардиттің қабынуына және жүрек ақауларына әкеліп соқтыратын ауруларды алдын ала ескертуге болады.

3. Қан тамырларының аурулары.

Ауыл шаруашылқ малдарының қан тамырларында жиі кездесіп тұратыны тамырдың әктеніп қатаюы /артериосклероз/ мен тамырдың қан ұюдан бітелуі /тромбоз/.

- артерияның әктеніп қатаюы. Тамырдың ішкі қабығына холестериннің /май тәріздес/ жабысып шорланып, нығыздандыруы себепкер болады.

Дамуы. Артериосклероз баяу дамиды, ауыр өткен жағдайда – тіпті тамыр қабырғалары, кальций тұздарының бөлініп шығуына байланысты, әктелініп кетеді. Мысалы: жылқылар делафондиозбен ауырғанда алдыңғы шажырқай артериясы кеңейіп кетеді де организмге қаттырыақ салмақ түскенде жарылып кетуі мүмкін.

өлекседегі өзгерістер. Қан тамырларының қабырғаларына дәнекер /фиброзды/ ұлпалардың өсуіне байланысты, олар тығыздалынып қалыңдайды. Ауыр өткен жағдайда, қан тамырларының қабырғаларының әктелінгені анықталынады. Тамырлар жарылған жағдайларда қан аққан жерлер көрінеді.

Белгілері. Кемістіктер дәрежесіне байланысты. Жүйке бұлшық ет күш-қуаты, шартты рефлекстері, әсіресе жұмыс істгеннен кейін нашарлайды. Жүрек дыбыстарының бірінші үні ұзарады, басыңқы естіледі, ол екінші үні, көбінесе қолқада күшейеді және екпінделінеді. Артериядағы қысым көтеріледі.

Барысы. Ауру ылғи созылмалы түрде өтеді де альвеолалардың эмфиземасын, өкпелердің склерозын, бауырдың берішін, бүйректердің склерозын, асқазан мен ішек қарындардың кілегей қабықтарының созылмалы қабынуларын тудырады.

Анықтау. Қан тамырларын тексеруге, қан қысымын өлшеуге, малдардың жұмысқа қабілеттілігі мен өнімділігінің өзгерулерін еске алуға негізделген.

Болжамы. Шүбәлі ауыр өткен жағдайда тиімсіз.

Емі. Артериосклероздың толық дамыған кезінде емдеу нәтиже бермейді. Диетотерапия, йодты препараттар, жүрек-қан тамыр дәрі-дәрмектерін қолдану жақсы нәтиже береді, солармен қатар ұлпалық ем де қолданады.

ТАПСЫРМА: - тамырда қанның ұюы.

4. Жүрек қан тамырлар жүйесін аурулардан сақтау шаралары. мал организмінің физиологиялық мүмкіндіктерін, мақсатты пайдалану талабын сақтау. зат алмасуы бұзылуына жол бермеу. уланудың алдын алу. басқадай аурулардың асқынуына жол бермеу керек.
Бақылау сұрақтары:

1. Жүректің ішкі қабының аурулары /эндокардит/.

2. Жүрек ақаулары.

3. Қан тамырларының аурулары.

- артерияның әктеніп қатаюы;

- тамырда қанның ұюы.

4. Жүрек қан тамырлар жүйесін аурулардан сақтау шаралары.

Негізгі әдебиеттер

1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.

2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013

3. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005

4. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006

Қосымша әдебиеттер

1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988

2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.- М.: Колос, 1979

3. Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

4. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары / Қожанов, К. – 2005. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_212

5. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. // Қожанов, К.– 2006. // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_92

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған мамндығының «Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен» ІІ пәнінен №9 Дәріс


Модуль 2 Ішкі мүшелер ауруларының терапиясы
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің аурулары
Жоспар:

1. Тыныс жолдарының аурулары.

2. Өкпе аурулары.

3. Бронхтың қабынуы.


Тыныс алу жүйесінің ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға нәтижелі ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін, тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қыметтерінің физиологиялық мәнін анқ түсіне білу керек.

Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа арқылы организмдегі барлық жүйелер мен өте тығыз байланыста. Тыныс алу ағзалары дерттелінсе, жүрек-қан тамыр, ас қорыту, несеп шығару және басқа да жүйелердің қызметтері өзгереді. Тыныс алу ағзалары ауырса, өкпелерге ауаның аз келуінен газ алмасуы нашарлап ентігу пайда болады.

Ауа алмасуы бұзылғанда өкпе қызметінің кемістік белгілері үш түрлі дәрежеде өтеді: ӨКПЕ кемістігі- бірінші және екінші дәрәжелі болады.

Малда жас шамалары мен түрлеріне байланысты өтетін тыныс алу жүйесі ауруларының кейбір ерекшеліктерін еске алған жөн.

Төлдерде тыныс алу жүйесінің аурулары айқын білгілерімен өтіп, көбінесе өлім-жітіммен аяқталады.

Аша тұяқты малдарда өкпе қабынулары, ағзаларынң морфологиялық құрлысының ерекшеліктеріне байланысты, ылғи да кең таралып тез өтуімен сипатталынады /альвеолалардың беттерінің үлкендігі, тамыршақтардың көпшілігі, өкпелердің бөліктік кесіндігіе бөлінбеуі, дәнекер және шеміршекті тіндердің жақсы жетілмеуі т.б/.

Тыныс алу жүйесінің ауруларын анатомиялық қағидаға негіздеп екі топқа бөледі:

1. мұрын, гаймор, маңдай, қуыстары, көмей, кеңірдек бронхтардың қабынуы.

2. Өкпе және сірі қабықтарының қабынулары: сірі қуыстарға ауа, сары су және өкпені ауа кернеуі.

1. Тыныс жолдарының аурулары.

Ринит – танау кілегей қыбығының қабынуы /катаральды/; фибриннің жиналуы крупозды және бездердің қабынуы фолликулярлы.

Өтуі. Жіті және созылмалы.

Пайда болуы. Басалқы және қосалқы.

Мал тобы көбінесе катаралды түрімен жиі, крупозды және фолликулярлы түрімен сирек ауырады – негізінен жылқылар ауырады.

Себептері. Шаң-тозаң, механикалық, химиялық, салқын тию, желорай, ылғалдылық т.б.

Крупозды және фолликулярлы түрлері – қоздырғыш микроорганизмдер /стрептококттар, стафилакоктар, вирустар, аллергия/.

Қосалқы түрлері – індетті, құрт немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуларында пайда болады.

Дамуы. Мұрын жолдарын ісіндіріп, жалқыққа толтырады. Қабынудан бұзылған зат алмасуының қалдықтары мен өрбіген микробтар уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады.

Белгілері. Созылмалы түрлерінде – эрозия байқалады.

Емі. Талаурана қабынғанда 0,25% новакаин, 3% бор қышқылы, 5% натрийдің бикарбонат, 2% цинк сульфаты, өсімдік майына дайындалған 2% ментол ерітінідісімен жуып шаяды.

Тапсырма: Көмейдің кілегей қабығының қабынуы ларингит /Laryngitis/

2. Өкпе аурулары.

- Өкпенің қан кернеп ісінуі. Hypereamia et atdemf pulmonum гиперемия и отек легких. өкпенің капиллярындағы қанның кернелуінен альвеолалар қуыстарына және өкпе бөліктері аралық дәнекер тіндеріне сарысудың жиналуымен сипатталынатын ауру.

Жылқыда – жиі, қой, итте сирек кездеседі. Басқа мал түрлерінде кездеспейді деуге болады.

Себебі. Ыстықта қиналып жиі тыныстауынан – қанның өкпеге көп құйылуынан (активті кернелу) не жүрек қызметінің кемістігінен кіші қан айналу шеңберінде қанның іркілісінен (пассивті кернелу) пайда болады.

Өкпенің ісінуі. дененің жалпы ысынуынан (ыстық тию) не күн сәулесінң тікелей әсер етіп қызуынан (күн тию) пайда болады. өкпенің ісінуіне малдың көп уақыт тұрмай жатып алуы, организмнің уыттануы бейімділік жасайды.

Дамуы. Сарысудың альвеолаларға және алвеолалар аралығындағы тіндерге жиналуына байланысты өкпенің газ алмасуға қатысатын біттерінің көлемі азайып, қызметінің жеткіліксіздігінен ауа жетпей тұншығып өліп қалуы мүмкін.

Қан іркілісінен пайда болатын өкпе қабынуының белгілері біліне бастаса антибиотиктер мен сульфаниламидтер қолданады.

Өкпе қабынуы. Pneumonia пневмония – тыныс алу жүйесінде ең жиі кездесетін аурудың бірі. Спецификалық және нақытыланбаған қабыну түрлері болады. Мысалы: қойларда – жаздық қабынба, шошқаларда – силикоздық қабынба пайда болады.

Практика жүзіндегі көп тараған бөліну өкпедегі қабыну процесстерінің сипаты мен өлекседе болып тұратын өзгерістерге негізделінген. Осы тұрғыдан келгенде - өкпе қабынуы: ұйымалы, катаральды, ұйымалы-катаралды, катаральды-іріңді, іріңді, дақтанған іріңді (абсцедирующий) іріңді-шіріген, фибрині (индурация) трлеріне бөлінеді.

Қазіргі кездегі ветеринарияның клиникалық практикасында жалпы құпталынып қабылданған бөліну анатомиялық-патогеникалық қағидаға яғни, аурудың даму барысын есепке алуға негізделінген.

Осы қағидаға сүйеніп өкпенің қабынуын екі түрге: тұтас және дақтанып қабынуына бөледі.

3. Бронхтың қабынуы. /Bronchitis/ - кеңірдектің өкпеге енген тарамдарының, яғни бронх кілегей қыбығының қабынуы. Бұл кеселмен малдардың дерлік барлық түрлері, әсіресе жастары, жастары, кәрілері, әлсірегендері жиі ауырады.

Бронхопневмония - /катаральды, дақты және нақтыланбаған қабыну/. Бронхылардың жәні, *атайған (ине өкпенің жекелеген бөліктерінің қабынып, альвелолалар мен бронхылардың қуыстарына катаральды жалқықтың толуымен сипатталынатын дерт.

Дамуы. Бронхопневмонияны дененің тек бір жерінің ғана қабыну процессі деп қарамай, организмдегі барлық жүйелердің қызметтерінің бұзылып, жалпы дерттенуі деп ұғу керек, нейрогуморальдық реттеушілік реакция бұзылады, сөйтіп бронхылар мен альвеолалардың қалыптасқан қызметтері өзгереді.

Бронхтардың кілегей қабықтарының астынғы қабатындағы капилляр алдымен жиырылып түйіледі, сонан соң парезге ауысады да веноздық қан іркілісінен өкпенің тіндеріне қан құйылып ісінеді.

Қанда лизоцим, гистамин мөлшері азаяды, ал өкпе тіндерінің тітіркендіргіш қасиеті жақсы жетілген белоктың ірі дисперсті гамма-глобулин бөлігінің мөлшері көбейеді де, өкпеде қан іркілініп, ісінуге жағдай жасалынады. Сау малдың өкпелеріне микробтардың жетпейтін себебі, олар тыныс жолдарындағы түкті эпителилердің кедергілеріне ұшырайды, ал біраздары лейкоциттердің фагоцитозына тап болады.

Бронхопневмонияның дамуына микробтардың қатынасы басымырақ болған жағдайда, аурудың бастапқы өзгерістерінің негізінде жалқықты процесстер және лейкоциттер реакциясы айқын білінеді, бронх қуыстары мен альвеолаларға жалқық тез арада жиналады.

Оған себепші жағдай бактериялардың, әдетте кілегей қабығына ене алмайтын қасиетінің арқасында тек қана тыныс жолдары қуыстарына ғана өсіп-өнуі.

Микоплазмалар мен вирустар кілегей қабықтарының эпителиіне еніп, сол арада өсіп-өнеді. Сондықтан мұндай жағдайда, аурудың бастапқы кезіндегі өзгерістер тыныс жолдарының кілегей қабықтарының барынша зақымдалынуы мен ал, бронхтар мен альвеолалар қуыстарына жалқықтың аз жиналуымен сипатталынады.

Ауру жіті түрде өтсе, қағидалы түрде, алдымен өкпенің сыртқы жақ беттері дерттелінеді. Аурудың бастапқы кезінде бөлікаралық дәнекер індер қабынбаның зақымдалынған жерінен сау жеріне қарай жібермейтін тосқауылдық қызметін атқарады. Бірақ, кейінірек оның кедергілік



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет